БұҚар жырау поэзиясының ТӘрбиелік мәНІ


Бұқар жырау поэзиясын оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары мен оның нәтижелері



бет6/8
Дата09.03.2022
өлшемі407.81 Kb.
#456078
1   2   3   4   5   6   7   8
БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУ

2.2 Бұқар жырау поэзиясын оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары мен оның нәтижелері

Кез келген ғылыми-әдістемелік жұмыс, ең алдымен, эксперимент жұмыстарына негізделеді. Эксперимент – бұл зерттеу жұмысының нәтижесін көрсететін, түйінді шешім айтуға бағытталған жұмыс. Білім беру жүйесінде эксперимент термині «ізденіс», «тәжірибе» секілді ұғымдармен сабақтаса түсіндіріледі.


Әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде эксперименттің ізденімдік, қалыптастырушы, қорытынды, диагностикалық, анықтау, бақылау, оқыту, болжау т.б. секілді түрлерінің қолданғандарын байқадық. Сол себепті жоғары мектепте Бұқар жырау поэзиясын оқытудың әдіснамалық негіздерін анықтау мақсатында эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Эксперименттің басты мақсаты, оның әр кезеңдегі міндеттері, соған байланысты туындаған мәселелер зерделенді. Эксперимент базасы ретінде «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесІ таңдалып алынды.
Эксперимент кезінде оқыту үрдісінде қолданып жүрген әдістемелік жұмыстардың аталған мәселені меңгерудегі жолдарын анықтауға жаңа технология арқылы оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, бақылау жасауға оқушылардың өздік, шығармашылық, іздену жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Эксперимент жұмысының негізгі мақсаты – Бұқар жырау поэзиясын оқытудың сапасын арттыру нәтижесінде жеке тұлғаның дамуына сәйкестендіре отырып оқушылардың әдеби материалдарды толық оқып игеруін жүзеге асыру, олардың әдеби білім деңгейінің дамуын қалыптастыру.
Эксперимент жұмыстарын жүргізу үш кезеңге топтастырылды:
1-кезең – анықтаушы эксперимент.
2-кезең – қалыптастырушы эксперимент.
3-кезең – бақылаушы эксперимент.

3 – кесте. Эксперимент жұмыстарын жүргізудегі бастапқы деректер



Мектеп атауы

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі

25

25

Эксперименттің анықтау кезеңінде 8-сынып оқушыларына Бұқар жырау поэзиясын оқытудың теориялық моделі жасалып, сыныпта аталған тақырыпты жаңа технологиялармен оқытудың өзектілігі анықталды.
Эксперимент жұмысының алғашқы кезеңінде оқушылардың бұл тақырыпты қаншалықты деңгейде білетіндігін анықтап, жинақтау мақсатында арнайы сауалнамалық сұрақтар, тест тапсырмалары, әңгімелесу, жазба жұмыс түрлері, ауызша пікірлесу жүргізілді. Осы негізде оқушылардың білім деңгейін, қазақ поэзиясына деген көзқарасын танып-білу мақсатындағы бақылау жұмыстарының қорытындысын саралай келе:

  • экспериментке дейінгі оқушылардың 73 %-ы аталған мәселе туралы аз білетіндігін;

  • оқушылардың 21 %-ы оқулық көлеміндегі берілген материалды меңгерумен ғана шектелетінін;

  • оқушылардың 6 %-ы аталған мәселеге мүлдем көңіл аудармайтындығы байқалды.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерге қатысты эксперименттік және бақылау сыныптары белгіленіп, бұл тақырыпты жан-жақты меңгерту үшін жоспарлы әдеби тапсырмалар жүйесі құрастырылды. Эксперимент жүргізу барысында тәжірибе жүргізілетін сыныптардағы оқушылар саны мен бақылау тобындағы оқушылар саны теңестірілді және орындалатын оқу материалдың мазмұны, ондағы сұрақ-тапсырмалардың көлемі де бірдей деңгейде қарастырылды.
Тәжірибе барысында аталған мәселе бойынша эксперимент тобына шығарманы оқушылардың өздігінен оқып қабылдауы үшін төмендегідей проблемалық сұрау-тапсырмалар, іздену жұмыстары, әдеби жаттығулар берілді. Тақырыпты меңгеру барысында осы мәселелерге ерекше назар аудару тапсырылды.

  1. Қазіргі қазақ поэзиясындағы Бұқар жырау шығармалары неге негізделіп жазылған?

  2. Бұқар жырау шығармаларында қандай кейіпкерлер бейнеленген?

  3. Жырдағы басты оқиғаларға сипаттама беріңіз.

  4. Аталған мәселеге қатысты өзіндік ой-тұжырымың қандай?

  5. «Бұқар жырау поэзиясындағы Абылай хан бейнесі» деген тақырыпқа ой-толғау жазыңыздар.

Ал бақылау тобына шығармаларды оқу ғана жүктелді, арнайы тапсырма берілмеді. Соның нәтижесінде оқушылардың оқу барысында мәселеге деген немқұрайлықтары байқалды. Тәжірибе барысында эксперимент сыныптарға Бұқар жырау шығармашылығы бойынша көріністер көрсету ұйымдастырылса, бақылау сыныбына тек шығармалар мазмұнын баяндаумен шектелдік.
Әдеттегідей, шығарманы талдап-талқылау барысында эксперимент сыныбындағы оқушылардың көру, тамашалау арқылы есте сақтау қабілетінің жоғары деңгейде болғандығы байқалса, ал бақылау тобының қорытындысы бойынша есте сақтау қабілетінің төмендігі көрінді. Педагогикалық тұрғыдан жоспарлы ұйымдастырылып жүргізілген эксперимент, тәжірибе жұмыстары оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, білім алуға, әдеби көркем шығармаға оқырмандық қызығушылығын арттырып, танымдық-эстетикалық көзқарасын қалыптастырып, өзін-өзі дамытуға, ден қоятындығы тәжірибе жүзінде айқын байқалды.
Эксперимент жүргізілген сыныптардың қорытындысында оқушылардың берілген тапсырмаға ынтамен, ар-ожданмен, ерекше зейін қойып, қабылдау деңгейі, оқуға деген қызығушылығы арта түсті.
Зерттеу барысында жүргізілген сынақтардың қорытындысы бақылау сыныбы мен эксперименттік сыныптардың арасындағы айырманы бірден көрсетті.
Қорытынды эксперимент кезінде 8-сынып эксперимент оқу тобы мен 8-сынып бақылау оқу тобында білім тапсырмалары жүргізілді. Тапсырмалар ауызша, жазбаша формада жүргізілді. Тақырыпқа қатысты ғылыми жұмыстарды талдау барысында сұрақтарға жауап берумен бағаланды. Эксперименттік жұмыс барысында жоғары мектептегі оқушылардың білім деңгейі айқындалатын өздік жұмыстар және семинар сағаттарында интербелсенді оқу әдістерін негізге ала отырып өткізілді. Оқушыларды бағалау өзара бағалау көрсеткіштері және оқытушы бағалауы арқылы жүзеге асырылды. Эксперимент жүргізілген оқу сыныбы бойынша қорытынды жүргізгенде, оқушылардың тапсырмаларды белсенділікпен орындауы, өзіндік ой-тұжырымын ашық айтуының негізінде тамаша нәтижелерге қол жеткізгендіктері байқалды.

4 – кесте. Оқушының таңдау курсын игерудегі сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі меңгеру деңгейі.



Эксперименттік сабақтардың пайыздық көрсеткіштері

Қазақ поэзиясындағы көне
түркілік сарынды өздігінен меңгеруінің үлгерім нәтижелері (%- есебімен)

Бұқар жырау поэзиясын сабақта оқып-үйренгеннен кейінгі үлгерім нәтижелері (% - есебімен)

Оқу тобы түрлері

8-сынып

8-сынып

Бақылау оқу сыныбы

28 %

75 %

Эксперименттік оқу сыныбы

25 %

90 %

Көріп отырғанымыздай, эксперимент қорытындысында арнайы оқу технологиялары арқылы өткізілген сабақ пен дәстүрлі түрде өткізілген сабақтардың өзіндік айырмашылығы болатыны байқалды. Арнайы инновациялық оқу технологияларымен өткізілген сабақтардың оң нәтиже беретіндігі анықталды. Бұл сабақтар оқушылардың білім деңгейінің қалыптасуы ғана емес, сонымен бірге шығармашылық қабілетінің дамуына да ықпал ететіні анықталды. Демек, «Бұқар жырау поэзиясын оқыту» оқу үдерісіне берері мол, маңызы зор екендігін байқаймыз.
Эксперимент жұмысының соңында жоғарыда аталған мектептегі Бұқар жырау поэзиясы оқытылған оқу топтарында жүргізілген эксперимент нәтижесі қорытындыланды.
Эксперимент қорытындысына көз жүгіртсек, оқушылар төмендегі білім деңгейін көрсетті.
5 – Кесте. Оқушылардың эксперименттік тәжірибедегі білім деңгейі.

Оқу тобы түрі

Оқушы саны




Оқушылардың білім деңгейі




Өте жақсы 90-100%

Жақсы 79-89%

Қанағаттанарлық 50-74%

%

Эксперимент сыныбы

25

18 оқушы

6 оқушы

1 оқушы

87 %

Бақылау сыныбы

25

10 оқушы

9 оқушы

6 оқушы

75 %

Эксперимент нәтижелері аталған мәселені оқытуда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану өте тиімді екендігін көрсетті. Мұндай интербелсенді әдістемені пайдалану оқушылардың интеллектуалды дамуына, шығармашылық қабілетінің шыңдалуына оң әсерін тигізеді. Қорытынды экспериментте нәтижелер бірізділеніп, жинақталды, қорытындыланды.
Эксперимент жұмысын қорытындылау барысында жүргізілген сауалнама сұрақтары қорытындыларына келсек, экспериментке дейінгі оқушылардың тақырып бойынша қордалаған теориялық білімдерінің одан кейін артқаны байқалды.
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жүргізілген эксперимент нәтижелері келесі маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді:

  1. оқушылардың өздігінен білім алу дағдысы мен креативті ойлау қабілетін арттыру қажеттігі анықталды;

  2. Бұқар жырау поэзиясын оқыту бойынша электронды оқу құралын жасау қажеттілігі туындады;

Зерттеу жұмысының экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі деңгейлері 7-сутертте салыстырылып көрсетілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет