Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет54/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   348
18.08.2023 dis

қу шөппен сүрткен, бақыл, дүниежанды, дүниеқоңыз, дүниеқор, дүниеқұмар, 
есепдар, есепқой, есепқор, есеппаз, есепшіл, жер жастанып, су сүйеніп отырған, 
жеті атасын мал өлтірген, жұмыртқадан жүн қырыққан, қарабайдай сараң, 
қарау, қатты, қолы қатты, қолы сараң, қолы тар, қоян төр, қу ауыз, қу бастан 
қуырдақ алған, қу бастан қуырдақ ет алатын, құнанын құдайындай, тайын 
тәңіріндей көрген, қытымыр, малжандылау, малқор, малқұмар, нәмәрт, 
пайдакер, пайдакеш, пайдакүнем, пайдақор, пайдақұмар, пейілі тар, пес, 
санасып қалған, сараң, сүйек бермес, сығырдаң, сырдаң, тараң, тарынғыш, тас 
болған, тырқы, ұсақ, шық бермес шығайбай. 
Маслова мәдени құндылықтар әмбебап та болатынын, немесе жеке ұлтқа 
тән доминантты және қосалқы болатынын айтқан. Олар тілден рефлексия табады 
дейді ғалым, сөз, синтаксистік бірлік, фразеологизм, паремиологиялар және 
прецеденттік мәтіндер түрінде дейді [44, б. 91]. Жоғарыдағы тізімнен осы 
аталған тілдік таңбалардың барлығын кездестіруге болады. Мысалы, қарабайдай 
сараң деген прецедентті мәтін түрінде барлық тілтұтынушы санасында сақталып 
қалды. Қу бастан қуырдақ ет алатын сараңдық бейнесі – қазақ тіліне ғана тән 


93
қолданыс. Сараңдық, сондай-ақ қазақ мәдениетінде дүниемен байланысты 
айтылады: дүниежанды, дүниеқоңыз, дүниеқор, дүниеқұмар, әрине, және малмен 
байланыста айтылады: малжандылау, малқор, малқұмар, сүйек бермес. Қазақ 
ұлтының санасындағы бір ерекшелік ретінде cараңдықты есепшілдікпен 
байланыста айтуды атар едік: есепдар, есепқой, есепқор, есеппаз, есепшіл, қу 
бастан қуырдақ ет алатын, пайдакер, пайдакеш, пайдакүнем, пайдақор, 
пайдақұмар, санасып қалған, ұсақ. Әр нәрсенің есебін біліп жүруді ұсақтық, 
пайдакүнемдік санаған. Ал басқа ұлтта, мысалы, неміс халқында бұл ұқыптылық 
мінезге жатады.  
Қазақ қолында бар дүниенің бағасын білмей, тек жинауды, оны пайдалану 
жолдарын ойламауды жеккөрінішті етіп көрсетіп отырған. Соңында сараңның 
«сан соғып қалатынын» ескертіп, сезіп отырған. Сараң адамның сараңдығы 
қараниеттіліктен шығатынын, оның ешкімге де, тіпті, анасына да жақсылық 
жасамайтынын, қолынан келсе, қаныпезерлікпен халықты тонап, байыса өз 
елінесыймай отансыз болып, отандарынан кететін көз тоймастар болатынын 
өмір көрсетіп келеді.
Қазақ халқы адамның ең төмен мінез-құлқына ие болғанын тексіз, тегі 
жаман деп даттаған. Осы мағынаны беретін қазақ тілінде біршама атау бар. 
Оларды ТЕКСІЗДІК концептіге жинақтап, жалпы санын шығардық (46). Атап 
айтқанда, адамсыған, айдап салғыш, айтақшыл, арандағыш, арандатқыш, асын 
ішіп, аяғын босататын, дастарханнан аттаған, дәм татқан құдыққа түкірген, 
дәм-тұзын аттаған, дәмін арамдаған, жағымсыз, жалмақай, жаман адам, 
жаман, жәутік, жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүретін, жетесі жаман
жұғымы жоқ, жұлымыр, жылмақ, жылпос, жымпос, жыпылдақ, жырбақай, 
жырқылдақ, жыртақай, жыртақы, заңқой, заңқор, заңшыл, ит көтінен ине 
суырған, кәрі сайқалдарша сылаңдаған, күле кіріп, күңірене шығатын, құдай 
сүйер қылығы жоқ, қылықсыз, намыссыз, сумақай, сұмпайы, сұранбақ, 
сұраншақ, сүйкімсіз, сүмелек, сыйымсыз, тамағын ішіп, табағына тышқан
тілемсек, шелтиген. 
Бұлардың дені жақсы атты болып көрінгенмен, жақсы мінез иесі 
болғанмен бар жақсылығын осы мінездері жоққа шығаратын қасиеттерден 
тұрады. Мысалы, адамсыған, жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүретін, ит 
көтінен ине суырған мінез қылығын кейде ол адам көрсетпеуі мүмкін. Ал айдап 
салғыш, айтақшыл, арандағыш, арандатқыш, жалмақай адамға да, осы мінезін 
дөп басып, бетіне бастыра алмайды. 
Адамның өз ойынан үнемі айнып отыратын, әр кезде әртүрлі ойда 
отыратын, тіпті уәде беріп алып, орындамайтын мінез сипаттарын атайтын 
атауларды ТҰРЛАУСЫЗДЫҚ (54) деген топқа жіктедік: айнығыш, айнымалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет