«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет8/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генералдың көмекшісі. Алдияр тақсыр дәрігерді шақырады, алдияр тақсыр дәрігерді шақырады.
Әйелі: Шыдашы қымбаттым /генералдың басын қайта - қайта сыйпап.
Дәрігер аяғын сылт басып сарайға келді./
Дәрігер. Армысыз құрметтім!
Генерал. Бар бол. Тездетші қане. Ауыртпай жұлшы.
Дәрігер. Мына кісіде біреуден қорқады екен ғой /мысқылдап күліп.
Дәрігер генералдың тісін қарауға кірісті. Құралдарын дайындап/.
Дәрігер. Қане алдияр тақсыр аузыңызды ашыңыз.
Дәрігер генералдың аузын ашып тісіне ұзақ үңілді. Қасында қисалаңдап тұрған генералдың көмекшісі генералдың аузына қайта – қайта үңіліп. Аузын сипап.
Генералдың көмекшісі: Генералдың аузында алтын бар ма екен врач? Қазба байлық іздегендей біраз үңілдіңіз ғой а? /ықылықтап. Дәрігер қызметшіге бір қарады да, жымиып қайта генералдың аузына үңілді. Ал қызметші дәрігердің оқты көздерінен сескенгендей кері қарай шегініп/. Болды болды врач мырза бір ауыз сөзіңіз. Мен кеттім. /қисайып кете барды/
Дәрігер. Ай, ай, ай алдияр тақсыр жағдай қиын.
Генерал. Не болды тағы сен де бір затыңды ұмыттың ба?
Дәрігер. Жоқ алдияр тақсыр, мына тісті емдемесе болмайды. Кем дегенде үш тәулік уақыт алады.
Әйелі. Алдияр тақсырдың бұйрығын орындамауға қалай батылыңыз барады. Тез жұлыңыз!
Дәрігер. Ханым, түсініңіз әр науқасытың өмірі үшін мен басыммен жауаптымын.
Генералдың көмекшісі. Соны айтамын ханым, тісті қайдам бас қатты керек болады ау. Оның үстіне дәрігер емес па бассыз басқалардың тісін қалай жұлмақ.
Генерал. /Генерал айқайлап/ Әй садағаң кеткір жұлсаң жұл, жұлмасаң кет көзіме көрінбей. /дәрігер өзін кінәлі сезініп басын төмен салып шығып кетеді/. Ой Олечка жаным шығып барады. Мыналар мені ажалымнан үш күн бұрын өлтіретін шығар.
Әйелі: Шыдашы қымбаттым бір амалын табамыз. Дереу приказчикті шақырыңдар. Әлгі құрып қалғыр жылқыаттас фамилияны қалай табудың жолын қарастыруды бұйырамын.
/Генерал мен әйелі шығып кетеді. Аула сыпырушы музыкамен ауласын сыпырып келе жатыр. Алдынан жұпыны киінген арбакеш көңілсіз алдынан шығады/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет