Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359



бет4/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi

басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң

болуына қойылатын талаптар туралы

нұсқаулыққа 3-қосымша

Банктік заем операцияларын жүргiзуге қойылатын

талаптар


Талаптың атауы

Талаптардың критерийлері


Банктің    кредиттік тәуекелді      бақылау жөніндегі саясаты бар.

Басқарма     баланстық     және     баланстан     тыс операциялар бойынша банктің және оның еншілес ұйымдарының  кредиттік   тәуекелге   ұшырау мониторингін жүзеге асырады;

директорлар кеңесі кредиттер сапасын бағалау рәсімдерін белгілейді;

директорлар кеңесі және басқарма провизияларды қалыптастыру және жіктелген активтерді есептен шығару рәсімдерін белгіледі;

басқарма айына кемінде бір рет баланстық және баланстан   тыс    міндеттемелер    бойынша банк активтерінің  сапасына  және  кредит  тәуекелінің деңгейіне   талдау    жүргізеді,     банктік    қаржы жағдайына     кредиттік     тәуекелдің     әсер     ету дәрежесін айқындайды.



Директорлар       кеңесі кредиттеумен байланысты   банк қызметкерлері мүдделерінің қайшылығының тәуекелін шектейтін      рәсімдер белгіледі.

Банктің     кредит     бөлімшесінің     қызметкерлері мүдделер қайшылығы тәуекелін   шектейтін рәсімдерді      сақтау   арқылы функционалдық міндеттерін жүзеге асырады;

ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет кредит    бөлімшесі    қызметкерлерінің    мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін саясатты және рәсімдерді сақтауына тексеру жүргізеді.



Директорлар      кеңесі бақылау саясатының және кредит       тәуекелінің мониторингін,  оның ішінде шоғырландырылған негізде бекітті.

Тәуекелдерді     басқару     бөлімшесі     тоқсанына кемінде бір рет банктің    кредит    тәуекелін шоғырландыруды    анықтау    мақсатында    және шоғырландырылған      негізде,      оның      ішінде заемшылар,   экономика   салаларында,    ел/аймақ бөлігінде есепті кезең ішінде жүргізілген банктік заем операцияларының мониторингін жүргізеді;
тәуекелдерді    басқару    бөлімшесі    мониторинг жүргізеді   және    тоқсанына    кемінде  бір    рет басқармаға және жарты жылда кемінде бір рет - директорлар   кеңесіне  банктің кредит тәуекелі, оның       ішінде       шоғырландырылған       негізде заемшылар, экономика салалары, ел/аймақ бөлігі бойынша мәліметтерді ұсынады;
директорлар кеңесі қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге кредит тәуекелін өлшеу мен болжамды бағалау рәсімдерін бекітеді;

кредит тәуекелін өлшеу және болжамды бағалау рәсімдері   мынадай   параметрлер   кіретін   кредит тәуекелінің үлгілерін пайдалануды көздейді:

кредит тәуекелі басталған кездегі шығыс (зиян) деңгейі, кредит тәуекелінің    дәрежесі бойынша активтерді   бөлу,   кредит  тәуекелінің   дәрежесі бойынша активтерді бөлудің өзгеру болжамы, әр түрлі     активтердің     кредит     тәуекелінің     өзара байланысы,     кредит     тәуекеліне      байланысты қабылданған міндеттемелер бойынша   тәуекелдің ықтимал мөлшерінің болжамы, кредит тәуекелінің дәрежесі        бойынша   банктің кредит        тәуекелімен байланысты салалар мен елдерді бөлу,    кредит тәуекелі      үлгілерінің      жоғарыда      көрсетілген параметрлері бойынша есептерді дайындау;

басқарма жаңа банк қызметтерін банктің ұсынуына   немесе   экономиканың   жаңа   секторлары   не аймақтарына банк қызметін көрсетуге байланысты кредит тәуекелдеріне талдау жүргізеді.



Директорлар       кеңесі саралау            (кредит тәуекелдерінің деңгейі бойынша             бөлу) саясатын, ал басқарма банк         рейтингілері (деңгейлері)  негізінде кредиттерді     саралау рәсімдерін бекітті.

Кредит тәуекелін саралау саясаты, оның ішінде:

сандық    және     сапалық     факторлар    негізінде корпоративтік рейтингіні иеленудің кезеңділігі;

заемшылардың рейтингін   ескере   отырып,   заем бойынша   кредиттік   лимиттерді   және   сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

рейтинг    бойынша    шығындар    мониторингінің кезеңділігі;

рейтингінің ең төменгі рұқсат етілген деңгейіне заемшының сәйкес келуі кезінде заем беру туралы шешім қабылдау.


Директорлар кеңесі саралау   процесінің (рейтингтік бағалардың)    шынайылығын тексеру      мақсатында,    оның    ішінде кредит                  беру, провизияларды   (резервтертерді) қалыптастырудың кредиттік           талдау функциясының тәуелсіздігін көздейтін      ішкі кредиттік талдауды жүргізу саясатын белгіледі.

Ішкі кредиттік талдау саясаты:

заемдарды, қосымша шоғырландырылған негізде саралау         (деңгейлері          бойынша         бөлу) шынайлылығын кезең- кезеңмен тексеруді;

провизиялардың     (резервтердің)       банктің ішкі құжаттарымен, уәкілетті    органның нормативтік құқықтық    актілерімен    сәйкес    қалыптасуының шынайлылығын кезең -кезеңмен тексеруді;

туынды  құралдармен,   форвардтық     валюталық мәмілелермен,     қаржы           міндеттемелерімен байланысты банктің баланстан тыс операцияларын саралау (деңгейлер бойынша бөлу) шынайылығын кезең -кезеңмен тексеруді көздейді.



Басқарма ішкі кредиттік талдаудың рәсімдерін бекітті.

Ішкі кредит талдауының рәсімдері мыналарды көздейді:

банктің кредит портфелі көлемінің елу бір процентінен кем емес жыл сайынғы тексеруді;

ішкі кредит талдауының нәтижелерін тексеруге жауап беретін және ішкі талдауды жүзеге асыратын бөлімше және банк қызметкерлерін;

кредиттік талдауды жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға біліктілік талаптарын.



Кредиттік талдау рәсімдері директорлар кеңесінің және басқарманың кредиттік талдау нәтижелері туралы есептерді ұсынудың кезеңділігін белгілейді.

Ішкі кредиттік талдау рәсімдері:

директорлар кеңесіне және басқармаға кредиттік талдау жүргізу нәтижелері туралы есептерді кезең кезеңмен ұсынуды;

кредиттік    талдау    нәтижелері    туралы    есепте көрсетілген       нысандарды       және       қосымша мәліметтерді;

есептерді қарау нәтижелері бойынша директорлар кеңесі немесе басқарма қабылдаған шешімдерді банк    бөлімшелерінің    орындауын    бақылау тәртібін айқындайды;



Басқарма заемдар беру бойынша шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ережені бекітті.

Ішкі аудит қызметі заем   беру   туралы шешім         қабылдайтын         банктің         басшы қызметкерлерінің    банктің    ішкі    ережелерінде айқындалған         лауазымдық         өкілеттіктеріне сәйкестігін тексереді;

заем беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ереже    заем беру туралы   шешім   қабылдайтын    өкілетті тұлғаға біліктілік және кәсіби талаптарды айқындайды;



Директорлар      кеңесі кредиттеу     бойынша, оның     ішінде     банк заемы     шарттарында міндетті     көрсетілуге жататын    талаптарды қарастыратын құжаттарды     жүргізу жөніндегі       саясатты бекітті.

Кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу саясаты: банк  заемы   шарттарында   міндетті   көрсетілуге, оның      ішінде      заемшыға      заем       бойынша міндеттемелерін  уақтылы  және  толық  орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер ететін қаржы ережесі және өзге де    мәліметтер    туралы    ақпаратты заемшыға ашуға жататын талаптарды;

Қазақстан Республикасының резидент еместерін кредиттеу    кезінде    -    шетел    мемлекеттерінің заңнамаларына       құқықтық       сараптау       жүргізуді айқындайды.



Тәуекелдерді басқару бөлімшесі заемшының кредит қабілеттілігін тиімді бағалауға талдау жүргізеді;

Директорлар     кеңесі  мынадай     критерийлерді бекітеді:

заемшының есеп саясатының қолданылып жүрген есеп       және       есеп       беру       стандарттарына, заемшылардың               қаржы               есептерінің шынайлылығына сәйкестігін бағалау;

заемшының бас және еншілес ұйымдарының қаржы жағдайын бағалаудың дұрыстығын бағалау;

заемшының   беделі   мен   іскерлік   бет-бейнесін  бағалау;

заемшының   технологиялық   өндіріс   саласының жағдайын және тиімділігін бағалау;

заемшының     заем     құралдарын     пайдалануын тексеру;

мынадай факторларды ескере отырып, заемшының заемды өтеуінің дерек көздерін тексеру:

өндірістік   перспективалары,   сату   динамикасы, қысқа мерзімді активтерінің сапасы, борышқа        қызмет        көрсетуге        қойылатын талаптармен  салыстырғанда    борышты    өтеуге бөлінуі мүмкін кірістің сомасы;

заемшының      бизнес-жоспарының      тиімділігін бағалау.


Директорлар      кеңесі заемшының өндірістік қызмет көрсеткіштерін банктің         тексеруін қарастыратын заемшылар мониторингінің саясатын, ал басқарма оның           рәсімдерін бекітті.

Заемшы   мониторингінің   саясаты   мен  рәсімдері банктің:

заңды тұлғалардың-заемшылардың , оның ішінде жылжымайтын мүлікке      берілген      заемдар      бойынша қаржылық талдау жүргізу;

қаржы    есептеріндегі    деректерді    жинау    және талдау негізінде заемшының қаржы жағдайындағы өзгерістерді қадағалау;

қаржылық   талдау   арқылы   заем   қаражаттарын пайдалану тиімділігін тексеру;

баланстық  және   баланстан   тыс   операцияларды қоса алғанда,   банктің меншікті капиталынан бес процент асатын соманың тәуекелдерін тексеру;

оның  негізгі және   еншілес  ұйымдарын   ескере отырып, заемшының шоғырландырылған кредит тәуекелін бақылау тәртібін айқындайды.


Директорлар      кеңесі қаржылық      жағдайы тұрақсыз заемшылардың мониторинг     саясатын бекітті.



Қаржы             жағдайы             қанағаттанарлықсыз заемшылардың мониторинг саясаты:

"қаржы   жағдайы   қанағаттанарлықсыз заемшы"  ұғымын, оның ішінде активтерді жіктеу бойынша уәкілетті органның    нормативтік    құқықтық    актілерінде көзделген         қаржы         ережелерін         бағалау критерилеріне сәйкес келетін ұғымды;

қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз    заемшыға берілген заемдарды бақылау әдістерін;

заемдары  жоғары  тәуекелмен   күмәнді    және үмітсіз     болып     жіктелген заемшылар туралы банк филиалына ақпарат беру тәртібі     


жоғары     тәуекелмен     күмәнді     және     үмітсіз заемдарды өндіріп алу әдістерін;

заемдары    жоғары    тәуекелмен    күмәнды    және үмітсіз     болып     жіктелген     қаржы     жағдайы қанағаттанарлықсыз      заемшылардың   қаржылық және     өндірістік     қызметінің      көрсеткіштерін тәуелсіз сарапшылар мен   аудитор тарту арқылы ай сайын қадағалау тәртібін; заемдары   жоғары   тәуекелмен    күмәнды    және үмітсіз    заемдардың    құрылымын    қайта    құру жоспарын       әзірлеу       жөніндегі       шараларды айқындайды.



Директорлар кеңесі берілген қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалау саясатын бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

қамтамасыз      етудің      жеткіліктілігін     есептеу жөніндегі ережені (мысалы, кредит құнының кепіл құнына коэффициенті, кепілді қайта бағалау);

заемшының өндірістік қызметі көрсетікіштерінің өзгеруін,   қамтамасыз   етудің   сақталуын,   оның ішінде   төтенше   жағдайларға   ұшырампаздығын ескере отырып қамтамасыз етудің жеткіліктілігің бағалаудың шұғыл әдістерін;

кепіл затын тексерудің кезеңділігін; кепіл түрінде берілген, атап айтқанда кредиттік желілер, аккредитивтер және кепілдіктер бойынша жылжымайтын     мүлік     сатып     алуға     заңды тұлғаларға        берілген        заемдар        бойынша жылжымайтын      мүлікті    кепіл ретінде қайта      бағалаудың кезеңділігін;

өтегенге дейін кепіл ретінде ұсталатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалаудың кезеңділігін;

гаранттың       қаржы       жағдайын       бағалаудың кезеңділігі  мен  әдістері.     



Директорлар кеңесі резиденттері банктің заемшылары болып табылатын әрбір елдегі ахуал туралы ақпаратты жинау және өңдеу саясатын бекітті.

Елдің тәуекелін бағалау саясаты:

халықаралық   рейтинг    агенттіктерінің    тәуелсіз рейтингін ескере отырып, елдің тәуекелін бағалау әдістерін;

әрбір   елдегі   саяси   және   экономикалық   ахуал туралы   сыртқы   дерек көздерінен   алынған  ақпаратты жинаудың кезеңділігін;

банктің елдің  меншікті  рейтингін        белгілеу әдістерін, оларды жедел түзету мүмкіндігін;

елдер   бойынша   кредиттік   лимиттерді   белгілеу әдістерін және оларды қайта қараудың кезеңділігін айқындайды.


Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi

басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң

болуына қойылатын талаптар туралы

нұсқаулыққа 4-қосымша
Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында ұсынылатын ипотекалық заемдарды ұсыну кезінде тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар

Талаптың атауы



Талаптардың критерийлері




Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген ипотекалық заемдарды немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында (бұдан әрі- жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар) ұсынылатын, сыйақы мөлшерлемесі және басқа ерекше талаптардан, кредит мөлшерінен байланысты тәуекел деңгейін айқындайтын ішкі кредиттік саясатты әзірлейді.



Банктің жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша кредиттік саясаты мыналарды көздейді:

кредиттеудің географиялық аймақтары;

банктің несие портфелінің әр тараптануы;

жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдарға - түрлері және георафиялық аймақтары бойынша лимиттер (мысалы, одан да тәуекелі көп заемдарға лимиттер);

заемдардың түрлері бойынша ереже мен шарттар;

заемдарды беру тәртібі және бекіту;

құжаттаманы қоса алғанда, заемдарды басқару, беру, кепілге бақылау, заемды қайтару және талдау тәртібі;

жылжымайтын мүлік құнын бағалаудың ресми емес және ресми бағдарламасы;

банк басшысының міндеті несие портфелін бақылау және директорлар кеңесіне есепті уақтылы және толық ұсынуын қамтамасыз ету;

Тәжірибелік-құрылғылық және құрылыс жобалары бойынша және құрылысы аяқталған коммерциялық объектінің кредиттік саясаты сондай-ақ мыналарды көздейді:

техникалық-экономикалық негіздемелерді және сезімталдық және тәуекелді талдауды жүргізуге талап (мысалы, болжалданатын кірістердің экономикалық ауыспалы шамалардың өзгерістеріне сезімталдығы, оның ішінде мөлшерлеме сыйақылары, бос қалған үй-жайлардың немесе пайдаланылатын шығыстардың проценті);

инвестициялардың бастапқы көлеміне ең аз талаптар, меншікті капиталдың заемшысымен техникалық мазмұны (мысалы, ауыртпалық түспеген мүліктің немесе оның инвестициясының болуы);

меншікті капитал бойынша ең аз талаптар, ақша қаражаттарының қозғалысы мен заемшының немесе базалық актив берешегінің қызметін қамту деңгейі;

қолайлы стандарттар және амортизацияланбаған кредиттер бойынша лимиттер;

кіріс алып келетін мүлікті жалға алудан және сатуға беруден алдыңғы талаптар;

кірісті емес активтермен байланысты кредиттер бойынша салынған үйдің құрылымдық бірлігінің біреуін пайдалануға беруге, сатудан бұрынғы талаптар және ең аз талаптар;

кредиттік келісімдер бойынша ең аз талаптар;

Кредиттік саясат «борышқа қызмет көрсетуді қамту» коэффицентінің ең аз мөлшерін белгілейді – қаншама рет таза операциялық кіріс жыл сайынғы борышқа қызмет көрсетудің сомасын жабады.

Борышқа қызмет көрсетудің қамту коэффициенті ипотека бойынша төлемге таза операциялық кірістің қатынасы ретінде есептеледі.


Банк жылжымайтын мүлік рыноктарындағы жағдайды кредиттік шешімдер үшін маңызы бар рынок талаптарының өзгеруіне шұғыл әрекет ету мақсатында талдайды.

Рыноктық сұраныс және ұсыныс факторларына ескерілуге тиіс мыналар (өзгелердің ортасында) жатады:

халықтың саны және жұмыспен қамтылу динамикасын қоса алғандағы демографиялық көрсеткіштер;

аймаққа бөлу талаптары;

бос қалған үй-жайлардың, құрылыстың және абсорбциидің ағымдағы және болжалданатын проценттері;

жалға алу төлемінің мөлшерлемесі және үй-жайдың жалға берілетін бөлігін қоса алғандағы сату бағалары;

жобалардың әр түрлі түрлері үшін ағымдағы және болжалданатын пайдалану шығыстары;

кредиттеу саласындағы экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде үрдіс және әр тараптану;

бағалау үрдісі, оның ішінде дисконт және кірісті капиталдандыру барысында сыйақының тікелей мөлшерлемесі;

Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар кредиттің барлық тиісті факторларын, оның ішінде мыналарды көрсетеді:

салынған мүлік құны;

заемшының жалпы кредиттік қабілеттілігі;

борышты өтеудің қайталама көздерінің болуы;

кредит сапасын жақсартатын қосымша кепілдің немесе қаражаттың болуы (мысалы, кепілдік немесе ипотеканы сақтандыру).

Заңды тұлғаларға берілген жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар кредиттің мынадай факторларын көрсетеді:

заемшының өндірістік күшін немесе борышқа барабар қызмет көрсету үшін базалық актив кірісін;

жылжымайтын мүлікке инвестицияланған акциялар көлемі.




Мүлікпен байланысты заемдар бойынша кредиттік саясат банктің басшысы үшін қлайлы тәуекел деңгейін көрсетеді және кредиттік факторды бағаалу үшін банктің кредиттік қызметкерлеріне мүмкіндік беретін стандарттарды көздейді.

Стандарттар мынадай сәттерді қамтиды:

мүліктің түріне қарай кредиттің ең көп мөлшері;

мүліктің түріне қарай кредитті өтеудің ең көп мерзімі;

кредитті біртіндеп өтеу кестелері;

ипотекалық кредиттердің әр түрлі түрлері үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеу құрылымы;

мүліктің түріне қарай «кредит сомасын мүліктің құнына бөлу керек» коэффициент лимиттері.




Банк жылжымайтын мүлік портфелі бойынша кредитті басқару тәртібін белгілейді.

Кредиттің жылжымайтын мүлік портфелі бойынша басқару тәртібі мыналарды құрайды:

заемшы ұсынған ақпаратты тексеру жөніндегі талаптарды қоса отырып, қаржылық есеп берудің түрлері мен кезеңділігі;


кепілді бағалаудың түрлері мен кезеңділігі

(құнды бағалаудың ресми және басқа түрлері);

кредиттік мәмілені жабу және кредит бойынша қаражаттарды аудару;

төлеу тәртібі, оның ішінде сыйақы;

депозитке салынған ақша сомасын шартты басқару;

кепілге салынған мүлікті басқару;

кредитті өтемеген жағдайда іс-әрекет тәртібі.

кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот/соттан тыс тәртіпте сату рәсімдерін өткізу мерзімі.



Банк құрылыс жобасының табысты аяқталу мүмкіндігін бағалауды жүзеге асырады.

Банк әзірлеушінің қабілеттілігін көрсетілген құндар мен мерзімдер шегінде жоба құрылысын аяқтауына қарай бағалайды. Банк құрылысының жобасын табысты аяқтау ықтималдығын бағалау барысында мынадай тәуекелдерді ескереді:

жобаның келісілген мерзімдерде аяқталмауы қаржылық айыппұлға әкеп соғады;


жауын-шашынды ауа райы, материалдық немесе еңбек ресурстарының жетіспеуі немесе нормативтік талаптардан төмен жұмыстың қабылдаушы комиссиядан өту үшін қайта жасалынуы проценттік шығыстардың артуына және жобаның жалпы құнының бастапқы бюджетпен салыстырғанда өсуіне, құрылыстың аяқталуын кешіктіруге алып келуі мүмкін;
құрылыс барысында жеткізушілер мен қосалқы мердігерлер жобаның басындағы келісілген немесе қаржы бөлінген төлеммен салыстырғанда одан да жоғары ақыны талап ете бастайды;
бас жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің арасындағы еңбек даулары немесе тауарды жеткізу мен қызметтерді ұсынуға қабілетсіздігі;

салынып біткен құрылысты немесе салынып жатқан үйді бұзу, сақтандырылмаған қирау;


заемшының жалпы қаржылық мүмкіндігіне және оның әзірлеу мен абаттандыру саласындағы тәжірибесі, заемшының шын мәнінде бюджет аясында және құрылыс жоспарларына сәйкес жобаны аяқтай алатындығын анықтауға қажет.

заемшының әзірлеу және абаттандыру саласындағы тәжірибесін бағалау;


барлық қатысушы тараптардың сипаты, жұмыс тәжірибесі және қаржылық жағдайы;
құрылыс объектісінің сметалық құнының өсуіне алып келетін құрылыс барысында пайдаланылатын құрылыс және өзге материалдардың қымбаттауы;
жылжымайтын мүлік объектісінің, оның құрылысының аяқталу және оны пайдалануға беру кезеңдерінде құқық белгілейтін (құқық куәландыратын) құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдарында (жер ресурстарын басқару жөніндегі жергілікті атқарушы билік, сәулет пен қала құрылысы органдарында және т.б.) ресімдеуді кешіктіру;
аяқталған құрылысты немесе салынып жатқан үйді қайта жоспарлау, қайта құру.

Банктің құрылысты қаржыландыру жобасы бойынша кредиттік досьесінде мынадай құжаттама болуы керек:

заемшының жобаны жасауға қажет тәжірибесі мен қаржылық мүмкіндігінің барлығын дәлелдейтін заемшы туралы қаржы ақпараты;

Кредитор мен заемшының құқықтары мен міндеттері көрсетілген, құрылысқа кредит беру туралы келісім, қаражатты бөлу талабы мен төлем төленбеу оқиғасы;

банктің кепілге салынған мүлікті өндіріп алуына негіз ретінде не банк меншігіне айналысқа түсу үшін заңнамада көзделген жағдайларда мүліктердің ипотекасы туралы тіркелген шарт;

жерге меншік құқығын (пайдалануды), сондай-ақ қаржыландырылған ғимаратқа (банкке құрылыс объектісінің жер учаскесімен (пайдалану тәртібін) кепілге беру барысындағы)) құқығын растайтын құқық белгілейтін және өзге құжаттардың заңнамаға сәйкестігіне заңды қорытындысы;

сақтандыру полистері мен сақтандыру жарналарын төлеу, құрылысшының толық немесе елеулі сақтандыру өтемдерін алатындығын куәландырырудың айғағы,

оның ішінде мына жағдайларда: құрылысшының ерекше тәуекелдері, жауапкершіліктері, өрт және тиісінше, су тасқынынан сақтану жағдайларында;

меншіктің ағымдағы жай-күйінің және оның құрылысты аяқтау кезіндегі, сондай-ақ үй-жайдың бос еместігінің тұрақты деңгейіне жету кезіндегі рыноктық құнын көрсететін бағалау қызметін немесе өзге бағаны жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың тиісінше бағасы;

жобалау жоспарлары, салынып жатқан құрылыстың жоспарын көрсететін технико-экономикалық негіздеме және құрылыс бюджеті,

жобаның шығындары, маркетинг жоспары және инвестициялардың үлестері;

меншіктерді, жанама құрылыстарды тексеру және жер қыртысы бойынша қортынды.



Банктер жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша тәуелсіз бағалаушыны тартумен қатар қамтамасыз ету бағаларын жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалау барысында банктер пайдаланылатын критерийлер кредиттік саясатты айқындайтын банктердің ішкі құжатымен реттеледі.

Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалауға қатысты банктің ішкі құжаттарының мазмұны мынадай:

жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалауды жүзеге асыратын бағалаушылардың критериилері және іріктеу рәсімдері;

бағалаушының тәуелсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері;

тиісінше бағалауды жүзеге асыру рәсімдері;

бағалау мазмұнының критериилері;

Бағалау:

бағалаудың жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес келеді.

Бағалауды қамтамасыз ету объектісіне қаржылық мүддесі жоқ бағалаушы жүргізеді;

жазбаша нысанда рәсімделеді және жылжымайтын мүлікпен байланысты заемды беру туралы шешімге сәйкес негізделген талдауы бар;

егер, қамтамасыз ету салынып жатқан немесе қайта құрылу жағдайындағы ғимарат түрінде ұсынылған немесе жалға алу шартының рыноктық емес шартына сәйкес ішінара жалға берілген және сатылмаған алаңдары болған жағдайда тұжырымдармен талдауды және есепті қоса енгізеді;

бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушылар жүзеге асырады.



Банктер жыл сайын жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалауды жүзеге асырады.

Қамтамасыз етуді қайта бағалау тәуелсіз бағалаушыны тартумен қатар, қамтамасыз ету құны 35 000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша жүзеге асырылады.

Банк қайта бағалау нәтижесі бойынша кредиттің жіктелуін және олар бойынша провизияның мөлшерін қайта қарайды.

Қайта бағалау мына жағдайларда жүргізілмейді:

тұрғын үйді жөндеу;

заем шартының талаптарын қайта қарау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен байланысты заем бойынша жаңа немесе қосымша қамтамасыз етуді ұсыну банк шығынының тәуекелін азайтуы мүмкін.

Банктер жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалауда пайдаланылатын критериилері кредиттік саясатты айқындайтын банктердің ішкі құжаттарымен реттеледі.


 

«Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару

және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын

талаптар туралы нұсқаулыққа 4-1-қосымша»



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет