Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Қосымша (Сілт: Пар. 1) Өзге АХС-тағы аудиторлық құжаттарға қойылатын ерекше талаптар



бет13/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65

Қосымша

(Сілт: Пар. 1)



Өзге АХС-тағы аудиторлық құжаттарға қойылатын ерекше талаптар

Бұл қосымша айрықша құжаттамаға қатысы бар талаптары бар қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанында немесе сол күнінен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енетін параграфтарды бекітіп қояды. Тізім төменде басқа АХС-тарда берілген аудиторлық құжаттамаға қатысты ерекше талаптар мен сәйкесті қолданысы мен басқа түсіндірмелі мәлеметтер негіздемесі болып шықпайды:

• 210 АХС, «Аудит келісімінің шарттарымен келісу» – 10-12- параграфтар;

•  220 АХС, «Қаржылық Есептілік Аудитінің Сапасын Бақылау» –24- 25 параграфтар;

•   240 АХС, «Қаржылық Есептіліктің Аудитін Жүргізу Кезіндегі Алаяқтыққа Қатысты Аудитордың Жауапкершілігі» –44-47 параграфтар;

• 250 АХС, «Қаржылық Есептілік Аудиті Кезінде Заңдар Мен Нормативтік Актілерді Қарастыру» – 29- параграф;

•   260 АХС, «Басқару Өкілеттігіне Ие Тұлғалармен Қарым Қатынас» – 23- параграф;

•   300 АХС, «Қаржылық Есептіліктің Аудитін Жоспарлау» – 12- параграф;

• 315 АХС, «Субъектіні Жəне Оның Ортасын Білу Негізінде Елеулі Бұрмалаулардың Тəуекелділігін Анықтау Мен Бағалау» –32-параграф;

•   320 АХС, «Аудитті Орындау Жəне Жоспарлаудағы Маңыздылық» –14 параграф;

•   330 АХС, «Бағаланатын Тəуекелдіктерге жауап ретіндегі Аудиторлық Шаралар» – 28-30- параграфтар;

•   450 АХС, «Аудиторлық Тексеріс Барысында Анықталған Бұрмалануларды Бағалау» –15 параграф;

•   540 АХС, «Əділ құнның бухгалтерлік бағалауын қоса, бухгалтерлік бағалаудың аудиті жəне ілеспелі ақпаратты ашып көрсету» –23 параграф;

•   550 АХС, «Байланысқан Жақтар» –28 параграф;

•   600 АХС, «Ерекше пікір - қаржылық есептілік тобының аудиттері (Бірлескен аудиторлар жұмысын қоса)»–50- параграф.

• 610 АХС, «Ішкі Аудиторлардың Жұмысын Пайдалану» –13 параграф


240 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Қаржылық Есептіліктің Аудитін Жүргізу Кезіндегі Алаяқтыққа Қатысты Аудитордың Жауапкершілігі

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы .........................................................................................................1

Алаяқтықтың Сипаттамасы .....................................................................................2-3

Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Бұрмалануларды Анықтау мен Алдын алу Жөніндегі Жауапкершілігі ......................................................................................4-8

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................9

Мақсаттары...............................................................................................................10

Анықтамалары ........................................................................................................11

Талаптары

Кəсіби Скептицизм ...............................................................................................12-14

Жоба бойынша Жасақпен Талқылаулар Жүргізу ...................................................15

Тəуекелдерге Баға Беру жөніндегі Рәсімдер және Байланысты Іс-Шаралар..................................................................................................................16-24

Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Бұрмаланулардың Тəуекелін Анықтау мен Оларға Баға Беру ..................................................................................................25-27

Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Бұрмаланулардың Тəуекелдері бойынша Жауаптық Əрекеттер.............................................................................................28-33

Аудиторлық Дəлелдемелерге Баға Беру ............................................................34-37

Келісім бойынша Жұмысын Жалғастыра Алмайтын Аудитор..............................38

Жазбаша түрде Қайта Ұсынулар ..............................................................................39

Субъект Басшылығы мен Басқару Өкілеттігіне ие Тұлғалармен Қарым-Қатынас..................................................................................................................40-42

Заң шығарушы мен Атқарушы Орындармен Қарым-Қатынас..............................43

Құжаттар ...............................................................................................................44-47



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Алаяқтықтың Сипаттамасы................................................................................A1-A6

Кəсіби Скептицизм .............................................................................................A7-A9

Жоба бойынша Жасақпен Талқылаулар Жүргізу.........................................A10-A11

Тəуекелдерге Баға Беру жөніндегі Рәсімдер және Байланысты Іс-Шаралар............................................................................................................A12-A27

Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Бұрмаланулардың Тəуекелін Анықтау мен Оларға Баға Беру..............................................................................................A28-A32

Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Бұрмаланулардың Тəуекелдері бойынша Жауаптық Əрекеттер ......................................................................................A33-A48

Аудиторлық Дəлелдемеге Баға Беру ............................................................A49-A53

Келісім бойынша Жұмысын Жалғастыра Алмайтын Аудитор..................A54-A57

Жазбаша түрде Қайта Ұсынулар ...................................................................A58-A59

Субъект Басшылығы мен Басқару Өкілеттігіне ие Тұлғалармен Қарым-Қатынас.............................................................................................................A60-A64

Заң шығарушы мен Атқарушы Орындармен Қарым-Қатынас.............................................................................................................A65-A67

1-қосымша. Алаяқтық тəуекелі факторларының мысалдары

2-қосымша. Алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекелдеріне қатысты аудиторлық шаралардың мысалы

3-қосымша. Алаяқтықтың орын алу ықтималдығын көрсететін жағдайлардың мысалдары



«Қаржылық Есептіліктің Аудитін Жүргізу Кезіндегі Алаяқтыққа Қатысты Аудитордың Жауапкершілігі» 240 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты, «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы


  1. Осы Аудиттің халықаралық стандартының (АХС) мақсаты – қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу кезіндегі аудитордың алаяқтыққа қатысты жауапкершілігі жөніндегі жəне 315 АХС113 мен 330 АХС114, елеулі бұрмаланулар тəуекелдеріне қатысы аудиторлық шараларда көрсетілген стандарттар мен нұсқаулықтарды қолдану стандарттарын белгілеу мен нұсқаулықты ұсыну.

Алаяқтықтың Сипаттамасы

2.    Қаржылық есептіліктегі бұрмаланулар алаятықтың немесе қателіктің орын алуы себептерінен туындауы мүмкін. Алаяқтықты қателіктен айырудың факторы - қаржылық есептіліктегі бұрмалануларды тудыратын алдын-ала ойластырылған немесе алдын-ала ойластырылмаған əрекет.

3.      Алаяқтық ауқымды заңдық анықтама болғанымен, осы АХС-ның мақсатында аудитор қаржылық есептілікте елеулі бұрмалануларды тудыратын алаяқтықты қарастырады. Алдын-ала ойластырылған бұрмаланудың екі түрі аудиторға қатысты салыстырмалы болып табылады: бұрмаланған қаржылық есептіліктен туындайтын бұрмаланулар жəне активтерді заңсыз пайдаланудан туындайтын бұрмаланулар. Аудиторлар алаяқтықтың іс-жүзінде пайда болуына заңдық анықтама бермейді немесе айрықша жағдайларда береді. (Сілт: Пар. A1-A6)
Алаяқтықпен Туындалған Елеулі Бұрмалауларды Анықтау мен Алдын алу Жөніндегі Жауапкершілігі


  1. Алдын алу мен анықтау жөніндегі негізгі жауапкершілік басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға да, басшылыққа да жүктеледі. Басшылықтың басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың қадағалауымен алаяқтықтың алдын-алуға қатысты анық көзқарас болғаны маңызды, бұл алаяқтықтың орын алу мүмкіндігін азайтуы мүмкін жəне ол алаяқтық үшін жазалауға қатысты да анық көзқарасты ұстануы тиіс, бұл тұлғаларды артынша алаяқтықтың анықталуы мен жазалануының ықтималдығы себептерінен оны жасамауға көндіруі мүмкін. Бұған адалдық пен этикалық мінез-құлық мəдениеті жатады. Негізгі құндылықтарға негізделген мұндай мəдениетті басшылық пен басқару өкілеттігіне ие тұлғалар көрсетуі тиіс. Басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды қадағалау жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде қаржылық есептілік үдерісін бақылауларды елемеу немесе аналитиктердің субъект табыстылығы туралы білімдеріне əсер ету мақсатымен табыстарды айлашарғылау талпыныстары деген тəрізді

қаржылық есептіліктің ұсынылуы процесіне өзге түрде баламасыз əсер ету жөніндегі потенциалды мүмкіндіктерін зерттейді.

Аудитордың міндеттері

5. Аудитті АХС-қа сəйкес жүргізіп отырған аудитор қаржылық есептілікте тұтастай алғанда алаяқтықпен немесе қатемен туындалған елеулі бұрмаланулар жоқ деген саналы түрдегі сенімділікке ие болуы тиіс. Аудиттің бөлінбес шектеулері себебімен, қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмаланулар анықтай алмау тәуекелдігі бар, аудит АХС сәйкес тиісті түрде орындалды, жоспарланды.115

6. 200 АХС-да116 белгіленгендей бөлінбес шектеулер ықтимал әсері алаяқтықпен туындайтын бұрмаланулар жағдайында елеулі ретте маңызы бар. Алаяқтықпен туындайтын бұрмалануларды анықтай алмау тәуекелі қателікпен туындайтын бұрмалануларды анықтай алмау тәуекелдігінен маңызы зор. Оның себебі, оларды, сонымен қатар бұрмаланулар, транзакцияларды жазып қоюға қасақана қабілетсіздігі, немесе аудиторға беретін ойластырылған дұрыс емес қайта ұсынуларды жасыруға арналған алаяқтық бұрмаланған мен әбден ойланған жоспарларды қамтуы мүмкін. Сөз байласу кезінде жасырушылыққа қатысты сол сияқты күштерін анықтай алу жеңіл емес. Сөз байласу, аудиторды, шындықта жалған болғанда, аудиторлық дәлелдеме шын болуына сендіруі мүмкін. Алаяқтықты анықтай алмауға қатысы бар аудитордың қабілеттілігі факторлар, мысалға бұзушының тәжірибелілігі, манипуляция жиілігі мен деңгейі, тарататылған тұлғалардың еңбек тәжіребисі, жекелеген айла-шарғы сомалары өзіне тән мөлшеріне тәуелді болып отыр. Аудитор алаяқтыққа қатысты ықтимал мүмкіндіктерін анықтай алуға қабәлетті болған кезінде, аудиторға талқыланатын салалардағы бұрмаланулар, мәселен, бухгалтерлік бағалар алаяқтықпен немесе қатемен туындайтын болды ма деген қажеттілігін анықтау қиын болады.

7.      Осыған сәйкес, басшылық бұрмалануларынан туындайтын елеулі бұрмалануларды анықтай алмауға қатысты аудитордың тәуекелі қызметкерінің тәуекелдігінен артығырақ, себебі басшылық әдетте тікелей немесе жанама түрде бухгалтерлік жазуларға әсерін тигізу, алаяқтықпен туындаған қаржылық есептілікті көрсету, немесе басқа қызметкерлермен жасаған іспетті алаяқтықтар жойылуға арналған бақылау шараларын елемеуге ие болып отыр.

8.       Ақылға қонымды сенімділікті бергенде, аудитор аудит барысында, басшылық бақылауларды елемеуге мүмкіндікті қарастырып және қате анықтай алуға жарамды болып табылатын аудиторлық шаралара алаяқтықты анықтау кезінде сәйкесті емес болуы мүмкін дереккөзін қуаттай, кәсіби салқынқандықты сақтап қоюға жауапты болады. Бұл

АХС-дағы талаптары аудиторға алаяқтықпен туындайтын елеулі бұрмалануларды анықтау мен оларға баға беру барысында мен сол сияқты бұрмалану анықтай алу үшін шараларды әзірлеу барысында көмектесуге арналған.



Күшіне Ену Күні

9.      Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанда немесе сол күнінен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді.



Мақсаттары

10. Аудитордың мақсаттары мынадай:

(a)  Алаяқтық себебімен қаржылық есептілік елеулі бұрмаланулар тәуекелдіктеріне баға беру мен анықтау;

(b) Тиісті қолға алынған жауаптарды әзірлеу мен енгізу арқылы елеулі бұрмалау тәуекелдіктері туралы тиісті аудиторлық дәлелдеме алу; және

(c) Аудит барысында анықталған алаяқтыққа немесе белгіленген алаяқтыққа сәйкесті түрде жауаптар қайтару.

Анықтамалары

11. АХС мақсатымен:

(a) Fraud (Алаяқтық) – Басшылық арасындағы бір немесе бірнеше лауазымды адамдардың, қызметкерлердің немесе үшінші жақтардың заңсыз артықшылық алу үшін əдейі жасаған əрекеттері.

(b)  Fraud risk factors (аляқтық тәуекелдік факторы) –Алаяқтықты жасауға мүмкіндік беретін немесе алаяқтықты жасауға қысым немесе ынталандырманы белгілейтін жағдайлар немесе оқиғалар.



Талаптары

Кəсіби скептицизм

12.    200 АХС-қа сəйкес аудитор бүкіл аудит бойы өзінің субъектінің басшылығы мен басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың адалдығына қатысты өткендегі тəжірибесіне қарамастан алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланудың орын алу мүмкіндігін мойындай отырып, кəсіби салқынқандықты сақтауы тиіс. (Сілт: Пар. A7- A8)

13.   Егер аудитордың басқаша ойлайтындай себептері болмаса, ол əдетте жазбалар мен құжаттарды түпнұсқа ретінде қабылдайды. Алайда егер аудит барысында анықталған жағдайлар аудиторды құжат шынайы болмауы мүмкін немесе құжаттағы шарттар өзгертілген деген ойға итермелесе, аудитор оларды барынша егжей-тегжейлі түрде зерттеп шығуы тиіс (Сілт: Пар. A9)

14.    Басшылықтың немес басқаруға өкілеттік берілген тұлғалардың өтініштеріне қайтарылған жауаптар сәйкессіз болса, аудитор ол сәкессіздіктерді егжей-тегжейлі түрде зерттеп шығуы тиіс.



Жоба бойынша Жасақпен Талқылаулар Жүргізу

15.    315 АХС-та жоба бойынша серіктес талқылауға қатыспаған жоба бойынша жасақ мүшелерін хабардар ету қажет болатын мəселелерді қарастырып шығуы тиіс.117 Талқылау барысында субъектінің қаржылық есептілігінің алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне түскендігіне көбірек тоқталу керек. Талқылау субъекті қаржылық есептіліктің алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың əсеріне қалайша жəне қай жерінде түсуі мүмкін екендігі туралы өз пікірімен бөлісуге мүмкіндік береді. Талқылау жасақ мүшелерінің басшылықтың жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың адалдығы мен əдептілігі туралы пікірін ескермей скептицизммен жүргізілуі тиіс. (Сілт: Пар. A10-A11)



Тəуекелдерге Баға Беру жөніндегі Рәсімдер және Байланысты Іс-Шаралар

16.   315 АХС-ға118 сəйкес субъекті жəне оның ішкі бақылауын қоса алғандағы оның ортасы туралы ақпарат алу үшін аудитор 17-24 параграфтарға сәйкес тəуекелге баға беру жөніндегі шараларды орындауы тиіс. Бұл ретте аудитор алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекелін анықтауға арнап қолданылатын ақпаратты алуға арналған келесі шараларды орындауы тиіс.



Субъект Ішіндегі Басшылық пен Басқалар

17. Аудитор сауалнама алу жəне ақпарат алу:

(a) Басшылықтың қаржылық есептілік алаяқтықтың орын алуы себебімен елеулі түрде бұрмалануы мүмкін деген тəуекеліне баға беруі, сондай баға берулер сипаты, ауқымы мен жиілігін қоса алғанда; (Сілт: Пар. A12-A13)

(b)  Басшылықтың субъектідегі алаяқтықтың тəуекелін, соның ішінде басшылық анықтаған алаяқтықтың барлық ерекше тəуекелін, немесе өздеріне қатысты алаяқтықтық тəуекелінің туындау ықтималдығы орын алып отырған сальдо-шоттар, əрекеттер тобын қоса алғанда анықтау мен оған əрекет ету процесі; (Сілт: Пар. A14)

(c) Басшылықты субъектідегі алаяқтықтың тəуекелін анықтау мен оған үн қату процесі туралы хабардар ету, егер оны басқару өкілеттігіне ие тұлғалар жүргізсе; жəне

(d) Басшылықтың қызметкерлерді бизнес-тəжірибе мен əдептілік мінез-құлқы туралы хабардар ету, егер ол жүргізілсе.

18.    Аудитор басшылықты, ішкі аудитті немесе субъекті шеңберіндегі өзге тұлғаларды олардың субъектіге əсерін тигізетін нақты немесе күдік тудыратын алаяқтықтар туралы білетін-білмейтіндігін анықтау үшін солардан сауалнама алуы тиіс. (Сілт: Пар. A15-A17)

19.    Аудитор басшылықты, ішкі аудитті немесе субъект шеңберіндегі өзге тұлғаларды олардың субъектіге əсерін тигізетін нақты немесе күдік тудыратын алаяқтықтар туралы біледі ме, жоқ па деп анықтау және алаяқтыққа қатысы бар тәуекелдіктер жөніндегі көзқарастарды алу үшін солардан сауалнама алуы тиіс. (Сілт: Пар. A18)



Басқару өкілеттігіне ие тұлғалар

20.   Аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың басшылықтың субъектідегі119 алаяқтық тəуекелдеріне қалай əсер етіп жəне əрекет ететіндігінін қалай қадағалайтындығы туралы жəне басқарманың сол тəуекелдерді жұмсартуға арнап белгілеген ішкі бақылауы туралы ақпарат алуы тиіс. (Сілт: Пар. A19-A21)

21.   Өкілетті тұлғалар мен субъект басшылығының міндеттері кәсіпорынды басқаруға қатысып отырғанша, аудитор күдікті алаяқтық өкілетті тұлғалардың жұмысына ықпал етеді деп ақпарат алуғы сұраныс жібереді.

Əдеттен тыс немесе күтпеген қатынастарды қарастыру

22.  Аудитор аналитикалық шараларды орындау кезінде, кіріс баптарды қоса алғанда, алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекелдерін көрсететін əдеттен тыс жəне күтпеген қатынастарды қарастыруы тиіс.



Басқа ақпаратты қарастыру

23.     Аудитор алынған өзге ақпараттың алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекелін көрсететін-көрспетпейтіндігін қарастырып шығуы тиіс. (Сілт: Пар. A22)



Елеулі бұрмаланулардың тəуекелі факторына баға беру

24.     Аудитор басқа тәуекелдікке баға беру жөніндегі ақпарат бір немесе одан да көп алаяқтық тәуекелдікке қатысты факторы бар болуына көрсететін-көрсететіндігіне баға береді. Алаяқтық тәуекелдікке қатысты факторы әдейі алаяқтық бар болуын көрсетпеуі мүмкін болса, олар әдетте алаяқтықтар пайда болған жағдайларда жетімді болды және алаяқтықпен туындайтын елеулі түрдегі тәуекелдіктерін көрсетуі мүмкін. (Сілт: Пар. A23-A27)



Алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекелін анықтау мен оларға баға беру

25. 315 АХС сәйкес елеулі бұрмаланулар тəуекелін қаржылық есептілік деңгейінде жəне əрекеттер тобы, шоттардың сальдосы мен ашуға арнап анықтау мен оларға баға беру кезінде аудитор алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекелін анықтап, баға беруі тиіс.120

26.     Алаяқтық себептерімен жіберілген елеулі түрдегі бұрмаланулардың бағаланған тəуекелдер анықтау мен бағалау орын алуы кезінде, аудитор кірісті анықтап отырудағы алаяқтыққа тәуекелдіктері бар жорамалға

негізделіп, кірістің қандай түрлері, кірістер әрекеттері немесе растаулар сол сияқты тәуекелдіктерге ықпал тигізетін-тигізбейтіндігіне баға береді.

47 Параграф болжам келісім жағдайына қолданылмайтын және осыған сәйкес аляқтықпен туындаған елеулі түрдегі бұрмаланулар тәуекелдігі ретінде кірісті растауды анықтаған еместігін талап етілген құжаттаманы анықтап қояды. (Сілт: Пар. A28-A30)

27.     Аудитор алаяқтық себебімен елеулі түрдегі тәуекелдіктер ретінде және соған сәйкес болып қалған деңгейіндегі елеулі түрдегі бұрмалануларға қатысты тәуекелдіктерді жойып; аудитор субъектінің байланысты бақылауларды біледі, сондай тәуекелдіктерге өзіне тән бақылау қызметтерін қоса алғандығы. (Сілт: Пар. A31-A32)



Алаяқтықпен Туындаған Елеулі Бұрмалаулардың Тəуекелдері бойынша Жауаптық Әрекеттер

Жалпы Сипаттағы Шаралар

28.     АХС 330 сәйкес, аудитор қаржылық есептілік деңгейіндегі алаяқтықпен туындалған елеулі түрдегі бұрмаланулар бағаланған тәуекелдеріне қолға алынған жалпы сипаттағы шараларды анықтауы тиіс.121 (Сілт: Пар. A33)

29.   Алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекелдеріне қатысты қаржылық есептілік деңгейіндегі жалпы көзқарасты белгілеу кезінде аудитор төмендегі əрекеттерді орындауы тиіс:

(a) Өздеріне келісімдер бойынша елеулі жауапкершілік жүктелген тұлғаларлың білімі, дағдылары мен қабілеті, аудитордың осы келісім бойынша алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекеліне ескере отырып, қызметкерлерді тағайындау мен қадағалау (Сілт: Пар. A34-A35)

(b) Аудитор басшылықтың есептік саясатты, əсіресе субъективті баға берумен жəне күрделі əрекеттермен байланысты болып келетін баптарын таңдап алуы мен қолдануын қарастырып шығуы тиіс; және

(c)   Аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімі мен ауқымын таңдап алу кезінде болжамсыздық элементін енгізуі. (Сілт: Пар. A36)



Тұжырымдар деңгейіндегі алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекеліне қатысты аудиторлық шаралар

30.  330 АХС сәйкес тұжырымдар деңгейіндегі алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекеліне қатысты аудиторлық əдіске аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімі мен ауқымын өзгертулер жатуы мүмкін.122 (Сілт: Пар. A37-A40)



Басшылықтың бақылауларды елемеу тəуекеліне қатысты аудиторлық шаралар

31.   Басшылық алаяқтық жасауға ыңғайлы болатын жағдайда болады, себебі басшылықтың есептік жазбаларды тікелей немесе жанама түрде айлашарғылау немесе басқа жағдайларда тиімді əрекет ететін бақылауларды елемеу жолымен бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну қабілеті бар. Басшылықтың бақылауларды елемеу тəуекелінің деңгейі субъектіге байланысты болғанымен, соған қарамастан тəуекел барлық субъектілерде орын алады. Сол сияқты елемеу пайда болуы мүмкін алдын ала болжалған жол себебімен, бұл алаяқтықпен туындайтын елеулі түрдегі бұрмаланулар тәуекелі, соған сәйкес елеулі түрдегі тәуекелі.

32.   Басшылықтың бақылауларды елемеу тəуекеліне қатысты аудитор аудиторлық шараларды төменде көрсетілген түрдегідей əзірлеп, орындауы тиіс:

(a) Басты кітапта көрсетілген журналдық жазбалардың, жəне қаржылық есептілікті əзірлеу кезінде жасалған өзге түрдегі түзетпелердің сəйкестігін тестілеу. Аудитор төменде көрсетілген түрдегідей əзірлеп, орындауы тиіс:

(i) Қаржылық есептілікті ұсыну процесіне қатысатын тұлғалардан журналдық жазбалар мен өзге де түзетпелерді өңдеумен байланысты болып келетін сəйкес емес немесе əдеттен тыс əрекеттер туралы сауалнама алуы тиіс;

(ii) Есеп беру кезеңі соңында енгізілген журналдық жазбалар мен өзге түрдегі түзетпелерді іріктеп алуы тиіс; және

(iii) Есеп беру кезеңі барысында журналдық жазбалар мен өзге түрдегі түзетпелер қажеттілігін қарастыруы тиіс. (Сілт: Пар. A41-A44)

(b)  Бухгалтерлік баға берулерді алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмалануларды тудыруы мүмкін алдын-ала қалыптасу жөнінде тексеруі тиіс. Аудитор төменде көрсетілген түрдегідей əзірлеп, орындауы тиіс:

(i) Бухгалтерлік баға берулер жеке түрдегі сенімді болса да, қаржылық есептілікке енгізілген бухгалтерлік баға беру кезінде басқару өкілеттігіне ие тұлғалар қабылдаған пікірлер мен көретулер субъектінің басшылығы бөлігі ретінде алаяқтықпен туындаған елеулі бұрмалану тәуекелін көрсетуі мүмкін ықтимал әділетсіздікті анықтай ма деп бағалау. Егер аудитор басшылық тарапынан бухгалтерлік баға берулерге қатысты мүмкін болар алалаушылығын анықтаса, аудитор алалаушылыққа себеп болып табылған жағдайлардың алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулары тəуекелдерін тудыра ма, соған баға беруі тиіс; және

(ii)  Былтырғы жылдың қаржылық есептілігінде көрсетілген елеулі бухгалтерлік баға берулерімен байланысты болып келетін басшылықтың ой-пікірі мен алалаушылықтардың ретроспективтік шолуын жасауы тиіс. (Сілт: Пар. A45-A47)

(c)    Кәсіпорынның әдеттегі шаруашылығынан тыс немесе кәсіпорынды білу мен оның ортасы және аудит барысында алынған басқа ақпараттан тыс шын мәніндегі әрекеттер бойынша аудитор олардың алаяқтықпен туындаған қаржылық есептілікті немесе активтерді зансыз ұрлауды жасыру туралы әрекеттер жөніндегі бизнес-тұжырымдама бағалау қажет. (Сілт: Пар. A48)

33.    Аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың бақылауларды айналып кетулеріне қатысты анықталған тәуекелдіктерге жауап әрекет қайтару үшін айрықша түрдегі жоғарыда сипатталған аудиторлық шараларды толтыру ретінде өзге аудиторлық шараларды орындауы қажет деп шешім қабылдауы тиіс (соған сай 32 параграфтағы талаптарға сай келуге арнап дамытылған шаралар бөлігі ретінде қамтылған жоқ басшылықтың бақылауларды айналып кетуінің айрықша қосымша тәуекелдіктері бола алады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет