БұҚар жырау поэзиясының ТӘрбиелік мәНІ



бет7/8
Дата09.03.2022
өлшемі407.81 Kb.
#456078
1   2   3   4   5   6   7   8
БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУ

Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
7 – сурет. Эксперименттік топ нәтижелерінің көрсеткіші

Эксперимент кезінде жүргізілген жұмыстар Бұқар жырау поэзиясын оқыту арқылы жастардың бойында патриоттық, отаншылдық сезімдерді қалыптастыруға болатындығын көрсетті.


Қорыта келгенде, эксперимент нәтижелері Бұқар жырау поэзиясын оқытудың негізгі ұстанымдары оның ұтымдылығын, ұсынылған әдістемелік жүйенің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретінін танытты. Рухани-танымдық қиындықтарды шешуге, білім алушылардың кәсіби дайындықтарының жоғары болуына, кәсіби дағдыларды жетілдіруге жол ашты. Болашақ маманның кәсіби-педагогикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін, материалды түсіну және игеру деңгейін көтеруге ықпал етті. Педагогикалық әдіс-тәсілдердің жүйелі және ұтымды таңдалуы олардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастырды. Оқушылардың ойлау, байқау, жинақтау, өткенді еске түсіру қабілеттерін дамытып, теориялық мәселелерді іс жүзінде жете білуге, түсінуге көмегін тигізді. Оқушылардың сөз мәдениетіне төселуіне ықпал етіп, олардың тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етті.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы» елімізде мектепте білім беру тұжырымдамасы мен білім стандарттарын педагог-мамандарды оқыту мен даярлау сапасын жақсартуға бағытталған білім беру ісін одан әрі модернизациялауды мақсат етеді.


Қазіргі білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық танымдық, тәрбиелік басқа да сантүрлі ерекшеліктері бар. Қазақ әдебиеті пәні ұлттық әдебиетті дамытуға да септігін тигізеді. Ұлттық әдебиетті өркендету және дамыту – әрбір елдің келешегі.
Оқыту үдерісі – педагогиканың тиімді амалы. Мұнда әрі оқыту, әрі оқу, әрі тәрбиелеу үрдістері бірізділікпен қатар жүреді. Сол себепті соңғы кездері ғалымдардың назары қазақ әдебиетін, соның ішіндң Бұқар жырау поэзиясын оқытудың жаңа ғылыми-әдістемелік жүйесіне, оны оқыту теориясына ерекше аударылып отыр. Сондықтан елімізде білім беру саласында жүріп жатқан реформаға сай ұлттық сананы жетілдіретін, білім алушыларға озық білім жетістіктерін беретін, ұлттық салт-дәстүрде тәрбиелейтін жаңа педагогикалық технологиялар пайда болуда. Бұларды жүзеге асыру үшін елімізде қабылданып, бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылған «Білім туралы» заңы, «Білім беру тұжырымдамаларына» сәйкес білім жүйесін реформалау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай жаңа буын оқулықтары шығарылып, оларды интербелсенді технологиялармен оқытудың түрлі әдіс-амалдары қарастырылуда.
Соңғы жылдары әдебиетті оқыту мәселесі жаңа бір белеске көтерілді. Атап айтқанда, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері жазылуда. Осыған орай, педагогтардың, әдіскерлердің, психологтардың, ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметкерлері жұмысының басты бағыттары қазақ әдебиетін оқытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланумен тығыз байланысты қолға алынуда.
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу үдерісін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір оқытушыға өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы.
Бұқар жырау поэзиясын оқытуды зерттеу барысында алынған нәтижелерге сүйене отырып, мынадай тұжырымдар жасалды:

  1. Қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты бағыт - жан-жақты дамыған рухани қазынасы бай, әлеуметтік бейімделген жеке тұлға қалыптастыру. Оқытушы оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестірумен ғана шектелмей, сол білімді оқушының бойына дарытуда оның педагогикалық және психологиялық жағдайларына да көңіл бөлу қажеттілігі қарастырылған. Аталған мәселені меңгертуде, әсіресе, оқушылардың психикалық көңіл-күйі дұрыс болуы аса маңызды рөл атқаратындығы сөз етілді. Олардың ойлау қабілеті, сезіну, қабылдау мүмкіндіктерін, зейіндерін қалыптастыруда да қазақ жырауларының шығармалары игі ықпалын тигізетіндігі анықталды.

  2. Жоғары мектепте Бұқар жырау поэзиясын жоғарғы деңгейде оқыту тиімділігін арттырудың және оны меңгерту мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі көрсетілді. Озық технологияның кейбір үлгілері арқылы оқыту жолдары сабақ үрдісінде дәйектелді. Деңгейлік тапсырмалар, ұжымдық, сын тұрғысынан ойлау технологиялары бойынша жүргізілген сабақ барысында оқушылардың әдебиетке, әсіресе, Бұқар жырау поэзиясын жан-жақты меңгертуге бағытталған жаттығу-тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, бақылау және эксперимент тобында жүргізілген тәжірибе нәтижесі қоса көрсетілді.

  3. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық қарым-қабілеттерін зерттеуде бақылау-эксперимент жұмыстары жүргізіліп, қорытындылары сарапталынды.

  4. Дәстүрлі білім мен білім берудегі жаңа технологияларды бір-бірімен сабақтастыра, кіріктіре отырып меңгерту – түпкі нәтижеге білім сапасын жоғары деңгейге жеткізудің ұтымды жолы екендігін байқатты.

Түйіндей айтқанда, сабақ – шығармашылық жұмыс. Өйткені, ол оқытушыдан оқу пәнінің ғылыми негіздерін жетік білуді, студенттердің тақырыпқа дайындық деңгейін, шама-шарқын, сабақ үдерісіндегі мүмкіндіктерді бағамдап-бағдарлай алатындай педагогикалық үлкен шеберлікті, мол шығармашылық ізденіс-әрекеттерді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет