Заң шығарушы мен Атқарушы Орындармен Қарым-Қатынас (Сілт: Пар. 43)
A65. Аудитордың клиенттің ақпаратына қатысты құпиялылықты сақтау жөніндегі кəсіби жауапкершілігі клиенттің субъектісінен өзге тарапты алаяқтық туралы хабардар етуге тыйым салуы мүмкін. Дегенмен, аудитордың заңдық жауапкершілігі елге байланысты өзгеріп отырады жəне кейбір жағдайларда аудитор құпиялылықты сақтау жөніндегі жауапкершілігін заң, нормативтік актілер не сот шешімі арқылы айналып өтуі мүмкін. Кейбір елдерде қаржылық институттың аудиторы қадағалау органдарына алаяқтықтың орын алғандығы туралы есепті ұсынуға қатысты заңдық жауапкершілікке ие болады.
Басқа елдерде аудитор егер басшылық пен басқару өкілеттігіне ие тұлғалар тиісті əрекеттерді жасай алмаса, уəкілетті органдарға бұрмаланулар бойынша есеп беруді ұсынуға тиіс болады.
A66. Аудитор анықталған алаяқтық қоғамдық мүдделелерінің аспектілерін қарастырып шығу кезінде қажетті әрекеттердің растау мақсаты бар жағдайлардың әрекеттер бойынша тиісті түрдегі бағдарын шешу үшін заңдық кеңес алуы тиіс.
Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру
A67. Мемлекеттік секторда, алаяқтық жөніндегі есеп берудің ұсынылуына қатысты талаптар, оның аудит барысында анықталған-анықталмағандығына байланыссыз көбінесе аудитордың басқару өкілеттігіне қатысты бекітілген немесе тиісті заңнамалық немесе нормативтік актілерде қосымша түсініктемеленген ерекше шарттармен реттелуі мүмкін.
1-қосымша
(Сілт: Пар. A25)
Алаяқтық тəуекелі факторларының мысалдары
Осы Қосымшада тізімделген алаяқтық тəуекелдерінің факторлары өздеріне аудитор əртүрлі жағдайларда кез болуы мүмкін факторлардың мысалдары болып табылады. Аудитордың тəжірибесінде кездестіретін екі түрдегі алаяқтыққа қатысты болып келетін мысалдар жеке түрде көрсетілген, атап айтқанда, бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну жəне активтерді заңсыз пайдалану. Алаяқтықтың осы екі түрінің əрқайсысы бойынша тəуекелдік факторлары əдетте алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмалану пайда болған кезде орын алатын үш шарттың негізінде жіктеленеді: (а) ынталандыру/қысым көрсету, (b) мүмкіндіктер, (c) қатынасы/оңтайландыру. Тəуекел факторлары əртүрлі жағдайларға қатысты болғанымен, олар тек мысал ғана болып табылады жəне соған сəйкес аудитор тəуекелдің қосымша немесе өзге факторларын белгілей алады. Бұл мысалдардың барлығы бірдей барлық жағдайда қолдануға лайықты бола бермейді, кейбіреуінің елеулігі субъектілердің көлемі мен меншіктің немесе жағдайлардың түрлі сипаттамаларына байланысты болады. Тəуекел факторларының мысалдарын келтірудің тəртібі олардың маңыздылығын немесе туындау жиілігін көрсетпейді.
Бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну кезінде туындайтын бұрмалануларға жататын тəуекел факторлары
Төменде бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну кезінде туындайтын бұрмалануларға жататын тəуекел факторларының мысалдары келтірілген.
Ынталандыру/Қысым көрсету
Қаржылық тұрақтылыққа немесе табыстылыққа экономикалық, салалық немесе өндірістік төменде келтірілген (немесе білдірілген) жағдайлар əсерін тигізеді:
• Табыстың азаюымен сүйемелденетін бəсекелестік пен нарықтың толыққандығының жоғары деңгейі.
• Жиі түрдегі өзгерістерге түсуі, мысалы, технологиядағы өзгерістер, өнімнің ескіруі, пайыздық ставкалар.
• Не салада, не тұтастай экономика бойынша сұраныстың азаюы жəне банкроттықтардың көбеюі.
• Банкроттық, сатып алу құқығынан айырылу немесе қастық жұтылу қауіпін тудыратын өндірістік залалдар.
• Табыстың артуы туралы бір мезгілде жариялаумен əрекеттік іс-əрекеттен туындалатын ақша ағынының тұрақты теріс ағыны.
• Дəл сол саланың басқа компанияларымен салыстырғандағы жылдам өсім немесе əдеттен тыс табыстылық.
• Жаңа бухгалтерлік, заңнамалық немесе реттеуші талаптар.
Үшінші жақтың талаптарын орындау үшін басшылыққа төмендегі себептермен қатты қысым жасалады:
• Табыстылықты немесе инвестициялық аналитиктердің үрдістері, институттық инвесторлардың, елеулі несиегерлердің жəне өзге сыртқы тараптардың, соның ішінде мысалы, басшылықтың тым оңтайлы пресс-релиздерінің немесе жыл сайынғы есептіліктері арқылы қалыптастырған күтулерін (көбінесе ақиқатқа сəйкес келмейтін немесе агрессивтік болып табылатын күтулерді) қоса алғандағы күтуі.
• Бəсекелестік қабілетін сақтап қалу үшін қосымша қарыздық немесе капиталдық қаржыландыруды алудың, соның ішінде негізгі ғылыми-зерттеу немесе капиталдық шығындарды қаржыландыруды қоса алғандағы қажеттігі.
• Биржаның листингілік талаптарына, қарызды өтеу немесе қарыздық келісімдердің өзге шарттарына сəйкес келудің шектеулі қабілеті.
• Жабылмаған əрекеттер бойынша қанағаттандырарлықсыз қаржылық нəтижелерді ұсынудың болжамдалатын немесе іс-жүзіндегі жағымсыз əсері, мысалы, бизнестің бірігуі немесе келісімшартты сыйақылар.
Қол жеткілікті ақпарат басшылықтың немесе басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың қаржылық жағдайына келесі себептер бойынша субъектінің қаржылық нəтижелері қауіп тудыруы мүмкін екендігін көрсетеді:
• Субъектіге қатысты елеулі қаржылық қызығушылық.
• Олардың сыйақысының едəуір бөлігі (мысалы, бонустар, акцияларға қатысты опциондар жəне нəтижелер бойынша төлемдер) акциялардың бағасы бойынша агрессивтік мақсаттарға қол жеткізуіге, өндірістік нəтижелерге, қаржылық жағдайға немесе ақшалай ағындарға байланысты болып келеді. 137
• Субъектінің қарыздарына қатысты жеке кепілдіктер.
Өкілетті тұлғалар анықтаған қаржылық мақсаттарға, сонымен қоса сатуларға немесе пайдалылыққа қатысты стимул мақсаттарына көз жеткізу үшін субъект басшылығына немесе операциялық қызметкерлерге тым қысым көрсетіледі.
Мүмкіндіктер
Кәсіпорын саласы немесе өнідірісінің сипаты төмендегі себептермен бұрмаланған қаржылық ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді:
• Әдеттегі іс-əрекеттен тыс жататын байланысқан тараптармен немесе аудиттелмеген немесе өзге фирмамен бірге аудитті орындауға байланысты субъектілермен елеулі əрекеттер.
• Күшті қаржылық жағдайы немесе саланың белгілі бір секторында басымдылыққа ие болу қабілеті, бұл субъектіге жеткізушілерге немесе тапсырыс берушілерге сəйкес келмейтін немесе делдалдардың қатысуымен шарттарды орындауға мəжбүрлеуге мүмкіндік береді.
• Субъективтік ой-пікірлерді немесе өздерін қуаттап беру қиынға түсетін белгісіздіктерді қолданумен елеулі баға берулерге негізделетін активтер, міндеттемелер, табыстар немесе шығындар.
• Елеулі, əдеттен тыс немесе күрделі əрекеттер, əсіресе кезеңнің соңына қарсы жүргізілген, «мазмұнының нысаннан асу» мəселелерін қозғайтын əрекеттер.
• Өздерінде түрлі бизнес орта мен мəдениет орын алатын юрисдикциялардағы шектесіп жатқан аймақтарда орналасатын немесе жүзеге асырылатын елеулі өндірістік қуаттылықтар.
• Іскерлік делдалдарды негізсіз пайдалану.
• Елеулі банкілік шоттар немесе өздері бойынша анық негіздеме жоқ салықтық аймақтардағы филиалдар мен еншілес компаниялар.
Басшылықтың келесі себептермен мониторингті тиімсіз түрде жүргізуі:
• Орнын толтырушы бақылауы жоқ бір адамнан немесе кішігірім топтан құралған басшылық (субъектінің иеленушісі басқармайтын субъектілерде).
• Басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың қаржылық есептілікті ұсыну процесі мен ішкі бақылауды тиімсіз қадағалауы.
Келесі белгілермен сипатталатын күрделі немесе тұрақсыз ұйымдық құрылым:
• Субъектідегі акциялардың бақылау пакетіне ие болатын ұйымды немесе тұлғаларды анықтаудағы қиындықтар.
• Əдеттен тыс субъектілердің немесе əдеттен басқару функцияларының қатысуымен тым күрделі ұйымдық құрылым.
• Жоғары буындағы басшылықтың, заңгер кеңесшілерінің немесе басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың тұрақтамауы.
Ішкі бақылаудың құраушылары келесі себептермен жеткіліксіз болады:
• Автоматтық бақылауларды жəне аралық қаржылық есептілікті ұсынуға (сыртқы пайдаланушылар үшін есептілік қажет болғанда) қатысты бақылауларды қоса алғанда, бақылаулардың сəйкес келмейтін мониторингісі.
• Үлкен дəрежедегі жылыстау немесе бухгалтерияға тиімсіз қызметкерлерді жалдау, ішкі аудит немесе ішкі технологиялар бөлімшесі.
• Нəтижесіз бухгалтерлік есеп жəне ақпараттық жүйлер, сонымен бірге ішкі бақылаудың елеулі əлсіздіктерімен бірге жүретін жағдайлар.
Қатынасы/Оңтайландыру
• Басшылықтың субъектінің əдептану құндылықтарын немесе стандарттарын тиімсіз хабардар ету, енгізу немесе нығайту немесе сəйкес келмейтін əдептану құндылықтары немесе стандарттар туралы хабардар ету.
• Қаржылық емес басшылықтың есептік саясатты таңдау мен елеулі бағалауларды белгілеуге шектен тыс артық мөлшерде қатысуы/абайсыздығы.
• Құнды қағаздар бойынша заңдарды немесе өзге де заңнамалық жəне нормативтік актілерді бұзудың, алаяқтық немесе заңнамалық жəне нормативтік актілердің бұзылғаны туралы көрсетумен субъектіге қарсы, оның жоғары басшылығы немесе басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға қарсы ізденулердің тарихы.
• Басшылықтың акцияларға қатысты бағаларды немесе табыстардың белгілі бір деңгейін ұстап тұру немесе арттыруға шектен тыс қызығушылық білдіруі.
• Басшылықтың агрессивтік немесе мүмкін болмайтын болжамдарға қол жеткізу үшін аналитиктерді, несиегерлерді жəне өзге де үшінші жақты қатыстыру тəжірибесі.
• Басшылықтың ішкі бақылаудағы белгілі елеулі бұрмалануларды дер кезінде түзетуге деген қабілетсіздігі.
• Басшылықтың салықтық мақсатпен табысты азайту мақсатымен сəйкес емес əдістерді қолдануға мүдделі болуы.
• Жоғары басшылықтың тұрақсыз моральдік рухы.
• Басқарушы-иегер жеке жəне іскерлік əрекеттердің арасын бөлмейді.
• Акционерлердің жəне меншіктің жабық құрылымы субъектілерінің арасындағы даулар.
• Елеулік негізінде мөлшерлі немесе тиіссіз есептілікті дәлелдеу үшін субъект басшылығының күштерін қайталау.
• Басшылық пен ағымдағы немесе бұрынғы аудитордың арасындағы шиеленіскен қатынастар, мысалы:
-
Ағымдағы немесе бұрынғы аудитормен бухгалтерлік есеп, аудит немесе есептілік мəселелері бойынша жиі дауласулар.
-
Аудиторға қатысты қойылатын талаптар мысалы, аудитті аяқтау немесе аудиторлық есеп беруді шығаруға қатысты негізсіз уақыттық шектеулер.
-
Аудитордың тұлғаларына немесе ақпаратқа қол жеткізуін немесе басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды тиімді хабардар ету қабілетін шектейтін, аудиторға қатысты ресми немесе бейресми шектеулер.
-
Басшылықтың аудиторлармен мəселелерді шешу кезіндегі басымдылық мінез-құлқы, əсіресе аудиторлық жұмыстың ауқымына немесе аудиттің келісімі бойынша тағайындалған немесе кеңес беретін қызметкерді таңдап алу немесе қайта тағайындау.
Активтерді заңсыз пайдалану себебінен туындайтын бұрмаланулардың себебінен пайда болатын тəуекел факторлары
Активтерді заңсыз пайдалану себебінен туындайтын бұрмалануларға қатысты болып келетін тəуекел факторлары да əдетте алаяқтық туындаған кезде орын алатын үш шарт бойынша жіктемеленеді: стимулдар/қысым жасау, мүмкіндік, мінез-құлқы/оңтайландыру.
Бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну кезінде туындаған бұрмалауларға қатысты болып келетін кейбір тəуекелдіктерге қатысты факторлар активтерді заңсыз пайдалану себебімен туындаған бұрмалауда орын алуы мүмкін. Мысалы, басшылық жүргізетін тиімсіз мониторинг, жəне ішкі бақылаудың əлсіз жақтары не бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну себебінен, не активтерді заңсыз пайдалану себебінен туындайтын бұрмаланулар орын алған кезде де орын алуы мүмкін. Төменіректе активтерді заңсыз пайдалану себебінен туындайтын бұрмалануларға қатысты тəуекел факторларының мысалдары келтірілген.
Ынталандыру/Қысым
Жеке қаржылық міндеттемелер басшылыққа немесе қызметкерлерге активтерді заңсыз пайдалану мақсатымен тоналуға ақшалай қаражаттарға ұрланған немесе өзге түрдегі активтерге қол жеткізумен қысым көрсетуі мүмкін.
Кәсіпорын мен ұрлауға сезгіш ақшалай қаражатқа немесе басқа активтерге рұқсат берілген қызметкерлердің арасындағы теріс қатынастар бұл қызметкерлерді осы активтерді ұрлауға уәждеуі мүмкін.
Мысалы, қолайсыз қатынастар төмендегілермен туындалуы мүмкін:
• Қызметкерлердің белгілі немесе күтіліп отырған қысқаруы.
• Қызметкерлерге өтемақы немесе сыйақы беру жоспарларында соңғы немесе күтіліп отырған өзгерістер.
• Күткенге сəйкес келмейтін марапаттау, өтемақылау немесе басқа түрдегі сыйақылау.
Мүмкіндіктер
Белгілі түрдегі сипаттамалар немесе жағдайлар активтердің заңсыз пайдалануға ұрынған арттыруы мүмкін. Мысалы, активтерді заңсыз пайдалану мүмкіндігі төмендегі жағдайларда арта бастайды:
• Кассасындағы ақшалай қаражаттардың ірі сомаларының немесе қолда бар ақша қаражатымен амалдардың бар болуы.
• ТМҚ баптары өлшемі бойынша кішігірім болып келеді, құны жоғары немесе жоғары сұранысқа ие.
• Жеңіл айырбасталатын активтер, мысалы, ұсынушыға арналған облигациялар, алмастар немесе компьютерлік чиптер.
• Көлемі кішігірім, оңай өткерілетін немесе меншіктілігі анық сəйкестендірілмеген ұзақ мерзімдік активтердің бар болуы.
Активтерге қатысты сəйкес келмейтін ішкі бақылау сол активтерді заңсыз пайдалануға ұрынуын арттыруы мүмкін. Мысалы, активтерді заңсыз пайдалану келесі себептермен туындауы мүмкін:
• Міндеттемелердің сəйкес келмейтін түрде үлестірілуі немесе тəуелсіз тексерулер.
• Жоғары басшылықтың шығындарына қатысты сəйкес келмейтін қадағалау, мысалы іс-сапарлық шығындар жəне өзге де өтеу.
• Басшылықтың активтерге қатысты жауапкершілікте болатын қызметкерлерді сəйкес емес түрде қадағалау, мысалы, қашықтағы бөлімшелерді сəйкес келмейтін қадағалау немесе мониторингілеу.
• Активтерге қол жеткізуі бар жайғасымдарға үміткерлерді сəйкес емес түрде тексеру.
• Активтерге қатысты жазбаларды сəйкес емес түрде сақтау.
• Əрекеттерді бекітудің сəйкес келмейтін жүйесі (мысалы, сатып алу кезінде).
• Қолма-қол ақшаға, инвестицияларға, ТМҚ немесе негізгі құралдарға қатысты сəйкес келмейтін физикалық қорғау шаралары.
• Активтерді толық жəне дер кезінде салыстырулардың жеткіліксіздігі.
• Əрекеттерді дер кезіндегі жəне сəйкес келетін түрде құжаттаудың жеткіліксіздігі, мысалы, сатылған тауарларды қайтаруды есепке алу.
• Басты бақылау қызметтерін орындайтын қызметкерлерге арналған міндетті еңбек демалысының жоқтығы.
• Басшылықтың ақпараттық технологияларды сəйкес емес түрде білуі, бұл ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің қызметкерлеріне активтерді заңсыз пайдалануға мүмкіндік береді.
• Компьютерлік жүйедегі оқиғалар хаттамасын бақылауды/шолуды қоса алғанда, автоматтандырылған жазбаларға қол жеткізудің сəйкес емес түрдегі бақылаулары.
Қатынастар/Оңтайландыру
• Мониторингінің қажеттігі немесе активтерді заңсыз пайдаланумен байланысты болып келетін тəуекелдерді азайтуды қабылдамау.
• Әрекеттегі бақылауларды елемеумен активтерді заңсыз пайдалануға қатысты ішкі бақылауды қабылдамау немесе ішкі бақылаудың белгілі кемшіліктерін жоюдың мүмкін еместігі немесе сəтсіз əрекеті.
• Субъектінің қанағаттанбауын немесе оның қызметкерге көзқарасын көрсететін мінез-құлық.
• Активтерді заңсыз пайдалану көрсетуі мүмкін мінез-құлқындағы немесе өмір сүру мəнеріндегі өзгерістер.
• Елеусіз тонауларға жол берілуі.
2-қосымша
(Сілт: Пар. A40)
Алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекелдеріне қатысты аудиторлық шаралардың мысалы
Төменде бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсыну мен активтерді заңсыз пайдалану себептерінен алаяқтықпен туындалған елеулі бүрмаланулардың бағаланған тəуекелдеріне қатысты мүмкін болары адиторлық шаралардың мысалдары келтірілген. Бұл шаралар түрлі жағдайларды қозғағанымен, олар тек мысал болып қана табылады жəне соған сəйкес əрбір жағдайда тиімді немесе қажетті бола алмайды. Тəуекел факторларының мысалдарын ұсынудың тəртібі оларды маңыздылығын көрсетпейді.
Тұжырымдар деңгейінде қарастыру
Алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекеліне аудиторлық баға беруге қатысты ерекше тұрғы алаяқтық тəуекелі факторларының түрлері немесе үйлесімдеріне немесе көрсетілген жағдайларға, шоттардың сальдосына, олар əсер етуі мүмкін əрекеттердің топтарына жəне тұжырымдарға байланысты өзгеріп отырады.
Төменде тəсілдердің мысалдары келтірілген:
• Бөлімшелерді аралау немесе белгілі түрдегі кенеттік сипаттағы тестілерді орындау. Мысалы, бөлімшелерде аудитордың қатысуы алдын-ала хабарланбаған жағдайдағы түгендеуді бақылау немесе белгілі бір датаға қатысты ақшаны кенеттен түгендеу.
• Түгендеудің аяқталу датасы мен есептік кезеңнің соңының арасындағы кезеңде сальдоны айлашарғылау тəуекелін азайту мақсатымен түгендеуді есептік кезеңнің соңына қарсы немесе кезеңнің соңына жақын уақытта жүргізу талабы.
• Ағымдағы жылы аудиторлық тəсілді өзгерту. Мысалы, жазбаша растауларды жөнілтуге, ұйым шеңберіндегі белгілі бір тарапқа растауға сұратулар жіберуге толықтыру ретінде жеткізушілермен жəне тапсырыс берушілермен ауызша байланыс жасау немесе қосымша немесе өзге түрдегі ақпаратты іздестіру.
• Тоқсанның соңына немесе жылдың соңына қатысты түзетпелеу жазбаларына егжей-тегжейлі шолу жасау жəне сипаты немесе сомасы бойынша əдеттен тыс болып келетін барлық анықталған түзетпелерді зерттеу.
• Елеулі жəне əдеттен тыс əрекеттер бойынша, көбінесе жылдың соңына қатысты немесе соған жақын уақытта туындайтын əрекеттер бойынша байланысқан тараптардың мүмкіндіктері мен əрекеттің орындалуын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың көзін зерттеу.
• Шын мəніндегі аналитикалық шараларды егжей-тегжейлі ақпаратты пайдалана отырып орындау. Мысалы, бөлімшелер бойынша, бизнестің
бағыттары немесе айлары бойынша сатулар мен сатулардың өзіндік құнын аудиторлар күткен үміттермен салыстыру.
• Өздерінде алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекелі анықталған телімдерде жұмыс істейтін қызметкерден олардың тəуекелдер мен тиісті бақылаулар бойынша пікіріне ие болу мақсатымен олардан интервью алу.
• Eгер бір жəне одан көп еншілес компаниялардың, бөлімшелердің, филиалдардың қаржылық есептілігі басқа аудиторлармен аудиттелетін болса, сол аудиторлармен сол құраушылардың арасындағы əрекеттердің себептеріне байланысты, алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулар тəуекелдеріне қатысты орындау қажет болатын жұмыс ауқымын талқылау.
• Егер де сарапшылардың жұмысы өзі бойынша алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмаланулардың жоғары тəуекелі орын алатын қаржылық есептіліктің белгілі бір бабына қатысты елеулі бола бастаса, қорытындылардың негіздемеленгендігін анықтау жəне сол мақсаттарға арнап басқа сарапшыны тарту мақсатымен сарапшылардың бір немесе бірнеше жіберулеріне жататын қосымша шараларды, əдістерді немесе қорытындыларды орындау.
• Аудиттелген қаржылық есептіліктің алдындағы кезеңнің басына қатысты баланстың таңдалып алынған баптарына талдау жүргізуге арнап аудиторлық шараларды жүргізу, бухгалтерлік баға берулер мен ой-пікірлер жөніндегі кейбір мəселелердің, мысалы, тауарды қайтаруға қатысты резервтің қаншалықты қаралғаны мен ақталғаны.
• Шоттар бойынша шараларды орындау немесе аралық кезеңдерге қатысты орындалған салыстыруды қарастыру ісін қоса алғанда, субъекті əзірлеген өзге түрдегі салыстыру
• Тұжырымдамалықтағы ауытқуларды тестілеуге арналған деректерді анықтау тəрізді компьютер көмегін қолданатын тəсілдерді орындау.
• Компьютермен жасалған есептердің жəне операциялардың дұрыстығын тестілеу
• Аудиттелетін субъектіден тыс көздерден қосымша аудиторлық дəлелдемелерді іздестіру.
Ерекше тұрғы – Бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсынудан туындайтын бұрмаланулар
Бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсынудан туындаған елеулі бұрмаланулар тəуекеліне аудиторлық бағалауға қатысты тұрғылардың мысалдары төменде келтірілген.
Табысты растау
• Егжей-тегжейлі ақпаратты қолдана отырып, табысқа қатысты шын мəніндегі аналитикалық шараларды орындау мысалы, есептік кезең
барысындағы айлар бойынша, өнім бойынша немесе бизнес сегменттер бойынша көрсетілген табысты өткен кезеңдердің салыстырмалы көрсеткіштерімен салыстыру. Компьютер көмегімен жасалатын аудит тəсілдерінің табыстардың немесе əрекеттердің арасындағы əдеттен тыс немесе күтпеген байланыстарды анықтау кезінде пайдасы тиюі мүмкін.
• Жеткізушілердің келісімшарттың белгілі шарттарын растауы жəне қосымша келісімдердің болмауы, себебі есепке алуға мұндай шарттар немесе келісімдер əсерін тигізуі мүмкін, ал жеңілдіктерді немесе солар жататын кезеңді негіздемелеу көбінесе тиісті түрде ресімделмей жатады. Мысалы, қабылдау өлшемдері, жеткізу мен төлеу шарттары, жеткізушілер бойынша келешек немесе тұрақты міндеттемелердің болмауы, өнімді қайтару құқығы, қайта сатудың кепілді бағасы, доғару мен қайтаруға қатысты резервтер көбінесе осындай міндеттемелерге жатады.
• Cубъектінің қызметкерлерінен маркетинг пен сату немесе ішкі заң кеңесшісінен кезеңнің соңына жақын сату немесе тиеуге қатысты жəне олардың сол əрекеттермен байланысты барлық əдеттен тыс жағдайлар туралы білімдері бойынша сауалнама алу.
• Кезеңнің соңында бір немесе одан да көп бөлімшелерде тауарлардың тиелуі немесе тиелуге даярланып жатқан тауарларды (немесе өңделуін күтіп жатқан қайтарым) бақылау мақсатымен тікелей соларға барып қатысу жəне сатулар мен ТМҚ бойынша өзге алдын кесу шараларын орындау.
• Табыс жөніндегі əрекеттерге қатысты бастама көтеріліп, өңдеуден өткізіліп жəне электрондық түрде көрсетілетін жағдайда, бақылауларды табыстар бойынша көрсетілген əрекеттің пайда болуына жəне оның тиісті түрде көрсетілгендігіне қатысты сенімділіктің ұсынылуын анықтау мақсатымен тестілеу.
Босалқының саны
• Субъектінің босалқысы бойынша жазбаларын орналасуын немесе түгендеу кезінде немесе содан кейін арнайы көзқарасты қажет ететін баптарды анықтау мақсатымен тексеру.
• Белгілі түрдегі бөлімшелерде түгендеуді алдын-ала хабарлау берусіз бақылау немесе барлық бөлімшелерді түгендеуді бір датаға арнап жүргізу.
• Түгендеу мен есептік кезең соңының арасындағы кезең ішіндегі айлашарғылаудың тəуекелін азайту мақсатымен түгендеуді есептік кезеңнің соңында немесе соған жақын уақытта жүргізу.
• Түгендеуді бақылау барысында қосымша шараларды орындау, мысалы, қораптардағы баптарды одан да толық түрде тексеру, тауарларды топтастыру (мысалы, көз байлау түріндегі қоймаластыру)
немесе таңбалау əдісі. Иіс майлар немесе химия дəрі-дəрмектері тəрізді сұйықтардың сапасы (мысалы, тазалығы, сорты немесе концентрациясы). Сарапшылардың жұмысы да қажет болуы мүмкін.
• Ағымдағы кезеңге қатысты санын ТМҚ-ның класы немесе категориясы бойынша, орналасуы немесе өзге критерийлер бойынша өткен кезеңдермен салыстыру, немесе түгендеуге қатысты санды ағымдағы жазбалармен салыстыру.
• Компьютер көмегімен жасалатын аудит тəсілдерді түгендеуді компиляциялауды тестілеу үшін пайдалану – мысалы, кодтардың бақылауларын тестілеу үшін кодтық таңба бойынша сұрыптау немесе баптардың жазылмай кету немесе қайталану мүмкіндігін тестілеу үшін баптардың сериялық нөмірлері бойынша сұрыптау.
Басшылықтың бағасы
• Өзін басшылықтың берген бағасымен салыстыру үшін тəуелсіз баға беруге арнап сарапшыларды пайдалану.
• Басшылықтың баға беруге қатысты өз жоспарларын орындау қабілеті мен ниетін растау үшін басшылықтан тыс тұлғалар мен бухгалтериядан сауалнама алу ісін кеңейту.
Ерекше тұрғы – Активтерді заңсыз пайдаланудан туындаған бұрмаланулар
Түрлі жағдайлар түрлі тəсілдерді қолдануға мəжбүр етеді. Əдетте, активтерді заңсыз пайдалану себебінен алаяқтықпен туындалған елеулі бұрмалану тəуекеліне қатысты аудиторлық тəсіл шоттар мен əрекеттер тобының белгілі түрдегі сальдосын қозғайды. Жоғарыда екі санатта көрсетілген кейбір аудиторлық тəсілдер осы жағдайларда қолданылуы мүмкін болса да, жұмыстардың ауқымы заңсыз пайдаланудың анықталған тəуекелі туралы ерекше сипаттағы ақпаратқа байланысты болады.
Активтерді заңсыз пайдаланудан туындалған елеулі бұрмаланулардың тəуекеліне аудиторлық баға беруге қатысты тəсілдердің мысалдары төменде келтірілген:
• Ақшалай қаражаттарды немесе құнды қағаздарды жылдың соңында немесе сол күнге жақын арада түгендеу.
• Тікелей жеткізушілердің аудиттеліп отырған кезеңге қатысты шот бойынша ақпарат (соның ішінде несиелік меморандумдар жəне тауарлардың қайтарылуын, төленген күнін) растауы.
• Шығынға жазылған шоттардың қалпына келтірілуін талдау.
• Босалқыдағы жетіспеушіліктердің орнына немесе өнімнің түріне қарай талдау.
• Босалқы бойынша негізгі коэффициенттерді салалық нормалармен салыстыру.
• Қорларды үздіксіз есепке алу жүйесіндегі ТМҚ бойынша ағымдағы
жазбаларды азайтуды растаушы құжаттамасына шолу жасау.
• Қызметкерлердің мекен-жайы немесе телефон нөмірінің сəйкес келуін анықтау мақсатымен компьютерге енгізілген жеткізушілердің тізімін қызметкерлердің тізімімен салыстыру.
• Қайталанатын жазбаларды анықтау, қызметкерлерді, салық органдарының немесе банкілік шоттардың нөмірлерін анықтау мақсатымен парольдер бойынша жазбаларды компьютерлік іздестіру.
• Іс-əрекеті бойынша дəлелдемелер қалмаған немесе аз қалған тұлғалардың жеке ісіне шолу жасау, мысалы, нəтижелерге жеткіліксіз баға беру.
• Əдеттен тыс шарттар немесе үрдістердің бар болуына қатысты жəне қайтару кезіндегі жеңілдіктерді талдау.
• Келісімшарттардың ерекше сипаттағы баптарын үшінші жақтардың растауы.
• Келісімшарттардың оларда көрсетілген шарттарға сəйкес орындалғандығы туралы дəлелдемелерді алу.
• Ірі жəне əдеттен тыс шығындардың дұрыстығына шолу жүргізу.
• Жоғары басшылық пен байланысқан тараптарға қарыздар бойынша сальдолардың бекітілуіне шолу жүргізу.
• Жоғары басшылық ұсынған шығындар бойынша есеп берулердің деңгейі мен дұрыстығына шолу жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |