Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: «Аудиторлық тәуекелділік. Аудиторлық дәлелдеулер»



бет8/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

3 Тақырып: «Аудиторлық тәуекелділік. Аудиторлық дәлелдеулер»


Дәріс сұрақтары:
1. Мәнділік туралы түсінік және мәнділік деңгейін анықтау
2. Аудиторлық тәуекелділік және оның қүрамы
3. Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі және түрлері


Дәрістің мазмұны
1 Мәнділік туралы түсінік және мәнділік деңгейін анықтау
Мәнділік деңгейі деп бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады.
Мәнділік деңгейінің абсалютті мәнін анықтағанда аудитор субъектінің есептілігінің шынайылығын сипаттайтын неғұрлым маңызды көрсеткіштерін негізге алуы керек. Олар бухгалтерлік есептіліктің базалық көрсеткіштері деп аталады. Кәсіпорын қызметінің салалық ерекшеліктеріне қарай базалық көрсеткіштер жиынтығы әр түрлі болып келеді.
Аудиторлық ұйым базалық көрсеткіштерден ауытқу пайызын, яғни жіберілетін үлесін бекітеді (неғұрлым мәнділеріне – екі пайыз, мәнділігі аздарға – бес пайыз).
Базалық көрсеткіштер жүйесі мен мәнділік деңгейін анықтау тәртібі құжатта көрініс тауып, тұрақты қабылданады. Кейбір жағдайларда олар өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Нақты тексеріс үшін мәнділік деңгейінің жалпы бір көрсеткішін, сонымен бірге, әрқайсысы бухгалтерлік есептің, баланс баптарының немесе есептілік көрсеткіштерінің белгілі бір тобын бағалауға арналған мәнділік деңгейінің әр түрлі мәндер жиынтығын есептеп шығаруға болады.
Аудиторлық тексеріс жүргізу барысында аудитор қателіктерді анықтап, олардың қандайда бір базалық көрсеткіштер шамасының сомасын анықтайды және бұл шаманы мәнділік деңгейінің тиісті көрсеткіштерімен салыстырып, табылған қателіктердің қаржылық еесптілікке әсері туралы қорытынды жасайды. Аудиторлық ұйымдар тексеріс жүргізу барысында есептіліктің шынайылығын абсалютті нақтылықпен анықтауға міндетті емес, алайда барлық маңызды жағдайларда олардың шынайылығын міндетті түрде анықтауы тиіс.
Аудитор мәнділіктің сапалық және сандық жағына назар аударуы керек.
Сапалық жағынан аудитор өзінің кәсіби пікірін тексеріс барысында айқындалған экономикалық субъект жүзеге асырған қаржылық және шаруашылық операцияларын орындау тәртібінің Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің талаптарынан ауытқуы мәнді немесе мәнді емес екендігін анықтауға бағыттауы тиіс.
Сандық жағынан аудитор табылған ауытқулардың әрқайсысы және олардың сомасы сандық өлшемнен-мәнділік деңгейінен басым түсуіне баға беруі қажет. Мәнділік деңгейін бекіту үшін аудитор бірнеше қадамдық процедураларды жүзеге асырады:
1 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдау
2 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдауды сегменттер бойынша қолдану
3 қадам. Сегменттегі жалпы қателіктерді бағалау
4 қадам. Сомалық қателіктерді бағалау
5 қадам. Сомалық бағаны мәнділік туралы алдын-ала пайымдаумен салыстыру.
Егер де бір уақытта біріншіден, аудит барысында белгіленген және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен біршама аз болса және екіншіден, аудитордың кәсіби пайымдауы бойынша субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібінің тиісті нормативті құжаттардың талаптарынан ауытқуларының сапалық айырмашылықтары елеусіз болса, онда аудитор тексерілетін субъектінің есептілігі барылық маңыздылығы жағынан шынайы болып табылады деген шешімге келе алады.
Алайда жоғарыда аталған жағдайлардың тым болмаса біреуі орындалмаса, онда субъектінің қаржылық есептілігі сенімді болып табыла алмайды.
Аудит барысында мынандай жағдайлар да туындауы мүмкін:
1) қаржылық есептілікте анықталған және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен басым немесе азырақ, бірақ жалпы алғанда мәнділік деңгейінің шамасына жақын болады.
2) субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібі мен тиісті нормативті құжаттардың талаптары арасында айырмашылықтар болса да, анықталған айырмашылықтар мәнді боп табылмайды.
Мұндай жағдайда аудитор өзінің кәсіби пікіріне сүйене отырып, осы жағдай бойынша тексерілген қаржылық есептілікте мәнді заң бұзушылықтардың болуы туралы шешім қабылдау немесе қабылдамау жауапкершілігін алуға немесе аудиторлық есепке тиісті ескертулерді кіргізу туралы қорытынды жасауға міндетті. Бұл ретте оқиғаны дәл анықтау үшін қосымша аудиторлық процедуралар жүргізу қажет болуы мүмкін.
2 Аудиторлық тәуекелділік және оның компоненттері
Аудиттің мақсаты мен міндеттерін анықтағаннан кейін аудиторлық тәуекелділік деңгейін анықтау қажет.
Аудиторлық тәуекелділік - бұл аудит аяқталғаннан кейін және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін аудитордың өз жауапкершілігіне алатын, қаржылық есептілікте мәнді қателіктер шығып қалу тәуекелділігінің субъективті түрде бекітілген деңгейі.
Аудиторлық тәуекелділік субъектінің қаржылық есептілігінде оның шынайылығын растағаннан кейін анықталмай қалған мәнді қателіктердің болу ықтималдығын немесе іс жұзінде мұндай қателіктер болмаса да, есептілікте қателік бар деп тануды білдіреді. Аудитор жұмыс барысында осы тәуекелділіктерді максималды түрде анықтап, бағалауы тиіс және бағалау нәтижелерін құжатқа түсіруі керек.
Тәуекелділікті бағалағанда аудитор тәуекелділіктің келесі шектерін пайдалана алады:
а) жоғарғы;
ә) орта;
б) төменгі.
Аудиторлық ұйымдар өз қызметінде тәуекелділіктерді бағалау барысында шектеулердің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да көптеген шектеулерді қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін. Немесе тәуекелділіктерді бағалауға сандық көрсеткіштерді (пайыздар немесе бірлік үлестерін) пайдалана алады. Яғни аудиторлық тәуекелділік приоритеттер шектері бойынша өлшенуі не болмаса, 0-ден 1-ге дейін ықтималдықты есептеп шығарылуы мүмкін. Аудиттің шетелдік тәжірибесі бойынша бұл тәуекелділік минималды болуы керек және 0,01 немесе 1 пайыз болуы тиіс. Аудитор тексеріс барысында аудиторлық тәуекелділікті минималды деңгейіне дейін жеткізуге ұмтылуы керек және ол үшін тиісті шаралар қолданады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады. № 400 «Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау» ХАС- ында тәуекелдікке анықтама берілген(2). «Аудиторлық тәуекелдік- қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сай келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді». Аудиторлық тәуекелділіктің үш компоненті бар:
а) бөлінбейтін немесе ішкі шаруашылық тәуекелділік;
б) бақылау құралы тәуекелділігі;
в) айқындамау тәуекелділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет