Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет12/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65

Мониторинг (Сілт: Пар. 23)

A32. СБХС 1, фирмалар сапаны бақылау жүйесіне қатысты саясат пен рəсімдер сəйкес келетін, барабар, тиімді жəне əрекет етуші тəжірибеге сəйкес келетін, ақылға қонымды сенімділік беруге арналған мониторинг үдерісін жасап шығуды қарастырады.96

A33. Аудиторлық келісімдге ықпал етуі мүмкін фирманың жүйесіндегі кемшіліктерді қарастыру барысында, жоба бойынша әріптес, әріптестің пікірі бойыша аудит мәнмәтінде жетімді болатын жағдайды түзету үшін фирманың қолға алынған әрекеттеріне қатысы бар болуы мүмкін.

A34. Фирманың сапасын бақылау жүйесіндегі кемшіліктер, белгілі бір аудиторлық келісімдер, кəсіптік стандарттар, реттеуші жəне заңдық талаптарға сəйкес орындалмағанын немесе аудиторлық есептің сəйкес келмеушілігін көрсетпейді.



Құжаттама

Кеңестерге қатысты құжаттар (Сілт: Пар. 24(d))

A35. Тиісті түрде толық және жан-жақты болып табылатын даулы да қиын мәселелерді қамтитын басқа мамандардан кеңес алғанына қатысты құжаттар төмендегі түсіністікке үлес қоса береді:

• Кеңес негізделетін мәселе; және

• Кеңестер нәтижелері, қабылданған кез келген шешімдер, анау шешімдер негізі және олар қалай орындалғанын қоса алғанда.



230 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

АУДИТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанында немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы..........................................................................................................1

Аудиторлық Құжаттардың Сипаты мен Мақсаты ................................................2-3

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................4



Мақсаты .....................................................................................................................5

Анықтамалар .............................................................................................................6

Талаптары

Аудиторлық Құжаттарды Дер Кезіндегі Даярлау …………………........................7

Орындалған Аудиторлық Рәсімдер мен Алынған Аудиторлық Дәлелдер бойынша Құжаттар ................................................................................................8-13

Соңғы Аудит Файлының Жинағы .....................................................................14-16



Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Құжаттарды Дер Кезіндегі Даярлау .................................................A1

Орындалған Аудиторлық Рәсімдер мен Алынған Аудиторлық Дәлелдер бойынша Құжаттар ..........................................................................................A2-A20

Соңғы Аудит Файлының Жинағы ...............................................................A21-A24

Қосымша: Өзге АХС-тағы аудиторлық құжаттарға қойылатын ерекше талаптар

_____________________________________________________________________





«Аудиторлық Құжаттама» 230 Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

  1. Осы Аудиттің Халықаралық Стандартының (АХС) қаржылық есептілік аудиті үшін аудиторлық құжаттаманы даярлауға қатысты аудитордың жауапкершілігіне байланысы бар. Қосымшада зерттеудің белгілі бір тақырыбы үшін ерекше болып келетін құжаттарға қатысты талаптар мен нұсқаулықтары бар өзге АХС-тар тізімделген. Өзге АХС-ның ерекше құжаттарға қатысы бар талаптары бұл АХС қолданысын кемітпейді. Заңдар мен нормативтік актілерде құжаттарға қатысты қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Аудиторлық Құжаттардың Сипаты мен Мақсаты

2. Бұл АХС талаптар және өзге байланысты ерекше талаптарына сәйкес келетін аудиторлық құжаттар:

(a)   Aудитордың жалпы сипаттағы мақсаттарына жету бойынша тұжырымдаманың аудиторлық негіздемесі туралы дәлелдеме;97 және

(b)  Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.

3. Осы мақсаттарға толықтыру ретінде аудиторлық құжаттар құрамына төмендегілер кіретін кейбір өзге мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады:


  • Аудиторлық команданың аудитті жоспарлауы мен орындауына ықпалын тигізу;

  • Қадағалау үшін жауапты болып табылатын аудиторлық команданың мүшелеріне аудиторлық жұмыстарды бағыттап отыру мен бақылап отыруға, сондай-ақ олардың шолу бойынша жауапкершілігін 220 АХС98 сəйкес орындауына ықпал ету;

  • Аудиторлық команданың өз жұмысына деген жауапкершілігін қамтамасыз ету;

  • Келешектегі аудиттер үшін өзінің мағыналығын сақтайтын мəселелер жөніндегі жазбаларды сақтап қою;

  • 1 СБХС-ы99 және кем дегенде қатаң болып келетін ұлттық талаптарға сəйкес сапаны бақылауға шолу мен тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету;100 жəне

  • Заңдық, құқықтық, реттеуші жəне өзге талаптарға сəйкес сыртқы инспекциялауды жүргізуін қамтамасыз ету.

Күшіне Ену Күні

4.  Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанында немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді.



Мақсаты

5. Аудитор аудиторлық құжаттарды дер кезінде əзірлеп қоюға тиіс, оларда төмендегідей ақпарат ұсынылады:

(а) Аудиторлық есепке негіздеме беру үшін жеткілікті жəне соған сəйкес болатындай жазбалар; жəне

(b) Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.



Анықтамалар

6.  Осы АХС-та:

(а) «Аудиторлық құжаттар» – жүргізілген аудиторлық рəсімдердің, аудитордың қол жетерлік аудиторлық дəлелдемелерінің, қорытындылардың жазбалары (кейде жұмыстық құжаттар термині қолданылады).

(b) Аудиторлық файл — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.

(c)   «Тəжірибелі аудитор» төмендегі мәселелерді жеткілікті дəрежеде түсініп білетін тұлға:

(і) аудит процесін,

(іі) АХС пен қолданылатын заңнамалық талаптар,

(ііі) бизнес-ортаны, жəне

(іv) субъектінің саласымен қатысты аудиторлық жəне қаржылық есеп мəселелерін.

Талаптары

Аудиторлық Құжаттарды Дер Кезінде Даярлау

7.  Аудитор аудиторлық құжаттарды дер кезінде даярлайды. (Сілт: Пар. A1)


Орындалған Аудиторлық Рәсімдер мен Алынған Аудиторлық Дәлелдер бойынша Құжаттар

Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны

8. Аудитор аудиторлық құжаттарды тəжірибелі аудитор бұрында аудитпен қатысы болмағанның өзінде оларды түсіне алатындай етіп əзірлеуі тиіс: (Сілт: Пар. A2-A5, A16-A17)

(а) АХС-қа, бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес түрде орындалған аудиторлық рəсімдердің сипаты, мерзімі мен ауқымы; (Сілт: Пар. A6-A7)

(b)   аудиторлық рəсімдердің нəтижелері жəне алынған аудиторлық дəлелдемелер; жəне

(c)  аудит барысында туындайтын елеулі мəселелер, жəне соларға негізделумен жасалған қорытындылар. (Сілт: Пар. A8-A11)

9.    Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы төмендегі факторларға байланысты болып келеді:

(a) өздерін орындау қажет болатын аудиторлық рəсімдердің сипаты; (Сілт: Пар. A12)

(b) аудитті кім орындады және сондай жұмыс аяқталған күні; және

(c) аудитке қатысы бар орындалған жұмысты және сондай шолу күні мен деңгейін кім тексерген. (Сілт: Пар. A13)

10. Аудитор басшылық және қажет болған жағдайда, өкілеттік берілген тұлғалармен елеулі мәселелер талқыларды құжаттауы тиіс, талқыланған елеулі мәселелер сипаты және қашан да және кім де талқалағанын қоса алғанда. (Сілт: Пар. A14)

11.  Егер аудитор елеулі мәселеге қатысты аудитордың соңғы қорытындысына сәйкес келмейтін ақпаратты анықтаған болса, аудитор қалай да сәйкессіздіктерді реттейтін екенін құжаттауы тиіс. (Сілт: Пар. A15)

Байланысты Талаптан Ауытқу

12.  Сирек кездесетін жағдайларда, аудитор АХС-тағы байланысты талаптан ауытқу қажеттілігін шешім қабылдаса, аудитор баламалы аудиторлық рәсімдер анау талаптың мақсатына қалай жеткені және ауытқу себептерін құжаттауы тиіс. (Сілт: Пар. A18-A19)



Аудиторлық Есеп Шығарған Күнінен бастап Тудыратын Мәселелер

13.   Аудитордың жаңа немесе қосымша шараларды орындауын ескеретін немесе жаңаша қорытындыларды тудырған, аудиторлық есеп беру күнінен кейін туындайтын айрықша жағдайларда төмендегілерді құжаттауы тиіс: (Сілт: Пар. A20)

(a)   туындаған жағдайлар;

(b)   жаңа немесе қосымша орындалған аудиторлық шаралар, алынған аудиторлық дəлелдемелер жəне жасалған қорытындылар және соларға негізделумен аудиторлық есепке тигізетін əсері; және

(c)   қашан жəне кім аудиторлық құжаттамаға нәтижелетін өзгерістер жүргізген, жəне қажет болса, қашан жəне кім тексерген;

Соңғы аудиторлық файлының жинағы

14.    Аудиторлық есеп беру күнінен кейінгі соңғы аудиторлық файлды жинақтау ісін аяқтау өзіне жаңа аудиторлық шараларды орындау немесе

жаңадан қорытынды шығару ісі жатпайтын əкімшіліктік процесс болып келеді. (Сілт: Пар. A21-A22)

15. Соңғы аудиторлық файлды жинақтау жұмысын аяқтағаннан кейін аудитор сақтау мерзімі аяқталғанша аудиторлық құжаттаманы жоймауы немесе алып қоймауы тиіс. (Сілт: Пар. A23)

16. 13 параграфтан баяндалғандан бөлек жағдайларда, егер аудитор соңғы аудиторлық файлды жинақтағаннан кейін қолданыстағы аудиторлық құжаттаманы түрлендіріп немесе жаңа аудиторлық құжаттаманы қосуды қажет деп санаса, аудитор түрлендірулердің немесе толықтырулардың сипатына байланыссыз төмендегі мəліметтерді құжаттап қоюы тиіс: (Сілт: Пар. A24)

(a) оларды жүзеге асырудың ерекше ұстанымдары; және

(b) қашан жəне кім жүргізген, жəне қажет болса, қашан жəне кім тексерген.
***
Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Құжаттарды Дер Кезіндегі Даярлау (Сілт: Пар. 7)

A1.  Аудиторлық есеп шығарғанға дейін, тиісті аудиторлық құжаттама дер кезінде даярлап отыру аудиттің сапасын жақсарту және алынған аудиторлық дәлелдемені және қол жеткізген тиімді түрде шолу және бағалауға көмектеседі. Аудит жұмысы орындап жатқаннан кейін дайындалған құжаттар сол сияқты жұмыс орындаған уақытындағы дайындалған құжаттамадан шамалы дәл болуы мүмкін.


Орындалған Аудиторлық Рәсімдер мен Алынған Аудиторлық Дәлелдер бойынша Құжаттар

Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы (Сілт: Пар. 8)

A2. Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы төмендегі факторларға байланысты болып келеді:

• Субъекттің мөлшері мен күрделілігі.

• Өздерін орындау қажет болатын аудиторлық рəсімдердің сипаты.

• Елеулі дəрежедегі бұрмаланулардың анықталған тəуекелдері.

• Алынған аудиторлық дəлелдемелердің елеулігі.

• Анықталған айрықшалардың сипаты мен ауқымы.

• Өзін орындалған жұмыс құжаттамасының немесе алынған аудиторлық дəлелдемелердің негізінде əлі құрастыру мүмкін болмайтын

қорытындыны немесе қорытындыға арналған негізді құжат түрінде ресімдеудің қажеттігі.

• Қолданылатын аудиторлық əдіснама мен əдістер.

A3.    Аудиторлық құжаттар қағаз, электронды немесе өзге түрдегі тасымалдауыштарда берілген деректер түрінде ұсынылуы мүмкін. Мәселен:

• Аудиторлық бағдарламалар.

• Талдаулар.

• Мəселелердің меморандумдары.

• Елеулі мəселелерге қатысты шолулар.

• Растау құжаттары мен ұсынымдар.

• Бақылау парақтары.

• Елеулі мəселелер бойынша корреспонденция (e-mail қоса алғанда).

Аудитор аудиторлық құжаттама бөлігі ретінде субъекттің жазулардың көшірмесін (мәселен, елеулі және айрықша келісімдер мен келісім-хаттарды қоса алғанда) қамтуы мүмкін. Алайда, аудиторлық құжаттама субъекттің бухгалтерлік жазуларды негіздмесін бола алмайды.

A4. Аудитор, əдетте, аудиторлық құжаттардан өзінде қате немесе алалаушылық пікірлер көрсетілген жұмыстық құжаттар мен қаржылық есептің, ескертулердің алмастырылған жобаларын, типографиялық немесе өткен қателер түзетілген құжаттардың бұрынғы көшірмелерін, сондай-ақ құжаттардың дубликаттарын алып тастайды.

A5. Аудитордың ауызша түсініктемелері өздерін жеке алғанда аудитор орындаған жұмыстардың немесе аудитор жасаған қорытындылардың тиісті негіздемесі бола алмайды, сөйтсе де олар аудиторлық құжаттамада берілген ақпаратты түсіндіру немесе соған түсініктеме беруге арнап пайдаланылуы мүмкін.

АХС-ға Сәйкестікке бойынша Құжаттама (Сілт: Пар. 8(a))

A6.  Негізінде, бұл АХС талаптарына сәйкестік жағдайларға өзіне тән және тиісті болып табылатын аудиторлық құжаттамаға негізделуі мүмкін. Өзге АХС-тары анау АХС айрықша жағдайларындағы бұлАХС қолданысын айқындауды көздейтін құжаттамаға қатысты айрықша талаптарды қамтиды. Бұл АХС қолданысы құжаттамаға қатысты айрықша талаптармен шектелмейді. Сонымен қатар, кез келген белгілі бір АХС-тағы қужаттамаға қатысты талаптардың жоқ болуы бұл АХС сәйкес келу негізінде дайындалған сол сияқты құжаттама жоқ болуын алып қоймайды.

A7.  Аудиторлық құжаттама аудит АХС сәйкес келетін бойынша дәлелдемелерді береді. Алайда, аудитор аудиттегі әрбір талқыланған мәселе немесе тартылған кәсіптік ой-пікірлерді құжаттау немесе қолданудың қажеттілігі

жоқ. Осыған сәйкес аудитор жеке алғанда (мәселен, бақылау жөніндегі құжаттама сияқты) сәйкестік аудиторлық файлдағы құжаттармен көрсетілген мәселелерді құжаттауы керек емес. Мәселен:

•   Тиісті түрде құжатталған аудит жоспары бар болуы аудитор аудитті жоспарғанды көрсетеді.

•  Аудиторлық файлдағы қол қойылған келісім-хат бар болуы аудитор басшылық және қажет болғанда өкілеттікке ие тұлғалармен аудиторлық келісім шарттары бойынша келісулерін көрсетеді.

•  Қаржылық есептілік бойынша тиісті түрде білікті пікірді қамтитын аудиторлық есеп аудитор АХС-мен белгіленген жағдайларда білікті пікірді білдіру үшін талапқа сәйкес келетінді көрсетеді.

•   Аудит барысында жалпы алғанда қолданылатын талаптар бар болғанда, аудиторлық файл аясы шегінде сәйкестігі көрсетілуі мүмкін бірқатар әдістер бар болуы мүмкін:

○ Мысалға, аудитордың кәсіптік скептицизм құжаттаған ешбір тәсіл жоқ. Сөйтсе де, аудиторлық құжаттар АХС сәйкес аудитор кәсіптік скептицизм көрсетуі бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз етуі мүмкін. Сол сияқты дәлелдер аудитордың өтініштеріне қайтарған жауаптарды растауға арнап орындалған шараларды қамтуы мүмкін.

○ Ұқсас, жоба бойынша әріптес АХС сәйкес аудитті орындау, қадағалау мен бақылауға қатысты жауапкершілікке ие болатындығы аудиторлық құжаттама аясы шегіндегі бірқатар тәсілдер арқылы көрсетілуі мүмкін. Бұл жоба бойынша әріптестің аудит аспектілеріне уақытша қатысуы, сонымен қатар АХС 315 бойынша талап етілетін жасақтың талқыларын қамтуы мүмкін. 101

Елелуі Мәселелер және Байланысты Елеулі Кәсіптік Талқылауларға Қатысты Құжаттама (Сілт: Пар. 8(c))

A8.   Фактілер мен жағдайларға тура талдау жүргізуді қажет ететін мəселенің елеулігін анықтау кезінде. Елеулі мəселелерге басқаларымен қатар келесі мəселелер жатады:

•   Шын мәніндегі дəреженің тəуекелдерін тудыратын мəселелер (АХС 315 сәйкес).102

• Қаржылық ақпарат бұрмаланған болуы мүмкін екендігін (а), аудитордың елеулі бұрмаланулардың тəуекелдеріне (b) бұрын берген бағасын жəне аудитордың сол тəуекелдерге қатысты жасаған əрекетін қайта қараудың қажеттігін көрсететін аудиторлық рəсімдердің нəтижелері.

•    Аудитордың қажетті аудиторлық рəсімдерді орындауы кезінде шын мәніндегі дəреженің қиындықтарын тудыруы мүмкін жағдайлар.

• Аудиторлық есеп немесе түсіндірмелік параграфтардың өзгеруіне əкелуі мүмкін қорытындылар.

A9.   Елеулі мәселелер бойынша аудиторлық құжаттаманың нысаны, мазмұны мен ауқымын анықтау кезіндегі маңызды фактор жұмысты орындау мен нәтижелерге баға беру барысында орындалып жататын кәсіптік пікірдің ауқымы болып табылады. Қажет болғанда, кәсіптік талқылауларға қатысты құжаттама аудитордың қорытындыларын түсіндіру мен талқылаулар сапасын күшейтуге арнап қызмет көрсетеді. Сол сияқты мәселелер аудиторлық құжаттамаға шолу бойынша жауапты тұлғалар белгілі бір қоғамдық мүддесі бар, тоқтайсыз елеулікке қатысты мәселелерді қарастыру кезінде кейінгі аудиттерді орындайтын тұлғаларды (мәселен, бухгалтерлік бағаларға ретроспективті түрінде шолуды орындау кезінде) қоса алғанда.

A10. 8 параграфқа сәйкес кәсіптік пікірді пайдалануға қатысты аудиторлық құжаттама дайындау лайықтылығы бар жағдайлардың кей мысалдары мәселелер мен пікірлер шын мәніндегі болатын төмендегілерден тұрады:

• Талап аудитор факторлар немесе белгілі бір ақпаратты «қарастырады» және қарастыру белгілі бір келісім мәнмәтінде елеулі болуын берген жағдайда, аудитордың қорытынды негіздемесі.

• Өзіне тән талқылаулар бойынша салалар сәйкестігі бойынша аудитордың қорытынды негіздемесі (мысалға, елеулі бухгалтерлік бағалар сәйкестігі).

• Кейінгі тексеру (сарапшы тиісті түрде немесе растауғы қатысты шаралар қолданылуы сияқты) аудитор құжат анық болуына сендіруіне әсерін тигізетін аудит барысында анықталған жағдайларға жауаптарға қолға алынғанда, құжаттың нақтылығы бойынша аудитордың қорытынды негіздемесі.

A11. Аудитор аудит барысында аудиторлық құжаттардың (аяқталу меморандумы сияқты белгілі) бір бөлігі ретінде – анықталған мəнді мəселелерді жəне олардың қалайша шешілгендігін сипаттайтын немесе өзінде дəл сондай ақпарат берілген басқа байланысқан растаушы аудиторлық құжаттамаға қатысты айқаспалы сілтемелері бар шолуды əзірлеп, сақтап қоюды жөн деп көруі мүмкін. Бұл шолулар аудиторлық құжаттарды тексеру мен инспекциялау жұмысының, көбінесе үлкен жəне күрделі аудиттердің тиімді жүргізілуін қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай шолуды əзірлеген аудиторға осындай елеулі мəселелерді зерттеп шығуға көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл аудиторға орындалған аудиторлық шаралар мен жасалған қорытындылардың шеңберінде аудитор жете алмайтын АХС кез-келген жеке сәйкесті мақсаты бар ма, жоқ па деп қарастыруға көмектеседі, яғни бұл аудиторға аудитордың жалпы сипаттағы мақсаттарына жетуге кедергі жасайды.

Тестілеуге жататын ерекше сипаттағы баптар немесе мәселелерді және дайындаушы мен шолушының баптары немесе мәселелерін анықтау (Сілт: Пар. 9)

A12. Белгілеуші сипаттамаларды құжат түрінде ресімдеу ісі бірнеше мақсаттарға арналған. Мысалы, ол аудиторлық командаға өз жұмысына жауапкершілікте болып жəне айрықшалар мен сəйкессіздіктерді қарастырып шығуға мүмкіндік береді. Белгілеуші сипаттамалар аудиторлық шара мен тестіленетін баптың немесе мəселенің сипатына қарай өзгеріп отырады. Мысалы:

•  Субъекті шығарған сатып алуға тапсырысты егжей-тегжейлі тестілеу кезінде аудитор сатып алуға тапсырыстардың күні мен бірегей нөмірлері бойынша тестілеуге арнап құжаттарды таңдап алуы тиіс.

•   Белгілі бір сомадан асатын, таңдап алуды немесе барлық баптарға шолу жүргізуді қажет ететін рəсімдерді орындаған кезде осы тұжырымдамалықтан аудитор рəсімнің ауқымын құжат түрінде ресімдеп, жиынтығын (мысалы, тізілімдегі белгілі бір сомадан асатын барлық журналдық жазбаларды) анықтауы мүмкін.

• Құжаттардың жиынтығының арасынан жүйелі түрде таңдап алуды қажет ететін шараларды орындау кезінде аудитор таңдалып алынған құжаттардың дереккөзі, басталған күні мен іріктелу аралығына қарай бөліп қоюы мүмкін (мысалы, 11 сəуір мен 30 қыркүйек мерзімі аралығындағы тиеу құжаттарының жинағынан тиеу есептерін 12345 нөміріндегі есептен бастап əрбір 125-ші есепті таңдап алумен жүйелі түрде іріктеп алу).

•   Ерекше сипаттағы субъект қызметкерлерінің арасында сауалнама жүргізуді қажет ететін шараларды орындау кезінде аудитор сауалнамалардың күнін, субъект қызметкерлерінің есімдері мен лауазымдарын құжат түрінде ресімдеп қоюы мүмкін.

•   Бақылау жөнінде шараларды орындау кезінде аудитор бақыланатын процесті немесe зерттеу затын, тиісті тұлғаларды, оларды жауапкершіліктерін, бақылаудың қайда жəне қашан жүргізілгенін құжат түрінде ресімдеп қоюы мүмкін.

A13. Аудитор 220 АХС бойынша аудиторлық құжаттама арқылы орындалған аудит жұмысын атқаруы тиіс.103 Кім орындалған аудит жұмысына шолғанын құжаттауы тиіс екені бойынша талап шолудың дәлелдемесін қамтитын әрбір арнайы кез келген құжаттың қажеттілігін есептемейді. Талап қандай аудит жұмысы орындалды, кім сол сияқты жұмысқа шолуды жүргіздген, және қашан ол жұмыс шығарып алынғанға қатысты құжаттауды қамтиды.



Аудитор елеулі мəселелерді басшылармен, өкілеттік берілген жəне өзге тұлғалармен талқылауларды құжаттап отыруы тиіс. (Сілт: Пар. 10)

A14. Құжаттама аудитор дайындаған жазбалармен шектелмейді, яғни бұл құжаттамаға басқа тиісті жазулардан тұрады, мысалы, субъект қызметкерлері дайындаған мен аудитормен келісілген отырыстардың протоколдары. Аудитор елеулі мəселелерді талқылай алатын басқа тұлғаларға субъектінің басқа қызметкерлері жəне сыртқы тараптар, мысалы, субъектіне кәсіптік кеңес беретін тұлғалар жатады.



Қарама-қайшылықтарды немесе келіспеушілікті қалайша жойғандығы туралы құжаттауы (Сілт: Пар. 11)

A15. Аудитордың қарама-қайшылықтарды немесе келіспеушілікті қалайша жойғандығы туралы құжаттамада қате немесе алмастырылған құжаттардың сақталуы бойынша талап.



Кішігірім Субъектілерге Өзіне Тән Талқылаулар (Сілт. Пар. 8)

A16. Кішігірім кәсіпорынның аудиті бойынша аудиторлық құжаттама, әдетте, ірі кәсіпорынның аудитімен салыстырғанда шамалы ауқымды болады. Атап айтқанда, жоба бойынша әріптес барлық аудиторлық жұмысты орындайтын аудит жағдайында, құжаттама жоба бойынша жасақтың мүшелерін хабардар ету немесе оларға нұсқау беру мақсатымен емес, немесе жасақтың басқа мүшелерінің шолуы бойынша дәлелдер беру мақсатымен емес құжатталуы мүмкін мәселелерді анықтамайды (мысалы, жасақтың талқылауларына немесе қадағалауына қатысты мәселелер болмайды).

Дегенмен, тәжірибелі аудитор түсіне алатын аудиторлық құжаттама дайындау үшін жоба бойынша әріптес 8 параграф жөнінде елемеуге талапқа сәйкес келеді, себебі аудиторлық құжаттама реттеуші немесе басқа мақсаттар үшін сыртқы тараптардың шолуына жатуы ықтимал.

A17. Аудиторлық құжаттама дайындалғанда, кішігірім субъектінің аудиторы, қажет болған жағдайда, қосымша жұмыс құжаттарына айқын сілтемелері бар аудиттің әр түрлі аспектілерін жекелеген құжатқа жазып алу пайдалы мен тиімді болып есептеледі. Кішігірім субъектінің аудиті қосылып құжатталуы мүмкін мәселелердің мысалдары субъектінің және оның ішкі бақылауын білу, жалпы сипаттағы аудиторлық стратегия мен аудиторлық жоспар, АХС 320104 сәйкес анықталған елеулілік, бағаланған тәуекелдіктер, аудит барысында елеулі мәселелер, мен қол жеткізген қорытындыларды қамтиды.



Байланысты Талаптардан Ауытқаулар (Сілт: Пар. 12)

A18. АХС-тағы негізгі ұстанымдар аудиторға аудиттің жалпы мақсаттарына және АХС-тағы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуге арнап əзірленген. Соған сəйкес, аудитор айрықша жағдайларды есепке алмағанда, АХС-ары аудиттің жағдайларына қатысты қажетті əрбір ұстанымды орындауы тиіс.

A19. Құжаттама талабы тек қана жағдайларға өзіне тән талаптарға қолданылады. Талап тек төмендегі жағдайларға ғана сәйкес емес105:

(a) Бүкіл АХС сәйкес емес (мысалға, егер субъекті ішкі аудиттің қызметі жоқ болса, ештеңе 610АХС-да106 сәйкес келмейді); немесе

(b) Талап шартты болып табылады, бірақ шарт жоқ (мысалға, сәйкес тиісті аудиторлық дәлелдемені алуға қабілетсіздігі бар болғанда, аудитордың пікірін жетілдіруге қатысты талап, сәйкес тиісті аудиторлық дәлелдеме, және сол сияқты қабілетсіздік жоқ қой).

Аудиторлық Есеп шығарған күнінен бастап туындайтын Мәселелер (Сілт: Пар. 13)

A20. Айрықша жағдайларға мысалдар, аудитор аудиторлық есеп шығарған күнінен бастап білген дереккөздер, сол күнінде белгілі болатын және сол күнінде белгілі болса, қаржылық есептілік өзгергені немесе аудитор аудиторлық есепте пікірін өгертуге ықпал ететін деректерді қосып алады.107 Аудиторлық құжаттамаға нәтижелі өзгерістер 220 АХС108 сай шолу жөніндегі талаптарға сәйкес текесеріледі.

Соңғы аудиторлық файлды жинақтау (Сілт: Пар. 14-16)

A21. 1 СБХС-те (немесе, кем дегенде, қатаң болып табылатын талаптар) фирмалардың аудиторлық файлды жинақтау жұмысын дер кезінде жинақтауына арналған саясат пен шараларды əзірлеуі ескерілген.109 Әдетте аудиторлық есеп беру күнінен кейін 60 күн мерзім ескерілген, сол уақыт ішінде соңғы аудиторлық файлды жинақтау ісін аяқтау қажет.110

A22. Аудиторлық есеп беру күнінен кейінгі соңғы аудиторлық файлды жинақтау ісін аяқтау өзіне жаңа аудиторлық шараларды орындау немесе жаңадан қорытынды шығару ісі жатпайтын əкімшіліктік процесс болып келеді. Аудиторлық құжаттамаға файлды соңғы жинақтау барысында әкімшілік сипатқа ие болатын өзгертулер енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгертулердің мысалдарына төмендегілер жатады:

•   Алмастырылған құжаттаманың алынып қойылуы немесе жойылуы .

• Жұмыстық құжаттарға қатысты қиылысқан сілтемелерді сұрыптау, іріктеу жəне құрастыру.

•   Файлды жинақтау процесіне жататын аяқтау жөніндегі бақылау парағына қол қою.

•  Аудитор аудиторлық есеп беру күніне дейін алған, аудиторлық команданың тиісті мүшелерімен келісілген аудиторлық дəлелдемелерді құжаттау.

A23. 1 СБХС-та (немесе, кем дегенде, қатаң болып табылатын талаптар) фирмалардың келісімнің құжаттамасын сақтау жөніндегі саясат пен шараларды əзірлеуі ескерілген.111 Аудиторлық келісімдер бойынша сақтау мерзімі аудиторлық есеп берудің күнінен, немесе күні кешірек белгіленсе топтың аудиторлық есеп беру күнінен бастап кем дегенде бес жылды құрайды.112

A24. Соңғы аудиторлық файлды жинақтау ісін аяқтағаннан кейін, аудитор жаңа аудиторлық құжаттама қосылу немесе ағымдағы аудиторлық құжаттаманы жетілдіру қажет болып санатын жағдайға мысалы ішкі немесе сыртқы тараптармен орындалған мониторинг инспекциялауы барысында алынған ескертпелерден туындайтын аудиторлық құжаттаманы түсіндіруі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет