Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері
2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуяциялау Қазіргі кезде бәсекелстік күрестің сипатты, әсіресе халықаралық нарықта, жаңа бағдардың негізінде көріне бастады. Осы бәсекелестің негізгі факторы – технологияның даму деңгейіне байланысты сонымен бірге, тауарлардың қозғалысында қарапайым, капиталдар мен қызмет көрсетулер де, сондай – ақ ақпараттармен алмасуында кездесетін бөгеттер де біртіндеп жойылуда. Бәсекелестік бүтін әлемдік сипатқа ие болып ол жаңа салдар ретінде күшейе түсуде. Осы орайда ШС бірінші кезекте өзінің өнімінің бағасына басты назарды аударуы керек.
Осындай бір шама күрделі деп санауға нарықтық процесте жекелеген тауар өндірушелер үшін дұрыс бағыт табу оңайға түспейді, сонымен бірге, өнімді өндіру мен сату көлемінің өзгерісі бір жағынан, олардың жалпы көлемінде тұрақты шығынның да өсу үлесі, екінші жағынан, әсерін тигізеді, яғни осының бәрі жиналып өнімнің өзіндік құнының әр қилы болуына ықпал етеді, демек бұның әсері табыста да байқалады. Осы тенденцияның біртіндеп күшейуіне байланысты жанама шығындарды тарату нәтижесінде бұрмаланбайтын және кез келген өндіріс көлемі кезінде шығарылған өнім бірлігінде өзгермейтін, бұйымды дайындау және оларды сатумен байланысты шығындарды туралы ақпаратқа, тауар өндірушілердің қажеттілігі артып отыр. Мұндай ішінара толық емес өндірістік өзіндік құн және маржиналдық табыс туралы мәліметтер түрінлегі ақпаратты сату бағасы мен бұйымның ішінара өзіндік құнының арасындағы айырманы-«директ-костинг» жүйесі береді.
Бұл жүйе туралы негізгі идеялар 1936 жылы американдық экономисттер Гаррисон Д. Ч мен Харрисон Джонатанның еңбектерінде де алғашқы рет жарық көрді. АҚШ-та іс жүзінде «директ-костингті» қолдана басталуы 1953 жылы американдық бухгалтерлер ассоциясында қауымдастығында осы әдісті жариялаған кезден бастап бастау алады.
«Директ-костинг» жүйесін тәжрибеде қолданудың бірінші кезеңдердің өзіндік құнға тек тікелей шығындары енгізілді, ал қалған, барлық жанама шығыстар есеп беру кезіндегі қортындысына жатқызылып, есептен шығады, яғни аталған шығын табыстан шегеріледі. Осыдан «Direct – Costing – System» жүйесінің аталуы келіп шықты.
Осы аталған әдістің құндылығы мынада, онда оның табыстың (1) шығыс пен шығындардың (2) және сатылған өнім көлемінің деңгейі (3) өзара байланысты екенін көрнекті түрде баяндап береді.
Сондықтан, біз тікелей шығындарға негізделген басқарушы есеп жүйесі ретінде «директ-костингтің» өзіне тән ерекшеліктерін және мәнін анықтаймыз, есептеу әдістемелерінің қалыптастырамыз, есептік жазулар сызбасын және басқа да мәселелерін зерттейміз.