Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017



бет9/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

Ішкі шаруашылық тәуекелділігі
Ішкі шаруашылық тәуекелділік – бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы. Егер де аудитор ішкі шаруашлық аудит факторын ескермей жоғарғы ықтималдықпен қателердің болуы туралы қорытынды жасаса, онда ол дәл солай жоғарғы ықтималдықта ішкі шаруашылық тәуекелділігі бар деген қорытындыға келеді. Ішкі шаруашылық тәуекелділік деңгейін бекіту кезінде ішкі шаруашылық аудитке назар аударылмайды. Өйткені, ол аудиторлық тәуекелділіктің моделіне бақылау тәуекелділігі деп аталатын жеке элемент ретінде кіреді.
Бақылау тәуекелділігі
Бақылау тәуекелдігі- бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100 %- ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.
Бақылау құралдарының тәуекелділігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.
Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:

  • Сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сай келеді;

  • Сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелділік сай болады;

  • Сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелділік сай болады.

Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен сенімділік дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса., аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек.
Айқындамау тәуекелдігі
Айқындамау (қателерді) тәуекелдігі- бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір- бірін толықтыратындықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдердің жоспарланған саны арасында кері тәуекелділік бар.
Аудиторлық тәуекелдікті төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық зерттеуге арналған элементтері қанша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады. Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мен елеулі элементтерді толық тексеруге акцент жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керісінше.
Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті- аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелдік минималды төмен деңгейге жеткізілетіндей немесе керісінше, сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелділікті шектеу.
Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс
Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелділік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелділік төмен болады және керісінше. Егер, мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелділік деңгейі өседі және аудитор, бақылау тәуекелдігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арықлы бұның орнын толтыра алады. Бизнес тәуекелі осы клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ болғанына қарамастан аудитордың клиентпен ара қатынасы сәтсіз болуы мүмкіндігінде болып отыр. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелділігі бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады:

  • Сезгіштік

  • Сандық

  • Сезгіштік әдіс аудитор тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелділікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.

  • Төмен тәуекелділік- ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитор мүмкін қателерді табуға қажетті сай процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенбеген жағдайда болады;

  • Орта тәуекелділік- ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан- жақты рәсімді жоспарлады;

  • Жоғары тәуекелділік- клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.

Сандық әдіс аудиторлық тәуекелділік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең кең тараған модель келесі формуламен есептеледі:

АТ= БТхБқТхАқТ


Мұндағы АТ- аудиторлық тәуекелдік


БТ- бөлінбейтін тәуекелділік
БқТ- бақылау тәуекелдігі
АқТ- айқындамау тәуекелдігі
Мысалы, аудитор бөлінбейтін тәуекелділікті 80 пайыз, бақылау тәуекеділігін 50 пайыз, айқындамау тәсілін 10 пайыз деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелділіктің 4 пайыздық шамасын ала алады.
Айқындамау тәуекелділігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелділік моделінен осы тәуекелділікті анықтау дұрыс болады:

АқТ= АТ/ БТ*БқТ


Аудитор аудиторлық тәуекелділікті 5 пайыз, бөлінбес тәуекелділікті 80 пайыз, бақылау тәуекелділігін 50 пайыз деңгейлерінде қойды делік. Сонымен айқындамау тәуекелділігі 12,5 пайызды құрайды.


Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелдігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелділік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелділік комопненттері мен аудиторлық тәуекелділік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелділік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субьектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелділік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнына терең түсінуді талап етеді.
3Аудиторлық дәлеледеулер
Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз—аудиторлық қорытынды жа-сауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін трсырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдеу-лерге қаржылық қорытынды есепті қүруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.
Тексеріс кезінде алынған аудиторлық дәлелдеулері тура және жанама болып екі түрге бөлінеді.
Тура дәлелдеулер – алғашқы құжаттармен және есеп тіркемелерімен расталған куәлік. Жанама дәлелдеулерге осы мәселе бойынша фактілерге тікелей қатысы жоқ куәліктер жатады. Мысалы тексерілген ұйымның қаржылық есептілігінде мәнді қателіктердің болмауы ішкі аудит жүйесінің сенімділігінің жанама куәлігі.
Аудиторлық дәлелдеулер сыртқы, ішкі және аралас болады. Ішкі аудиторлық дәлелдеулерді клиенттен алады. Үшінші жақтан және басқа ұйымдардан алынған болса ақпарат сыртқы дәлелдеу болып саналады. Клиенттен алынған сыртқы ақпарат көзімен дәлелденген ақпарат аралас дәлелдеулерге жатады. Сыртқы дәлелдеулер анағұрлым құнды және сенімді болып табылады (мысалы, клиенттің банктік шотынан алынған үзінділер). Одан кейін аралас дәлелдеулерді, ең соңында ішкі дәлелдеулерді атауға болады.
Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көзіне тәуелді болады. Олар құжаттардан, клиенттің қызметкерлері мен үшінші тұлғаларды ауызша сұрау арқылы және кәсіпорында есептік және басқа да операциялардың орындалу барысын тікелей аудитордың қадағалау арқылы алынуы мүмкін. Сенімділігі мен шынайылығы жағынан аудитордың өзі алған ақпарат құнды болып келеді. Құжаттық дәлелдеулер мен клиенттің жазбаша түсініктемесі ауызша алынған дәлелдеулерден сенімдірек болады.
Егер де аудитор әр түрлі көздерден алынған дәлелделерді жұмыс барысында қолданса, онда аудиттің дұрыс шешім қабылдамау тәуекелділігі азаяды. Егер де бір ақпарат көзінен алынған дәлел екінші ақпарат көзінен алынған дәлелге қарама-қайшы келсе, онда аудитор ақпарат жинаудың тереңдетілген процедураларын пайдалануы керек, сөйтіп, жиналған дәлелдеулердің шынайылығына және қабылдаған шешімінің негізділігіне сенімді болады.
Егер аудитор аудиторлық дәлелдеулерді жеткілікті түрде жинай алмайтын болса, онда ол бұл фактіні өзінің есебі мен қорытындысында көрсетуі керек.
Аудитор тексеріс кезінде аудитор қаржылық есептілік ұйымның шынайы қаржылық жағдайын дұрыс бейнелейтіндігіне кепілдеме алу үшін белгілі бір процедуралар орындайды. Аудиторлық процедуралар деп аудиттің әрбір сатысында қандай да бір куәлік түрлерін жинау ерекшеліктерінің нақты нұсқаулықтарын айтады. Дәлелдеулер жинау барысында аудитор келесі процедураларды қолдануы керек:

  • нақты тексеріс,

  • растау,

  • құжаттық тексеріс,

  • қадағалау, сұрау,

  • механикалық дәлдікті тексеру,

  • талдау тестілері,

  • сканерлеу,

  • зерттеу,

  • арнайы тексеру,

  • сараптау,

  • қарсы тексеру және басқалары.

Жинақталған аудиторлық дәлелдеулер аудитордың жұмыс құжаттарында бейнеленеді.
Аудиторлық дәлелдеулерді алу көздеріне мыналар жатады:
1) қаржылық есептілік;
2) бухгалтерлік тіркелімдер (есептік және бақылау);
3) экономикалық субъектінің және үшінші жақтардың алғашқы құжаттары;
4) статистикалық есептілік;
5) салық салу бойынша есеп беру;
6) жарғылық құжаттар, келісім-шарттар, бұйрықтар мен басқа да әкімшілік құжаттар;
7) қаржылық- шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау;
8) субъекті қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың ауызша берген деректері;
9) субъектінің құжаттарын бір-бірімен салыстыру, және де ұшінші тұлғалардың құжаттарымен салыстыру;
10) түгендеу нәтижелері;
11) басқармаға жазбаша және ауызша түрде түсініктеме беруі туралы сұрау жазу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет