Арбакеш. Армысыз. Алдияр тақсырға бір өтінішпен келіп едім тыңдар жан бар ма екен.
Аула сыпырушы. Қазір алдияр тақсырды тыңдайтын адам керек. Сені қабылдауы екі талай шығар.
Арбакеш. Білесіз бе бір жұма бұрын балам қайтыс болды. Өмір деген қызық ә.
Аула сыпырушы. Иә, иә соны айтам.
Арбакеш. тыңдап тұрсыз ба?
Аула сырыпушы. Иә, иә, иә. Соны айтам.
Арбакеш. Ұлым өлді, ал мен әлі тірі жүрмін. Өмір деген ғаламат қой ә айтыңызшы, ажал да кірер есіктен жаңылады екен. Маған туралап келудің орнына, әнеки менің ұлыма туралап келді.
/Бұл кезде аула сыпырушы қалтасынан бір нәрсе іздегендей өз – өзін айналып тұр еді/
Аула сыпырушы. Ойй жаман болыпты.
Арбакеш. Сол, шырағым сағат қанша болды екен.
Арбакеш. Сегіз болды.
Аула сыпырушы: Ойбууй тамағымның асты күйді. Темекі шегемін де кіремін деген адамын ғой, әні қараш мына пәленің зиян екенінің тағы бір дәлелі.
Арбакеш. Мен негізі...
Аула сыпырушы. Сен айта бер, айта бер. Даусыңды қаттырақ шығарып айқайлап айт менің құлағымның мүкісі бар айқайламасаң естімеймін. (Сахнаның артынан айқайлап)
Арбакеш. Осы аптада менің әлгі...
Аула сыпырушы. /Аула сыпырушы қолындағы үлкен ағаш қасығымен, табағымен арбакештің қасына жүгіріп келіп/ Сен өзі бүгіндікке тамақ ішкенсің бе? Мә асап асап алшы. /Арбакештің аузына бір екі қасық тамақты асыра салып/ Ал енді даусыңды қаттырақ шығарып айт.
Арбакеш. (жыламсырап) Осы аптада менің әлгі... нетіп...
/Осы кезде генералдың көмекшісі кіріп келеді/
Генералдың көмекшісі. Алдияр тақсыр құтқарушысын шақырады, алдияр тақсыр құтқарушысын шақырады.
Арбакеш. Аманбысыз мырза. Алдияр тақсырға бір бұйымтаймен келіп едім. Ол кісінің жай – күйі болмай тұрғанын бүкіл усадьба біледі, дегенмен өзіңізден еді бір көмек болса. Қанша дегенмен генералдың оң қолысыз, елдің қамын жеушілердің бірі болғандықтан өзіңізден қиыла сұраймын құрметтім.
Достарыңызбен бөлісу: |