«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы


Арбакеш. Құрметтім ау мен арбакеш болып ат ерттегенім болмаса басқа жағынан хабарым жоқ. Приказчик



бет7/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Арбакеш. Құрметтім ау мен арбакеш болып ат ерттегенім болмаса басқа жағынан хабарым жоқ.
Приказчик. Қалай білмейсің?
Арбакеш: Мен жәй қарапайым арбакешпін ғой құрметтім.
Приказчик. Әй осы саған ақша керек емес пе? Бақандай бес сом деді емес пе.
Арызшы әйел. /естіп қалып приказчиктің жанына жүгіріп келіп/ Тайлақбаев емес пе құрметтім.
Приказчик. Жоқ ханым, ол емес.
Арызшы әйел. Биебеков шығар?
Приказчик. Жоқ, ол да емес.
Арбакеш. Ақша кімге керек болмасын мырзам. Тек осы жақында ғана балам өліп соған көңілім болмай... енді міне...
/Приказчик арбакештің сөзін тыңдамай бұрылып кетеді. Халық шулап приказчиктің артынан жүр. Осы кезде Генералдың қызметшісі приказчиктің аяғының астына созыла жатып алып.
Генералдың қызметшісі. /ықылықтап алып, қолын көтеріп/ Эврика, Жылқыайдаров.
/Бүкіл халық тынышталып приказчиктің аузына қарап қалады/
Приказчик. /басын шайқап/ Жоқ ол да емес.
/халық бастары салбырап бірі даурығып бұл фамилия табылмайды десіп улап-шулап шығып кетеді/
Генералдың қызметшісі. Аттың жеті атасын түгендеп шыққан сияқтымыз, жылқының қай ата - бабасынан тараған мына сорлы емші. Құрсын, өз тірлігіммен айналысайын.
Генерал. /жыламсыраған дауыспен келіп/ Азбанов емес пе?
Приказчик. Жоқ, Азбанов емес, алдияр тақсыр. /Иван Евсеич кінәлі адамша күрсінді/
Генералдың көмешісі. /генерал үмітті көздерімен қарап қалды/. Фамилиясы, мүмкін, жылқы аттас емес, басқаша болар?
Приказчик. Алдияр тақсыр, құдай ақыңа жылқы аттас... Мұны, тіпті, анық білемін.
Генерал. Өзің нағыз ұмытшақ екенсің, құрғыр... Сол фамилия өмірімдегі ең қымбат нәрсе болып тұр маған, әбден сорлап болдым. Олечка шақыршы әлгі дәрігерді. Жұла берсін, бұдан әріге төзер шамам жоқ...
Приказчик. Алдияр тақсыр аз маз күте тұрмас па екенсіз мен тағы іздеп келсем. Тысқа шықсам бәлкім есіме түсер...
Генерал: Қайда барсаң онда бар,бұдан әріге төзер шамам жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет