Модельдің
құрылымдық компоненттері
|
Өлшемдердің сипаттамасы
|
Ой-өрісі пен
даралықтың өзара байланысы
|
4. Эмоцияны басқару
|
Жеке және тұлғааралық өсумен эмоциялар мен эмоционалды қатынастарды басқару
қабілеті
|
Жеке тұлға арасындағы өзара әрекеттесу саласы
|
3. Эмоцияны түсіну
|
Өзара қатынастар туралы, бір эмоциядан екінші эмоцияға ауысуды,
эмоциялар туралы лингвистикалық ақпаратты эмоционалды
ақпаратты түсіну қабілеті
|
Абстрактілі өңдеудің орталық ұстанымы және эмоциялар мен эмоционалды ақпарат туралы қорытынды
|
2. Ойлауды фасилитациялау (жеңілдету)
|
Ойлау тиімділігін арттыру үшін эмоционалды ақпарат пен
бағыттылықты қолдану қабілеті
|
Когнитивті мәселелерді шешу үшін
эмоционалды ақпаратты қолдана отырып,
«орнату» және ойлауды реттеу
|
1. Эмоцияны ажырату
|
Бейнедегі бет-әлпет
бойынша эмоцияларды анықтау қабілеті
|
Ой-өрісііге ақпарат енгізу
|
Даралық құрылымында ЭО мотивациялық саламен ең көп байланысты екені айқын. 1995 жылы Д. Гоулман (Daniel Goleman) Дж. Мэйер мен П. Сэловейдің эмоционалды ой-өрісіісінің алғашқы моделін өзгертіп, танымал болды.
Д. Гоулман олар көрсеткен компоненттерге тағы бірнеше ынта (энтузиазм), табандылық және әлеуметтік дағдыларды қосты. Осылайша, ол Сэловей мен Мэйердің моделіне кіретін когнитивті қабілеттерін жеке қасиеттерімен біріктірді. Алғаш рет 1995 жылы жарық көрген Д. Гоулманның
«Эмоционалды ой-өрісі» кітабының танымалдылығының арқасында оның моделі психологтер арасында ғана емес, қалың көпшілікке де танымал болды.
Сонымен Д. Гоулманның пайымы бойынша, эмоционалды ой-өрісі құрылымы бес компоненттен тұрады:
Эмоционалды күйлерді идентификациялау (анықтау) және атау, эмоциялар, ойлау және әрекет арасындағы байланысты түсіну.
Эмоционалды күйлерді басқару – эмоцияларды бақылау және жағымсыз эмоционалды күйлерді адекватты (тиісті) күйлермен алмастыру.
Табысқа жетуге ықпал ететін эмоциялық күйлерге кіру қабілеті.
Басқа адамдардың эмоцияларын оқу, оларға сезімтал болу және басқалардың эмоцияларын басқару қабілеті.
Басқа адамдармен қанағаттанарлық тұлғааралық қатынастарға түсу және оларды қолдау қабілеті.
Эмоционалды ой-өрісіісін дамытуда Д. Гоулман оның келесі компоненттерімен байланысты дағдыларын маңызды деп таниды:
Тұлғалық дағдылар:
өзіндік сана – эмоционалды өзіндік сана – нақты өзін-өзі бағалау
өзіне сенімділік;
өзін-өзі бақылау – эмоцияны тежеу – ашықтық – бейімделу – жеңіске деген ерік-жігер – бастамашылық – оптимистік.
Әлеуметтік дағдылар:
әлеуметтік сезімталдық – эмпатия – іскерлік хабардарлық – сыпайылық;
қатынасты басқару – шабыттану – ықпал ету – өзін-өзі жетілдіруге көмек – өзгерістерге жәрдемдесу – жанжалдарды реттеу – жеке қарым-қатынасты нығайту – топтық жұмыс және ынтымақтастық.
Д. Гоулманның сөзсіз еңбегі – адамдарды белгілі бір қызмет салаларында жетістікке жетуге ықпал ететін жеке қасиеттерін дамытуға ынталандыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |