43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;
3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргізіледі.
3. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімін қайта бастау туралы өтінішпен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы. Осындай өтінішпен кредиторлар комитеті уәкілеттік берген тұлға жүгінеді.
Оңалту рәсімін қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi
1. Оңалтушы басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкiне қатысты тиiстi құқықтарға ие болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;
3) өзін уәкiлеттi орган тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады;
4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
5) оңалту рәсіміне кредиторлар жиналысымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сотқа қолдаухат жібереді;
6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
7) кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізілетін комитеттің бірінші отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
8) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кредиторлар комитетінің мүшелеріне хабарлама жібереді;
9) осы Заңның 14-3-бабының 7-тармағында белгіленген іс-әрекеттерді жасайды, сондай-ақ кредиторлар жиналысының сырттай дауыс беруді таңдаған қатысушыларына осы Заңның 14-3-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде материалдарды жібереді;
10) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратады және алады;
11) банкроттық туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға ақпараттық жүйені қолдана отырып қатысуға құқылы;
12) оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінеді;
13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2. Кредиторлар жиналысының шешіміне сәйкес оңалтушы басқарушы:
1) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасасады;
2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;
3) оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінеді;
4) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінеді.
Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген қағидалар оңалту жоспарында көзделген, борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
3. Оңалтушы басқарушы өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
Оңалтушы басқарушы өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде беруге міндетті.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттік берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтушы басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.
5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтайды және оларды сот тәртібімен жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді
52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi
Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-бап. Оңалту рәсімін тоқтату
1. Оңалтушы басқарушы:
1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілсе;
2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізсе, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi.
Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.
3. Кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін, оңалту жоспарын құру жөніндегі iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне залал келтіретінін растайтын негіздер болған кезде;
2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған кезде;
3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған кезде;
4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне залал келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуі мүмкін.
5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті.
Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.
6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсімін тоқтатады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 54-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54-бап. Оңалту рәсімін тоқтату салдарлары
Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:
1) осы Заңның 43-2-бабында көзделген салдарлар сақталады;
2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және конкурстық басқарушы тағайындалғанға дейін борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертілді
55-бап. Санация
1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда санацияға қатысушы немесе осы Заңның 9-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгiленген талаптар қолданылмайтын, ол ұсынған адам оңалтуды басқарушы болып тағайындалады.
Бұл ретте санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға осы Заңда белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.
3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
56-бап. Санацияға қатысушылардың келісімi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртібін көздейтiн келісім жасасуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 57- бап өзгертілді
57-бап. Санацияға қатысушыларды жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
Егер келісімде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкілетті орган және кредиторлар комитетi бекiткен келісімiмен белгiленедi.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 58-бап өзгертілді
58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде өзіне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген міндеттеме алған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы өзі инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімнің негізінде шаруашылық серіктестігі қатысушысының, акционерлік қоғам акционерінің құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мемлекеттік орган мүлкінің уәкілетті меншік иесі шешімінің негізінде борышкер алдын ала шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің, акционерлік қоғам акционерінің қатысушы құқығына ие болады. Егер өндірістік кооператив борышкер болып табылса, санацияға қатысушы кооператив мүшелері жалпы жиналысының шешімі негізінде шаруашылық серіктестігі борышкер болып, алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің қатысушысы құқығына ие болады.
Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкіндегі үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59-бап өзгертілді
59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк жасау
1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс жүргізу)
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 65-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 65-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
65-бап. Жалпы ережелер
1. Конкурстық іс жүргізудің, тарату рәсімінің өткізілу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Конкурстық басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкін.
Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтініші уәкілетті органға конкурстық іс жүргізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін кем дегенде күнтізбелік он бес күн бұрын жіберіледі.
2. Мүлкінің көлемі үлкен борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны өткізудің айрықша шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша уәкілетті орган конкурстық іс жүргізу мерзімін кредиторлар комитетінің келісімі бойынша көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен тыс он екі айға дейінгі мерзімге ұзартады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 6-бап өзгертілді
66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар
Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурстық басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi
Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады;
5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |