Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359



бет9/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Дегенмен, бұл шараларды әзірлеу және іске асыруы басшылықтың жауапкершілігінің сонғы саласы болып қалады: консультативтік функция негізгі міндеттерді немесе ішкі аудит қызметінің жауапкершілігін және тәуелсіздігін орындауға кедергі болмайтын қосымша міндет болып табылады.




Ішкі аудит қызметінің кейінгі қорытындыларында ішкі бақылауды жақсарту жөніндегі жетіспеушіліктер мен кемшіліктерге және ұсыныстарға қатысты ұсынымдары бар.




Әрбір ішкі аудитордың кәсіби құзыреті, сондай-ақ оның ынталандыруы және үздіксіз оқытуы ішкі аудит қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін қажетті талаптары болып табылады.




Кәсіби құзыреті аудитордың атқару рөлінің сипатын және ақпаратты жинауға, талдауға, бағалау мен байланыста болу қабілетін ескеруімен бағаланады.




Ішкі аудит қызметі бөлімдердің және еншілес кәсіпорындарының қызметін, сондай-ақ сыртқы мердігерліктерді тартуымен қызметін қоса отырып банк бөлімшелерін тексереді.




Ішкі аудит және ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау енгізеді.




Ішкі аудит қызметі мыналарды бағалайды:

банктің саясатты сақтау және тәуекелді бақылау;

қаржылық және басқару ақпараттың сенімділігі мен уақтылығы (тұтастығын, дәлдігін және толықтығын қоса отырып);

электронды ақпараттық жүйесі жұмысының үздіксіздігі мен сенімділігі;

кадрлар бөлімінің жұмыс істеуі;

Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының және ұйымдық құрылымы және банктерді басқару туралы уәкілетті органның әдістемесін, принциптерін, ережелері мен нұсқауларын қоса отырып банктің банк операцияларына қатысты ішкі ережелерінің болуы.






Банк меншік капиталын бағалау рәсімдерін тексеру үшін жауапты тұлғаны немесе департаментті айқындайды.




Ішкі аудит қызметі туралы ереже мыналарды белгілейді:

ішкі аудит қызметі қызметтерінің мақсаты мен саласын;

ұйымдағы ішкі аудит қызметінің мәртебесін, оның өкілеттігін, басқа қызметтермен міндеттері мен қатынастарын;

ішкі аудит қызметінің есеп берушілігін.






Ішкі аудит қызметі туралы ережесін Директорлар кеңесі бекітеді.




Ішкі аудит қызметі туралы ережесінде басшылық бастама құқығын ұсынады және ішкі аудит қызметінің қызметкеріне банктің кез келген қызметкеріне тікелей кіруге, кез келген қызметті немесе банктің кез келген бөлімшені тексеруге, сондай-ақ басқару ақпаратты және өз міндеттемелерін орындауға жататын органдардың барлық консультативтік және қабылданатын шешімдердің хаттамаларын қоса отырып кез келген жазбаларды, досьені немесе банктің деректерін алуға рұқсат беріледі.




Ішкі аудит қызметі туралы ережесінде ішкі аудит қызметі консультациялық қызмет көрсетулерге немесе басқа арнайы тапсырмаларды орындауға тартылуы мүмкін талаптарды көздейді.




Ішкі аудитке сонымен қатар:

мақсаты – бухесеп жүйесінің және ақпараттар мен солардың негізінде жасалған қаржылық есептердің сенімділігін бағалау болатын қаржы аудиті;

мақсаты – заңдардың, шағын заң актілерінің, әдістемелер мен рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған жүйелердің сапасы мен сәйкестігін бағалау болатын сақтау аудиті;

мақсаты – басқа жүйелер мен рәсімдердің сапасы мен сәйкестігін бағалау, ұйымдық құрылымды талдау және жүктелген міндеттерді орындау үшін

жеткіліктілікті бағалау болатын операциялық аудит;

мақсаты – банктің алға қойған мақсаты шеңберінде тәуекел мен бақылауға менеджмент көзқарасының сапасын бағалау болатын менеджмент аудиті жатады.






Ішкі аудит қызметінің басшылығы барлық тапсырылған міндеттерді орындау жоспарын дайындайды.




Аудит жоспарына ішкі аудит бойынша жоспарланған жұмыстың кестесі мен мерзімділігі жатады.




Аудит жоспары тәуекелдерге бақылау жасаудың әдістемелік бағасына негізделген.




Тәуекелдерді басқаруды бағалауда ішкі аудитордың банктің негізгі қызметі мен оған байланысты тәуекелдерді қабылдауы құжаттандырылады.




Ішкі аудит қызметінің басшылығы тәуекелдерді бағалау әдістемесінің принциптерін жазбаша белгілейді және қызметтің жаңа бағыттарын есепке ала отырып, ішкі бақылау жүйесіндегі немесе жұмыс процесіндегі өзгерістерді көрсету үшін оларды тұрақты түрде жаңартып отырады.




Тәуекелдерді талдау кезінде қызметтің бағыттары мен банктің бөлімшелері, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі тексеріледі.




Тәуекелдерді талдау нәтижелерінің негізінде қызметтің әрбір түріне тән тәуекелдер дәрежесін ескере отырып бірнеше жылға аудит жоспары дайындалады.




Жоспарда күтілетін әзірлемелер мен инновациялар ескеріледі, әдетте қызметтің жаңа түрлері кезінде тәуекелдің барынша жоғары дәрежесі және ақылға қонымды мерзімде аудитті қамту ниеті қызмет пен бөлімше түрлерінен маңызды.




Аудит жоспарына арнайы тексерулер, қорытынды шығару мен оқыту сияқты басқа міндеттерді орындауға арналған уақыт жатады. Бұл жоспарға штатты толықтыру мен басқа қажеттіліктерге арналған қажетті ресурстар атап көрсетілген бөлім де кіреді.




Аудит жоспарын ішкі аудит қызметі жасайды және Директорлар кеңесі бекітеді.




Аудиттің әрбір міндетін орындау үшін аудит бағдарламасын дайындау қажет. Аудит бағдарламасында аудитті жүргізу мақсаттары жазылады.




Аудиттің міндеттерді орындауының барлық рәсімдері қорытындыдағы бағалауға акценті бар жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсетілген сәйкес жұмыс құжаттарымен ресімделеді.




Әрбір тапсырма бойынша жазбаша аудиторлық қорытынды дайындалады.




Аудиторлық қорытындыда аудиттің мақсаты мен ауқымы баяндалады. Онда сондай-ақ тұжырымдар мен ұсынымдар бар.




Банк басшылығы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету керек.




Ішкі аудит қызметі оның ұсынымдарының орындалуын қадағалайды және корпоративтік тетігіне байланысты банк басшылығына, Директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет есеп дайындайды.




Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудит стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.




Атап айтқанда, ішкі аудит қызметінің басшысы аудит жоспарын, ішкі аудит қызметі жұмысының бағдарламасын, әдістемелері мен рәсімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.




Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен оларды оқытуды және қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етеді.




Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі және ішкі аудит қызметінің мақсатына жетуі жөнінде оған кеңес береді, оның ішінде басшылыққа және/немесе директорлар кеңесіне аудит жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат береді.




Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің ұйымдастырылуын (қызметкерлерге қатысты тәрізді, басқа қатынастарда да), аудит жоспарын, істелген жұмыс туралы есептерді, ішкі аудит қызметі ұсынымдарының қысқаша мазмұны мен олардың орындалуымен болатын іс жағдайын қарастырады.




Банк ішкі аудит қызметінің анықтаған жөнсіздіктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға бақылау (қайтадан тексеру жүргізуді қоса отырып); ұсынымдарды орындау және анықталған жөнсіздіктерді жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты ішкі аудит қызметінің жарты жылда кемінде бір рет директорлар кеңесіне, атқарушы органға беру тәртібін белгілейді.




Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді.

Банктің директорлар кеңесі комплаенс қызметі мәселелерін тиімді шешуді банк Басқармасы арқылы қамтамасыз ете отырып, жауап береді. Директорлар кеңесі осы өкілеттіктерді директорлар кеңесінің жанындағы тиісті комитетке бере алады.






Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және Директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады.

Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқарудың негізгі принциптерін басқарманың және банк қызметкерлерінің сақтау қажеттігі көрсетілген комплаенс-тәуекелділікті басқару саясатын әзірлеуге жауап береді.

Басқарма комплаенс-тәуекелін басқару саясатын сақтауды қамтамасыз етеді және комплаенс-тәуекелі анықталған жағдайда түзету және тәртіптік шаралар қабылдайды.

Банк басқармасы комплаенс-қызметімен бірлесіп:

жыл сайын комплаенс-тәуекелінің пайда болуы проблемаларын бірегейлендіреді және бағалайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекітеді. Іс-шаралар Жоспарында комплаенс- тәуекелін басқарудың кемшіліктері, комплаенс-тәуекелін тиімді басқару үшін ішкі саясатты және рәсімдерді қайта өңдеу қажеттілігі көрсетіледі;

жыл сайын комплаенс - тәуекелін басқарудың тиімділігі туралы директорлар кеңесін хабардар етеді;

Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтамау нәтижесінде іскер беделді жоғалтуға немесе шығындарға алып келуі мүмкін кез-келген операциялар туралы директорлар кеңесін дереу хабардар етеді.





Комплаенс қызметінің комплаенс - тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс - тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар;

банк шегінде ресми мәртебесі, тиісті жағдайы, өкілеттігі және тәуелсіздігі бар.

Комплаенс-бақылаушыны қызметке директорлар кеңесі тағайындайды.

Комплаенс қызметі туралы ереже сонымен бірге мыналарды көздейді:

комплаенс-бақылаушының банктің директорлар кеңесіне есептілігін;

комплаенс қатысушыларының комплаенс - тәуекелді басқару бөлігінде комплаенс-бақылаушыға есептілігін;

комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының міндеттері мен өкілеттілігін;

комплаенс-бақылаушының және комплаенс қатысушыларының комплаенс - тәуекелді басқару бөлігі бойынша оларға жүктелген жұмыстар бөлігіндегі тәуелсіздігі;

комплаенс қызметінің банктің басқа бөлімшелерімен және ішкі аудит қызметімен өзара қарым-қатынасы;

комплаенс - тәуекелін басқару саясатын бұзу мүмкіндігін анықтау және тексеру жүргізу құқығы және осы міндетті орындау үшін ішкі және сыртқы мамандарды қамту;

тексерулерінің нәтижелерін банк басқармасына ашық көрсету және ашу құқығы және қажет болғанда банктің директорлар кеңесіне білдіру құқығы.

Комплаенс қызметі банктің кез-келген бөлімшесімен өз жеке ұсынысы бойынша ынтымақтастық орнатуға және өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез-келген файлдар мен есептерді алуға құқылы.






Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек.

Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, өз міндеттемелерін орындау үшін кәсіби және жеке қасиеті болу керек.

Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамаларын, банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін білуі керек.





Комплаенс - бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының кәсіби дағдылары банк тарапынан тұрақты және жүйелі оқытумен көтермеленіп отырады.




Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды:

банк қызметінің, сондай-ақ оның қызметкерлерінің қаржы рыногындағы іс-қимылы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;

банк қызметкерлерінің банктің ішкі құжаттарымен, банктің қаржы рыногындағы қызметі мәселелері бойынша басқару органдарының шешімдерімен белгіленген қаржы рыногындағы қызметті, қаржы рыногындағы операцияларды (мәмілелерді) жүргізу стандарттарын жүзеге асыру ережелерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;

дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, банк қызметкерлерінің қаржы рыногындағы банктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуін, банктің ішкі құжаттарын бұзу фактілерін зерттейді;

дербес немесе банктің басқа бөлімшелері және лауазым иелерімен бірлесе отырып, клиенттер мен контрагендердің мәмілелер (операциялар) бойынша банктің немесе жекелеген қызметкерлерінің олардың қаржы рыногындағы банк қызметі жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі іс-қимылына шағымдарын тексереді;

дербес немесе банктің басқа бөлімшелерімен және лауазым иелерімен бірлесе отырып, қызметтері қаржы рыногындағы операциялармен (мәмілелермен) байланысты банктің жекелеген қызметкерлері және бөлімшелерінің жұмысында анықталған тәртіпсіздіктер және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ аталған бөлімшелердегі жұмысты оңтайландыру бойынша ұсынымдарды әзірлейді және басшылыққа ұсынады;

қызметкерлердің қызметтік міндеттерінің тізбесін ескере отырып, қаржы рыногындағы банк қызметін реттейтін, банктің ішкі құжаттарының талаптарымен банктің барлық қызметкерлерін таныстыру бойынша банктегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылайды;

нақты операциялардың (мәмілелердің) немесе олардың бөліктерінің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларына және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарына сәйкес келуіне қатысты сұратулар бойынша кеңестер береді;

компленс-тәуекелдің мониторингі жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері компленс-тәуекелді басқарудың ішкі рәсімдерімен сәйкес есеп түрінде ұсынылады;

туындайтын проблемаларды шешуде өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне, комплаенс-тәуекелдің туындауына байланысты проблемалар бойынша қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады;

ішкі саясат пен рәсімдерді бекіту арқылы компленс-тәуекел туралы банк қызметкерлері үшін ішкі басшылықты әзірлейді. Комплаенс қызметінің ағымдағы есеп беру тәртібі банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.

Комплаенс-бақылаушы банк басқармасын хабардар етеді:

қызметкерлердің Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамаларын және қаржы рыногындағы кәсіби қызмет стандарттарын, банктің қаржы рыногындағы қызметін реттейтін банктің ішкі құжаттарын бұзу туралы анықталған жағдайлар жайлы;

банктің тексеруші бөлімшелерінің басшыларының жол берілген тәртіп бұзуларды жою және олардың қорытындысы туралы не осындай қабылданған шаралары туралы;

жыл сайын компленс-тәуекелді бақылау туралы банктің Директорлар кеңесіне есеп береді.

Комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушылары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде:

әрбір тексеру фактісіне толық құжаттама жасауды қамтамасыз етуді және тексеру барысында қаралған барлық мәселелерді көрсететін тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды, анықталған жөнсіздіктер мен қателерді, оларды жою жөніндегі ұсынымдарды ресімдеуді қамтамасыз етуді;

бақылау барысындағы атқарылған жұмыстың және жүргізілетін тексерудің барысына, сондай-ақ олардың нәтижелерінің дұрыстығына сенуге мүмкіндік беретін құжаттардың болуын қамтамасыз етуді (не құжаттың сақталынып тұрған жері туралы ақпарат);

тиісті бөлімшелерден алынған құжаттардың сақталуын және қайтарылуын қамтамасыз етуді;

алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауды;

кемшіліктерді жою үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ жекелеген қызметкерлердің жұмыстарына талдау жасау мақсатымен тексерулердің корытындысы бойынша банк басшылығына және банктің сәйкес бөлімшелеріне қорытынды ұсынуға.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет