Процессті ұйымдастыру элементтері
|
Күшті
|
Қабылдауға болатын
|
Әлсіз
|
Өтімділікті басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу)
|
Ішкі құжаттарда сипатталған өтімділікті басқару процесстерін оңтайландыруы тұрақты негізде (банктің сыртқы және ішкі ортасының өзгеруіне қарай) жүргізіледі. Процессі банктің стратегиясын, бизнес –жоспарын, тәуекелдер мен басқа технологиялық процесстерді басқару бойынша саясатты әзірлемумен байланысты болады.
|
Кезеңдік негізде жүргізіледі, банк өтімділігін басқарудың ерекшелігін ескеретін ішкі құжаттарды әзірлеуді қамтиды. Өтімділік деңгейін басқару және бақылау саласындағы саясат оны іске асырудың мәдістемелік қамтамасыз етуін білдіретін стандарттарды және нұсқаулықтарды қамтитын ішкі құжаттармен қамтамасыз етілген.
|
Уақыт ауқытымен жүргізіледі және өтімділік деңгейін басқару және бақылау процедураларын сипаттайтын ішкі құжаттардың әзірлеуі мен бекітуін қамтиды.
|
Директорлар кеңесі мен Басқарма
|
Басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтап, бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен банк басқармасы тәуекелдің басқаруына белсенді қатысады және тиісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорларк еңесі оларды түсінеді, талдайды және бекітеді.
Директорлар кеңесі және басқарма өтімділік тәуекелінің барлық аспектілерін түсінеді. Басқарма нарықтық өзгерстерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді.
|
Жалпы Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің мониторингін және бақылауын барабар жүзеге асырады, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді. Басқарма тиімді жұмыс істейді, өтімділік тәуекелін анықтайды және әрекет етеді.
Директорлар кеңесінің және басқарманың өтімділік тәуекелін басқаруға қатысты жұмысында кейбір кемшіліктер байқалады, бұл пробемалар мойындалады және шешіледі.
Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін ақылға сыйымды түсініп, нарықтық өзгерістерген барабар әрекет етеді.
|
Директорла кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың қанағаттанарлық процессінің болуын қамтамасыз етпейді. Өтімділік тәуекелін басқару саясаттары мен процедуралары барабар емес, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілетін танытпайды. Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін толығымен түсінбейді немесе елемеуге тырысады. Басқарма нарықтық өзгерістерді алдын ала болжамайды және оған қарсы уақтылы және қажетті шараларды қабылдамайды.
|
Өтімлік тәуекелін басқару саясаты
|
Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді тиімді регламенттейді. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына қатысты уақтылы және жеткілікті ақпаратты алады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері ықпалын төмендетуге бағытталған.
|
Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді барабар регламенттейді. Аздаған кемшіліктер болуы мүмкін. Директорлар кеңесіне ұсынылатын кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады.
Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар барабар болып табылады, бірақ жетілдіруді және директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылауды талап ететін кейбір бағыттары бар.
|
Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат барабар емес немесе құзырлы емес. Саясаттың бір немесе екі маңызды параметры бойынша кемшілігі бар. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына мониторинг жүргізуге және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма өзінің проблемаларды шешу қабілеттілігін танытпайды.
|
Өтімділік тәуекелін бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау процесін регламенттейтін ішкі құжаттар
|
Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады.
Саясаты ұзақ уақыт бойынша тиімді жұмыс тәжірибесімен салауатты мәдениетін танытады.
|
Жалпы өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады.
Қабылданған тәуекелдің күрделілігіне байланысты елеусіз кемшіліктердің түзетілуі оңай.
|
Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімсіз болып табылады.
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді.
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін.
|
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес, өйткені банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермейді немесе болмауы мүмкін. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін.
|
Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат
|
Басқару ақпарат жүйесі өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы уақтылы және барабар ақпаратты береді.
Директорлар кеңесі және басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінің талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады.
|
Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етеді, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі өтімділік тәуекелінің кескінің талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі тәуекелдің шоғырлану нүктесі мен өсуін барабар белгілейді және уақтылы, нақтылы және тиімді ақпаратты ұсынады.
|
Басқару ақпарат жүйесінің назар салуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Соның салдары ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінің талдау және түсіну үшін тиісті немесе жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін.
|
Өтімділіктің жағдайын бағалау және жоспарлау үшін қолданылатын ақпарат
|
Банк балансында көрсетілетін банк операцияларына ілесіп жүретін өтімділік тәуекелін өлшеуге мүмкіндік беретін ақпаратты жүйелер мен аналаитикалық процедураларды пайдаланады.
Басқару ақпарат жүйесі банктің талаптары мен міндеттемелері бойынша толық ақпаратты ұсынады, тарихи деректерді қамтиды.
|
Қажетті ақпарат ақпараттық базаларда сақталады, божамдау процесіне қатысатын қызметкерлерге қажетті көлемде қол жетімді болады.
Бұл ретте банк тарихи деректерді өтеудің және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін пайдаланады.
Банкте ықтимал шығынға жазулардың және күн ішінде ақша қаражатының түсімдерінің стаистикалық бағалауын басқа факторларды ескере отырып, жүргізу үшін тарихи деректердің жеткілікті көлемі бар.
|
Жекелеген қызметкерлерге қол жетімді, банк өтімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін тек нақты ақапарат қана пайдаланылады.
Ақапараттың жаңартылуы банктің ішкі құжаттарымен регламенттелмеген.
|
Банктегі өтімділік тәуекелі басқарудың әр кезеңіндегі қызметті автоматтандыру деңгейі
|
Ақпараттық технологиялар бизнес-процесстерге енгізілген, банк жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, оларды толғымен автоматтандырған
Ақпараттық жүйелер өтімділік тәуекелін басқарудың барлық процедураларын жүзеге асыру үшін қажетті нақтылау деңгейімен шынайы ақпаратты қамтиды.
|
Клиенттердің шоттарына(н) қаражаттың алынуының (келіп түсуінің) болжамды мәндерін алу, активтерді өтеу және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін математикалық және статистикалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдерді қолданады.
Ақапраттық жүйелер банктің активтері мен міндеттемелері туралы тарихи деректердің көлемді мұрағатын сақтайды.
|
Жұмыс стандартты офистік Microsoft қосымшалары арқылы жүргізіледі. Жасалған операциялардың есебін жүргізу жүйесі бар.
|
Ішкі аудит қызметі
|
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажетті тәжірибесі мен дағдылары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды.
|
Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды.
Аздаған кемшіліктер оның нәтижелерінің тиімділігіне және сенімділігіне әсер етпейді.
|
Ішкі аудит қызметі өз қызметінің барысында банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін қарамайды.
|
Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтайды және бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді бақаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Өтімділік тәуекелін басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
Орташа – банктегі өтімділік тәуекелін басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Өтімділік тәуекелін басқару стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте өтімділік тәуекелін басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылып анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу бараысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
Жоғары – банкте әлеуетті өтімділік тәуекелін анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының жүйелі бұзушылығы байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухагалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Өтімділік тәуекелін басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менджементі тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.»