Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Тақырып 12. Шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі



бет38/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

Тақырып 12. Шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі
шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы


1. Шығындардың толық тарату мен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы және мәні.
2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуяциялау
3. Екі әдістің пайда мөлшер әсерінің салыстрмалы талдауы.


1. Шығындардың толық тарату мен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы және мәні.
Дәстүрлі отандық есеп үшін өндіру және сатумен байланысты кәсіпорынның барлық шығындарын өзіне енгізетін әдісін толық өзіндік құнның калькуляциясы әдісі деп атайды.
Жалпы алғанда есептің бұл жүйесі, әсіресе отардық тәжірибеде өндірістік есеп ретінде қолданылатыны туралы: Безруких П. С., Козлова Е. П., Парашутин В. Ф., Бабченко Т. Н., Радостовец В. К., Кондраков Н. П., Ткача В. И., Палий В. Ф., Сатубалдин С. С., Стукрв С. А. Новодворский В. Д. және басқа да көптеген ғалымдардың еңбектерінде жан – жақты зерттелген.
Калькуляциялаудың бұл жүйесін негізінен күрделі құрылымы бар ірі шаруашылық субъектілерінде қолданылады. Бұл әдістің мәні отандық кәсіби әдебиеттерінде өте жақсы зертелгеніне байланысты, біз оны қысқартылған нысанында қарастырамыз. Бірінші кезекте өндіріске кеткен шығындар есебінің кезеңдерін анықтайық.
Өнімнің өзіндік құнын клькуляуиялау мен шығындар есебінің техникасы мен әдістемесінің барлық айырмасына қарамастан, жалпы алғанда, олар экономикалық тұрғыдан «шығындар - өндіру – табыстар» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асрыуға негізделген. Бұл процесс өзіндік құнды басқару мәселелерін шешуге, яғни өндірістің тиімділігін анықтауға, ресурстардың барлық түрлерін пайдалануын бақылауға, оларды үнемдеу резервтерін іздестіруге бағытталған.ШС өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаупроцесі негізінен келесі кезеңдерден тұрады:

Шаруашылық субъектілерінде калькуляциялау процесі, өнімді сату мен өндіріс шығындарының есебін және жоспарлаудың жалпы әдістемесіе жасау үшін ұйымдастырылады. Ол өнімнің өзіндік құнын есептеудің әдістемелі біртұтастығын қамтамасыз ететін жалпы қағидаларды сақтауды және каькуляциялаудың мәліметтерін талдау үшін бар мүмкіндіктерді пайдалану, сондай – ақ кәсіпорынның жа және оның жекелеген ішкі өндірістік буындарының да жұмыстарын бағалауды талап етеді.
Онда қағидалар болып мыналар табылады:

  • ғылыми негізделген өндіріс шығындарының жіктемесі;

  • шығындар есебінің объектісін калькуляциялау және калькуляциялық бірліктерін белгілеу;

  • жанама шығындарды тарату әдісін таңдау;

  • кезеңдер бойынша шығындарды айыру;

  • өзіндік құнның калькуляциялық бірлігін есептеудің әдістерін таңдау.

Бұл жалпы қағдидалар жекелеген кәсіпорындарда өндірістің ерекшелігі мен саланың спецификасын (немесе өзгешелігін) ескере отырып айқындалады.
ШС – де болатын калькуляциялау процесінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

  • жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің бірліктерінің нақты өзіндік құнын анық есептеу;

  • шығындар нормативтері мен әрекет етуші нормаларды әсер ететін факторларды анықтау;

  • шығындарды алынған нәтижесімен салыстыру жолымен, кәсіпорынның да, жекелеген ішкі өндірістік құрылымның (өндіріс, цехтар, бөлімше, бригадалар) да жұмыс тиімділігін бағалау;

  • өнімнің өзіндік құнын төмендететін резервтерді анықтау және пайдалану т.б.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындар есебінің әдістері деп өнімнің калькуляциялық бірлігін есептеу үшін қолданылатын әдістер жүйесі түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет