Балмұздақтың органолептикалық қасиеттерін бағалау


Таңдамалы түріне жататындар



бет2/7
Дата01.07.2023
өлшемі196.19 Kb.
#475484
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Балмұздақтың органолептикалық қасиеттерін бағалау

Таңдамалы түріне жататындар:
- сахароза мен май құрамы төмендетілген, бірақ өнімнің биологиялық және энергетикалық құндылығын жоғарылататын басқа компоненттердің қосылуымен сүтті негізде өндірілген балмұздақ;
- жеміс-жидекті және көкөністі негізде өндірілген балмұздақ;
- жеміс-жидектерге сүтті негізді қосу арқылы өндірілген балмұздак;
- тауық жұмыртқасын қолданып өндірілген балмұздак;
- жеміс-жидекті және кілегейлі қатпарлардан тұратын көпқатпарлы балмұздак;
- арнайы мақсаттағы балмұздақ - қанттың орнына ксилит немесесорбит қосылған сүтті негізде;
- оттегімен қанықтырылған сүт сарысуы негізінде өндірілген балмұздақ;
-кондитерлік май құрамды балмұздақ.

Балмұздақтың қолданылатын шикізат және өнімнің әр түріне байланысты таза дәмі болуы тиіс (бөтен дәм мен иіссіз).
Консистенциясы барлық массасы бойынша біртекті, жеткілікті тығыз болуы керек.
Түсі - өнімнің әр түріне сәйкес біркелкі. Балмұздақтың жеміс-жидек және жаңғақ қосып дайындалған түрінде біркелкі емес боялу жіберіледі.
Глазурьлердің барлық түрінде (шоколадты, кілегейлі-кремді,сүтті-шоколадты, крем-брюле, жаңғақты, жеміс-жидекті, хош иісті) қанттың, какао ұнтағының, жаңғақтың, жеміс-жидектің сезілетін бөлшектері мен түйірлері болмау қажет.
Глазурь балмұздақтың бетін толығымен жауып тұруы керек.
Дәмі мен иісі берілген глазурь түріне сәйкес таза, консистенциясы біркелкі, жеткілікті тығыз, түсі глазурь түріне сәйкес біртектіболады.
Балмұздақты өлшеулі және буып-түйілген түрінде өндіреді.
Өлшеулі балмұздакты НТД-ға сәйкес жәшіктер мен гильзаларға буып-түйеді.
Буып-түйілген балмұздақты массасы 50, 70, 80, 90, 100, 115, 120, 125, 130, 135, 145, 150, 250 және 2000г дейінгі салмақта болатын ұсақ және ірі порциялар түрінде өндіреді.
Ұсақ буып-түйілгенбалмұздақты келесідей өндіреді:
• этикеткаға немесе пакетке түйілген, вафельмен және вафельсіз, глазурьмен немесе глазурьсіз брикеттер түрінде;

  • этикеткаға немесе пакетке түйілген, таяқшасымен және таяқшасыз, глазурьленген және глазурьленбеген, әр түрлі пішіндер түрінде, сонымен қатар, пішіні пирамида немесе конус, төртбұрышты параллелепипед, цилиндрге жақын бірқатпарлы және көпқатпарлы порциялар түрінде;

  • қақпағы қағаз немесе полимерлі материалдан жасалған қағазстақандарда, кақпағы бар полистиролдан жасалған стақандарда, фольгадан немесе қағаздан жасалған корапшаларда;

• этикеткаға, пакетке оралған вафельді стақандарда;
•пергаменттен жасалған салфеткаларға салынған, креммен, шоколадпен безендірілген пломбирдің әр түрлі пішініндегі пирожныйтүрінде;

Ірі буып-түйілген балмұздақты келесідей өндіреді:


массасы 500, 1000 және 2000г болатын картоннан жасалған балмұздактың әр түрлі түрінде;
массасы 250, 500, 1000, 2000г болатынкартон корапшаларда креммен, шоколадпен безендірілген, кілегейлі балмұздактан жасалған кекстер, пломбирлі торттар түрінде;
Балмұздақты өндіруші кәсіпорындарда ауа температурасы минус 20:2°с болатын камерада, ал екі сатылы сығымдалу компрессорлары жоқ кәсіпорындарда минус 18+2°с ауа температурасында сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет