БұҚар жырау поэзиясының ТӘрбиелік мәНІ


БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ



бет5/8
Дата09.03.2022
өлшемі407.81 Kb.
#456078
1   2   3   4   5   6   7   8
БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУ

2 БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ


2.1 Бұқар жырау поэзиясын оқытудың инновациялық технологиялары
Әдістеме ғылымында «педагогикалық технология» бағыты ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Ұлыбританияда қалыптасып, қазіргі уақытта барлық әлемге кеңінен таралып, білім беру саласында қарқынды дамып, қалыптасуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың алпыстан астам жаңа технологиялары тәжірибеге енгізіліп, кеңінен қолданыла бастады. Осы аталғандармен қатар көрнекті педагог ғалымдар В.П. Беспалько, М.В. Кларин, Н.Р. Талызиналардың бағдарламалы оқытуы; Л.В. Занков, Л.С. Выготскийдің дамыта оқытуы; С.Н. Лысенкованың оза оқытуы; Ш.А. Амонашвили, Е.Б. Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы; П.И. Третьяков, Ж.А. Қараевтың модульдік оқытуы, Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдай оқытуы секілді т.б.
«Технология» ұғымы жалпы үлкен екі бағытқа жіктеледі. Бірі – өндірістік технология, екіншісі – әлеуметтік технология [8, 22 б.].
Әлеуметтік технология – өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Сондықтан әлеуметтік технология өндірістік технологияға берілген анықтама мазмұнын толық ашып бере алмайды. Сонымен бірге «педагогикалық технологияның» термині, анықтамасы әлі де бір ізге нақтылай түсе алмай отыр. Айталық бүгінде педагогикалық технологияда «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы», «ақпараттық технология», т.б. терминдер қолданылады. Ал бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар.
Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сай ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану – өркениетті елдер қатарына енудің бірден-бір жолы болмақ. Ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педогогикалық технология үлгілерін тиімді қолданудың жолдарын барынша нақты түрде көрсетті. Әсіресе, жоғары мектепте оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, оларды сабақ үрдісінде қолданудың ерекшеліктерін В.Беспалько, В.К. Дьяченко, В.В. Гузеев, М.В. Кларин, Д.Хогрид, В.М. Монахов, Г.К. Селевко, М.А. Чошанов, Г.Нұрғалиева, С.М. Құсайынов, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д. Әуелбекова, Қ.Бітібаева, Б.Сманов, т.б., ғалымдардың еңбектері әр қырынан нақтылайды [9, 27 б.].
Орыс әдіскер-ғалымдары А.М. Берг, В.П. Беспалько, М.В. Кларин, Н.Р. Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В. Занков, А.С. Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р. Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А. Амоношвили, Е.Б. Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М. Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я. Вазиналардың ұжымдық оқытуы, М.И. Махмудов, М.Н. Скаткиндердің проблемалық оқыту технологиялары тәжірибеде кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұстаздар қауымының жас ұрпақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін дамыту барысында қазақ әдіскерлері Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатовтың «Проблемалық оқытуы», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Ж.Қараевтың «Білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы», «СОРОС-Қазақстан қайырымдылық қорының «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы», Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін қалыптастыру, тұлғасын дамыту бағытында тағы басқа озық оқыту технологиялары қарқындап қалыптасуда [10, 164 б.].
Егеменді еліміздің дамушы елу мемлекет қатарында болудың негізгі бір талабы – жоғары мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңа технология элементтерін сабақта қолдануды талап етіп отыр. Қазіргі жаһандану заманында жаңа технологияның басты мүддесі – білім алушыны жай білімнен шығармашылыққа деңгейге дейін көтеру. Сол себепті қазіргі заманда жаңа технологиямен қаруланған ұстаздардың жеке тұлғаны қалыптастыруда көп ұтары сөзсіз.
Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П. Беспальконың тұжырымдары. Оның тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:

  1. Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;

  2. Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқутәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет [11, 198 б.].

Соңғы жылдары технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі – М.М.Левин. Ол педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. Ал Б.Т.Лихачев «оқыту технологиясы сапалы еңбек нәтижесіне жетудің практикалық іс-әрекеті», - десе , М.Чошанов «технологияны дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі», - деп есептейді [12, 146 б.].
Ж.А.Қараевтың пікірінше: «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады» [12, 167 б].
Е.Жұматаева: «Әдебиетті құр технология құрылымына вербальді әдіспен бағдарлап өткізуге болмайды. Ол үшін әдеби нысаналардың құндылық деңгейін, парадигмасын шығарып алу көзделеді. Бір сөзбен айтсақ, әдебиеттің қисынын, әдебиеттің тарихын, әдебиеттің сынын бірлікте алып, дидактикалық пәлсапасының тағылымын сұрыптау қарастырылады. Осы мұратты айқындау мақсатында әдебиетті оқытудың дидактикалық пәлсапасы жай әдістерге бағынбайтыны аңғарылады. Олай болса, мұның теориясы – педагогикалық технология мен бүгінгі модернизацияны өмірге әкелуге басты қозғаушы күш. Аталған тағылым мен қисынның моделі тек әлемге әйгілі педагогтардың еңбектерінде ғана емес, ол ұғым-пайымдарды, дидактиканың пәлсапалық негізіне бағындыра отырып, өз шығармашылығымен бүкіл әлемге мәшһүр болған, ата мұра – асыл мұра бабаларымыздың еңбектеріне технология қағидасымен аналитикалық тәсілмен талдау жасалып, әдістемелер мен педагогикалық технологиялар нысаналардың дидактикалық пәлсапасынсыз тұл екеніне оның ешбір мәнінің жоқтығына көзімізді жеткізеді. Былайша айтқанда, субъектінің құр технологиялар мен әдіс-құрамдардың әдістерін прагматикалық (меңгерген теориялық білімін іс-тәжірибесінде қолдану) мақсатта қолданғанымен, нәтижеге жете алмайды. Меңгертуге тиісті пәнін, ілімін оқытушы субъект жан-жақты теориялық тұрғыда өзі меңгерген сәтте және оның дидактикалық пәлсапасы бар ма? – деген сұрақ қою мүддесінде қарастырылғанда ғана сенімді нәтиже болады», деп көрсетеді [13, 37 б.].
Қазіргі кезде жаңа инновациялық оқыту технологиясы мұғалімнің кәсіптік қызметінің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі бір дәрежеде іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Осыған орай білім беру технологиялары мына негізде ұсынылады:

  • дамыта оқыту технологиясы;

  • модульдік оқыту технологиясы;

  • ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы;

  • перспективалық-озық оқыту технологиясы;

  • ойындық оқыту технологиясы;

  • оқу материалдарының сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіп, оқыту технологиясы;

  • жекелеген оқытудың технологиясы;

  • сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы [14, 64 б.].

Бұқар жырау поэзиясын оқытуда түрлі технологиялар мен интербелсенді әдістеме түрлерін пайдалануға болады.

1 – сурет. Бұқар жырау поэзиясын оқытуда пайдалынылатын жаңа интербелсенді стратегиялар

Аталған технологиялардың қай-қайсысын да Бұқар жырау поэзиясын оқытуда тиімді пайдалануға болды. Бұл технологиялар, ең алдымен, сабақтың сапасын арттырады, екіншіден, нәтижеге қол жеткізеді, үшіншіден, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, төртіншіден, білім алушының шығармашылық қабілетін шыңдайды. Бұл пікірді кесте түрінде былай көрсетуге болады [15, 56 б.].



2 – сурет. Бұқар жырау поэзиясын оқытуда пайдалынылатын технологияның сипаттамасы

Осыған орай Бұқар жырау поэзиясындағы инновациялық технологиялармен оқытудың әдістемелік жүйесі төмендегідей жұмыстардан тұрады деп көрсетуге болады





3 – сурет. Бұқар жырау поэзиясын инновациялық технологиялармен оқытудың әдістемелік жүйесі

Негізінен жеке тақырыптардың ғылыми әдістемелік жүйесін жетілдіруде деңгейлеп оқыту технологиясының орны ерекше. Әдіскер ғалым, профессор Т.Жұмажанова ол туралы былай дейді: «Деңгейлік оқыту бойынша әр деңгейдің әдістемелік мақсаты, міндеті көрінеді, оқу материалына қатысты тапсырмалар бір деңгейден екіншіге қарай күрделене түседі» [16, 98 б.].


Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесін С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдар өз зерттеулерінде жүйелеген. Ал әдіскер-ғалым Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға құрылған, яғни мұнда білім алушы өздігінен дұрыс шешім қабылдап, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыра алады. Сол себепті қазіргі кезде Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады.
Деңгейлік саралау технологиясы білім алушы мен ұстаздың белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, білім алушыларға өз білімін жаңа әдіс-тәсілдермен бағалауға мүмкіндік береді. Мәселен, әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы білім алушының көз алдында тұрады. Мұның өзі білім берудегі негізгі тетіктер болып табылады. Оның маңыздылығы мынада [17, 29 б.]:

  1. Сынып оқушылары түгелдей жұмыс істейді;

  2. Сыныпта бос отырған оқушы болмайды;

  3. Әр оқушы өз деңгейін біледі, оны жетілдіруге талпынады;

  4. Қиындықтарды жеңе білуге төселеді;

  5. Ізденушілік қабілеті қалыптасады;

  6. Пәнді оқып-үйренуге қызығушылығы артады.

Нәтижесінде:

  1. Алдына нақты мақсат қоя білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу;

  2. Әр оқушы өзінің білім деңгейін дамытады;

  3. Шығармашылық қабілеті шыңдалған тұлға қалыптасады;

  4. Оқушының оқуға деген ынтасы артады.

Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы білім алушыларды А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады. Ал Ж.Қараев білім алушының біліміне қарай тапсырмаларды төртке бөлуді ұсынады. Мәселен, І деңгей тапсырмалары (үйренушілік-репродуктивтік деңгей) мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлық білім алушылар міндетті. Яғни, алдыңғы сабақтағы тақырыпта меңгерген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беріледі. ІІ деңгейдегі тапсырмалар (алгоритмдік деңгей) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Яғни, берілетін тапсырмалар бұрынғыларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімді түрлендіріп пайдалануы қажет. ІІІ деңгейдегі тапсырмалар (эвристикалық деңгей) – танымдық, ізденімдік тапсырмалар. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында студенттер жаңа тақырып бойынша меңгерген ақпараттардан өзіндік қорытынды шығарады, ойпікірлерін айтады. ІV деңгейдегі тапсырмалар (шығармашылық деңгей) – шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар. Білім алушының білім, білік-дағдыларының көмегімен, яғни қалыптастырған ұғым-түсініктерінің нәтижесінде жаңаша, тың ой айтып, ерекше жұмыс жасауы [18, 92 б.].

1 – кесте . Деңгейлеп оқыту технологиясының кезеңдері



Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Анықтау кезеңі

Оқушылардың білім
деңгейін анықтау

Оқытушымен бірлесе
отырып оқу деңгейін таңдау

Оқушыларды топқа бөлу

Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды
айқындау

Топтардағы оқыту талаптарының жобасын
талқылауға қатысу

Оқытуды жүзеге асыру

Оқытушының оқу
материалын топтарға беруі

Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы

Білімді бағалау

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша студентерді бағалау
(Рефлекция/Кері байланыстың орнатылуы)

Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

Бағалау «баллдық» жүйемен жүзеге асырылады. 1-деңгейді орындаған оқушыға 5 балл, 2-деңгейге 10 балл, 3- деңгейге 15 балл, 4-деңгейге 20 балл қоюға болады. Бағалау критерийін оқытушы өзі тағайындайды. Оқушы «3» деген баға алу үшін берілген материалдың кем дегенде 50%-ын, «4» алу үшін 70-80 %-ын, «5» алу үшін 90-100 %-ын білу керек.

2 – кесте. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайтын оқушылардың іс-әрекеті:



І-деңгейдегі тапсырманы орындаушы
қушылардың іс-әрекеті

ІІ-деңгейдегі тапсырманы орындаушы оқушылардың іс-әрекеті

ІІІ- деңгейдегі тапсырманы орындаушы оқушылардың іс-әрекеті

ҮІ- деңгейдегі тапсырманы орындаушы оқушылардың іс-әрекеті

Алдында меңгерілген білімін өзгертпей пысықтайды; оқытушы басшылығымен тапсырмалар орындайды.

Өткен материалды жүйелеуге арналған тапсырмалар орындайды, өз бетімен кейбір теориялық мәселелерді игере алатынын көрсетеді.

Танымдық- эвристикалық тапсырмаларды орындайды, оны практикада қолдана алады.

Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама дайындайды, өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алады.

Бұқар жырау поэзиясын оқытуда мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда оқытушы мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, деңгейлік тапсырмаларды орындату өте тиімді. Мәселен, Ә.Тәжібаев шығармашылығындағы ежелгі әдебиет дәстүрлерін талдағанда топтық жарыс сабағы және деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту сабақтың мазмұны мен рухани құндылығын арттырады.
І-топ. Тапсырма. 1. Бұқар жырау қай жылы, қай жерде дүниеге келген? Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығына қатысты ассосациаграмма құрастыр.
2. Бұқар жырау поэзиясы туралы не айтар едің?
ІІ-топ. Тапсырма. 1. Бұқар жырау шығармашылығындағы ежелгі әдебиет дәстүр көріністеріне мысалдар келтір.
2. Бұқар жырау қай шығармашылығын кімдер қарастырды?
Ассосациаграмма құрастыр.
Әр топтың орындаған тапсырмаларын талдай және толықтыра отыра, оқушылармен әрі қарай деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жүргізіледі.
1-деңгей.

  1. Бұқар жырау жыр жинақтары қашан жазылып, жарық көрген?

  2. Оның жыр жинақтарында ежелгі дәуір көріністері қалай суреттелген?

  3. Жырдағы басты кейіпкерлер кімдер?

2-деңгей.

  1. Жырдағы басты кейіпкерлерге мінездеме бер, жыраудың кейіпкерлерді таныстыруын мәтіннен тауып оқы.

  2. Жыраудың шығармашылығы бойынша өзіндік ой-тұжырымың?

  3. Бұқар жырау поэзиясындағы ежелгі әдебиет дәстүр көріністері қай ақынның поэзиясымен байланысты?

3-деңгей.
1. Бұқар жырау өз поэзиясында ежелгі әдебиет дәстүр көріністерін тиімді пайдаланған ба?
2. Сенің өзіндік көзқарасың қандай?
3. Мырзалық қонаққа пайда, малға қас
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас
Өтірік о дағы пайда, иманға қас
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас.
-деген нақыл сөздерден өрілген тоғауы халықтың:
Өтірік пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас, – деген өлең жолдарындағы ақынның беймаза күйін қалай түсіндіресің?
4-деңгей.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Егер мен Бұқар жырау болсам өз жырларымда ежелгі әдебиет дәстүрін қалай жырлар едім» тақырыбында ой-толғау жазу тапсырылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: әр деңгей бойынша оқушылар өз білім дәрежесіне, қабілетіне қарай тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмалар оларды мәтіннің мазмұнын игеріп қана қоймай, өз бетімен ізденуге, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өзіндік ой қорыту, тұжырым жасауға дағдыландырады [19, 83 б.].
Сабақтың ұтымдылығы: оқушылар мұндай сабақтарда Бұқар жырау поэзиясын өз бетінше талдауға үйренеді. Жырау шығармаларындағы көне түркілік сарын элементтерін талдай отырып, қазіргі еліміздің жеткен жетістіктерімен, таным-түсінігімен байланыстырады. Әр түрлі әдістер қолдану негізінде студенттердің сабаққа деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Бұқар жырау поэзиясындағы түрлі элементтерді деңгейлік оқыту технологиясымен игерту барысында төмендегідей жаттығу-тапсырмалары берілді:
1-тапсырма. Бұқар жырау поэзиясы мен ежелгі дәуір әдебиеті арасында қандай ұқсастық бар ма?
Мақсаты: оқушылардың шығарма мазмұнын жүйелі меңгеріп, оны талдай алу қабілетін дамыту.
Ұтымдылығы: шығарманың желісін жетік білуі, шығарманың өн бойынан негізгі түсінікті тани білуі, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге баулу.
2-тапсырма. Жырау неліктен ежелгі дәуір көріністеріне ерекше мән берген? Бұл ұғымдар қай өлеңінде кездеседі?
Мақсаты: оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқудан соның ішіндегі тәрбиелік мәні бар сөздерді талдау деңгейіне жеткізу.
Ұтымдылығы: әр оқушының ойлау, байқампаздық қабілеттері жетіледі. Ашық пікірін білдіруге талпынады. Мәтін мазмұнындағы басты ойды түсінуге тырысады. Өзін-өзі бағалай білуде өзіндік пікір қалыптастырады.
Соңғы кезде оқыту үдерісінде жиі қолданылатын технологиялардың бірі – ұжымдық технология. Ол мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір мезетте әрі оқушы, әрі оқытушы ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Мұндай оқыту түрі ұжымда тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелестік тудыруды көздейді [20, 73 б.].
Бұқар жырау поэзиясын оқыту барысында ұжымдық оқыту технологиясы жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу мен қалыптастыруға бағытталған. Ұжымдық оқытудың мақсаты: көркем әдебиет арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, көркем шығарманы оқуға құштарлығын қалыптастыру, ауызша, жазбаша тіл мәдениетін дамыту, кез-келген теориялық мәселені өзінше бағалап, пайымдай білуге дағдыландыру, өз ойын, көзқарасын жеткізе білуге төселдіру, өзекті мәселелерді талдай білуге үйрету, шығармашылық ізденіске жол ашу. Ұжымдық оқытуда оқушы мынадай рөл атқарады:

4 – сурет. Ұжымдық оқыту технологиясы барысында оқушының атқаратын қызметі

Ұжымдық оқыту білімді жеке түлғаға қарай бағыттай беру технологиясына жатады. Оны кейде «ұйымдастырылған диалог», «ұжымдық оқыту» деп те атайды. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың жеке қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастық болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралау, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.





5 – сурет. Ұжымдық оқыту технологиясының моделі:

Ұжымдық оқытудың негізін 30-жылдары А.Г. Ривин салған. Бұл технологияны ғылыми негіздеп, ары карай дамытқан В.К. Дьяченко аталған технологияны «работа учащихся в парах сменного состава», – деп көрсетеді [21, 14 б.]. Сондай-ақ ғалым: «Коллективная форма учебных занятий имеет особенности как парной, так и групповой формы, и в то же время – это качественно принципиально новая форма. Коллективные учебные занятия – это работа учащихся в парах сменного состава. При коллективных занятиях работа происходит в парах, но эти пары не замкнутые, а открытые: каждый по очереди работает то в роли обучающего, то в роли обучаемого. При систематической коллективной работе все ученики по очереди работают со всеми: все обучают и воспитывают каждого, а каждый всех», – деп анықтама береді [22, 15 б.]. Ал «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қысқаша-анықтағыш сөздігінің» авторлары: «Ұжымдық әдістің ең негізгі ерекшелігі – сыныптағы оқушылардың жұп түрінде жұмыс жасап және ол жұптардың үнемі өзгеруіне байланысты», - деп анықтама береді [23, 229 б.]. Қалай десек те, бұл оқыту технологиясы ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде де дәлелдеуде. Өйткені, сабақ барысында жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар мен тапсырмалар, әртүрлі кешенді жұмыс түрлері арқылы оқушылардың логикалық ойлауы жетіледі, өзіндік көзқарасы қалыптасады; белгілі ортада өзін еркін ұстайды, дербес жұмыс істеуге, өз бетімен корытынды жасауға дағдыланады; тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады; өзін-өзі бағалай алады. Соның әсерінен сапалы білім алып, білік пен дағды қалыптасады.


Ұжымдық оқытуға негізделген жұптық жұмыстың бір түрі – ерекше жұптар жұмысы. Оның ерекшелігі – сыныптағы оқушылардың әрқайсысы берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, жеке-жеке өз жұмыстарын ортаға салады. Біреуі айтып жатқанда, қалғандары тыңдайды, жазба жұмыс болса, жазғандарын оқиды. Бір-біріне сұрақ қояды, сұрақка жауап бере алмаса, топтағы басқа балалар жауап береді. Жұптық жұмыстың бұл түрінде дербестік сақталады. Ең жақсы деген жұмысты топ спикері басқа топқа ұсынады. Ол оқушы енді өз жұмысын басқа топтың ортасына салады. Қорытынды кезенде оқытушы көмегімен 2-3 жұмысты бүкіл ұжым тыңдайды, пікірлеседі, ойларын ортаға салады. Мұндай жұмыстарды эссе әдістемесі арқылы жүзеге асыруға болады. Мәселен, «Дербес пікір жазу» тәсілі [24, 86 б.].
Сабақ барысында оқытушы ұжымдық оқыту тәсілдерін әртүрлі пайдаланады. Мысалы, оқытушы жұптық, топтық жұмыстарды орындату үшін Бұқар жырау поэзиясын талдауда оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін береді. Бұл мәселені талдау үшін оқытушы мынандай іс-әрекетке көшеді:
І кезең. Дайындық кезеңі. Оқушыларды сыныптағы санына қарай топқа бөледі. Оқытушы тапсырмамен таныстырады, мәтін жазылған үлестірме қағаздар таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
II кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар алдымен тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің пікірін тыңдайды; Бұқар жырау поэзиясындағы Абылай хан бейнесі жайлы өз ойларын ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бір-бірін бағалайды, түзету жұмыстарын жүргізеді, бірбіріне түсіндіреді. Аталған кезеңде мәтінді талдау үшін «ПОПС» формуласын қолдануға болады. Ол мынадай құрылымнан тұрады:
1.Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша, ... ».
2. Екінші сөйлем «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз … ».
3.Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … ».
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдік ....».

  1. кезең. Мәселе бойынша жасаған қорытындылары мен түйіндерін спикер хабарламасы арқылы оқытушы тыңдайды, жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды.

  2. кезең. Оқытушы ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым болып барлық тараптарды тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, келісу-келіспеушілік болады).

  3. кезең. Бақылау жұмысы. Бұл жұмыс оқушылардың алған білімін, ұғымын тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың түрі өте көп. Оқытушы өзіне тиімдісін таңдап алады. Бұл кезеңде оқытушы қорытындылауда «Төрт сөйлем» тәсілін қолдануына болады. Бұл тәсіл – мәтіндегі ақпараттарды талдауда, ой қорытындылауда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдердің бірі. Оның формасы төрт бөліктен тұрады:

Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Болмаса тақырыпқа қатысты тест тапсырмаларын беруге болады.
Жұмыс аяқталған соң оқытушы бақылау жұмысының қорытындысын хабарлайды. Коррекциялық жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді түзету үшін жаңа мақсаттар белгілейді. Тапсырманың нәтижелі мақсатқа жету-жетпеуі оқытушының тікелей ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты.
Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс. Негізінен дәстүрлі оқытуда топтық жұмыстар тұрақты болып келеді, яғни берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар жиі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа оқушылар өз еркімен де, оқытушы нұсқауымен де кіре алады. Мұндай жұмыстарды орындау барысында «Броундық қозғалыс», «Галереяға саяхат» тәсілдерін пайдалану өте тиімді.
Мәселен, оқушыларға жаңа тақырып туралы ақпарат берместен бұрын «Броундық қозғалыс» әдісін пайдаланып, «Жыраулар поэзиясындағы көне түркілік сарын» деген тақырып береді. Оқушылар ең алдымен берілген тақырыпқа қатысты топты аралап ақпарат жинайды. Топтағы оқушылармен ой бөліседі, өз пікірін айтады, кейін өз тобына келіп, тақырыпқа қатысты мәтін құрастырады. Мұнан шығатын қорытынды: берілген шектеулі уақытта оқушылар бір-бірімен пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді. Ең бастысы, топтық жұмыста оқытушы тарапынан нақты нұсқау берілуі қажет.



6 – сурет. Топтық оқытудың моделі

Әдіскер ғалымдар бұл технологияға мынадай анықтама береді: «Ұжымдық оқыту әдісінде барлық оқушы белсенді түрде жұмысқа тартылады, олар жұп құрап, кезекпен алмасуы арқылы бірін-бірі үйретіп, бірі үйреніп әрқайсысымен тілдік қатынасқа түседі [24, 229 б.]. Яғни, ұжымдық оқытуда сыныптағы студенттердің ортақ мақсаттары болады, алынған білімді бір-біріне сол сәтте жеткізеді, өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық қалыптасады, тақырыптар мен тапсырмалар әртүрлі болады. Сол себепті ұжымдық оқыту технологиясы оқушылардың өз ойын еркін айта білуіне, басқалармен теңдей тілдік қарым-қатынас жасай білуге негізделген. Түйіндей келе, оқытудың ұжымдық түрі оқытушының бақылаушы және бағыттаушы қызметімен айқындалатын, білім алушыға көп міндет жүктелетін технология.


Қазіргі кездегі кеңінен тараған технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталған технологияны пайдалану арқылы оқушыны тыңдай білуге, бір-бірінің пікірін бағалауға, өз ойларын анық жеткізуге дағдыландырамыз, оларды өз бетімен жұмыс істеуге бағыттаймыз. 1978 жылы Канадада Виндзор қаласында сын тұрғысынан ойлауға арналған Бірінші Халықаралық симпозиум өткізілді. Симпозиум сын тұрғысынан ойлау мен формальды емес логиканың өзара байланысын анықтауға бағытталды. Формальді емес логиканы сипаттайтын пікірталаста айтылатын идеялардың шындығына назар аудару; аргументті диалектикалық үдеріс ретінде зерттеуге құлшыныс; формальді логиканың аргументтерді бағалау және қалыптастыру дағдыларының көзі ретінде жеткіліксіз болатындығы; мәселені шешуді кеңейтуге деген қызығушылықтың артуы тәрізді белгілер төңірегінде сөз қозғалды.
«Сын тұрғысынан ойлау» американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба болып саналады. Жобаны жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету болып табылады.
Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90-шы жылдардан бастап белгілі бола бастағаны мәлім. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы – RWCT ағылшынша Readinq and Writinq for Critical Thinkinq, яғни орысша аударғанда «Развитие критического мышления через чтение и письмо» деп аталады. Бұл жоба біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келіп, біртіндеп қолданыла бастады. Саданова Ж.К., Саданова С.К. сын тұрғысынан оқыту жобасының мынадай кезеңдерін атап көрсетеді:
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үдерісі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оның не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа атаулармен аталған әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – «INSERT» стратегиясы. Ол бойынша білім алушыға «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оны сабақтың бастапқы кезеңінде де, қорытындылауда да пайдалануға болады.
Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдерісінде білім алушының өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беруі назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде білім алушы өзінің сабақ барысында не үйренгенін, түсінгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Бұл кезеңде «Бес жолды өлең» (синкуин), «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр білім алушы өз шығармашылығын көрсете алады [23, 70 б.].
Репродуктивті білім деңгейі – бұл айғақтар, құбылыстар, оқиғалар және ережелер туралы білімнен тұрады да, ойлау үрдісі репродуктивті сипатта болады.
Конструктивті білім деңгейі – бірінші деңгейдегі білімдерді қайтадан ой елегінен өткізу арқылы алынған білімдер. Әдіскерлер бұл деңгейге оқытудың эвристикалық әдістерімен қол жеткізуге деп санайды.
Шығармашылық білім деңгейі – білім алушылардың өз бетімен іздену ісәрекетінде пайда болатын білімдер, біліктіліктер мен дағдылар. Шығармашылық деңгейдегі білімдерге білім алушының бойындағы шығармашылық қабілеттерін оятатын эвристикалық және зерттеу әдістері арқылы қол жеткізуге болады. Бұл деңгейде олар жұмыстың тақырыбы мен міндеттерін айқындайды, болжамын және іздену жоспарын дайындайды, іздену және зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыны болжам жасатуға, алдыға қойған мақсатқа сын тұрғысынан қарауға үйретеді.
Ғалым-әдіскерлер сын тұрғысынан ойлау технологиясының төмендегідей тиімді жақтарын атап көрсетеді:

  1. Білім алушылардың өз бетімен жан-жақты білім алуы;

  2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану;

  3. Білім алушылардың өзара пікір алмасуы;

  4. Мұғалім мен білім алушылар арасында ізгілік қарым-қатынастардың орнауы [24, 44 б.].

Оқушының үлгерімі, оқу сапасының жоғары болуы оқытушының шеберлігіне байланысты. Оқытушы өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп қана түсінбей, оқу үдерісін сауатты, шебер ұйымдастыра білуі шарт.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушыны саналы түрде ізденуге, өзінің көзқарасын қалыптастыруға, басқалардың да пікірімен санасуға, өзіндік қате тұжырымынан бас тартуға көмектеседі. Аталған технология ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызды рөл атқарады.
Әдіскер-ғалымдар аталған технологияның төмендегідей сұраққа жауап іздеуге ықпал ететінін айтады:

  • Мен не білемін?

  • Мен жаңаша нені білдім?

  • Менің білімім қалай өзгерді?

  • Мен осы біліммен не істей аламын?

Жалпы сыни тұрғыдан оқыту ойлау технологиясы жан-жақты қолданылып жүр. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Сонымен сыни тұрғыдан оқыту технологиясы оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастырады. Олар өз ойлары мен пікірлерін білдіруге дағдыланады. Яғни ол үшін басқа біреу ойлай алмайды, сондықтан ол өз пікірін айтуға үйренеді. Оқушы үшін ақпарат ойлаудың ең бастапқы межесі болып табылады. Оқушы үшін фактілер мен идеялар, мәліметтер мен тұжырымдамалар және т.б. терең ойлауға қажет материалдар болып саналатындықтан, ол оны өңдеуден өткізеді. Яғни ол ақпаратты сұрыптауға дағдыланады.
Біз зерттеу жұмысымызды жүргізу барысында арнайы бір сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясына арнадық. Ол үшін «Бұқар жырау поэзиясындағы Абылай хан бейнесі» деген тақырыпты алдық (Қосымша №1).
Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға жанама мүмкіншіліктер туғызды.
Дәстүрден тыс сабақ түрінің қай-қайсысы болса да оқушының ой-өрісін, дүниетанымын, шығармашылық, ізденушілік қабілетін дамытуға өзіндік көзқарасын тұжырымдауға негізделгендігін көреміз. Дәстүрден тыс сабақ түрлері оның ойын ұштап, өзі талдап дәлелдеу арқылы өз пікірін ашып айтуға дағдыланады. Осы арқылы өз еңбегінің жемісін басқалармен бөлісіп, алған білімін жетілдіре, дамыта түседі.
Бұқар жырау поэзиясын оқытуда инновациялық технологиялармен оқытуда іріктеліп алынған білім беру технологиялары шартты түрде сараланды. «Бір зерттеудің аясында осынша технологияны қолдану мүмкін бе?» деген сұрақтың туындауы заңды. Біз бұл жерде пәнді меңгертудің тиімділігін сабақтарда үнемі бір технологияны қолдану арқылы емес, түрлі технологиялардың элементтерін ұтымды қолдана отырып анықтауға болатынын дәйектегіміз келді. Әрине, қолданылған технологиялардың әрқайсысы бір-бір зерттеу нысаны болатыны жасырын емес. Бірақ тәжірибе барысында әр сабақта бір технологияның элементін пайдалану арқылы студенттің қызығушылығын тудырып, пәнді терең игертуге болатыны байқалды. Кейде оқушылардың өзі көңілдеріне қонған технологияны қайта пайдалануды ұсынған кездері болды. Сондықтан технологияларды мақсатына байланысты іріктеп алдық.
XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Дүние жүзіндегі инновациялық үдерістердің барлығы кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез-келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Инновациялық үдеріс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым-қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни, оқытушы осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық талаппен қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады [25, 61 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет