Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет25/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65

Бақылау мониторингі

11. Басшылықтың маңызды жауапкершілігі ішкі бақылауды тұрақты негізде қалыптастыру. Басшылықтың бақылаулар мониторингі – олардың тиімділігін зерттеу, қажетті түзету əрекеттерін орындау.

Сондай-ақ басшылық шолуы, банкілік салыстырулардың дер кезінде орындалуы, ішкі аудиторлардың сауда қызметкерлерін бағалауы, субъектінің келісім-шарты бойынша саясатына сәйкестік және заң бөлімшесінің субъект этикалық немесе бизнес-тәжірибелер саясатына сәйкестікті қадағалауынан тұрады. Мониторинг мақсаты – бақылаулар уақыт ағымымен тұрақты түрде құрастыру. Мысалы, егер мерзімдері мен банкілік салыстырулар мониторингіне жатпаса, персонал оларды дайындауды аяқтайды.

12. Көптеген субъектілерде ішкі аудиторлар мен ұқсас қызметтерді атқаратын тұлғалар бақылаулар мониторингіне өз үлестерін қосады.

Олар ішкі бақылаудың қызметі туралы ақпаратты үнемі беріп отырады. Олар ішкі бақылаудың күшін немесе əлсіз жақтарым жəне оларды жетілдіру туралы кепілдемелерін хабарлайды.


  1. Мониторинг сондай-ақ сыртқы жақтардан алынған ақпаратты қолдануды да жетілдірулерді қажет ететін мәселелерді білдіреді. Мысалы тапсырыс берушілердің шағымдары, орын алған қиындықтарды көрсететін тұрақты баяндаулар. Тапсырыс берушілер инвойстарды төлеу арқылы ақпаратты толықтай растайды. Қосымшаға ішкі бақылауға әсер ететін мәселелерді қарастыру, мысалы банкілік басқарушы агенттіктер тексерулері туралы хабарлау орын алады. Сондай-ақ басшылық ішкі бақылауға қатысты жəне сыртқы аудиторлардан алынған мəліметтерді де ескереді.

2-қосымша

(Сілт: Пара. A33, A115)



Маңызды Бұрмалаулар Тəуекелділігіне Қатысты Шарттар мен Жағдайлар

Маңызды бұрмалаулар тəуекелділігін көрсететін шарттар мен жағдайлар төменде берілген. Мысалдары жағдайлардың көпшілігін қамтиды; алайда, жағдайлар барлығы емес, әр бір аудиттің келісіміне қатысты. Мысалдар тізімі толықтырылмаған.

• Экономикалық жағынан тұрақсыз аудандарда жұмыс істеу, мысалы валюта құнсыздануы ерекше жəне инфляциясы жоғары ел;

• Тұрақсыз нарық əсеріне ұшыраған қызмет, мысалы фьючерстерді сату;

• Күрделі заңнамаға ұшыраған қызмет;

• Кəсіпорын қызметінің принципі мен өтімділігі, сондай-ақ маңынзды клиенттерді жоғалту;

Капитал мен займға шектеу;

• Субъект саласындағы өзгерістер;

• Жеткізулер тізбегіндегі өзгерістер;

• Жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін дайындау мен ұсыну, бизнестің жаңа бағыттарын енгізу;

• Географиялық ұлғаю;

• Субъектідегі өзгерістер, ірі сатып алулар, ұйымның таратылуы немесе басқа ерекше жағдайлар;

• Сатылуы ықтимал кəсіпорындар немесе бизнес бөлімдері.

• Күрделі ұйымдар мен бірлескен кəсіпорындар;

•   Арнайы мақсаттағы субъектілерді жəне қаржыландырудың басқа күрделі əдістерін, баланстан тыс қаржы пайдалану;

• Байланысты жақтармен болған ерекше операциялар;

• Бухгалтерлік жəне қаржылық есептілікке дағдысы бар қызметкерлердің жетіспеушілігі;

•  Негізгі қызметкерлер құрамындағы өзгерістер, соның ішінде орындаушы директорлардың өзгеруі;

•   Ішкі бақылаудың əлсіз жақтары, әсіресе басшылық басқармаған әлсіз жақтар;

•   Субъектінің АТ стратегиясы мен оның бизнес стратегиялары арасындағы келісімсіздік;

•   АТ ортасындағы өзгерістер;

•  Қаржылық есептілікке байланысты жаңа ерекше АТ жүйелерді орналастыру;

•   Субъектінің қызметін немесе оның мемлекеттік немесе реттеушінің қаржылық қорытындыларын зерттеу;

•   Алдыңғы қателіктер, кателіктер тарихы, соңғы кезеңгі түзетулер сомасы;

•  Жүйесіз жəне стандартсыз операциялардың ерекше сомалары, ішкі фирмалық операциялар мен жоғары табысты операциялар;

•   Басшылықтың ниетіне, мысалы, қарызды қайта қаржыландыруды өтеуге, сатылатын активтерге жəне нарықтық бағалы қағаздарға негізделіп тіркелген операциялар;

•   Жаңа бухгалтерлік ережелерді қолдану;

•   Күрделі процестер, бухгалтерлік бағалаулар;

•   Бухгалтерлік бағалауларға қатысты белгісіз операциялар мен жағдайлар;

•   Соттық жанжалдар, мысалы сатулар жөніндегі кепілдіктері, қаржылық кепілдіктер.



320 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Аудитті Орындау Жəне Жоспарлаудағы Маңыздылық

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы .........................................................................................................1

Аудит Мәнмәтіндегі Маңыздылық ........................................................................2−6

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................7



Мақсаты ......................................................................................................................8

Анықтамалары ..........................................................................................................9

Талаптары

Аудитті Жоспарлау Кезінде Маңыздылықты Шешу мен Орындаудағы Маңыздылық.........................................................................................................10−11

Аудиторлық Өзгерістерге Шолу.........................................................................12−13

Құжаттама ..................................................................................................................14



Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Маңыздылық пен Аудиттің Тәуекелдігі .................................................................A1

Аудитті Жоспарлау Кезінде Маңыздылықты Шешу мен Орындаудағы Маңыздылық ....................................................................................................A2−A12

Аудиторлық өзгерістерге шолу..............................................................................A13





«Аудитті Орындау Жəне Жоспарлаудағы Маңыздылық» 320 (АХС) Аудиттің халықаралық стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

  1. Аудитордың халықаралық стандартының (АХС) мақсаты аудитордың қаржылық есептілік аудитін орындау мен жоспарлаудағы маңыздылық бойынша концепцияны қолдануға жауапкершіліктері бойынша нұсқау беру. 450 АХС202 маңыздылық аудитке анықталған бұрмалаулар немесе қажет болса қаржылық есептілікке түзітілмеген бұрмалау әсерлерін ететініне бағалауға қалай қолданылатынын түсіндіреді.

Аудит Мәнмәтіндегі Маңыздылық

2. Қаржылық есеп жүйесі әдетте қаржылық есептілік дайындау мен ұсыну мәнмәтінде маңыздылықты қарастырады. Қаржылық есеп жүйелері маңыздылықты әр түрлі жақтарынан қарастырса, олар әдетте:

• Бұрмалаулар, жіберілген қателер маңызды болады, егер олар жеке немесе барлықтарды бірлесіп қолданушылардың экономикалық шешімдеріне қаржылық есептілік негізінде әсер етеді ме, жоқ па;

• Маңыздылық бойынша көзқарастар қоршаған жағдайларға байланысты, және бұрмалау мөлшері немесе сипатына әсер етеді; және

• Қаржылық есептілікті қолданушыларға маңызды болатын мәселелер бойынша көзқарастар қолданушылар жасақ сияқты жалпы қаржылық ақпарат қажеттіліктерін қарастыруға негізделеді.203 Қолданушылардың қажеттіліктері әр түрлі болуы мүмкін. Бұрмалаулардың белгілі бір жекелеген қолданушыларға ықтимал әсерлері қарастырылмаған.

3. Егер қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі қарастырыса, сондай талқылау аудиторға аудиттің маңыздылығын қарастыруға жәрдемдеседі. Керісінше 2 параграфта көрсетілген сипаттамалар аудиторға мұндай сілтеу желісін қамтамасыз етеді.

4. Аудитор маңыздылықты шешім қабылдауы кәсіптік көзқарас мәселесі болып табылады. Аудитор қаржылық есептілікті қолданушылардың қаржылық ақпаратқа қажеттіліктерін қарастыруы аудитор маңыздылықты шешім қабылдауына әсер етеді.

Осыған орай, аудитор:

(a) Бизнес пен экономикалық қызметтер және есеп-қисап туралы білуі қажет пен қаржылық есептілік туралы ақпаратты ынтамен зерттеуі қажет;

(b) Маңыздылық деңгейлері дайындалған, көрсетілген және аудиттеленген қаржылық есептілік туралы білім алуы қажет;

(c) Баға берулер, көзқарас пен келешектегі жағдайларды қарастыру негізіндегі сомаларды санауға бөлінбес белгісіздікті мойындауы қажет; және

(d) Қаржылық есептіліктегі ақпарат негізінде жасалған тиісті экономикалық шешімдер қабылдауы қажет.

5. Аудитор маңыздылық туралы көзқарасты аудитті жоспарлау мен орындауда, аудитке анықталған бұрмалаулар және қажет болса қаржылық есептілікке түзітілмеген бұрмалаулардың әсерлерін бағалау, аудитордың есебіндегі пікір құрастыруда қолданады.(Сілт: Пар. A1)

6.      Аудитті жоспарлау кезінде аудитор елеулі болып саналатын бұрмалаулар мөлшері бойынша қорытындыға келеді. Бұл қорытындылар төмендегі негізді қамтамасыз етеді:

(a) Тәуекелдікті бағалау шараларының сипатын, мерзімі мен деңгейін анықтайды;

(b) Маңызды бұрмалау тәуекелдіктерін анықтайды және бағалайды; және

(c) Бұдан әрі аудиторлық шаралар сипатын, мерзімі мен ауқымын қарастырады.

Аудитті жоспарлауда айқындалған маңыздылық сомаларды анықтауда қажеті жоқ. Бұл сомаларды аспайтын түзітілмеген бұрмалаулар жеке немесе басқалармен бірлесіп үнемі маңызды емес бұрмалаулар болып саналады. Кейбір бұрмалауларға қатысты жағдайларға сәйкес аудитор оларды маңызды болып қарастырады, егере олар маңыздылықтан төмен болса. Тек өз сипаты себебімен бұрмалауларды анықтауға арналған аудиторлық шаралар пайдасыз болса да, аудитор қаржылық есептілікке өз әсерін бағалау барысында түзітілген бұрмалау тек қана мөлшерін емес, сонымен қатар сипаты, өз пайда болуы белгілі бір жағдайларын қарастырады.204



Күшіне Ену Күні

7. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап немесе осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есептілікке қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

8. Аудитордың мақсаты аудитті жоспарлау мен орындауда тұжырымдамасын қолдану.



Анықтамалары

9. Аталмыш АХС мақсаттарымен, орындау маңыздылығы аудитор қаржылық есептілік маңыздылығы тұтастай алғанда қолайлы төмен деңгейге дейін сәйкесті түрде түзітілмегені немесе анықталмаған бұрмалау барлығы

қаржылық есептілікті тұтастай алғанда маңыздылығынан асатын ықтималдықты бекіткен сома немесе сомаларды қарастырады. Қажет болса, орындау маңыздылығы сондай-ақ аудитор маңыздылық деңгейінде немесе әрекеттер белгілі бір сыныптары, шоттық баланстар немесе ашулар деңгейінде бекітетін сома немесе сомалардан тұрады.

Талаптары

Аудитті Жоспарлау Кезінде Маңыздылықты Шешу мен Орындаудағы Маңыздылық

10.  Аудиттің жалпы стратегиясын анықтау барысында, аудитор тұтастай алғанымен қарыжылық есептіліктер маңыздылығын қарастыруы қажет. Егер субъект белгілі бір жағдайларда бір немесе одан да көп әрекеттер сыныптары, шоттық баланстар немесе тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығынан аз сомалар бұрмаланулары экономикалық шешімдерге әсер етуі ықтимал ашулар болса, аудитор соған сәйкес маңыздылық деңгейін қарастырады. (Сілт: Пар. A2-A11)

11. Аудитор маңызды бұрмалау тәуекелдігін бағалу мақсатымен орындау маңыздылығын, бұдан әрі аудиторлық шаралар сипатын, мерзімін, ауқымын қарастырады. (Сілт: Пар. A12)

Аудиторлық Өзгерістерге Шолу

12. Аудиттің бастапқы кезінде өзге сома қарастыруына әсер етуі мүмкін ақпарат туралы білетін аудитор тұтастай алғанда қаржылық есептіліктер маңыздылықтарын қайта қарайды (керектік туған кезде, маңыздылық денгейі немесе әрекеттер белгілі бір сыныптары, шоттық баланстар немесе ашулар маңыздылығы). (Сілт: Пар. A13)

13. Егер бастыпқы кезіндегі маңыздылығымен салыстырғанда тұтастай алғанда қаржылық есептіліктер төмен бұрмалауға сәйкесті болады деп қорытындыға келсе, аудитор орындау маңыздылығын қайта қарастыруы қажет бар-жоқтығын, бұдан әрі аудиторлық шаралар сипаты, мерізімі мен ауқымына сәйкесті қалатын-қалмайтынын қарастыруы қажет.

Құжаттама

14. Аудитор аудиторлық құжаттарға келесі сомаларды және факторларды қарастыруы қажет:205

(a) Тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығын қарастырады (10 параграфты қараңыз);

(b) Қажет болса, бұрмалау деңгейі немесе әрекеттер сыныптары, шоттық баланстар немесе ашулар маңыздылығын қарастырады (10 параграфты қараңыз);

(c) Орындау маңыздылығы (11 параграфты қараңыз); және

(d) Аудитті жетілдірумен (a)-(с) кез келген қарастыру (12-13 параграфтарға қараңыз).


***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Өзгерістерге Шолу (Сілт: Пар. 5)

A1.   Қаржылық есептілік аудитін жүргізу барысында, аудитордың жалпы стратегияларының мақсаты – ақпараттың дұрыстығын растау; жалпы қолданыста қаржылық есептілік алаяқтық пен қателер себебімен елеулі бұрмалаулардан бос, сондай-ақ, аудитор қаржылық есептілік, барлық елеулі қатынастарда, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесін қарастырады; аудитор қаржылық есептілік туралы есеп береді және аудиторлық мәлеметтер туралы сәйкес ақпарат беруі қажет.206 Аудитор қолайлы төмен деңгейге дейін жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді алу арқылы ақылға қонымды сенімділік алуы қажет.207 Аудиторлық тәуекелдік қаржылық есептілік елеулі бұрмаланғанда аудитор сәйкессіз аудиторлық пікір білдіретін тәуекелдік болып табылады. Аудиторлық тәуекелдік елеулі бұрмалау тәуекелдігі немесе анықтай алмау тәуекелдік қызметі болып табылады.208 Елеулік пен аудиторлық тәуекелдік аудит барысында қарастырылады:

(a) Маңызды бұрмалау тәуекелдігін анықтау мен болдырмау;209

(b) Аудиторлық шаралар сипатын, мерзімі мен ауқымын анықтау;210 және

(c) Қажет болса, түзетілмеген бұрмалаулардың қаржылық есептілікке211 әсері мен аудитордың есебінде пікір құрастыру.212

Аудитті Жоспарлау Кезінде Маңыздылықты Шешу мен Орындаудағы Маңыздылық

Мемлекеттік сектордағы кәсіпорыдарды қарастыру (Сілт: Пар. 10)

A2.   Заң шығарушылар мен реттеушілер әдетте қаржылық есептілікті бастауыш қолданушылары болып табылады. Сонымен қатар, қаржылық есептіліктер экономикалық шешімдерге қарамастан шешімдерді қабылдауға қолданылады. Тұтастай алғанда қаржылық есептіліктер маңыздылығын шешу (және қажет болса, маңыздылық деңгейі немесе әрекеттері белгілі бір сыныптары, шоттық баланстар немесе ашулар

деңгейлері) мемлекеттік сектор субъектінің қаржылық есептілік аудиті барысында заң, нормативтік орын, мемлекеттік сектор бағдарламалары бойынша заң шығарушылар мен қоғам қаржылық есептілікке қажеттіліктерінің әсеріне түседі.

Жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің маңыздылығын анықтау белгілерін пайдалану (Сілт: Пар. 10)

A3.   Маңыздылықты шешу кәсіптік пікір қарастырады. Процент кәдімгі таңдалған белгіге шыққан жері ретінде қолданылады. Белгі анықтауға әсер етуі ықтимал факторлар:

• Қаржылық есептілік элементтері (мысалы, активтер, міндеттер, меншікті капитал, табыстар, шығындар);

•   Белгілі субъектінің қаржылық есептілігін қолданушылардың назары аударылған баптар бар ма (мысалы, қаржылық қызметті бағалаумен қолданушылардың назары пайдаға, табыстарға немесе таза активтер);

• Субъект сипаты және сала және субъек жұмыс істейтін орта;

• Субъект иеленуші құрылымы мен субъект қаржыландырудың тәсілі (мысалы, егер субъект меншікті капитал арқылы емес, қарыз арқылы қаржыландырылса, қолданушылар активтерге, активтер бойынша шағымдар, субъектінің табыстарына назарын аударады); және

• Белгінің байланысты құбылмалығы.

A4.  Субъектінің жағдайларына қарағанда, сәйкесті болуы мүмкін белгілер мысалдары келесі санаттарға бөлінеді: салықты төлеуге дейінгі пайда, жалпы табыстар, жалпы пайда және жалпы шығындар, жалпы меншікті капитал немесе таза актив құны. Тоқтаусыз операциялардан туындайтын салықты төлеуге дейінгі пайда әдетте пайда-мақсаттағы субъектілерге арналған. Тоқтаусыз операциялардан туындайтын салықты төлеуге дейінгі пайда өзгермелі болса, басқа белгілер, мысалы, жалпы пайда немесе шығындар тиісті болуы мүмкін.

A5. Таңдалған белгі мақсатымен, сәйкесті қаржылық күн әдетте алдыңғы кезеңдердің қаржылық нәтижелерінен және қаржылық ахуалы, кезеңнен бастап қазіргі күнге дейінгі қаржылық нәтижелерінің қаржылық ахуалы, бюджеттер немесе ағымдағы кезең бойынша болжамдардан тұрады. Болжамдар субъектінің жағдайларындағы маңызды өзгерістер (мысалы, елеулі бизнес-сатып алу) және сала немесе субъект жұмыс істейтін экономикалық ортадағы өзгерістерге арналған. Осыған сәйкес, шыққан жері ретінде, тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығы тоқтаусыз операциялардан туындайтын салықты төлеуге дейінгі пайдаға, сондай-ақ сондай пайданы арттыратын немесе төмендейтін жағдайларға негізделеді. Мұндай жағдайларға сәйкес аудитор тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығы соңғы нәтижелер негізіндегі тоқтаусыз операциялардан туындайтын салықты төлеуге дейінге пайданы пайдалану арқылы сәйкесті түрде шешілгені туралы қорытындыға келеді.

A6. Маңыздылығы аудитор есеп беретін қаржылық есептілікке қатысты. Егер қаржылық есептілік он екі айдан аз немесе көп қаржылық есеп беру кезеңі бойынша дайындалса, мысалы, жаңа кәсіпорын немесе қаржылық есеп беру кезеңіндегі өзгерістер жағдайларында, маңыздылығы бұл қаржылық есеп беру кезеңі бойынша дайындалған қаржылық есептілікке қатысты.

A7. Таңдалған белгі бойынша қолданылатын процент кәсіптік көзқарасты қарастырады. Процентпен таңдалған белгі арасындағы қатынастары бар, мұндай тоқтаусыз операциялардан туындайтын салықты төлеуге дейінгі пайда бойынша процент әдетте жалпы табыстарға қолданылатын проценттен астам болады. Мысалы, аудитор көзқарасы бойынша тоқтаусыз операциялардан туындайтын салықты төлеуге дейінгі пайданың бес пайызы өндірістік саладағы пайда-мақсаттағы субъектіге тән болады. Аудитор жалпы табыстар немесе жалпы шығындардың бір пайызы коммерциялақы емес субъектіге тән.

Алайда жоғары немесе төмен пайыздар жағдайларға сәйкес келеді.

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A8.  Толассыз әрекеттерден алынған салықты төлеуге дейінгі кәсіпорынның пайдасы үнемі номиналды болып, мысалы, иеленуші салықты төлеуге дейінгі пайда көпшілігін сыйақы ретінде алған жағдайда, иеленушімен басқарылатын бизнес; сыйақыға дейінгі пайда секілді көрсеткіш және салыққа сәйкесті болуы мүкін.

Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды қарастыру

A9. Мемлекеттік сектор субъектілерінің аудиті жағдайында, жалпы немесе таза шығын (табыстардан аз шығындар) бағдарламалық қызметтерге сәйкес келеді. Егер мемлекеттік сектор субъекті қоғамдық активтерді қамқорлыққа алады, активтер тиісті белгі болады.



Маңыздылық Деңгейі немесе Әрекеттердің Белгілі Бір Сыныптары, Алғашқы Сальдо немесе Ашылымдардың Деңгейі (Сілт: Пар. 10)

A10. Тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығымен салыстырғанда аз сомалар маңыздылығы қаржылық есептілік негізінде қабылдаған қолданушылардың экономикалық шешімдеріне әсер ететін әрекеттер белгілі бір сыныптарың, шоттық баланстың немесе ашулардың бір немесе одан да көп айқындайтын факторлар мысалдары:

• Заң, нормативтік актілер немесе қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі қолданушылардың белгілі бір баптарды бағалау немесе ашуларға қатысты күтулеріне әсер ете ма (мысалы, байланысты тарап әрекеттері және басшылық пен өкілетті тұлғалардың сыйақысы).

• Субъект жұмыс істейтін саладағы негізгі ашулар (мысалы, фармацевтикалық субъект үшін зерттеу мен дамыту шығыны).

• Қаржылық есептілікте жекелеген түрде ашылған фирманың бизнесі назарына түсті ме, жоқ па (мысалы, жаңаша сатып алынған бизнес).

A11. Субъект айрықша жағдайларында сол сияқты әрекеттер сыныптары, шоттық баланстан немесе ашулар бар екендігін зерттеу барысында, аудитор басшылық пен өкілетті тұлғалардың көзқарастары немесе күтулері туралы ақпарат алуы қажетті болып саналады.



Орындаудағы Маңыздылық (Сілт: Пар. 11)

A12. Тек жеке елеулі бұрмалауларды анықтау мақсатымен аудитті жоспарлау келесі фактісін елемейді: жеке түрде елеулі емес бұрмалаулар барлығы қаржылық есептілік елеулі түрде бұрмалануына әкеп соқтырады және ықтимал анықталмаған бұрмалауларға шек қоймайды.

Орындау маңыздылығы (көрсетілгендей бір немесе одан да көп сомалар) мақсаты – қаржылық есептіліктегі түзітілмеген, анықталмаған бұрмалаулар тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығынан асатыны ықтималдығын қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету. Атап айтқанда, әрекеттер белгілі бір сыныптарына, шоттық баланстарға немесе ашуларға қатысты маңыздылық деңгейіне қатысты орындау маңыздылығы мақсаты – әрекеттер белгілі бір сыныптарындағы, шоттық баланстар немесе ашулардағы түзітілмеген, анықталмаған бұрмалаулар тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығынан асатыны ықтималдығын қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету. Орындау маңыздылығын шешу қарапайым механикалық тәсіл емес, кәсіптік көзқарасты қамтиды. Орындау маңыздылығы аудитордың субъект туралы білімі арқылы әсер етіліп, тәуекелдікті бағалау шараларын орындау кезінде жетілдірілеп, соңғы аудитте анықталған бұрмалаулар сипаты, ауқымы арқылы, сондай-ақ аудитордың ағымдағы кезеңгі бұрмалауларға қатысты көретулері арқылы әсер етіледі.

Аудиторлық Өзгерістерге Шолу (Сілт: Пар. 12)

A13. Тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығы (қажет болса, маңыздылық деңгейі немесе әрекеттер белгілі бір сыныптары, шоттық баланстар немесе ашулар деңгейлері) аудитте (мысалы, субъектінің бизнесі ең көбін пайдалануды шешім қабылдау) пайда болған жағдайлардағы өзгерістер, жаңа ақпарат немесе аудитордың субъект туралы біліміндегі өзгерістер және өз операциялар нәтижесінде бұдан әрі аудиторлық шаралар себебімен қайта қарастырылмайды. Мысалы, егер аудит барысында нағыз қаржылық нәтижелер болжамдағы кезең мен тұтастай алғанда қаржылық есептілік маңыздылығын бұзу мақсатымен бастапқы кезеңде қолданылған қаржылық нәтижелерден елеулі түрде ерекшеленсе, аудитор бұл маңыздылықа қайта қарауы қажет.



330 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Бағаланатын Тəуекелдіктерге жауап ретіндегі Аудиторлық Шаралар

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ........................................................................................................1

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................2

Мақсаты .....................................................................................................................3

Анықтамалар .............................................................................................................4

Талаптары

Жалпы Тәсіл ................................................................................................................5

Бекіту Деңгейіндегі Елеулі Бұрмалаушылықтардың Бағаланған Тәуекелдіктері бойынша Аудиторлық Шаралар............................................................................6-23

Ұсыну жəне Ашып Көрсетудің Барабарлығы..........................................................24

Жасалған Аудиторлық Шаралардың Жеткіліктілігі жəне Сəйкестігін Анықтау..................................................................................................................25-27

Құжаттама..............................................................................................................28-30




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет