Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары
1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:
1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;
2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;
3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;
4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;
5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн.
6) дәрменсіз борышкердің мүлкінен өндіріп алуға қойылған барлық заңнамалық шектеулер алып тасталады.
3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы
1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) төленетiн сыйақыға:
1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кредиторлармен есеп айырысқанға дейін конкурстық массадан төленетін ағымдағы төлемақылар;
2) оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және әкімшілік шығыстар шегеріліп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті айқындайтын қосымша төлемдер жатады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді
70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi
Конкурсты басқарушы:
1) ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органның бекітуіне ұсынады;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны жібереді.
Комитеттің бірінші отырысы осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізіледі;
1-2) уәкілетті органның оны тағайындаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады;
1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына соттың заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;
2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;
3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;
5) банкроттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) іс-шараларын жоспарын қоса алғанда, кредиторлар комитетімен жасасқан келісімнің талаптарын орындайды;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында банкроттың мүліктерін (активтерін) сату жоспарын кредиторлар комитетінің бекітуіне ұсынады және оны өткізуді жүзеге асырады;
6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) алдыңғы айдағы конкурстық іс жүргізу рәсімін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитетіне табыс етеді;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұратуы негізінде өз қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты ұсынады;
7) кредиторлармен есеп айырысады;
8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердің лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi;
9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
9-1) түгендеуді жүргізеді;
9-2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күші жойылған кезде, өзі шеттетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде борышкердің құрылтай, қаржылық және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын қоса алғанда, барлық құжаттарын, борышкердің барлық мүлкін (активтерін), сондай-ақ борышкердің мөрін жаңадан тағайындалған конкурстық басқарушыға немесе борышкердің басшысына беруге міндетті;
10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 03.06.03 ж. № 427-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді
71-бап. Кредиторлардың талаптары
1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).
Кредиторлардың шетелдік валютамен көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешім қабылдаған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне бөлінген активтермен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгізілмейді.
3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.
4. Проценттердiң сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 71-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңымен 71-1-бап жаңа редакцияда
71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершілігi
Өз өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді
72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.
2. 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.
4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 73-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді
73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Конкурстық басқарушы ұсынған, банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
Кредиторлар талаптарының ұсынылған тізілімі банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде жойылуға жататын қайтару себептерін көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 03.06.03 ж. № 427-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді
74-бап. Конкурстық масса
1. Конкурстық массаның құрамына:
1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.
2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi.
3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурстық басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторлардың мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Конкурстық массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) концессия объектісінің құрамына кіретін мүлік;
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген шығарындыларды азайту, шығарындылардың сертификатталған азайтулары, шығарындыларды ішкі азайту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері енгізілмейді.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді
75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен келісімі арқылы айқындалған сметаның шектерінде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.
2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның
Достарыңызбен бөлісу: |