Елеулі Бұрмалаушылықтардың Бағаланған Тәуекелдіктері Бойынша Шараларды Орындау (Сілт: Пар. 15)
A24. Қызмет көрсетуші ұйымды пайдалану клиент ұйымының елеулі кемшілік тәуекелін ұлғайтады ма, жоқ па деп бұл көрсетілген қызмет сипатына, сонымен қоса бұл қызметті бақылауға тәуелді болады; кейбір жағдайда, қызмет көрсетуші ұйымды пайдалану клиент ұйымының елеулі кемшілік тәуекелін төмендетеді, әсіресе, клиент ұйымы өзі белгілі бір операцияларды, мысалы әрекеттердің бастамашылығы, өңдеуі, құжаттауға қажетті трансакциялар немесе адекватты ресурстары жоқ болса (мысалы АТ жүйесі).
A25. Қызмет көрсетуші ұйым, клиент бухгалтерлік жазуларының елеулі
элементтерін қолдаса, бұл жазуларға тікелей кіруге рұқсат клиент аудиторы бұл жазуларды бақылау операцияларына қатысты жеткілікті аудиторлық дәлелдерді жинауы немесе бұл жазулардағы әрекеттері мен баланстарды растау мақсатымен қажетті болады. Бұл жазуларға тікелей кіруге қызмет көрсетуші ұйымдағы жазуларды физикалық түрде тексеру немесе клиент ұйымынан немесе басқа кәсіпорыннан, немесе екеуінен электрондық түрде сақталатын жазулар туралы ақпарат сұратады, қарастырады. Егер жазуларға тікелей кіруге электрондық рұқсат алынса, онда клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйым жауапты болатын клиент ұйымының мәліметтерінің толықтығы мен тұтастығын бақылау барабарлығы бойынша дәлелдерді жинайды.
A26. Клиент ұйымының атынан қызмет көрсетуші ұйым атқаратын әрекеттер немесе бар активтерді ұсынатын баланстарға қатысты, алынуы қажет аудиторлық дәлелдер сипаты мен көлемін анықтауда, клиент аудиторы келесі шараларды қарастырады:
(а) Клиент ұйымы сақтап қоятын жазулар мен құжаттарды зерттеу: дәлелдеме көзінің сенімділігі бухгалтерлік жазулар сипаты мен көлемі, сондай-ақ көмекші құжаттармен шешіледі. Кейбір жағдайда клиент ұйымы өз атынан орындалған белгілі бір әрекеттер жөнінде бөлшекті жазулар немесе құжаттарды ұстамайды.
(b) Қызмет көрсетуші ұйым ұстайтын жазуларды және құжаттарды зерттеу: клиент аудитор қызмет көрсетуші ұйымның жазуларына кіруіне рұқсат клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші ұйым арасындағы контрактты келісімдердің бөлігі ретінде саналады. Сонымен қоса, клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйым ұстайтын клиенттің жазуларына кіруге рұқсат алу үшін басқа аудиторды шақырады.
(c) Қызмет көрсетуші ұйымнан баланстар мен әрекеттер туралы тұжырымдама алу: клиент ұйымы баланс пен әрекеттерге қатысты тәуелсіз жазуларды ұстаған жағдайда, клиент ұйымының жазуларын қуаттайтын қызмет көрсетуші ұйымнан алынған тұжырымдама қарастырылған әрекет пен активтер бар болуына қатысты сенімді аудиторлық дәлелдерді құрастырады. Мысалы, көп қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланылса, инвестициялар жөніндегі директор және кастодиан және мұндай ұйымдар тәуелсіз жазуларды ұстаса, клиент аудиторы бұл ақпаратты клиент ұйымының тәуелсіз жазуларымен салыстыру үшін баланстарды қуаттайды.
Клиент ұйымы тәуелсіз жазуларды ұстамаған жағдайда, қызмет көрсетуші ұйымнан алынған, тұжырымдамалардан алынған ақпарат қызмет көрсетуші ұйым ұстайтын жазуларды көрсетілетін тек мәлімдеме ғана болады. Сонымен қатар, сол сияқты тұжырымдамалар жеке алынған болса сенімді аудиторлық дәлелдерді құрастырмайды. Соған сайкес
клиент аудиторы тәуелсіз дәлелдеме баламалы көзі анықталуы мүмкіншілік бар-жоқтығын қарастырады.
(d) Клиент ұйымы ұстайтын жазулар туралы есептер немесе қызмет көрсетуші ұйымнан алынған еcептерге қатысты аналитикалық шараларды орындау: аналитикалық шаралар тиімділігі тұжырымдамаға тәуелді болуға аз мүмкіншілік бар және олар қол жетерлік ақпарат деңгейі мен егжей-тегжейінің ықпалына түседі.
A27. Басқа аудитор клиент аудиторы үшін сипатында маңызы бар шараларды орындайды. Сондай келісім басқа аудитор клиент ұйымы мен өз аудиторы және қызмет көрсетуші ұйым мен өз аудиторы келісілген шараларды өткізуін қарастырады. Басқа аудитор орындаған шаралардан туындайтын мәліметтер олар жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдерді құрастыратын-құрастырмайтын екені аудитордың назарына аударады. Қосымшаға мемлекеттік өкілетті орындармен немесе қызмет көрсетуші аудитор сипатындағы маңызы бар белгілінген шараларды орындайтын шартты келісімдермен жүктелетін талаптары бар. Клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйым өңдейтін баланс пен әрекеттерге талап етілетін шараларды қолданылуының нәтижелерін аудиторлық пікір айтуы қажет ететін дәлелдер бөлігі ретінде қолданылады. Сондай жағдайларда бұл шараларды өткізуге дейін клиент аудиторы мен қызмет көрсетуші аудитор аудиторлық құжаттама немесе клиент аудиторға жеткізетін аудиторлық құжаттарға кіруге рұқсат алу туралы келісуі қажет.
A28. Белгілі бір жағдайларда әсіресе клиент ұйымы өз қаржы функциясы кейбірі немесе барлығы қызмет көрсетуші ұйымға жүктеген жағдайда, клиент аудиторы аудиторлық дәлелдердің маңызды бөлігі қызмет көрсетуші ұйымда қалатын жағдаймен кез болады. Клиент аудиторы немесе басқа аудиторы өз атынан елеулі шараларды қызмет көрсетуші ұйымда орындауы қажет емес. Қызмет көрсетуші аудитор 2 түріндегі есеп береді және қосымша ретінде клиент аудиторы атынан маңызды шараларды орындайды. Басқа аудитордың қатысуы клиент аудиторының пікірін қолдауға дұрыс негізін қамтамасыз ету үшін жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдер алуға клиент аудиторының жауапкершілігін өзгертпейді. Сонымен қоса, жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдер алынды ма, жоқ па, және клиент аудиторы бұдан әрі маңызды шараларды орындауы қажет пе, емес пе деп клиент аудитордың қарастыруы клиент аудиторының басқа аудитор орындаған маңызды шараларды басқару, қадағалау, орындауға қатысуы немесе сол бойынша алынған дәлелдерінен тұрады.
Бақылауды тестілеу (Сілт: Пар. 16)
A29. 330 АХС229 сай клиент аудиторы кейбір жағдаймен байланысты бақылаудың нәтижелілігі бойынша жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдерді
жинау мақсатымен бақылауды тестілеуді әзірлеу мен өткізуі тиіс. Қызмет көрсетуші ұйымның жағдайында бұл талап келесі жағдайларда қолданылады:
(а) Клиент аудиторы елеулі кемшіліктер тәуекелін бағалауы қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауды тиісті түрде атқаруға қатысты күтулерді қарастырады (елеулі шаралардың сипатын, мерзімін, көлемін анықтауда, клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауға сүйенуді көздейді; немесе
(b) Жеке немесе клиент ұйымындағы бақылау нәтижелілігін тестілеумен бірге алғанда елеулі шаралар бекіту деңгейінде жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдерді қамтамасыз етпейді.
A30. Егер 2 түріндегі есеп қол жетерлік болмаса, клиент аудиторы клиент ұйымы арқылы қызмет көрсетуші аудиторға байланысты бақылау нәтижелілігін тестілеуді қарастыратын 2 түріндегі есеп беруге шақырылуы туралы ақпарат сұрату үшін қызмет көрсетуші ұйыммен байланысады немесе клиент ұйымының аудиторы бақылау нәтижелілігін тестілейтін қызмет көрсетуші ұйымдағы шараларды өткізуге басқа аудиторды таратады. Сонымен қоса, тек қызмет көрсетуші келісуін алғаннан кейін клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымға барып келеді және байланысты бақылау тестерін өткізеді. Клиент аудиторы тәуекелді бағалауы басқа аудитордың жұмысы мен клиент аудиторының өз шараларын қамтамасыз ететін біріктірілген дәлелдерге негізделеді.
Қызмет көрсету бойынша ұйымның нәтижелілігі туралы аудиторлық дәлелдеме ретінде есеп берудің 2 түрін пайдалану (Сілт: Пар. 17)
A31. Есептің 2 түрі бірнеше әр түрлі клиент аудиторының қажеттілігін қанағаттандыруды көздейді; сол себептен, қызмет көрсетуші аудитордың есебінде көрсетілген бақылау тестері мен нәтижелері клиент ұйымының қаржылық есептілігіне маңызды болатын тұжырымдамаларға сай келеді. Бақылауға сәйкесті тестері мен нәтижелері клиент аудиторы тәеукелді бағалауын қолдау үшін қызмет көрсетуші аудитордың есебі жеткілікті немесе тиісті дәлелдеме береді ма, жоқ па деп соған береді. Осыған сәйкес клиент аудиторы келесі факторларды қарастырады:
(а) Бақылау тестеріне қатысты уақыт кезеңі және бақылау тестерін орындаудан бері өтіп кеткен мерзім;
(b) Қызмет көрсетуші аудитордың көлемі және қызметтер және орындалатын процесстер, сондай-ақ тестілеуден өтетін бақылау, орындалған бақылау, және тестілеуден өтетін бақылау клиент ұйымының бақылауына қатысты тәсіл; және
(c) Бақылаудың тестерінің нәтижелері және бақылау нәтижелілігі бойынша аудитордың пікірі.
A32. Белгілі бір тұжырымдама үшін белгілі бір мерзім кезеңі қысқартылған және тестілеуден өткізумен бері өтіп кеткен мерзім ұлғайтылған сайын,
тестілеу соншама аз аудиторлық дәлелдеме береді. 2 түрдегі есептің кезеңін клиент ұйымының қаржылық есеп кезеңімен салыстыруда, егер 2 түрдегі есептің кезеңі мен клиент ұйымының қаржылық есеп кезеңі бір-біріне келсе, клиент аудиторы 2 түрдегі есеп аз аудиторлық дәлелдемемен қамтамасыз етуі бойынша қорытындыға келеді. Осылай болса, алдыңғы немесе кейінгі кезеңді қамтитын 2 түрдегі есеп қосымша аудиторлық дәлелдеме береді. Басқа жағдайда клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымда бақылау тестерін орындауы қажет немесе соған басқа аудиторды шақыруы қажет.
A33. Клиент аудиторы 2 түрдегі есепке қатысты кезеңнен тыс қызмет көрсетуші ұйымдағы қосымша бақылаудағы шын мәніндегі өзгерістермен байланысты қосымша аудиторлық дәлелдерді жинауы керек немесе орындауға қажет болатын қосымша аудиторлық шараларды шешуі қажет. Қызмет көрсетуші ұйымның есебінде қарастырылатын кезеңнен тыс жұмыс істейтін қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылау туралы мәлімет туралы қандай аудиторлық дәлелдерді жинау керектігін анықтауға байланысты факторларының мысалдары:
• Бекіту деңгейіндегі елеулі кемшіліктер бағаланған тәуекелінің маңызы;
• Аралықты кезең барысында тестіленетін белгілі бір бақылау және оларды тестілеуден бері олардағы шын мәніндегі өзгерістер, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі, үдерістегі, персоналдағы өзгерістер;
• Бақылау нәтижелілігі туралы аудиторлық ақпарат алынған деңгейі;
• Қалған кезең ұзақтығы;
• Клиент аудиторы бақылауға сүйенішке негізделетін бұдан әрі шын мәніндегі шараларды орындауды көздейтін деңгейі; және
• Бақыланатын ортаның тиімділігі мен клиент ұйымындағы бақылаудың мониторингі.
A34. Қосымша аудиторлық дәлелдер мысалы қалған кезең аралығында бақылау тестері арқылы немесе клиент субъектінің бақылау мониторингін тестілеу арқылы алынады.
A35. Егер қызмет көрсетуші аудитордың тестілеу кезеңі толығымен клиент ұйымының қаржылық есеп кезеңінен тыс болса, клиент аудиторы сондай тестілерге сүйену қабілеті болмайды. Себебі клиент ұйымының бақылауы нәтижелі болуына қорытындыға келуге қабілеті болмайды, өйткені олар бақылау нәтижелілігі бойынша қазіргі аудиторлық кезең дәлелдерін қамтамасыз етпейді, басқа шаралар орындалғанша.
A36. Кейбір жағдайда қызмет көрсетуші ұйым көрсеткен қызмет белгілі бақылау клиент ұйымымен орындалатын шаралармен әзірленген. Мысалы, қызмет көрсетуші ұйымға өңдеуге жіберетініне дейін клиент ұйымы әрекеттерді санкциялау орнына бақылауды өткізетін долбары бар қызмет әзірленеді. Мұндай жағдайға қатысты қызмет көрсетуші ұйымның бақылауды сипаттауы клиент ұйымы бақылайтын қосымша бақылауды
сипаттауын қамтиды. Клиент ұйымының қосымша бақылауы клиент ұйымына көрсетілетін қызметке сәйкес келеді ме, жоқ па деп клиент ұйымының аудиторы қарастырады.
A37. Егер клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитордың есебі жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді бере алмаса, мысалы егер қызмет көрсетуші аудитордың есебі қызмет көрсетуші аудитордың есебі бақылау тестері мен нәтижелері жоқ болмаса, клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитордың жұмысы көлемі мен нәтижелері туралы қызмет көрсетуші аудитормен талқылау туралы сұрау қызмет көрсетуші ұйыммен хабарласу арқылы қызмет көрсетуші аудитордың шаралары мен қорытындыларын білуді толықтырады. Сондай-ақ егер клиент аудиторы қажетті болып санаса, онда ол қызмет көрсетуші ұйыммен клиент ұйымы арқылы хабарласады. Бұл хабарласу мақсаты қызмет көрсетуші аудиторды қызмет көрсетуші ұйымда шараларды өткізуге шақыру. Балама ретінде клиент аудиторы немесе басқа аудитор клиент аудиторының сұрауы бойынша сондай шараларды өткізуі мүмкін.
A38. Қызмет көрсетуші аудитордың 2 түрдегі есебі тестілер нәтижелері, сонымен қоса ерекшеліктер және клиент аудиторының пікірі мен қорытындысына ықпал етуі мүмкін өзге ақпаратты анықтайды. Қызмет көрсетуші аудитор ескерген ерекшеліктер немесе қызмет көрсетуші аудитордың 2 түрдегі есебіндегі жетілдірілген пікір қызмет көрсетуші аудитордың 2 түрдегі есебі елеулі кемшіліктер тәуекелін бағалауда клиент ұйымының қаржылық есептілігі аудитіне пайдалы болмайтынын автоматты түрде қарастырмайды. Алайда, ерекшеліктер мен қызмет көрсетуші аудитордың 2 түрдегі есебіндегі жетілдірілген пікіріне негіздейтін зерттеу мәселесі клиент аудиторының қызмет көрсетуші аудитормен орындалған бақылау тестерін бағалауында қарастырылған. Ерекшеліктер мен қызмет көрсетуші аудитордың 2 түрдегі есебіндегі жетілдірілген пікірін қарастыруда клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитормен талқылайды. Сондай хабарласуы қызмет бойынша келісімге қол қоятын клиент ұйымына тәуелді болады.
Аудит барысында анықталған ішкі бақылаудың бұрмалаушылықтар туралы ақпарат беру
A39. Клиент аудиторы дер кезінде басшылыққа және, керек болса, өкілетті тұлғаларға аудит барысында анықталған елеулі кемшіліктер туралы жазбаша ақпарат береді.230 Сондай-ақ, клиент аудиторы дер кезінде жауапкершілігінің қолайлы деңгейіндегі басшылыққа аудит барысында анықталған, клиент аудиторының кәсіби пікірі бойынша басшылықтың назарына баға беруге қарай елеулі маңыздылығы бар ішкі бақылаудың басқа кемшіліктер туралы ақпарат береді.231 Клиент ұйымының аудиторы
аудит барысында анықтай отырып, клиент ұйымының басшылығы мен өкілетті тұлғаларына сол туралы ақпарат беруі мүмкін мәселелер мынадай болады:
• Клиент ұйымы орындауы мүмкін бақылаудың кез-келген мониторингі, сонымен қоса есеп берудің 1 немесе 2 түрін алу нәтижесінде анықталған бақылау;
• Клиент ұйымының қосымша бақылауы есеп берудің 1 немесе 2 түріне енгізілген және клиент ұйымында орындалған жағдайы; және
• Қызмет көрсетуші ұйымда қажетті болатын, бірақ орындалмаған немесе есеп берудің 2 түрінде ерекше көрсетілмеген бақылау.
Шағын Қызмет Көрсетуші Ұйымның Қызметін Шығарып Тастайтын Есептер Түрі 1, Түрі 2 (Сілт: Пар. 18)
A40. Егер қызмет көрсетуші ұйым шағын қызмет көрсетуші ұйымды пайдаланса, қызмет көрсетуші аудитордың есебі шағын қызмет көрсетуші ұйымна байланысты бақылау мақсатын, қызмет көрсетуші ұйымның өз жүйесін сипаттауындағы байланысты бақылау, сонымен қоса, қызмет көрсетуші аудитордың келісімінің ауқымындағы бақылауды шығарып тастай алады, қамти алады. Есеп берудің екі әдістері инклюзивтік әдіс және шығарушы әдіс деп аталады. Егер есеп берудің 1 немесе 2 түрі шағын қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауды шығарып тастаса, және шағын қызмет көрсетуші ұйым көрсететін қызмет клиент ұйымының қаржылық есептілігі аудитіне сәйкес келсе, онда клиент аудиторы шағын қызмет көрсетуші ұйымға қатысты бұл АХС талаптарын қолдануы тиіс. Клиент ұйымының аудиторы шағын қызмет көрсетуші көрсететін қызмет бойынша орындайтын жұмыстың сипаты мен деңгейі клиент ұйымына көрсететін қызметтің сипатына, елеулілігіне, аудитке қатысты анау қызметтің сәйкестігіне тәуелді болады.
9 параграфтағы талаптың қолданысы клиент аудиторына шағын қызмет көрсетуші ұйымның әсері мен орындалуы қажетті болатын жұмыстың сипаты мен көлемін анықтауға жәрдемдеседі.
Алаяқтық, Заңды мен Нормативтік Актілерге сәйкес Еместік және Қызмет Көрсету бойынша Ұйымның Жұмыстары мен Операцияларына Қатысты Түзетілмеген Бұрмалаушылықтар (Сілт: Пар. 19)
A41. Клиент ұйымымен қол қойылған келісімнің шартына сәйкес шағын қызмет көрсетуші ұйым ықпал етілген клиент ұйымына кез келген алаяқтықты, заң мен нормативтік актілерге сәйкес еместік немесе шағын қызмет көрсетуші ұйымның басшылығы немесе қызметкерлеріне жатқызатын түзетілмеген кемшіліктерді ашады. 19 параграфқа сәйкес клиент аудиторы клиент ұйымынан шағын қызмет көрсетуші ұйым кез келген сол түрдегі мәселелер туралы есеп берген-есеп бермегені туралы сұрайды және қызмет көрсетуші ұйым есеп берген кез келген мәселелер клиент аудиторының бұдан әрі аудиторлық шараларының сипатына, мерзімі мен көлеміне әсеріне баға береді. Белгілі бір жағдайда клиент аудиторы
бұл баға беруді орындау үшін қосымша ақпарат сұратады және клиент ұйымынан қажетті ақпарат алу үшін оның қызмет көрсетуші ұйыммен хабарласуын талап етеді.
Қолданушы Субъект Аудиторының Есеп Беруі (Сілт: Пар. 20)
A42. Клиент аудиторы клиент ұйымының қаржылық есептілігі аудитіне қатысты қызмет көрсетуші ұйым көрсеткен қызметке қатысты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді жинауға қабілеті болмаса, аудиттің көлемін шектеу бар болады. Бұл:
• Клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйым көрсететін қызмет туралы жеткілікті білім алуға қабілеті жоқ және елеулі кемшіліктер тәуекелін анықтау мен бағалауға негізі жоқ;
• Клиент аудиторының тәуекелді бағалауы қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылау нәтижелі және клиент аудиторы бұл бақылау нәтижелілігі туралы жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдер жинауға қабілетті жоқтығын күтулерді қамтиды; немесе
• Жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдер тек қызмет көрсетуші ұйымның жазуларынан ғана қол жетерлік болады, және клиент адиторы бұл жазуларға кіруге тікелей рұқсат алуға қабілеті жоқ.
Клиент аудиторы кәсіптік пікірін білдереді ме, жоқ па; немесе пікірінен бас тартады ма, жоқ па деп бұл қаржылық есептілікке ықтимал әсер маңызды немесе елеулі болатын-болмайтыны туралы аудитордың қорытындысына тәуелді болады.
Қызмет көрсетуші аудитордың жұмысынын ескере отыру (Сілт: Пар. 21-22)
A43. Кейбір жағдайда заң немесе нормативтік актілерге сай қызмет көрсетуші аудитордың жұмысын, мысалы мемлекеттік сектордағы ашықтық мақсаттарын клиент аудиторының есебінде ескеруі қажет.
Мұндай жағдайға сәйкес, жұмысын есепте ескеріп отыруға дейін, клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитордың ризалық білдіруі қажет.
A44. Клиент ұйымы қызмет көрсетуші ұйымды пайдаланатын факті АХС сәйкес клиент аудиторының пікірін қолдауға дұрыс негіздеуге қатысты жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдер жинауға клиент аудиторының жауапкершілігін өзгертпейді. Сонымен қоса, клиент аудиторы негіз ретінде соның жағынан қызмет көрсетуші аудитордың есебінде клиент ұйымының жетілдірілген қаржылық есептілігі туралы клиент аудиторының пікірін ескере отырмайды. Алайда, клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитордың есебіндегі жетілідірілген пікір салдарынан жетілдірілген пікірін білдіргенде, клиент аудиторына қызмет көрсетуші аудитордың есебін ескере отыруына кедергі жасалмайды, егер солай ескере отыру клиент аудиторының жетілдірілген пікірінің себебін түсіндіруге жәрдемдессе. Мұндай жағдайда, ескере отыруға дейін клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитордың ризалығын білдіруі керек.
450 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ
Аудиторлық тексеріс барысында анықталған бұрмалануларды бағалау
(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)
МАЗМҰНЫ
Параграф Кіріспе
Бұл АХС ауқымы …………...………..........................................................................1
Күшіне Ену Күні ……………..…………....................................................................2
Мақсаты ……………………………..........................................................................3
Анықтамалары ………………..…............................................................................4
Талаптары
Анықталған Бұрмалауларды Жинақтау .....................................................................5
Аудит Алға Басқан Сайын Анықталған Бұрмалауларды Қарастыру .................6−7
Ақпарат Алу және Бұрмалауларды Түзету ...........................................................8−9
Түзетілмеген Бұрмалаулардың Әсерін Бағалау ................................................10−13
Жазбаша Ұсыныстар .................................................................................................14
Құжаттама ..................................................................................................................15
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал
Бұрмалаулардың Мағынасы ....................................................................................A1
Анықталған Бұрмалауларды Жинақтау ...........................................................A2−A3
Аудит Алға Басқан Сайын Анықталған Бұрмалауларды Қарастыру ...........A4−A6
Ақпарат Алу Және Бұрмалауларды Түзету ..................................................A7−A10
Түзетілмеген Бұрмалаулардың Әсерін Бағалау ..........................................A11−A23
Жазбаша Ұсыныстар ..............................................................................................A24
Құжаттама ................................................................................................................A25
«Аудиторлық Тексеріс Барысында Анықталған Бұрмалануларды Бағалау» 450 (АХС) Аудиттің халықаралық стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.
|
Кіріспе
Бұл АХС ауқымы
1. АХС-ның мақсаты аудитке, қажет болса қаржылық есептілікке анықталған кемшіліктердің әсерін бағалауға аудитордың жауапкершілігі бойынша аудиторға нұсқау беру. Қаржылық есептілік бойынша пікір құрастыруда, 700 АХС қаржылық есептілік тұтас алғанда елеулі кемшіліктерден бос болатын-болмайтындығы туралы ақылға қонымды сенімділік берілген-берілмегендігі туралы қорытындыға келуге аудитордың жауапкершілігін қарастырады. Бұл АХС сай 700 АХС тан туындайтын аудитордың қорытындысы қажет болса қаржылық есептілікке түзетілмеген кемшіліктердің әсерін бағалауын ескере отырады.232 320 АХС233 қаржылық есептілік аудитін жоспарлау мен орындауда елеулік концепциясын тиісті түрде қолдануға аудитордың жауапкершілігін қарастырады.
Күшіне Ену Күні
2. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап немесе осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік аудитіне қатысты күшіне енеді.
Мақсаты
3. Аудитордың мақсаты төмендегіні бағалау:
(а) Аудитке анықталған кемшіліктердің әсерін бағалау; және
(b) Қажет болса қаржылық есептілікке түзетілмеген кемшіліктердің әсерін бағалау.
Анықтамалары
4. Бұл АХС мақсатымен, келесі терминдер төменде көрсетілген мағынасы бар:
(а) Кемшілік – Сома, ұсыным, немесе есепке алынған қаржылық есептілік бабын ашу және сома, топтарстыру, ұсыным, немесе қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес келуі керекті бап үшін ашу айырмасы. Кемшіліктер алаяқтық немесе қателерден туындауы мүмкін. (Сілт: Пар. A1)
Аудитор қаржылық есептілікті барлық елеулі аспектілерде әділ түрде ұсынылды ма, жоқ па немесе әділ және шыншыл көрініс беретіндігі туралы аудитор пікірін білдірсе, онда кемшіліктер бұл сомаларды түзетулерден, ұсынымдардан, немесе аудитордың пікірі бойынша қаржылық есептілік шыншыл түрде барлық елеулі қатынастарда ұсынылуы немесе әділ және шыншыл көріністі беретінін қажетті ететін ашылымдардан тұрады.
(b) Түзетілмеген кемшіліктер – аудитор аудит барысында жинақтағаны мен түзетілмеген кемшіліктер.
Талаптары
Анықталған Бұрмалауларды Жинақтау
5. Аудитор ашық түрде дөрекілеу кемшіліктерден тыс аудит барысында анықталған кемшіліктерді жинақтайды. (Сілт: Пар. A2-A3)
Аудит Алға Басқан Сайын Анықталған Бұрмалауларды Қарастыру
6. Аудиттің жалпы стратегиясы және аудиттің жоспары қайта қаралуы қажет болса, аудитор қарастырады:
(а) Анықталған кемшіліктер сипаты мен олардың пайда болуының жағдайлары басқа кемшіліктер аудит барысында жинақталған кемшіліктермен біріктіріліп бар болуын анықтайды; немесе (Сілт: Пар. A4)
(b) Аудит барысында жинақталған кемшіліктердің агрегаты 320 АХС сай белгіленген елеулілікті қолданады. (Сілт: Пар. A5)
7. Егер аудиторың сұрауы бойынша басшылық әрекеттердің топтарын, шот сальдосын немесе ашылымдарды және анықталған түзетілген кемшіліктерді зерттеген болса, аудитор кемшіліктер қалғанын айқындау үшін қосымша аудиторлық шараларды орындайды. (Сілт: Пар. A6)
Достарыңызбен бөлісу: |