Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359



бет7/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi

басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң

болуына қойылатын талаптар туралы

нұсқаулыққа 7-қосымша
Нұсқаулық талаптарының базалық критерииі


Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйелерін ұйымдастыру

Директорлар       кеңесі  банктегі   мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті.

Директорлар        кеңесі        банкпен        ерекше қатынастармен    байланысты    тұлғалармен    банк операцияларының мониторингі бойынша саясатты жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі банктің ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шараларын мен өзге де талаптарын жүзеге асырады.

Банктік заем операцияларының талаптарын белгілейтін және бекітетін кредит комитеті     заемдардың сапасын қадағалайды және    банктің меншікті капиталының       бес       процентінен       асатын заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді.

Активтерді     және     міндеттемелерді     басқару жөніндегі комитет қарыз алу    ережелері мен рәсімдерін, қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын  жүргізуді,  инвестициялау  мен банктік   кепілдіктер   беруді   белгілейді   және бекітеді,    сондай-ақ    активтерді    әр тараптандыру, тиімділік,       өтімділік       және       капиталдың жеткіліктілігі бойынша бағдарды айқындайды.

Директорлар    кеңесі    ай сайын   мынадай есептерді талдайды:

жиынтық      баланс      және      өткен      жылдағы кезеңмен салыстырғандағы  банктің  кірістері  мен  шығыстары туралы   есеп   және   қызметтің   жоспарланған көрсеткіштері;

инвестициялар    туралы:   

қаржы    құралдарын түрлеріне    қарай    топтастыра    отырып    және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;

оларға    қарсы    қалыптасқан    провизиялардың көлеміне   жіктелген   кредиттердің  динамикасы туралы есептер.

Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жасайды:

банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар алған жаңа заемдар туралы есеп;

процент тәуекелі бойынша банк позициясына қысқаша талдау;

валюталардың    айырбас    бағамының    ауытқу тәуекеліне банктің ұшырауына қысқаша талдау,

банктің меншікті капиталға ағымдағы және болжалданатын мұқтаждығына қысқаша талдау.



Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде банк қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді.

Директорлар         кеңесі         банктің         басшы қызметкерлерінің    функционалдық   міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды.

Директорлар      кеңесі      директорлар      кеңесі мүшелерін, басшы қызметкерлерді, банктің ірі қатысушысы    болып    табылатын    тұлғаларды және       банкпен       ерекше       қатынастармен байланысты өзге де тұлғаларды кредит беру жағдайын банктің басқа заемшыларына қызмет көрсетумен, оның ішінде жеңілдік жағдайлар беру фактілерін тексеру мақсатында салыстырады.

Банкпен  ерекше   қатынастармен байланысты тұлғалар тізіліміне ай сайын қол қояды.

Директорлар     кеңесі     жыл     сайын     банктің ағымдағы  қаржы      жылына      жоспарланған мақсаттарына    жетуге    арналған    қызметтерін талдайды.

Директорлар   кеңесі   өзінің   өкілеттілігі шегінде ағымдағы  жылдың  мақсатты  көрсеткіштеріне банк  қызметінің  нәтижелері   сәйкес   келмеген жағдайда    банк    басқармасының    мүшелеріне шаралар қолдана алады.

Банктің  ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде:

банк   бөлімшесінің   немесе  банк   жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін тәуекелдерді     басқару     жөніндегі тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;

олардың   функционалдық  міндеттеріне   сәйкес келетін      банк      басқармасы      органдарының құрылымын;

банктің        әрбір        басшы        қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін реттейді.



Есепті жыл ішінде банктің басшы қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметін бағалау тәртібін,   оның    ішінде         банк    қызметінің мақсатты  көрсеткіштерін  банк  орындамағаны үшін  шара қолдануды  және  жауапкершілікке тартылуды реттейді.

Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелік, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін және банк капиталын қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді дерек көздеріне қол жеткізуді ескере отырып жүргізеді.

Тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды көздейді:

Банктің басшы қызметкерлерінің өкілеттілігі мен функцоналдық міндеттерін реттейтін ереже, оның ішінде банк операцияларының дұрыстығына қосарлы бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін және оламен байланысты тәуекелді бақылауды;



Ішкі аудит қызметі банк қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктерді және функцияларды шоғырландыру бойынша басшы қызметкерлерге тексеру жүргізеді.

Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жөніндегі саясат директорлар кеңесінің мүшелерін, басқарманы және банктің басшы қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді және функционалдық міндеттерін айқындайды.

Банктің директорлар кеңесіне және басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді басқару жөніндегі өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болуы керек.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері біліктілік талаптарына сәйкес келеді, оның ішінде тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігінің болуын қарастырады.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі банк бөлімшесінің және ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олар жүргізетін операцияларға сәйкес келеді.

Ішкі бақылау жөніндегі банктің саясаты:

банк ұшыраған барлық тәуекелдерді;

ішкі бақылау жүргізудің ауқымы мен жиілігін;

ішкі бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;



банктің ішкі бақылау жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары банктік операцияларды жүргізуді қарастыратын   банктің   барлық   бөлімшелеріне үнемі ішкі тексеру жүргізеді.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері  тексеру жүргізілетін банк бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білімдері бар.

Банктің ішкі саясаты тексерілетін бөлімшенің қызметіне      байланысты       барлық      қажетті құжаттарға, оның ішінде коммерциялық, өзге де немесе құпиялық режимі бар құжаттарға қол жеткізуге ішкі       аудит       қызметінің              кұқығын қарастырады.

Ішкі бақылау жөніндегі банктің ішкі саясаты басшы қызметкерлердің немесе банктің басқа бөлімшелерінің    функционалдық    міндеттерін орындаудағы  тәуелсіздігі  және   ішкі   аудит қызметінің              директорлар              кеңесіне есеп беруі белгіленеді.

Ішкі     аудит    қызметі      банктің     сыртқы аудиторымен   бірлесіп   банктің   ішкі   бақылау жүйесіндегі     кемшіліктерді     талқылау    үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

Ішкі аудит қызметі жаңа өнімдерді немесе қызмет көрсетулерді      ендіру     туралы      мәселелерді талқылауға қатысады.

Ішкі бақылау саясаты   директорлар кеңесі мен банк басқармасына   ішкі    аудит   қызметінің   әрбір тексеруінің   нәтижелерін   ұсынуының   оңтайлы мерзімдерін қарастырады.

Ішкі       аудит      қызметінің      өкілеттіктері бөлімшелер  үшін  орындалуы  міндетті  болып табылатын          жүргізілген          тексерулердің нәтижелері   бойынша  ұсыныстар  дайындауды қарастырады,   сонымен   бірге   оларды   жүзеге асырудың тәсілдері мен шарттарын тікелей банк бөлімшелері айқындайды.

Ішкі аудит қызметі оларды оңтайлы орындау мақсатында, ішкі бақылау нәтижелері бойынша қабылданған, банк бөлімшелері жүргізетін және жоспарлайтын іс-шаралардың мониторингін жүзеге асырады.

Ішкі саясатпен банктің кірісін (шығысын), оның ішінде банктік қызмет көрсетулердің динамикасында, сол бөлігінде, түрлерінде, банктің      аймақтық      және      функционалдық бөлімшелері    бойынша    ай сайын, сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан сайын бақылап отыратын банк бөлімшесін белгіленді.

Ішкі саясатпен директорлар кеңесі белгілеген жиынтық     лимиттер      шегінде      бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі банк бөлімшесінің өкілеттігі қарастырылған.

Басқарма  жаңа   банктік     қызметті   жоспарлы түрде көрсетуге байланысты меншікті капитал мен әлуетті тәуекелдердің динамикасына талдау жасайды.

Басқарма     директорлар      кеңесі  белгілеген тәуекелдердің    жиынтық    лимиттері    шегінде қаржы операцияларын жүзеге  асыратын банк бөлімшелерінің     әрқайсысы     үшін     тәуекел лимитін айқындайды.

Басқарма тартылатын депозиттер мен берілетін кредиттер     бойынша     сыйақы     мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі саясатты бекітті.

Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі, оның ішінде сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу рәсімдерін реттейтін саясат.

Тәуекелдерді     басқару     бөлімшесі     еншілес ұйымдар    мен    банк    холдингтерінің    қаржы қызметіне мониторингті жүзеге асырады.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің банктердің банк холдигтерімен жасалатын операцияларын тексеру жөнінде өкілеттіктері бар.

Директорлар     кеңесі     банк     холдингтерімен жасалатын          мәмілелердің          шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.

Басқарма   банк   холдингі    болып    табылатын тұлғалар     ұшырайтын     тәуекелдер     туралы, сондай-ақ банк холдингтері қабылдаған, банктің қызметіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы мәліметтерді талдайды.

Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне бағалау жасайды.

Ішкі  аудит қызметі   банк  қызметінің  жаңа түрлерін    ендіру    кезінде         банк    қызметін реттейтін    нормативтік    қүқықтық    актілерді сақтауға      байланысты      банктік      қосымша тәуекелдерінің пайда болу мүмкіндігіне бағалау жүргізеді.

Директорлар кеңесі басқарманың   директорлар кеңесі мен банк акционерлеріне банктің қаржы көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін    қаржы    және    басқару   есебін   ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітті.

Директорлар    кеңесі    ішкі    бақылауды    және тәуекелдерді   басқаруды   жақсарту   жөніндегі сыртқы        аудиторлардың         қорытындыларын талдайды.

Есеп және есеп беру жөніндегі банк саясаты, сонымен бірге банк аудитін тексеру барысында мынадай мәселелерді қарастырады:

күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;

банктің    есеп    саясатының    қаржы    есебінің халықаралық стандарттарына сәйкестігі;

қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;

жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша             провизиялар             (резервтер) қалыптастырудың дұрыстығы;

банктің есеп саясатында белгіленген талаптарға есеп   және   есеп   беруді   жасау      әдістерінің сәйкестігі;

жылдық есептегі банктің және оның еншілес ұйымдарының   құрылымы   мен       тәуекелдер мөлшерін ашудың толықтығы мен дұрыстығы.


Тәуекелдерді     басқару     бөлімшесі     меншікті капиталдың          жеткіліктілігіне,          мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне әсерді болжайды:

мұнайға      бағаның      төмендеуі;     

Қазақстан Республикасының   тәуелсіз борыш рейтингінің  үш айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;

шетел    банктері    мөлшерлемелерін    көтерді    және Қазақстан    Республикасының    банктеріне    беретін заемдар бойынша мерзімдерді қысқартты;

теңгенің құнсыздануы.


Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

банктің    баланстық    және    баланстан    тыс есептерге,            сондай-ақ            экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістер және шығыстар шоттарына;

банктің     баланстық     және     баланстан     тыс есептерге,    сондай-ақ   банк   холдингі    болып табылатын еншілес ұйымдар мен тұлғалардың кірістер және шығыстар шотына;

банк алған синдикатталған заемдар және өзге де сыртқы заемдарды мөлшерлемелерін арттыру және өтеу мерзімдерін азайтуға;

заңды    және    жеке    тұлғалардың   депозиттер көлемінің ықтимал төмендеуіне;

өтімділіктің   төмендеуі,    қаржы    құралдарына бағаның өзгеруіне; мұнай       газ       секторының       және       оның инфрақұрылымының    субъектілеріне    берілген заемдарды қайтармау деңгейіне;

шетел      валютасында      берілген      заемдарды қайтармау деңгейіне үнемі талдау жүргізеді.

Банктік заем операцияларын жүргізу


Басқарма     баланстық     және     баланстан     тыс операциялар бойынша банктің және оның еншілес ұйымдарының   кредиттік   тәуекелге   ұшырауына мониторингті жүзеге асырады.

Директорлар кеңесі кредиттер сапасын бағалау рәсімдері белгіледі.

Директорлар кеңесі және басқарма провизияларды қалыптастыру және жіктелген активтерді есептен шығару рәсімдерін белгіледі.

Басқарма айына кемінде бір рет баланстық және баланстан   тыс    міндеттемелер    бойынша   банк активтерінің  сапасына  және  кредит  тәуекелінің деңгейіне    талдау    жүргізеді,     банктік    қаржы жағдайына     кредиттік     тәуекелдің     әсер    ету дәрежесін айқындайды.

Банктің    кредит  бөлімшесінің     қызметкерлері мүдделер     қайшылығы     тәуекелін     шектейтін рәсімдерді      сақтау      арқылы      функционалдық міндеттерін жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет кредит    бөлімшесі    қызметкерлерінің  мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін саясатты және рәсімдерді сақтауына тексеру жүргізеді.

Басқарма жаңа банк қызметтерін банктің ұсынуына   немесе   экономиканың   жаңа   секторлары   не аймақтарына банк қызметін көрсетуге байланысты кредит тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі  заем   беру   туралы шешім         қабылдайтын         банктің         басшы қызметкерлерінің    банктің    ішкі    ережелерінде айқындалған         лауазымдық         өкілеттіктеріне сәйкестігін тексереді.

Заем беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ереже   заем беру туралы   шешім   қабылдайтын    өкілетті   тұлғаға білікті және кәсіби талаптарды айқындайды.

Кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу саясаты:

банк  заемы   шарттарында   міндетті   көрсетілуге, оның      ішінде      заемшыға      заем       бойынша міндеттемелерін  уақтылы  және  толық  орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін қаржы ережесі және    өзге   де    мәліметтер    туралы    ақпаратты заемшының ашуына жататын талаптарды;

Қазақстан Республикасының резидент еместерін кредиттеу    кезінде    -    шетел    мемлекеттерінің заңнамаларына       құқықтық       сараптау       жүргізуді айқындайды.


Директорлар     кеңесі     мынадай     критерийлерді бекітеді:

заемшының есеп саясатының қолданылып жүрген есеп       және       есеп       беру       стандарттарына, заемшылардың               қаржылық               есептерінің шынайлылығына сәйкестігін бағалау;

заемшының бас және еншілес ұйымдарының қаржы жағдайын бағалаудың дұрыстығын бағалау;

заемшының   беделі   мен   іскерлік   бет-бейнесін

 бағалау;

заемшының   технологиялық   өндіріс   саласының жағдайын және тиімділігін бағалау;

заемшының     заем     құралдарын     пайдалануын тексеру.


Мынадай факторларды ескере отырып, заемшының заемды өтейтін дерек көздерін тексеру:

өндірістік   перспективалары,   сату   динамикасы, қысқа мерзімді активтерінің сапасы,

борышқа        қызмет        көрсетуге        қойылатын талаптармен  салыстырғанда    борышты    өтеуге бөлінуі мүмкін кірістің сомасы; заемшының      бизнес-жоспарының      тиімділігін бағалау;


Заемшы   мониторингінің   саясаты   мен  рәсімдері банктің:

заңды тұлғалардың, оның ішінде жылжымайтын мүлікке      берілген      заемдар      бойынша заемшыларға қаржылық талдау жүргізу;

қаржы    есептеріндегі    деректерді    жинау    және талдау негізінде заемшының қаржы жағдайындағы өзгерістерді қадағалау;

қаржылық   талдау   арқылы   заем   қаражаттарын пайдалану тиімділігін тексеру;

баланстық  және   баланстан   тыс   операцияларды қоса алғанда,   банктің меншікті капиталынан бес процент асатын соманың тәуекелдерін тексеру; оның  бас   және   еншілес  ұйымдарын   ескере отырып, заемшының шоғырландырылған кредит тәуекелін тексеру тәртібін айқындайды.


Қаржы             жағдайы             қанағаттанарлықсыз заемшылардың мониторинг саясаты:

"қаржы   жағдайы   қанағаттанарлықсыз заемшы"  ұғымын, оның ішінде активтерді жіктеу бойынша уәкілетті органның    нормативтік    құқықтық    актілерінде көзделген         қаржы         ережелерін         бағалау критерилеріне сәйкес келетін ұғымды;

қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз    заемшыға берілген заемдарды бақылау әдістерін;

жоғары     тәуекелмен     күмәнді     және     үмітсіз заемдарды өндіріп алу әдістерін;

заемдары жоғары    тәуекелмен    күмәнді    және үмітсіз     болып жіктелген, заемшылар туралы банк филиалдарын ақпараттандыру тәртібі;

тәуелсіз эксперттерді немесе аудиторларды тарту арқылы, қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз   заемшының қаржылық және өндірістік қызметінің көрсеткіштерін ай сайын қадағалау тәртібі,

заемдары    жоғары    тәуекелмен    күмәнді    және үмітсіз     болып     құрылымдалған    жоспарды әзірлеу жөніндегі шаралар.


Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
қамтамасыз      етудің      жеткіліктілігін     есептеу жөніндегі ережені (мысалы, кредит құнының кепіл құнына коэффициенті, кепілді қайта бағалау);

заемшының өндірістік қызметі көрсетікіштерінің өзгеруін,   қамтамасыз   етудің   сақталуын,   оның ішінде   төтенше   жағдайларға   ұшырампаздығын ескере отырып қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалаудың шұғыл әдістерін;

кепіл затын тексерудің кезеңділігін;

кепіл түрінде берілген, атап айтқанда кредиттік желілер, аккредитивтер және кепілдіктер бойынша жылжымайтын     мүлік     сатып     алуға     заңды тұлғаларға        берілген        заемдар        бойынша жылжымайтын      мүлікті      қайта      бағалаудың кезеңділігін;

өтегенге дейін кепіл ретінде ұсталатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалаудың кезеңділігін;

гаранттың       қаржы       жағдайын       бағалаудың кезеңділігін      және      әдістерін      айқындайтын қамтамасыз      етудің      жеткіліктілігін      бағалау рәсімдерінің тиімділігін кезең-кезеңмен талдайды;


Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу


Қосарланған бақылау жүйесі:

фронт- және бэк-офистерді бөлуді;

бэк-офистің      фронт-офис     операцияларының жағдайын уақтылы тексеру мүмкіндігін;

қосарланған   бақылау   жүйесі   қатысушылары арасындағы     ықтимал     келісімдерді     шектеу шараларын;

тәуекелдер      мониторингі      мен      кастодиан қызметін  жүзеге  асыратын  фронт-  және  бэк-офистерде   және   бөлімшелерде   бір   тұлғаның ұқсас қызметтік міндеттерді бір мезгілде орындауына тыйым салуды қарастырады.


Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және банк кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен айла-әрекет жасау және тәуекелді қабылдау жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында банк операцияларын тексереді.

Банктің   қаржы   құралдарын   сатып   алу/сату бойынша   операцияларын   қамтамасыз   ететін техникалық жүйесі бар.

Банктің ақша және қаржы құралдары бойынша есептер жүргізуге арналған техникалық жүйесі бар.

Банктің      тәуекелдерді      басқаруға      қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар.

Ішкі     аудит    қызметі     және     сыртқы аудиторлар тәуекелдерді            басқару бөлімшесінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге жауап    беретін   банктің    бөлімшесі    ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы кұралдары   бойынша   банк   айқындаған   әділ құнның дұрыстығына мониторинг жүргізеді.

Директорлар кеңесі кезең-кезеңмен  жиынтық лимитті және   "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды.

Қаржы  құралдарын  сатып  алу/сату  бойынша операцияларды       жүзеге       асыратын     банк бөлімшесі  банктің басқармасына қаржы құралдары бойынша банк позициясын ұсынады.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді  және "stор   - loss"   лимиттерін белгілеу  ережелерін     айқындау  рәсімдерін белгілейді.

Басқарма  немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган шетел валюталарының әрбір түрлері және     барлық     валюталар     бойынша     спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында        қабылданған        позициялар бойынша лимиттерді белгілейді.

Активтер мен міндеттемелерді  басқару   бөлімшесі   спот   және форвард    операцияларын    өтеу    мерзімдерін басқару   үшін   активтер   мен   міндеттемелерді өтеу    мерзімдерінің    күн    сайынғы    кестесін пайдаланады.

Директорлар   кеңесі   инвестициялық   саясатты бекітті, ол: инвестициялау       мақсатын,       инвестициялау операцияларын,   сондай-ақ   инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін   бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;

құпия        ақпаратты        пайдалану        арқылы жүргізілетін    операцияларға    рұқсат    бермеу мақсатында        кредиттеу        функцияларынан инвестициялық           операциялар           жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін;

қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет   мақсаттары   бойынша   инвестициялық критерийлерді айқындайды.


Басқарма      банктің инвестициялық операцияларының   күнделікті   мониторингінің рәсімдерін бекітті.

Инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар     туралы     есеппен     бірге мониторинг       нәтижелері       басқарма       мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады.

Тәуекелдерді      басқару      бөлімшесі      қаржы құралдарының,    эмитенттің        түрі,    айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары   бойынша   банктің   инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.

Құрылымдау рәсімдері:

айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар     портфеліне     қайта     бағалау жүргізуді;

жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін     қаражаттарды,     кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы      нәтижелеріне      бағалау      жүргізуді қарастырады.


Банк олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан                                       болған кірістердің/шығыстардың  өзгерістеріне  талдау жүргізеді.

Активтерді    және  міндеттемелерді     басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган :
активтерді  және     міндеттемелерді басқару мәселелерін қарайды;

тәуекелдерді  басқару, басқару  бөлімшесімен  өзара  іс-әрекет жасайды;

баланстық   және   баланстан   тыс   операциялар бойынша өтімділік тәуекелін, процент тәуекелін және валюта тәуекелін апта сайын бақылайды;

өтімділік тәуекелі,  процент  және  валюта тәуекелдері, сатып     алу/сату     операцияларының     түрлері және динамикасы бойынша банктің позициясы туралы басқармаға апта  сайын,   директорлар   кеңесіне   ай   сайын ақпарат береді;

берілетін заемдер және тартылатын депозиттер бойынша    сыйақы    мөлшерлемесін         белгілеу жөнінде ұсыныстар береді.


Тиісті функциялары және өкілеттіктері бар Басқарма немесе басқа алқалы орган банктің қажетті өтімді активтер мөлшерін қалыптастыру қабілеттілігіне ықпал ететін ақпараттарды алады және талдайды

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшелері және/немесе алқалы орган тиісті функциялары және өкілеттіктеріне сәйкес оларды берілетін займдарды қамтамасыз ету ретінде тез кепілдікке беру үшін қажетті өтімді активтердің деңгейін айқындайды және қолдайды.

Активтер      мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесі өтімді активтерді, оның ішінде  спот, форвард және своп операцияларын қабылданған халықаралық практикада жүргізу нәтижесінде ұлттық     және     шетел     валюталарын     тартудың дерек көздеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Активтер       мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган:

күн   сайын  тұрақты  түрде     ақша  ағынының кестесін   жасайды   және   таяудағы   он   жұмыс күніне      қолма-қол      ақша      бойынша      гэп-позицияның мониторингін жүргізеді;

үнемі   (  мысалы,   апта  сайын)   есеп   айырысу күніне   сәйкес,   активтер   мен   міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің кестесін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде қолма-қол    ақша    бойынша    гэп-позициясына мониторинг жүргізеді;

мониторингті   және   әрбір   валюта   бойынша ұлттық      валютаға      немесе      басқа      шетел валютасына    айырбастамай    қолма-қол    ақша жөніндегі    гэп-позицияны    басқаруды    жүзеге асырады.



Банк баланстан тыс банк операцияларын өтеудің болжанған көлемін ескере отырып өтімділікке бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бас басқа алқалы орган басқа банктерден  өтімді  активтерді жинақтау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша    бойынша   гэп-позицияның  лимиттерін белгілейді.

Активтер      мен   міндеттемелерді   басқару бөлімшесі банктің өтімді активтерді жинақтау қабілетінің өзгеруін ескере отырып, қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге үнемі шолу жүргізеді.

Банк  күнделікті   банк   операцияларын  әрбір жұмыс күні жинақталуға тиіс ақшаның қажетті сомасы өтімді активтерді тартудың күнделікті сомасынан аз ғана асатын банк операцияларын жүзеге асырады.

Банк үнемі өтімді активтердің дерек көздерін  (ішкі және   сыртқы   дерек көздері)   тартудың   және   олар тартылған      негізде      операциялар      түрлерін түрлендірудің мониторингін жүргізеді.

Банк         үнемі         шетел         валютасындағы міндеттемелерді       өтеуге       қажетті       шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру мүмкіндігіне мониторинг жүргізеді.

Активтер      мен       міндеттемелерді       басқару бөлімшесінің    және/немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы органның:

валюталық   бағамдардың өзгерістерін    талдау үшін қосымша жүйесі бар;

валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдықты айқындау үшін, тәуекелдің валюталық құралдарының құнына бағалау жүргізілетін ашық валюталық позицияны немесе моделдерді үнемі талдайды.


Банктiң операциялық қызметiне, ақпарат жүйесiнiң

және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне қамтамасыз ету




Ішкі рәсімдер реттейді:

банктің     өндірістік     қызметіне     басшылықты қамтамасыз ететін бөлімшені;

банк    операцияларын    жүргізудің    техникалық тәртібін;

банк операциясының бухгалтерлік есебін;

банк операциясына қосарланған бақылауды және олардың есебін реттейді.


Банк     кассадағы     ақшаны     сейфте     (қоймада) сақталатын журнал жазбаларымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Банк кассадағы қолма-қол ақшаның артық (кем шығу) жағдайын тексереді.

Банк банкоматтардың     қолма-қол     ақшамен қамтамасыз          етуіне          жауап          беретін қызметкерлердің   жұмысына   бақылау   жасауды жүзеге асырады.

Ішкі         аудит       қызметі         депозиттерді қабылдау/орналастыру, дебиторлық/кредиторлық берешек   бойынша   операцияларды   жүргізудің техникалық    операциясын    олардың    сақтауын бағалау мақсатында жарты жылда кемінде бір рет бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

Банктің деректерді электрондық өңдеу   жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуіне қатысты ережелері мен нұсқаулықтары бар.

Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді  өңдеу мәселелеріне жауап    беретін    банк    қызметкерінің    жұмыс саласына   сәйкес    біліктілігі   және   тәжірибесі болады.

Тексерулерді  ішкі  аудит  қызметі  басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулердің нәтижелері  туралы  басқарма  мен  директорлар кеңесіне үнемі хабарлайды.

Ақпараттық     қамтамасыз      ету      бөлімшесінің автоматтандырылған  банк  жүйесіне  кіру және шығу   кезінде  рұқсат алу  деңгейін   тексеру жүйесі бар.

Басқарма    маңызды    кілттерді,  оның    ішінде деректердің  ақпарат  базаларына     электрондық кілттерді   бақылау   жөніндегі   рәсімдерді   және ақпараттық     қамтамасыз      ету      бөлімшесінің жауапкершілігін бекітті.

Рәсімдер:

Дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет      көрсетулерін       қамтамасыз       ететін сертификатталған    бағдарламалық    қамтамасыз етудің;

өрт         қауіпсіздігінің,         сейсмологиялық орнықтылықтың    талаптарына    жауап    беретін деректердің    ақпарат    базасының    техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;

автономды электр қуатының;

резервтегі        компьютерлер        мен        желілік коммуникациялардың  міндетті     түрде   болуын қарастырады.


Банк     үнемі     деректердің     жүйелік-маңызды бағдарламалық    файлдар    мен    файлдардың резервтік көшірмелерін қалыптастырады.

Төтенше жағдайлар компьютерлік орталықтар және филиалдар үшін жүйе жүмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы ережелер мен нүсқаулықтарды қарастырады.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық   проблемалар   есебінің   парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізіледі.

Ақпараттық           қамтамасыз     ету     бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы     ақпарат    жүйесін     дайындаушыларға хабарлайды      және      олардың      қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.

Ақпараттық   қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

Рәсімдер:

рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;

рұқсат алу тәртібі;

ақпарат деректеріне рұқсатты бақылау тәртібі;

ақпарат деректеріне  рұқсаты  бар  тұлғалардың тізбесі.


Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет деректердің автоматтандырылған базасының   жұмыс   істеуін   қамтамасыз   ететін техникалық кешендерді тексереді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жағдайы туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

Ақпараттық       қамтамасыз       ету       бөлімшесі деректердің       автоматтандырылған       базасын басқару          терминалдарын          пайдаланудың мониторингін   жүргізеді   және   сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

Банкте        пайдаланушының        жеке        басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйе бар.

Банкте  Интернет коммуникациялары бойынша қаражатты      аудару      жөніндегі      қызметтерді үсынған кездегі қауіпсіздіктің кешенді шаралары бар.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі жүйелік проблемалар салдарынан пайда болған нақты алынған залал бойынша деректерді жинақтауды және есепке алуды жүргізеді және олардың қайта туындамауының алдын алу шараларын қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет