Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: «Аудиттің мағынасы, мақсаты және міндеттері»



бет3/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

1 Тақырып: «Аудиттің мағынасы, мақсаты және міндеттері»


Дәріс сұрақтары:

  1. Аудиттің пайда болуы мен дамуы.

  2. Аудиттің мәні мен маңызы.

  3. Аудит түрлері.



Дәрістің мазмұны:
Аудиттің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Ең алғаш тәуелсіз аудиторлар ХІХ ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамдарында пайда болған.
Аудиторлар институтының пайда болуы шаруашылық қызметінің дамуы себепті есеп ақпараты сапасын тәуелсіз бақылаудың деңгейіне қойылатын талаптың жоғарылағандығымен байланысты. Осыған жауап ретінде Англияда бақылаушылар (аудиторлар) институты пайда болады. Тарихта бұл институт жайлы 1299 жылы алғаш айтылады. «Аудит» терминінің түп тегі латын тілінің «auditor» сөзінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда «тыңдаушы» дегенді білдіреді. Мұның себебі, сол уақыттағы лауазымды тұлғалардың көпшілігі сауатсыз болғандықтан, жазбаша құжаттар емес, тексерілетін тұлғалардың ауызша берілген мәліметі тексерілген.
Ағылшын ғалымы Лоуренс Роберт Дикси (1864-1932) аудиттің анықтамасын тұңғыш идеологы мен теоретигі болып саналады. Ол 1882 жылы аудитті құжаттарды тексеру мен құндылықтарға түгендеу жасау негізінде бухгалтерлік баланстың дұрыстығы мен шынайылығын растау жұмысы деп дәл айқындап берген.
Кейіннен Р.Л. Диксидің тұжырымдары А.Т.Ватсон, В.Ф.Фостер, И.Ф.Шер, Р.Годдардың жұмыстарында жалғастырылды.
Осы ғылыми ізденістердің нәтижесінде шаруашылықпен айналысатын тұлғалардың психологиясы аудиттің пәні болып табылады деген көзқарас қалыптасады.
Р. Годдард талан – тараждың оннан тоғызы бухгалтерлердің кінәсынан болады деп санайды, ал Ватсон А.Т. бухгалтерге тән қателіктердің он бір түрін атап көрсеткен:
1) құндылықтар, әсіресе ақша уақытында кірістелмейді;
2) құжаттар уақытында рәсімделмейді;
3) ақша және материалдық шоттар бойынша қалдықтар жасанды ұлғайтылып көрсетіледі;
4) төлем ведомостарының қорытындылары жасанды ұлғайтылады;
5) бухгалтерге жақын тұлғалардың еңбек ақылары көтеріледі;
6) іс жұзінде жоқ адамдарға ақша жазылады;
7) жабдықтаушылармен келісу арқылы баға ұлғайтылып көрсетіледі;
8) Касса шотының жалған түрде кредиттелуі немесе жалған кредиторлық борыштың көрсетілуі;
9) жасанды ұлғайтылған сыйақыларды төлеу және оны алушымен бөлісу;
10) жасанды құжаттар жасау (әсіресе чектерді);
11) бір құжатты бірнеше рет төлеу.
Әрине, коммерциялық қылмыстың тізімі мұнымен шектелмейді, бірақ, олар бұгінгі таңда да өзекті болып табылады.
Аудит – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген талаптарға сәйкес заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерінің сенімділігі мен шынайылығы жөнінде тәуелсіз пікір қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тексеріс.
Аудиторлық қызметтің мәні – ол аудиторлардың немесе аудиторлық фирмалардың клиенттерге келесі қызметтерді ұсынуы бойынша кәсіпкерлік қызметі:

    • қаржылық есептілікті, есептік – төлем құжаттамаларды тәуелсіз тексеру;

    • кеңес беру;

    • бухгалтерлік есепті жүргізу және оны қалпына келтіру;

    • ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау;

    • салық декларациясын құру;

    • шаруашылық – қаржылық қызметіне экономикалық талдау жасау;

    • және тағы басқалары.

Аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық есептіліктің және оны құрудың бекітілген концептуалдық негізіне сәйкес, барлық маңызды аспектілері бойынша олардың әзірленуі туралы қорытынды жасауға (пікір қалыптастыруға) мүмкіндік беру болып табылады. Алайда, аудиттің мақсатына берілген әдеттегі анықтамаға қарамастан, іс жұзінде клиенттің аудиторға қойған талабы – аудиттің мақсаты болуы керек.
Аудиттің қажеттілігі қаржылық есептілікті пайдаланушылардың мүдделеріне негізделеді. Ақпаратты пайдаланушылар ішкі және сыртқы болып екі топқа бөлінетіні мәлім. Ішкі пайдаланушыларға дұрыс басқару шешімін қабылдауы үшін ешбір қатесіз және ауытқусыз шынайы қаржылық ақпарат қажет. Сонымен бірге, ұйымның қаржылық жағдайына сыртқы пайдаланушылар да өз мүдделеріне байланысты қызығушыылқ білдіреді. Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметін реттейтін заңдылықтардың сақталуының сапалы тексерілуін қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілік құру және ақпаратты пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Іскерлік ортада есеп мәліметтері аудиторлық қорытындымен расталмаған кәсіпкерлерге сенім аз болады.
Аудиттің мәнін, құрылу қағидаларын, ұйымдастырылу нысандарын, жүргізу әдістерін тереңдетіп зерттеу мақсатында оның жіктемесі жасалады. Аудит жіктемесі әдетте келесі белгілерге негізделеді: функционалдық сипаты, мақсаттылығы, мазмұны, объектілері, тексеру уақыты, түрі және әдістері бойынша. Дәстүрлі жіктемеге түрлері, субъектілері, жүргізу техникасына, нысаны мен әдістеріне қарай жіктеу жатады. (Кесте)

Кесте - Аудиттің жіктелуі



Жіктеу белгілері

Аудит субъектілері бойынша

Тағайындалуы бойынша

Заңнама талаптарына сәйкес

Аудитті жүргізу техникасына байланысты

Жүргізу кезектілігіне (мерзіміне) байланысты

Жіктеу белгілерінің құрамдас бөліктері

Ішкі
Сыртқы

Қаржылық есептілік аудиті
Бекітілген критериилерге сәйкес келу аудиті
Арнайы (экологиялық және т.б. аудит)

Міндетті, Бастамашылық

Құжаттар мен активтер инспекциясы
Зерттеу
Талдамалық есептеулер және тексерулер

Бастапқы
Келісілген (қайталанушы)

Ішкі аудит басқару есебінің маңызды ажырамас элементі болып табылады.


Аудиттің негізгі пайдаланушылары кісәпорынның, фирманың, компанияның ішінде болғандықтан ішкі аудит деп аталады. АҚШ ішкі аудиторлар институты ішкі аудитке келесі анықтама береді: «Кәсіпорынның өз мүддесі үшін өз жұмысын тексеруге және бағалауға арналған тәелсіз қызметі ішкі аудит болып табылады».
Сыртқы аудитті сыртқы тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық фирмалар әр түрлі үйымдармен, олардың меншік нысанына және ведомстволық бағынушылығына қарамастан, келісім – шартқа тұру негізінде іске асырылады. Сыртқы аудиторлар ұсынатын ақпаратты пайдаланушыларға шаруашылық субъектісінің төлем қабылеттілігін тәуелсіз аудиторлық бағалауды қажет ететін банктер мен әр түрлі кредиторлар жатады. Екіншіден, кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық – шаруашылық қызметі туралы мәліметті қажет ететін салық қызметі, қаржы полициясы тәрізді мемлекеттік билік және басқару органдары кіреді. Үшіншіден, сыртқы пайдаланушыларға биржалық операциялар қатысушылары жатады. Оларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат қажет, өйткені, ол акцияның биржадағы бағасына тікелей әсер етеді және т.б.
Қаржылық есептілік аудиті – субъектінің қаржылық есептілігінің сенімділігі туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында тексеру жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет