Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017



бет6/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

Жалпы стандарттар- аудитор алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейдегі орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже. (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көніл бөлу талап етіледі).
Жұмыс стандарттар- аудиттің алдында тұрған міндеттерді (жоспарлау, көзбен шолып байқау және бақлау, дұрыс мәлеметтерді жинау және ішкі бақлау жүйесіне тиісінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар басшылыққа алатын ережелер
Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары- аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылуы және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қорытынды қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкестігі көрсетілуі тиіс.
Жалпы халықаралық аудит стандарттарының баяндалу стилі хабарлай айту үлгісімен берілген және онда аудиторға бірнеше альтернативтік іс-әрекеттерді қарастыру жиі ұсынылатын көптеген мысалдар мен ұсыныстар қарастырылған.
Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудан белгіліенген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизімнің жетілдіруіне қарай аудиторлық стандарттарды уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.
Республикамызда халықаралық бірлескен фирмалар қызметінің дамуына, сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізілуіне байланысты аудитті халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады. Тәжірибе көрсеткендей, аудиторлық қызметтің алыс және жақын (ТМД) шетелдердегі даму жолы бірдей, сондықтан аудиттің кезекті мәселелерін шешуші қандай-да бір елдің аудиторлық фирмалары оның методологиясына, ғылыми және практикалық маныздылығына көніл аударды және экономикалық құрылыстың ерекшеліктерін ескере отырып аудит стандарттарын жасайды.
Қазақстандағы «Халықаралық аудит стандарттары» нұсқасы бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразия аймақтық Халықаралық федерациясының шешімімен негіз етеп алу үшін ТМД елдеріне ұсынылған .
Тексеру жүргізу кезінде аудитор өзінің қызметін ел ішінде қабылданған стандарттардың көмегімен, ал кейбір жағдайларда - өзінің кәсіби тәжірбиесі мен түйсігінің көмегімен реттеуге тиісті.
3. Аудиттің фирмаішілік стандарттары
Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процесінде қолданылатын нақты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.
Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақты процедураларының, аудиторлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-қатынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде қате жіберу тәуекелділігін азайтады.
Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада аудиторлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін ұлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды – ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақтыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәлеметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандықтан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.
Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.
Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:

  • аудиторлық фирмалардың құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;

  • заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;

  • тексеру жүргізу әдістемесі.

Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін, оның ұйымдық құрылымын, клиентерімен өзара қарым-қатынасын жасау принциптерін, ішкі бақылаудың және ішкі қорытынды есеп берудің құрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды, кәсіби этика мәселелерін және тағы басқаларды ашып көрсетеді.
Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы; аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесесұраулар тізімі құрайды.
Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша жасалынады:

  • бухгалтерлік – клиенттің бухгалтерлік есебінің жекелеген бөлімдері бойынша әдістемелер;

  • заңдық – клиент қызметінің құқықтық жағынан қамтамасыз етілуін тексеру әдістемелері (құрылтай құжаттарының және жарғылық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сақталуына талдау жасау және т.б.);

  • арнайы – ортақ арнайы белгілерді иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру жүргізу әдістемелері (шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктерінің және т.б. аудиті).

Бұл стандарттардың әрқайсысында төмендегілер болуы мүмкін:

  • тексерудің мақсаты мен міндеттері;

  • тексерілетін бөлімдер көрсетілген аудит өткізу бағдарламасы;

  • нормативтік-құқықтық құжаттар;

  • клиенттің бухгалтерлік және басқа құжаттары (қаржылық есеп беруі, регистрлер, бастапқы құжаттар);

  • есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участоққа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық роцедуралардың тізімі);

  • аудиторлық процедуралардың орындалу реті;

  • аудитордың жұмыс құжаттарының жасалынған нысандары.

Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
4. Аудиттің мамандық этикасы
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп (рухани аспект) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті).
Әдеп кең мағынада өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдепі ретінде баяналады. Іс жұзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.
Кәсіби бухгалтерлердің халықаралық Федерациясының (КБХФ) “Кәсіби аудиторлардың этикалық кодексінен” бірқатар үзінділерді келтірейік.
Аталмыш кодекске сәйкес аудитордың кәсібі төмендегі мақсаттарды көздейді:

  • ең жоғары стандарттардың талаптарына сай жұмыс істеу;

  • қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен, ең жоғары кәсіби деңгейге жету.

Кодекстің негізгі принциптері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет