Тәуекелдердi басқару жүйесiн
ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Талаптардың атауы
| Талап критерийлері |
|
Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративтік стратегияны қалыптастырды.
|
Директорлар кеңесі банк қызметінің стратегиясын бекітеді;
банктің корпоративтік стратегиясында банк қызметінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары айқындалған; Қызметтің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарының мерзімдерін банктер дербес айқындайды;
банктің қысқа және ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және банк қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.
|
|
Директорлар кеңесі талаптары корпоративтік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін банк қызметін басқару саясатын белгіледі.
|
Директорлар кеңесі банктегі мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті; директорлар кеңесі тәуекелдермен (кредит тәуекелі, процент тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі) байланысты және банктің стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне қайшы келетін немесе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын банк операцияларының мониторингін жүргізеді; директорлар кеңесі банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын банк операцияларының мониторингін жүргізеді.
|
|
Директорлар кеңесі директорлар кеңесінде құрылған комитеттер арқылы банк қызметінің мониторингін жүргізеді.
|
Банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі;
банктік заем операцияларының талаптарын белгілейтін және бекітетін кредит комитеті заемдардың сапасын қадағалайды және банктің меншікті капиталының бес процентінен асатын заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді;
активтерді және міндеттемелерді басқару жөніндегі комитет қарыз алу ережелері мен рәсімдерін, қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын жүргізуді, инвестициялау мен банктік кепілдіктер беруді белгілейді және бекітеді, сондай-ақ активтерді түрлендіру, тиімділік, өтімділік және капиталдың жеткіліктілігі бойынша бағдарды айқындайды.
|
|
Директорлар кеңесі банктің қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен алады, есепті кезеңдегі банктің қызметіне талдау және бағалау жүргізеді.
|
Директорлар кеңесі ай сайын мынадай есептерді талдайды:
жиынтық баланс және өткен жылмен салыстырғандағы банктің кірісі мен шығысы туралы есеп және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері;
инвестициялар туралы: қаржы құралдарын түрлеріне қарай топтастыра отырып және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;
оларға қарсы қалыптасқан провизиялардың көлеміне жіктелген кредиттердің қозғалысы туралы есептер;
банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар алған жаңа заемдар туралы есеп.
Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жасайды:
процент тәуекелі бойынша банк позициясына қысқаша талдау;
валюталардың айырбас бағамының ауытқу тәуекеліне банктің ұшырауына қысқаша талдау; директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде банк қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді.
|
|
Директорлар кеңесі жыл сайын банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінде мүдделердің болуы мүмкін қайшылықтарын талдайды.
|
Директорлар кеңесі банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды; директорлар кеңесі директорлар кеңесі мүшелерін, басшы қызметкерлерді, банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғаларды және банкпен ерекше қатынастармен
байланысты өзге де тұлғаларды кредиттеу жағдайын банктің басқа заемшыларына қызмет көрсетумен, оның ішінде жеңілдік жағдайлар беру фактілерін тексеру мақсатында салыстырады;
директорлар кеңесі банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімін ай сайын қол қояды;
|
|
Директорлар кеңесі жыл сайын есепті жыл ішінде басқарма қызметінталдайды.
|
Директорлар кеңесі жыл сайын банктің ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге арналған қызметтерін талдайды;
директорлар кеңесі өзінің құзыреті шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне банк қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда банк басқармасының мүшелеріне шаралар қолдана алады.
|
|
Басқарма банкті басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын қалыптастыру рәсімдерін белгілейді;
ұйымдық құрылымы (ұйымдық құрылымының схемасы) банктің әрбір қызметшісін қосуы міндетті емес, бірақ оған банктің барлық басшы қызметкерлері кіреді.
|
Банктің ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде:
банк бөлімшесінің немесе банк жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуекелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін тәуекелдерді басқару жөніндегі тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;
олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін банк басқармасы органдарының құрылымын;
банктің әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін;
есепті жыл ішінде банктің басшы қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметін бағалау тәртібін, оның ішінде банк қызметінің мақсатты көрсеткіштерін банк орындамағаны үшін шара қолдануды және жауапкершілікке тартылуды реттейді.
|
|
Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының, шет елдердің, банктің клиенті болып табылатын резиденттердің болашақтағы экономикалық жағдайларын және әлемдік қаржы және тауар рыноктарының конъюктурасын ескере отырып, қысқа мерзімді кезеңге жылдық бюджетті/қаржы жоспарын жасау және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлау тәртібін бекітеді
|
Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелестікті, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін және банк капиталын қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді көздеріне қол жеткізуді ескере отырып жүргізеді.
|
|
Басқарма банк жүргізетін операцияларға байланысты әлуетті және ықтимал тәуекелдерді сәйкестеңдіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады.
|
Тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын банк бөлімшесі әлемдік тауар және қаржы рыноктарына теріс динамика жағдайында меншікті капиталдың, кірістіліктің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау әдісін пайдаланады; Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың банктің қаржы көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін бағалайды;
директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма банк операцияларының түрлері бойынша жеке алғанда тәуекелдердің рұқсат мөлшеріне лимитті айқындайды.
|
|
Басқарма банктің ықтимал және әлуетті тәуекелдеріне бақылауды жүзеге асырады.
|
Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды; басқарма банк бөлімшелерінің әлуетті және ықтимал тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.
|
|
Банк банк тәуекелдерін түрлендіру (бөлу) саясатын ұстайды.
|
Басқарма олар жүргізген операциялардың түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, банк операцияларының құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны банктің жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды;
банкте түрлендіру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы бар.
|
|
Банктің ұйымдық және
функционалдық құрылымы, банктің қаржы қызметі жөніндегі шешімдерін қабылдау рәсімдері банктің ішкі саясатымен реттелген.
|
Тәуекелдерді басқару саясаты:
банктік басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде банк операцияларын жасау мен оларға байланысты тәуекелді бақылаудың дұрыстығына қосарланған бақылауды қамтамасыз етуді қарастыратын ережелер;
ішкі бақылау қызметі басшы қызметкерлердің банк қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функцияларын шоғырландыруын анықтауға тексеру жүргізеді;
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясат директорлар кеңесі, басқарма мүшелерінің және банктің жауапты қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару бойынша өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды.
|
|
Банкте басқарма мен директорлар кеңесіне банктің ағымдағы қаржы қызметі және банк қабылдаған тәуекелдердің мөлшері туралы ақпаратты кезең кезеңмен алуға мүмкіндік беретін басқару есебі мен есеп беру жүйесі бар.
|
Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматтары және олар қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің/трансферт тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге ұшырау дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады; Банктің директорлар кеңесіне және басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді басқару жөніндегі өзінің функционалдық міндеттерін тиісті түрде орындауы үшін жеткілікті болуы керек.
|
|
Функциялары тәуекелдерді басқару бойынша ресімдерді қарастыратын қызметкерлерге білікті талаптар тәуекелдерді басқару жөніндегі банктің ішкі саясатымен белгіленеді.
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін стажының, тиісті біліктілігі пен жұмыс тәжірибесінің болуын қарастыратын басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше және ішкі бақылау қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олар жүргізетін операцияларға сәйкес келеді.
|
|
Басқарма және банк операцияларын жүзеге асыруға жауапты банк бөлімшелерінің басшылары банктің директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде оларды сақтау мақсатында банк кірістерінің (шығыстарының) ай сайынғы мониторингін жүргізеді.
|
Ішкі саясатпен банктің кірісін (шығысын), оның ішінде банктік қызмет көрсетулердің түрлері, банктің аумақтық және функционалдық бөлімшелері бойынша ай сайын, сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан сайын бақылап отыратын банк бөлімшесін белгіленді.
Ішкі саясатпен директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі банк бөлімшесінің өкілеттігі қарастырылған.
Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, банктің күтіліп отырған кірістеріне бағалау (есептеу) жүргізеді.
|
|
Басқарма директорлар кеңесі белгілеген рұқсат етілген лимиттерді, оның ішінде тәуекел мен кірістілікке, тәуекел мен банктік меншікті капиталына қатысты лимиттерді сақтай отырып, банк операцияларын жүзеге асыруға жауапты банк бөлімшесі бойынша қаржы ресурстарын бөлудің мониторингін жүргізеді.
|
Басқарма жаңа банктік қызметті жоспарлы түрде көрсетуге байланысты меншікті капитал мен әлуетті тәуекелдердің динамикасына талдау жасайды.
Басқарма директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдердің жиынтық лимиттері шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын банк бөлімшелерінің әрқайсысы үшін тәуекел лимитін айқындайды.
|
|
Банктің ішкі саясатымен банк көрсететін қызметтің құнын оларды көрсетуге байланысты шығыстарға, кірістер/шығыстар жоспарларына, экономикалық жағдайлардың конъюктураларына,
қаржы рыногына және тәуекелдерге байланысты белгілеу қарастырылады;
|
Басқарма тартылатын депозиттер мен берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын белгілеу жөніндегі саясатты бекітті.
Сыйақы ставкаларын белгілеу жөніндегі, оның ішінде сыйақы ставкаларын белгілеу рәсімдерін реттейтін саясат.
|
|
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің қаржы көрсеткіштерінің және банктің еншілес ұйымдарының қызметін ескере отырып, шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдердің мониторингін жүргізеді;
|
Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат қаржы көрсеткіштерінің шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдер мониторингінің рәсімдерін айқындайды.
Директорлар кеңесі айқындаған банк тәуекелінің жиынтық лимиттері шегінде еншілес ұйымдар үшін тәуекелдер лимиттерін растайды.
|
|
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің еншілес ұйымдарының тәуекелдер мөлшерінің тоқсан сайынғы мониторингін жүргізеді және еншілес ұйымдардың тәуекелдерді өлшеуінің дұрыстығын және шынайлығын бағалайды.
|
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі еншілес ұйымдар мен банк холдингтерінің қаржы қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің банктердің банк холдигтерімен жасалатын операцияларын тексеру жөнінде өкілеттіктері бар.
Директорлар кеңесі банк холдингтерімен жасалатын мәмілелердің шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
Басқарма банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұшырайтын тәуекелдер туралы, сондай-ақ банк холдингтері қабылдаған, банктің қызметіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы мәліметтерді талдайды.
|
|
Басқарма банктің шарт қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, заң талаптарын, банк операцияларын жүргізудің ішкі саясатын сақтауына тұрақты түрде мониторингті жүзеге асырады.
|
Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережд елері және құжаттарына сәйкес келуіне баға береді
Ішкі бақылау қызметі банк қызметінің жаңа түрлерін ендіру кезінде банк қызметін реттейтін нормативтік қүқықтық актілерді сақтауға байланысты банктік қосымша тәуекелдерінің пайда болу мүмкіндігіне бағалау жүргізеді.
|
|
Басқарма банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша саясатты банк бөлімшелерінің орындауына
мониторингті жүзеге асырады;
|
|
|
Басқарма директорлар кеңесіне және банктің акционерлеріне банктің қызметі туралы қаржы және басқару есебін ұсынады;
|
Директорлар кеңесі басқарманың директорлар кеңесі мен банк акционерлеріне банктің қаржы көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы және басқару есебін ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітті.
Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі ішкі аудиторлардың қорытындыларын талдайды.
|
|
Басқарма тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде банктің есебі және есеп беру жүйесін жақсартуды жүргізеді.
|
Есеп және есеп беру жөніндегі банк саясаты сонымен бірге банк аудиті барысында мынадай мәселелерді қарастырады:
күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
банктің есеп саясатының қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла әрекет жасау фактілерінің болуы; жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырудың дұрыстығы;
банктің есеп саясатында белгіленген талаптарға есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;
жылдық есептегі банктің және оның еншілес ұйымдарының құрылымы мен тәуекелдер мөлшерін ашудың толықтығы мен дұрыстығы.
|
|
Басқарма директорлар кеңесіне кейін тиісті есепті бере отырып, банк қызметіндегі экономикалық жағдайдың дағдарысты көрсеткіштеріне талдау жасайды.
|
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі меншікті капиталдың жеткіліктілігше, мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне әсерді болжайды: мұнайға бағаның төмендеуі; Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің үш айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;
шетел банктері ставкаларын көтерді және Қазақстан Республикасына банктер беретін заемдар бойынша мерзімдерді қысқартты;
теңгенің құнсыздануы.
|
|
Басқарма меншікті капиталдың жеткіліктілігін
және кез келген факторлардың басталуы кезіндегі өтімділікті қолдау жөніндегі шараларды
әзірледі.
|
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі: банктің баланстық және баланстан тыс есептерге, сондай-ақ экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістер және шығыстар шоттарына; банктің баланстық және баланстан тыс есептерге, сондай-ақ банк холдингі болып табылатын еншілес ұйымдар мен тұлғалардың кірістер және шығыстар шотына; банк алған синдикатталған заемдар және өзге де сыртқы заемдарды ставкаларын артыру және өтеу мерзімдерін азайтуға; заңды және жеке тұлғалардың депозиттер көлемінің ықтимал төмендеуіне; өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне; мұнай газ секторының және оның инфрақұрылымының субъектілеріне берілген заемдарды қайтармау деңгейіне; шетел валютасында берілген заемдарды қайтармау деңгейіне үнемі талдау жүргізеді.
|
|
Банкте тұтыну заемдары бойынша кредит скорингінің үлгісі болады.
|
Тұтыну заемын алуға берілетін өтінімдерді өңдеуді тіркеу процесін автоматтандыру;
соңғы бес жыл ішіндегі тұтыну заемдары бойынша деректердің тарихи базасының болуы;
тұтыну заемдарын берудің талаптарын, бекітудің рәсімдерін және мониторингін айқындайтын ішкі саясаттың болуы;
заемшылардың скорингтік бағалауының және рейтингтік жүйенің ішкі автоматтандырылған математикалық немесе статистикалық үлгісінің болуы;
скорингтің қолданылатын үлгілерінің сапасын жыл сайын тексеру.
|
|
Банктің директорлар кеңесі бекіткен тұтыну заемдарын берудің талаптарын, бекітудің рәсімдерін және мониторингін айқындайтын ішкі саясат болады.
|
Саясат:
сапалық және сандық сипатқа негізделген кредит скорингінің көмегімен заемшының кредит қабілеттілігінің болу, оның ішінде:
заемшының тұрақты және жеткілікті кірісінің болу;
жұмыс орны мен қызметі;
ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығы;
кепіл ретінде қабылданған жылжымайтын мүлігінің болу;
несие берешегінің болу, оның ішінде басқа банктердің алдында;
банк заемдары бойынша төлем тәртібі;
кредит тарихының болу;
заемшының ішкі кредит рейтингін белгілеу;
заемшы берген деректердің шынайылығын айқындау;
тұтыну заемдарының мониторингі мен оларды жіктеу;
тұтыну заемдары бойынша провизияларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.
|
|
Басқарма банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды, оның ішінде мыналар бойынша шараларды қамтыған ішкі құжатты әзірлейді:
банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігін уақтылы қамтамасыз ету бөлігінде депозиторлар мен кредиторлар алдындағы өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қолдау;
банктің күнделікті жұмыс істеу режимінің ықтимал бұзылуын алдын алу және болдырмау;
банктің күнделікті жұмыс істеу режимі бұзылуының салдарын (оның ішінде қаржы шығындарын, іскерлік беделін жоғалтуды) төмендету;
барабар шешімдерді қабылдау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге, оларды уақтылы және толық іске асыруға мүмкіндік беретін банктің басқару деңгейін сақтау.
|
Кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды әзірлеген кезде банк мынадай факторларды ескереді:
ықтимал кездейсоқ жағдайлардың түрлері мен сипатын, олармен байланысты банктің күнделікті жұмыс істеу режиміне және оның өзіне қабылдаған міндеттерін орындау қабілетіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін тәуекелдерін, сондай-ақ қаржылық шығындар мөлшерінің сандық бағалауын;
кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын іске асыру үшін ресурстар қажеттілігін, яғни банкте дағдарыстық басқару (дағдарыс туындау жағдайларының басталу сәтіне дейінгі) рәсімдерін әзірлеу және енгізу процесі болып табылатын іс-шараларды жоспарлауды;
төтенше жағдайдағы банк активтерінің жеткіліктілігін;
банктің есептеуі бойынша осы көздерден алуға болатын қаражаттың мөлшерін, сондай-ақ көздерден қаражатты мобилизациялау үшін қажетті уақыттың болуын;
тәуекелдерді болжау, олардың ықтимал мөлшері мен салдарын анықтау рәсімдерінің болуымен, олармен байланысты шығындарды болдырмау немесе барынша төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асырумен бағаланатын банктегі тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігі;
банктің ішкі процесстерінің қалпына келтіру көрсеткіштерін, оның ішінде: қалпына келтіру мерзімі, қаржы шығындарының шекті мөлшері, активтер шығындарының шекті мөлшері сияқтыларды.
Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналған жоспар кездейсоқ жағдайлардың банктің қаржылық тұрақтылығына және жалпы оның қызметіне ықпалын төмендетуге бағытталған алдын алу және шұғыл іс-шараларын, сондай-ақ жауапкершілік матрицасын қамтиды.
Алдын алу іс-шаралары стресстік жағдайларда көрініс алатын жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін кездейсоқ жағдайлар туындау жағдайына арналаған жоспарға енгізіледі және олар мыналарға бағытталған:
банктің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі саясаттарын және рәсімдерін белгілеуге;
кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды іске асыру және банкті төтенше режимге ауыстыру туралы шешім қабылдау тәртібін анықтау;
банк ұшырауы ықтимал тәуекелдерді анықтау және мониторинг жүргізу стратегиясын айқындау;
банктің тәуекелдерге (тәуекел түрлері бойынша) ұшырағыштығы өскен жағдайда уақтылы және тиімді шараларды анықтау;
елеулі шығындарға және өтімділік жеткіліксіздігіне, оның ішінде баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша әкелуі мүмкін ықтимал оқиғаларды және экономикалық жағдайларының келешектегі өзгерістерін ескеретін ықтимал стресс сценарийлерді анықтау;
хеджирлеу құралдарын немесе банк ұшырағыш бар тәуекелдердің төмендеуіне бағытталған өзге әдістемелерді анықтау;
банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге іс-шаралар.
Әрбір тәуекел түрі бойынша банктің алдын алу шаралары мынадай фактілерді анықтауды қамтиды:
1) кредиттік тәуекел:
жүйелі үш айдың ішінде кредиттік портфель сапасының біртіндеп нашарлауы, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) пайыздық сыйақы бойынша өтеу мерзімі 90 (тоқсан) күннен астамына өткен берілген заемдар көлемінің жүйелі үш ай ішінде айына үш және одан көп пайызға өсу үрдісінің болуы;
жүйелі үш ай ішінде жұмыс істемейтін кредиттер үлесінің айына үш және одан көп пайызға өсу үрдісінің болуы;
провизиялар көлемінің 5 (бесінші) санаттағы күмәнді және сенімсіз кредиттер ретінде жіктелген кредиттер сомасына арақатынасының және бірыңғай кредиттер бойынша провизиялардің 0,05 пайыздық тармаққа жүйелі төмендеуі;
құрылысқа және жылжымайтын мүлікті сатып алуға берілген заемдар көлемінің несиелік портфеліне арақатынасының жүйелі үш ай ішінде айына үш және одан көп пайызға өсуі;
портфелде тәуекелдің шоғырлануының (экономика секторлары бойынша, бір географиялық аймағы бойынша, заемшылар тобы бойынша және бір заемшы (қарсы агент) бойынша) өсу үрдісінің болуы;
кредит бойынша кепілдіктің немесе кепілдеменің кредиттің (кепілдеменің) құнының отыз пайызынан астамына жеткіліксіздігі және олардың әртүрлі стресс- сценарийлері басталған кездегі сатылуы;
және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
2) нарықтық тәуекел:
бағалы қағаздардың инвестициялық портфелі сапасының біртіндеп, олардың эмитенттерінің жағдайына және қаржы құралдары нарықтық бағаларының жалпы құбылуына байланысты факторлардың ықпалымен жүйелі үш ай ішінде айына екі пайыздан астамына нашарлау үрдісінің болуы;
активтер мен пайыздық ставкаларға сезімтал (пайыздық гэпті талдау) міндеттемелерінің арасындағы алшақтығының өсуі;
пайыздық ставкаларының өзгеруіне сезімтал міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасының (пайыздық позиция) өсуі;
активтер мен шетел валютасындағы міндеттемелерінің мөлшерлері сәйкессіздіктерінің өсуі;
жағымсыз үрдістер немесе қаржы құралдарының тобы бойынша көтеріңкі тәуекел (мысалы, борыштық бағалы қағаздар, банкаралық кредиттер бойынша төлемдердің өтеу мерзімін өткізу көлемінің өсуі);
нарықтық тәуекел көрсеткішінің рұқсат етілетін шекті деңгейінен асуы;
және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
3) өтімділікті жоғалту тәуекелі:
жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің 0,03 немесе одан көп тармаққа төмендеуі;
жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде өтімділік коэффициенттерінің 0,03 немесе одан көп тармаққа төмендеуі;
жүйелі үш ай ішінде жүйелі түрде активтер сомасындағы өтімді активтер үлесінің бес және одан көп пайызға азаюы;
банктің міндеттемелері сомасындағы еншілес арнайы қаржы компаниялардың салымдарын қоспағандағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған мерзімді салымдары үлесінің бес және одан көп пайызға азаюы;
жүйелі үш ай ішінде жалпы берілген заемдар көлемінің еншілес арнайы қаржы компаниялардың салымдарын қоспағандағы заңды және жеке тұлғалардың тартылған депозиттеріне ара қатынасының жеті және одан көп пайызға өсуі;
банктің өтеу мерзімі бір жылға дейінгі міндеттемелері мен активтерінің арақатынасының (банктің теріс гэп позициясы) он бес және одан көп пайызы мөлшеріне асуы;
қаржыландырудың қол жетімді варианттарын елеулі (елу және одан көп пайызын) немесе толығымен жоғалту;
банктің активтерді сату немесе секьюритилендіру қабілетіне ықпалын тигізе алатын стресстік жағдайлар басталған кездегі активтер мен міндеттемелер жағдайының жағымсыз өзгеруі;
өтімділік шоғырлануының (бір немесе бірнеше қаржыландыру көздері бойынша) біртіндеп өсу үрдісінің болуы;
және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар;
4) операциялық тәуекел:
ақпараттық жүйелер мен технологиялардың (бағдарламалардың немесе деректер базасының, ақпаратты беру жүйелерінің, сондай-ақ банктің күнделікті жұмыс істеуі үшін қажетті өзге жүйелердің) жұмыс істеуіндегі іркілістері мен тоқтап қалуы салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
банк басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік базаның азаюына, клиенттердің және қарсы агенттердің банкті сенімсіздікпен немесе теріс қабылдауына әкелген теріс әрекеттері салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
банктің операцияларына сыртқы күтпеген немесе бақыланбайтын ықпал ету факторларының салдарынан болған шығындардың мөлшерін анықтау және бағалау;
банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге факторлар.
Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың шұғыл іс-шаралары стресстік жағдайлардың салдарын жоюға бағытталады және оның ішінде осылармен шектелмей мыналарды қамтиды:
басқа банктерден күтпеген жағдайларда олар үшін қол жетімді болатын кредиттік қаржыландыру желісін алу мүмкіндігін, сондай-ақ ұсынылатын ресурстар түрлерін, қабылдауға болатын кепілдікті;
банктің қарауындағы төтенше жағдайда әлеуетті қаржыландыру көздерінің тізбесін, сондай-ақ банктің есептеуі бойынша осы көздерден алуға болатын қаражат мөлшерін анықтау;
күнделікті төлемдерді жүзеге асыру бойынша ықтимал шаралары. Маңызды іркілістер болған жағдайда банктің күнделікті өтімділіктің қосымша көздерін алуға, оның ішінде кепіл ретінде пайдалануға болатын қосымша активтерді анықтау және мобилизациялау арқылы алу мүмкіндіктері бар;
жұмыс істеуі төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған банктің дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін қажетті іс-шаралардың тізбесі;
қызмет көрсетулерін тез арада қалпына келтіруі қажет бөлімшелерді (тәуелді, оның ішінде сыртқы қызмет көрсетулерді жеткізушілерден немесе өзге үшінші тұлғалардан) анықтау;
банктің ішкі процесстерін қалпына келтіру басымдылығының тізбесін анықтау.
Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспар бизнес процесс жұмысындағы іркіліс болған жағдайда қызмет көрсетулерді қайта бастауға мүмкіндік беретін балама механизмдерін айқындайды;
қамтамасыз етілетін қорғау дәрежесі (белгілі уақыт ішінде қалыпты жұмыс істеуін қолдау, жұмысты белгілі уақыт ішінде барынша төменгі қабылдауға болатын деңгейде ұстау, жұмысты тоқтату немесе кейіннен үзілген процесстің қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіру);
банк қызметінің бағыттары бойынша өздеріне жүктелген міндеттері мен функцияларды іске асыру үшін бөлімшелер жүзеге асыратын рәсімдердің жұмысындағы іркіліс болған жағдайда қажетті ресурстар (білікті персонал, үй-жайлар, бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтар және өзге ресурстар, егер олар банктің ішкі құжаттарында көзделсе);
рәсімдер мен стресстік жағдайлар басталған кезде тәуекелдерді шектеу бойынша қажетті іс-шаралар, оның ішінде тәуекелі бар операцияларды шектеу мүмкіндігі, қабылданатын тәуекел деңгейіне барабар меншікті капитал мөлшерінің өсуі, тәуекелдерге қарсы құрылатын резервтердің жеткіліктілігі;
шара қабылдау тәртібін нақтылайтын басымдықтарды белгілеу рәсімдері, сондай-ақ шаралардың әр қайсысы орындалуы тиіс болатын жағдайлар;
банкке деген жалпы сенімділікті қолдау үшін дағдарыс кезеңдерінде нарықтың ішкі, сондай-ақ сыртқы субъектілерімен (уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен) уақтылы, жүйелі байланысты қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
банктің бөлімшелері мен қызметкерлеріне арналған, қызмет үшін маңызды банктің ішкі процесстерінің жұмыс істеуін қолдау немесе уақтылы қайта бастау үшін қажетті әрекеттердің сипаттамасы бар егжей-тегжейлі нұсқаулықтар;
төтенше жағдайдағы жұмыс істеу рәсімдері, оның ішінде бұзылған бизнес процесстерінің жұмыстарын қалпына келтіру, сондай-ақ төтенше жағдайда жұмысты аяқтау және күнделікті жұмыс істеу режиміне қайта көшу тәртібі, резервтік орталықтардың жұмыс істеу процедуралары, оның ішінде деректердің резервтік көшірмелерін жасау кезеңділігі мен тәсілдерін анықтау;
және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге іс-шаралар.
Кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың жауапкершілік матрицасы кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың әрбір нақтыланған іс-шарасы, оларды іске асыру үшін жауапты нақты тұлғалармен байланысты болатын мәліметтерді қамтиды.
Жауапкершілік матрицаның мақсаты кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарда қойылған міндеттердің банк басшылығының және оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында жауапкершілікті белгілеу арқылы әрбір жоспарланған әрекетінен күтілетін нәтижесіне жеткізілгені. Жауапкершілік матрицасы, оның ішінде мынадай мәліметтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы банк қызметкерлерінің функцияларын, өкілеттіктері мен міндеттемелерін, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды қолға алу (қолдану) құқығын қайта бөлу тәртібін;
кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды іске асыруға жауапты адамның тегін, атын, бар болса әкесінің аты мен байланыс жасайтын ақпаратты;
банктің әртүрлі қызметкерлері мен бизнес бөлімшелері арасында тиімді ішкі үйлестіру және байланысты құру рәсімдерін, Директорлар кеңесіне кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды және банк қабылдаған іс-шараларды орындау барысы туралы ақпаратты жеткізу тәртібін;
және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге ақпаратты.
Еншілес ұйымдары қызметінің күрделілігіне және ауқымына сәйкес келетін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналаған жоспар банктің еншілес ұйымдарын ескере отырып, шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді есепке ала отырып жасалады.
Шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді ескере отырып, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналаған жоспарды жасаған кезде банк оның ішінде:
төтенше жағдай ретінде еншілес ұйымының қаржылық тұрақсыздығы мен орнықсыздығы кезеңін қарайды;
еншілес ұйымдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан еншілес ұйымдарының болуынан туындаған өзара тәуелділігін, проблемаларды шешу үшін заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық оқшауланушылығының салдарын ескереді;
еншілес ұйымының негізгі функцияларын тез арада қалпына келтіруді және проблемалардың шешілуін қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда еншілес ұйымның қызметін конгломерат қатысушыларының қызметіне зиян келтірмей кезеңімен тоқтатуға бағытталған іс-шаралар.
Банк Басқармасы:
кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспардың барабарлығын қарау кезіндегі стресс-тестілеуде қолданылатын тәуекелдерді (тәуекелдердің түрлері бойынша), сценарийлерді және жорамалдарды талдау қорытындыларын кезең-кезеңімен пайдаланады;
банктің ағымдағы қызметінің стратегияларына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арнал жоспарды қайта қарайды;
кезең-кезеңімен, бірақ айына кем дегенде бір рет кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды оның тиімділігін және операциялық орындалуын қамтамасыз ету үшін тестілейді;
бастапқы шарттардың өзгеруіне әкелетін әрбір іс-шарадан кейін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарың барлық аспектілерін қайта қарайды және кейінгі іс-шараларды өткізу бойынша барлық шаралар қабылдайды.
Директорлар кеңесі Басқарманың кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарда көзделген тиісті шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді.
|
»;
|
Банк органдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі шегінде қабылдайтын шешімдер
|
Директорлар кеңесінің және банк басқармасының, активтерді және міндеттемелерді басқару комитетінің, сондай-ақ кредиттік комитетінің, кредиттік комитетінің қарауына енгізілетін кредит беру туралы шешім қабылдау туралы, кредиттеу шарттарының талаптарын өзгерту, банк ұшырауы мүмкін тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторингі мәселелері бойынша отырыстарын өткізу сырттай дауыс беру нысанында, дауыс беруге қатысу фактісі жазбаша расталып, тиісті байланыс құралдары (факс, интернет және басқалар) арқылы жіберіледі. Осы талап көрсетілген алқалы органдары құрамына кіретін, шешімдерді қабылдау сәтінде тиісті органның отырысы өткен жерден тыс болған тұлғаларға таралмайды.
|
|
|
Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа 2-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |