Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Шығындар есебінің калькуляциялау объектілері



бет35/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

2.Шығындар есебінің калькуляциялау объектілері.
Тапсырыстар бойынша шығындарды калькуляциялаудың басты тетігі (құжаты) болып, белгілі бір өндірісте немесе көмекші службаларды орындалатын міндеттер немесе әрбір жұмыс түрі үшін арнлған карточкасы( немесе «тапсырысты ашу» немесе наряты тапсырыс) саналады. Жұмыс карточкасының белгілі бір жұмыстарға жатқызылған шығындардың барлық элементері жазылады: запастан (немесе қордан) алынған материалдар, пайдаланылған жұмыс күші, басқа службалардың жұмыстары және көп жағдайда машиналар мен басқа да тұрақты құрал жабдықтарды пайдалануға кеткен тұрақты шығындар. Жұмыс карточкалар толтырылғаннан кейін, сосын олар жалпы жұмыстық кестесінде жинақталады, онда олардың күн бойындағы белгілі бір өндірістік процестер бойынша жасалған шығындардың әртүрлі элеметтері ажыратылып беріледі. Сонымен кезкелген өндірітік жүйеде белгілі бір физикалық нүкте жүйесі бар, олар арқылы ресурстар жүйеге келіп түседі. Шығындарды калькуляциялау кезінде бұл нүктелер «шығындар орталығы» деп аталады, дегенімен де бұл қызмет (немесе іс-әрекет) табысты әр қашанда әкелмесе де, бірақ, ол міндетті түрде анықталуы және тіркелуі тиіс, демек шығындарды талап етіледі.
Кәсіпорынның қаржылық қызметтін жоспарлау міндетті түрде шығындардың негізгі элементтерін, атап айтсақ: материалдарды, жұмыс күшін, ғылыми және техникалық білімн, басқарушылық қабілетін, әртүрлі айнымалы мен түрақты шығындарды енгізеді. Бұндай шығындардың жиынтығы жекелеген шығын элеметтерін біріктірудің нәтижеснде пайда болады (метериалдың белгілі бір түрлерінің шығындардың, жұмыс күшінің біліктілік деңгей және т.б.) және олар ШС ішіндегі әртүрлі шығын орталығына жұмсалады.



  1. Тапсырыстың өзіндік құнының калькуляциясы.

Шығындардың тапсырысты калькуляциялау процедурасы жұмыс карточкаларындағы жазуларға негізделеді. Қазіргі кезде есепті жүйеде шығындар элементтерін де, жұмыс карточкаларында кодтауға болады және шығындарды талдаудың компьютерлендірілген жүйесіне енгізуге болады – яғни тиісті автоматтандырылған жұмыс орындарныда тікелей бекітілген компьтер терминалы арқылы да іске асырылуы мүмкін.
Демек, бұл әдістің мәні мынада: өндірістің жекелеген жұмыстары «сыртқы ынталандыруға» тәуелді болып келеді, яғни тапсырыстың түсімімен анықталады, содан соң жоғарыда баяндалған іс-әрекеттер жүйелілігі басталады, барлық тікелей шығындар (негізгі материалдар шығындары және негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбек ақылары) жекелеген өндірістік тапсырыстарын жекелеген калькуляциялық баптардың бойынша белгіленіп кескініінде есепке алынады. Қалған шығындар олардың пайда болу орындары бойынша ескеріледі және белгіленген бөлу (тарату) базасына (ставкасына) сәйкес жекелеген тапсырыстардың өзіндік құнына енгізіледі.
Осы әдіс кезінде жекелеген өндірістік тапсырысы шығындар есебі мен калькуляциялау объектісі болып табылады, оның нақты өзіндік құны тапсырыстың аяқталу деңгейімен анықталады.
Тапсырысты әдісі бойынша материалдарға, еңбек ақы және үстеме шығындарға байланысты нақты шығындардың бір қатар операциялары жүргізіледі. Осы жазулардың бухгалтерлік регистерлерге жазылуы мен мәнін ШС-нің мысалымен қарастырып көрейік.
Негізгі материалдар да, көмекші материалдарды да есептеу үшін, ШС-нің активті «материалдар» шотын пайдаланады. Бұл шоттың дебеті бойынша материалдардың қоймаға түсуімен сатып алынғандарды кредит бойынша - өндіріске босатылған материалдардың шығысы көрсетіледі.
ШС 45600 ақша бірлігіне (аб) тең сомасына негізгі материалдар, 4100 аб–не көмекші материалдар алды делік. Өзіндік құн бойынша қабылданылған материалдар «материалдар» шотына кіріске алынды:
«Материалдар» 45600
«Төленуге тиісті» шот (немесе «касса») 45600
«Көмекші материалдар» 4100
«Төленуі тиісті» шот (немесе «касса») 4100
Қоймадан материалдарды босату жөніндегі келіп түскен талабы бойынша 94000аб негізгі материалдар және 4800 аб көмекші материалдар босатылды. Босатылған негізгі материалдар құнын «негізгі өндіріс» немесе «аяқталмаған өндіріс» шотына жатқызылып және оны осы заматы тапсырыс карточкаларына 16F – 51900 аб және 23 Н – 42100 аб жазады. Көмекші материалдар құнын «үстеме шығыстар шотына жатқызады:
«Негізгі өндіріс» немесе
«Аяқталмаған өндіріс» 9400
«Үстеме шығыстар» 4800
«Материадар» 98800
Өндірістік жұмысшыларына және басқарушылық әкімшілік персоналдарына есептелінген еңбек ақы үш жазумен (проводкасымен) көрсетіледі. Ең алдымен ШС еңбек ақысы және соған салынатын салық жалпы сомасын, яғни берешегін немесе борышын жазады.
«Еңбек ақы» 120000
«Салық бойынша берешегі» 6360
«Табыс салығының берешегі» 16000
«Еңбек ақы бойынша берешегі» [120000 – (6360+16000)] 97640
Бұл тиісті еңбек ақы чек бойынша төленсе:
«Еңбек ақы» бойынша берешегі 97640
«Касса» 97640
Бұл таталған шығындардың да есебі «материадар» шығындары сияқты «негізгі өндіріс» немесе «аяқталмаған өндіріс» шоттарына жатқызылады. Цехтардың, және басқа да бөлімшелердің басқару персаналының еңбек ақылары сияқты шығындардың жалпы сомасы (жанама шығындар) «Үстеме шығыстар» шоттына жатқызылады:
«Негізгі өндіріс» немесе
«Аяқталмаған өндіріс» 82000
«Жалпы өндірістік шығыстар» 38000
«Еңбек ақы қоры» 120000
Тапысырыстық әдістің жағдайдын қорытатын болсақ, онда біз есепті кезеңде орындалған жекелеген өндірістік тапсырыстар арасында жанама шығындардың (амортизациясының, жалға ақысы, жарықтандыру және жылыту шығындары және т.б.) тартуына байланысты пайда болатын бір қатар мәселерді байқаймыз, атап айтсақ: тапсырысытың бағасын жоспарлау және тапсырыс беруші мен тапсырыс беруші арасындағы келіскен-келісім шарттың орындалуы туралы шаралары, жұмыс барысында пайда болған мәселерімен толықтырылып отыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет