Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Ұсыну жəне ашып көрсетудің барабарлығы



бет27/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65

Ұсыну жəне ашып көрсетудің барабарлығы (Сілт: Пар. 24)

A59. Қаржылық есептілікті, байланысты ашып көрсету жалпы ұсынылуын қарастыру жеке қаржылық есептілік қаржылық мәліметтердің тиісті топтастырылуы мен сипаттамасын көрсететін-көрсетпейтін мәнерінде, нысанында, ұйымдастырылуында, қаржылық есептілік және олардың қосылатын жазулардың мазмұнында ұсынылды ма, жоқ па деп соған қатысы бар. Мысалы, қолданылған терминологиялар, сомалар, есептеу салалардың топтамасы, көрсетілген сомалардың базасы жатады.



Жасалған Аудиторлық Шаралардың Жеткіліктілігі жəне Сəйкестігін Анықтау (Сілт: Пар. 25-27)

A60.  Қаржылық есептің аудиті кумулятивті жəне итеративті процес болып табылады. Жоспарланған аудиторлық шараларды орындауда алынған аудиторлық дəлелдер жоспарланған аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімін жəне көлемін модификациялайды. Кемшіліктің тəуекелінің бағасына негізделген ақпараттар аудитордың назарын басқа ақпараттарға аударады. Мысалы:

•  Маңызды шараларды орындауда аудитор тапқан кемшіліктердің көлемі кемшіліктер тəуекелі жайлы пікірді өзгертуі мүмкін жəне ішкі бақылау кезіндегі нашар жақтарын байқатуы мүмкін.

• Аудитор бухгалтерлік жазулардағы ауытқулар немесе қайшы келетін немесе ескерілмеген дәлелдер туралы білуі мүмкін.

•   Сонымен қоса аудиттің жалпы шолуында орындалған аналитикалық шаралар маңызды кемшіліктердің бұрынғы ескерілмеген тəуекелін көрсетуі мүмкін.

Мұндай жағдайларда аудиторға қайта қаралған тəуекелді бағалау негізінде операциялық топтардағы, шот сальдосындағы, соған байланысты ашылымдар мен тұжырымдардың жоспарланған аудиторлық шараларын қайта бағалау қажет болады. 315 АХС аудитордің тəуекелді бағалауды қайта қарастыруын басшылыққа алады.219

A61. Аудитор алаяқтылық пен қателерді жеке жағдай деп қарамайды, сондықтан да бұл кемшіліктер маңызды кемшіліктердің тəуекелін бағалауға қалай əсер ететіндігін қарастырады.

A62. Аудитордың пайымдауынша жеткілікті жəне сəйкес келетін аудиторлық дəлелдерге мына факторлар əсер етеді:



  • Бекітудегі мүмкін болатын кемшіліктердің маңыздылығы жəне олардың маңызды-ау деген əсерінің қаржылық есептегі басқа да мүмкін болатын кемшіліктермен жекеше немесе жалпылама болуы;

  • Тəуекелге байланысты бақылаудың жəне басшылық іс-əрекеттің нəтижелілігі;

  • Сəйкес келуі мүмкін болатын кемшіліктердің қатысымен өткен аудиттен алынған тəжірибе;

  • Жүргізілген аудиторлық шаралардың нəтижесі, сонымен бірге алаяқтық немесе қателер сияқты мағыналы жағдайлардың аудиторлық дəлелдері;

  • Қол жетерлік ақпараттардың сенімділігі жəне ақпарат алу көздері;

  • Аудиторлық дəлелдердің сенімділігі;

  • Ішкі бақылауға қоса субъект жəне оның ортасы жайлы мағлұмат болу.

Құжаттама (Сілт: Пар. 28)

A63. Аудиторлық құжаттардың сипаты мен ауқымы кәсіптік пікір мәселесі болып табылады, және субъект пен ортасының сипаты, мөлшері мен күрделілігі, субъект пен аудиттің әдістемесі мен аудитте қолданылған технологиялардан алынған ақпараттың қол жетерлілігіне тәуелді болады.



402 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Қызмет Көрсетуші Ұйымдардың Қызметін Пайдаланатын Субъектілердің Аудит Мəселелері

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың

15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)

МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ......................................................................................................1-5

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................6

Мақсаты ......................................................................................................................7

Анықтамалары ..........................................................................................................8

Талаптары

Қызмет Көрсету бойынша Ұйымдар Қызметін, Ішкі Бақылауын Білу .............9-14

Елеулі Бұрмалаушылықтардың Бағаланған Тәуекелдіктері бойынша Шараларды Орындау …………………………….……….......................................................15-17

Шағын Қызмет Көрсетуші Ұйымның Қызметін Шығарып

Тастайтын Есептер Түрі 1, Түрі 2 ............................................................................18

Алаяқтық, Заңды мен Нормативтік Актілерге сәйкес Еместік және Қызмет Көрсету бойынша Ұйымның Жұмыстары мен Операцияларына Қатысты Түзетілмеген Бұрмалаушылықтар ...........................................................................19

Қолданушы Субъект Аудиторының Есеп Беруі ................................................20-22

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Қызмет Көрсету бойынша Ұйымдар Қызметін, Ішкі Бақылауын Білу........A1-A23

Елеулі Бұрмалаушылықтардың Бағаланған Тәуекелдіктері бойынша Шараларды Орындау ...........................................................................................................A24-A39

Шағын Қызмет Көрсетуші Ұйымның Қызметін Шығарып Тастайтын Есептер Түрі 1, Түрі 2 ...........................................................................................................A40

Алаяқтық, Заңды мен Нормативтік Актілерге сәйкес Еместік және Қызмет Көрсету бойынша Ұйымның Жұмыстары мен Операцияларына Қатысты Түзетілмеген Бұрмалаушылықтар..........................................................................A41

Қолданушы Субъект Аудиторының Есеп Беруі ..........................................A42-A44








«Қызмет Көрсетуші Ұйымдардың Қызметін Пайдаланатын Субъектілердің Аудит Мəселелері» 402 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

  1. АХС-тың мақсаты клиент қызмет көрсетуші ұйымдар қызметін пайдаланатын туралы жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдерді алуға аудитордың жауапкершілігі бойынша аудиторға нұсқау беру. Әсіресе, бұл келесі мәселені қозғайды: клиент, елеулі кемшіліктерді анықтау мен бағалауға жеткілікті болатын аудиттің ішкі бақылауы туралы білім алуда, сонымен қоса тәуекелдікке қатысты бұдан әрі аудиторлық шараларды әзірлеу мен орындауда қолданушы-аудитор 315 АХС220 және 330 АХС221 қалай қолданады.

2. Көпшілікті кәсіпорындар субъект басқаруында орындалатын айрықша тапсырмалардан бастап субъектінің жалпы бизнесінің бөлімшелерін немесе қызметтері, мысалы салыққа сәйкес келу қызметін ауыстыруға дейін түрленетін аспектілерді қызмет көрсетуші ұйымдарға тапсырады. Сондай ұйымдармен көрсетілетін қызметтер көпшілігі субъект бизнесі операцияларына интегралы болып табылады. Алайда бұл қызметтер барлығы емес аудитке қатысы бар.

3. Бұл қызметтер және оларды бақылау клиенттің байланысты процестерінің, қаржылық есептілікпен байланысты бизнес-процесстің бөлігі болғанда, қызмет көрсетуші ұйымдармен көрсетілетін қызметтер клиенттің қаржылық есептілігінің аудитіне қатысты. Қызмет көрсетуші ұйымдағы көпшілікті бақылау қаржылық есептілікке қатысы болуы ықтимал. Соған қарамастан аудитке қатысты басқа бақылау болуы ықтимал. Мысалы, активтерді сақтап қоюдың қауіпсіздігі бақылануы ықтимал. Қызмет көрсетуші ұйымның қызметі клиенттің ақпараттық жүйесінің, сонымен қоса қаржылық есеппен байланысқан бизнес-процесстердің бөлігі болып келеді. Бұл қызметтер төмендегілерге әсер етеді:

(а)  Клиенттің қаржылық есептілігіне маңызды клиенттің операцияларындағы әрекеттер топтары;

(b)  Ақпараттық технологиялар (AT) мен қолмен басқарылатын жүйелердегі шаралар; бұл шаралар арқылы субъекттің әрекеттері инициациялауды өтеді, құжатталады, қажетті болатын ретінде түзетіледі, бас кітапқа енгізіледі және қаржылық есептілікте көрсетіледі;

(c) Электронды немесе қол түріндегі байланысты бухгалтерлік жазулар; бұл жазулар клиенттің әрекеттерді инициациялауға, құжаттауға, өңдеуге және клиенттің әрекеттері туралы есеп беруге қолданылған қаржылық есептілігіндегі ерекше шоттарды немесе ақпаратты қолдайды; сонымен қоса жазулар жөнсіз ақпарат түзетілуіннен

тұрады және ақпарат бас бухгалтерлік кітапқа қалай аударылатыны тәсілін қамтиды;

(d) Клиентінің кәсіпорыны ақпараттық жүйесі қаржылық есептілікке маңызы бар әрекеттерден басқа да талай жағдайлары мен оқиғаларын қарастырады;

(e) Клиентінің қаржылық есептілігін, сондай-ақ шын мәніндегі бухгалтерлік баға берулер мен ашуларды дайындауға қолданылған қаржылық есеп процесі; және

(f) Журналдық жазуларды бақылау,сонымен қоса, қайталанбайтын, әдеттен тыс әрекеттер немесе стандартсыз журналдық жазулар немесе түзетулер.

4. Қолданушы-аудитор қызмет көрсетуші ұйым көрсеткен қызметтерге қатысты орындалуы қажетті болатын жұмыстың сипаты мен ауқымы клиент-субъектке көрсетілетін қызметтер сипаты мен маңызына және аудитке арнап көрсетілетін сипаты мен маңызына тәуелді.

5. Қаржылық институттағы субъектінің шоты, субъектпен ерекше түрде рұқсат етілген әрекетер, сонымен қоса банк шотты тексеру әрекеттерін өңдеуі немесе брокер жарна қағаздары әрекеттерін өңдеуі салдарынан, бұл АХС өңдеумен шектелмеген қаржылық институт көрсететін қызметтерге қолданылмайды. Айтылғанға қосымша, егер жеке мүдделер үлес қосушы алдында есеп берілсе, бұл АХС басқа кәсіпорындарда, мысалы серіктестіктерде, бірлестіктерде және қауым кәсіпорындардағы жеке қаржылық мүдделерден туындайтын әрекеттер аудитіне қолданылмайды.

Күшіне Ену Күні

6. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап немесе осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік аудитіне қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

7.      Клиентінің субъекті қызмет көрсетуші ұйымның қызметін пайдаланса, қолданушы-аудитор мақсаттары:

(a)  Қызмет көрсету бойынша ұйыммен көрсетілетін қызметтердің сипаты мен елеулігі және аудитке қатысты клиент ұйымының ішкі бақылауына олардың әсері туралы білім алу; яғни бұл білім елеулі бұрмалау тәуекелдігін анықтау мен бағалауға жеткілікті болуы керек; және

(b)  Тәуекелге қатысты аудиторлық шараларды әзірлеуі мен орындауы қажет.



Анықтамалары

8. АХС мақсатымен, келесі терминдердін төмендегі мағынасы бар:

(a) Клиенттің қосымша бақылауы – Өз қызметін әзірлеуде қызмет көрсетуші ұйым орындайтын бақылауды клиент енгізеді және бақылау

мақсаттарына жетуді қажетті болса өз жүйе сипаттамасында анықталады.

(b) Қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауды дамыту мен сипаттау туралы есеп беру (түрі 1 есебі) – мысалы:

(i)   Қызмет көрсетуші ұйымның басшылығы дайындаған қызмет көрсетуші ұйымның жүйесі, бақылау мақсаттары, белгілі бір уақытқа сәйкес әзірленген мен орындалған байланысты бақылаудың сипаттамасы бойынша аудитордың пікірі; және

(ii)  Сервисты ұйымдастыру жүйесі, бақылау мақсаттары, байланысты бақылау, белгілі бір бақылау мақсаттарына жетуді бақылау әзірлеу сәйкестігінің сипаттамасы бойынша қызмет көрсетуші аудитордың пікіріне қарайтын барабар кепілдемені қамтамасыз ету мақсаты бар сервис аудитордын есеп пікірі.

(c) Қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылаудың операциялық тиімділігі, сипаттамасы, дамытылуы бойынша есеп (бұл АХС-та түрі 2 есебі ретінде) – мысалы:

(i)  Сервисты ұйымдастыру жүйесі, бақылау мақсаттары, байланысты бақылаулар, белгілі бір күнінде немесе белгілі бір уақыт барысында оларды әзірлеу мен енгізу және кейбір жағдайда белгілі бір уақыт барысындағы олардың операциялық нәтижелілігі; және,

(ii)  Барабар кепілдеме қамтамасыз ету мақсатқа қатысты сервис-аудитор есеп беруінің мысалы:

а.  Қызмет көрсетуші ұйымның басшылығы дайындаған қызмет көрсетуші ұйымның жүйесі, бақылау мақсаттары, белгілі бір уақытқа сәйкес әзірленген мен орындалған байланысты бақылауның сипаттамасы бойынша аудитордың пікірі; және

b.    Қызмет көрсетуші аудитор бақылауды тестілеуі сипаттамасы,соған нәтижелері.

(d) Қызмет көрсетуші аудитор – Қызмет көрсетуші ұйымның сұрауы бойынша қызмет көрсетуші ұйымның бақылауы туралы тұжырымдама есебін беретін аудитор

(e)  Қызмет көрсетуші ұйым – қаржылық есепке қатысты бұл субъектілердің қаржылық жүйелерінің бөлігі болатын клиенттерге қызмет көрсететін үшінші жақтың ұйымы (немесе үшінші жақтың ұйым сегменті).

(f) Қызмет көрсетуші ұйымның жүйесі – аудитордың есебінде көрсетілген клиент ұйымына қызмет көрсету мақсаты бар қызмет көрсетуші ұйымы енгізігені мен қолдайтын саясаты мен шаралары.

(g)  Шағын қызмет көрсетуші ұйым – қаржылық есептілікке қатысты

клиент ұйымының ақпараттық жүйесінің бөлігі болатын клиент ұйымына кейбір қызмет көрсету үшін басқа қызмет көрсетуші ұйым пайдаланатын қызмет көрсетуші ұйым.

(h)  Клиент аудиторы – клиент ұйымының қаржылық есептілігі бойынша аудиттейтін, есеп беретін аудитор.

(i)   Клиент ұйымы – Қызмет көрсетуші ұйымның қызметін пайдаланатын және қаржылық есептілік аудитті жүргізетін субъект.

Талаптары

Қызмет Көрсету бойынша Ұйымдар Қызметін, Ішкі Бақылауын Білу

9. 315 АХС222 сай клиент ұйымы туралы білім алуда, клиент аудиторы клиент ұйымының қызмет көрсету бойынша ұйымның операцияларын жүргізуде қызмет көрсетуші ұйымның қызметін қалай пайдаланатыны туралы біледі, сонымен қоса: (Сілт: Пар. A1-A2)

(а) Қызмет көрсетуші ұйым көрсететін қызметтер сипаты мен клиент ұйымына көрсетілетін қызметтер маңызы, сондай-ақ клиент ұйымының ішкі бақылауына әсері; (Сілт: Пар. A3-A5)

(b) Өңделген әрекеттер немесе шоттар немесе қызмет көрсетуші ұйым әсер ететін қаржылық есеп процестерінің сипаты мен маңызы; (Сілт: Пар. A6)

(c) Қызмет көрсетуші ұйым мен клиент ұйымының жұмыстары өзара әрекеттестігінің деңгейі; және (Сілт: Пар. A7)

(d) Клиент ұйымымен қызмет көрсетуші ұйым қатынастары сипаты, сонымен қоса қызмет көрсетуші атқаратын жұмыстар мен операцияларға қатысты келісім-шарты. (Сілт: Пар. A8-A11)

10. 315 АХС223 сай аудит ішкі бақылау туралы білім алуда клиент аудиторы қызмет көрсетуші көрсететін қызметтерге қатысты клиент ұйымындағы байланысты бақылауды, сонымен қоса қызмет көрсетуші ұйым өңдейтін әрекеттерге қолданылатын бақылауды әзірлеу мен енгізуді қарастарады. (Сілт: Пар. A12-A14)

11. Клиент аудиторы, қызмет көрсетуші ұйым көрсететін қызметтердің сипаты мен маңызы туралы жеткілікті білім және клиент ұйымы аудитке қатысты ішкі бақылауына әсері туралы білім елеулі кемшіліктер тәуекелін анықтау мен бағалау негізін қамтамасыз етуге жеткілікті болғанын қарастырады.

12. Егер клиент аудиторы клиент ұйымынан жеткілікті білім алуға кабілеті болмаса, клиент аудиторы келесі шаралардың бірі немесе одан да көбінен білім алады:

(а) Керек болса, 1 немесе 2 түрлерінің есебі;

(b) Клиент ұйымы арқылы айрықша ақпарат алу үшін қызмет көрсетуші ұйыммен байланысу;

(c) Қызмет көрсетуші ұйымға келіп кету және қызмет көрсетуші ұйымдағы байланысты бақылау бойынша жеткілікті мәліметтерді жеткізетін шараларды орындау; немесе

(d) Қызмет көрсетуші ұйымдағы байланысты бақылау бойынша жеткілікті мәліметтерді жеткізетін шараларды орындау үшін басқа аудиторды шақыру.(Сілт: Пар. A15-A20)

Клиент ұйымының аудиторы қызмет көрсету бойынша ұйым туралы білім қолдауға арналған есеп беруі 1 немесе 2 түрлері

13.  Есеп беруі 1 немесе 2 түрлері беретін аудиторлық дәлелдердің жеткіліктілігі мен сәйкестігін айқындауда клиент аудиторы келесі ақпарат алуы қажет:

(а)  Қызмет көрсетуші ұйымның аудиторының кәсіптік құзыреті мен қызмет көрсетуші ұйымнан тәуелсіздігі; және

(b)  Есеп 1 немесе 2 түрі шығарылған стандарттар барабарлығы. (Сілт: Пар. A 21)

14.    Егер клиент аудиторы клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауды әзірлеу мен енгізу туралы білуін қолдауға арналған аудиторлық дәлелдер ретінде есептің 1 немесе 2 түрін пайдалануды жоспарласа, клиент аудиторы келесі шараларды өткізеді:

(а) Қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылаудын сипатталуы мен жоспарлануы клиент аудиторының мақсатына тиісті күнде немесе уақытта болатынын қарастарады;

(b) Клиент ұйымы аудит ішкі бақылауы туралы білу үшін есеп беретін дәлелдер жеткіліктілігі мен сәйкестігін бағалайды; және

(c)   Қызмет көрсетуші ұйыммен анықталған клиент ұйымының қосымша бақылауы клиент ұйымына қатысы бар ма, жоқ па деп қарастырады. Қажет болса, клиент ұйымы мұндай бақылауды әзірледі ме, жоқ па деп білуі қажет. (Сілт: Пар. A22-A23)

Елеулі Бұрмалаушылықтардың Бағаланған Тәуекелдіктері Бойынша Шараларды Орындау

15. 330 АХС сәйкес елеулі кемшіліктер бағаланған тәуекеліне қатысты шараларды орындауда, клиент аудиторы:

(а) Қаржылық есептілік тұжырымдамасына қатысты жеткілікті мен тиісті аудиторлық дәлелдер клиент ұйымындағы жазуларға кол жетерлік па, емес па; соған байланысты шешім қабылдайды; және, қажет болмаса,

(b) Жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді алуға арналған бұдан әрі аудиторлық шараларды орындайды немесе клиент аудиторы атынан қызмет көрсетуші ұйымда бұл шараларды орындау

мақсатымен басқа аудиторды шақыру. (Сілт: Пар. A24-A28)

Бақылау тесттері

16. Клиент аудиторы тәуекелге баға беруі бақылау қызмет көрсетуші ұйымда тиісті түрде жұмыс істейтінін күтулерге қарағанда, онда ол келесі шаралардың бірі немесе одан да көбінен бақылау нәтижелілігі туралы аудиторлық дәлелдерді жинайды:

(a)  Керек болса, есептің 2 түрі бойынша есеп беру;

(b)  Қызмет көрсетуші ұйымда бақылау тиісті тестерін жүргізу; немесе

(c) Клиент аудиторы атынан қызмет көрсетуші ұйымда бақылау тестерін жүргізу мақсатымен басқа аудиторды шақыру. (Сілт: Пар. A29-A30)

Қызмет көрсету бойынша ұйымның бақылауының нәтижелілігі туралы аудиторлық дәлелдер ретінде есеп берудің 2 түрін пайдалану

17.    Егер 16 (a) параграфқа сәйкес клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылау тиісті түрде өткізілетін аудиторлық дәлелдер ретінде есеп беруі 2 түрін пайдалануды жоспарласа, қызмет көрсетуші ұйымның аудиторы клиент аудиторы тәуекелге баға беруін қолдау мақсатымен бақылау нәтижелілігі бойынша жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді қамтамасыз ете ме, жоқ па деп клиент аудиторы шешеді:

(а)   Аудитор қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылау нәтижелілігі, сипаттамасы, жоспарлануы клиент аудиторы мақсатымен жеткілікті күні немесе кезеңге қатысты ма, жоқ па деп шешеді;

(b) Қызмет көрсетуші ұйым анықтаған клиент ұйымының қосымша бақылауы клиент ұйымына қатысы бар ма, жоқ па деп шешеді. Қажет болса, клиент ұйымы мұндай бақылау енгізген, орындаған ба, жоқ па деп білуі қажет және керек болса олардың нәтижелілігін тестілейді;

(c) Бақылауды тестілеу уақыт кезеңі мен бақылау орындалуынан бері өтіп кеткен мерзімнің дұрыстығын бағалауы керек; және

(d) Қызмет көрсетуші ұйымның аудиторы орындаған бақылауды тестілеу және қызмет көрсетуші ұйымның аудиторының есебінде баяндалғандай бақылауды тестілеу нәтижелері клиент ұйымының қаржылық есептілігіндегі тұжырымдамаларға сәйкес келеді және клиент аудиторы тәуекелін бағалауын қолдау мақсатымен жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдер береді ма, жоқ па деп бұны қарастыруы керек. (Сілт: Пар. A31-A39)

Шағын Қызмет Көрсетуші Ұйымның Қызметін Шығарып

Тастайтын Есептер Түрі 1, Түрі 2

18. Егер клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымның қызметін, сонымен қоса клиент ұйымының қаржылық есептілігінің аудитіне қатысты қызметін шығарып тастайтын есеп беруі 1 және 2 түрін пайдаланғысы келсе,

клиент аудиторы шағын қызмет көрсетуші ұйымның қызметін қарастыру мақсатымен бұл АХС талаптарын қолданады. (Сілт: Пар. A40)

Алаяқтық, Заңды мен Нормативтік Актілерге сәйкес Еместік және Қызмет Көрсету бойынша Ұйымның Жұмыстары мен Операцияларына Қатысты Түзетілмеген Бұрмалаушылықтар

19. Қызмет көрсетуші ұйым клиент басшылықтан ұйымы алдында есеп берген жоқ немесе клиент ұйымы өзге жолдар арқылы алаяқтықты, заң мен нормативтік актілерге сәйкес еместік, немесе клиент ұйымының қаржылық есептілігіне әсер ететін түзітілмеген кемшіліктерді білетін-білмейтіндігі туралы сұрайды. Клиент аудиторы сондай мәселелер клиент аудиторының бұдан әрі аудиторлық шаралардың сипатына, мерзіміне, көлеміне қалай әсер ететін, сондай-ақ клиент аудиторының қорытындысына және аудитордың есебінің әсеріне баға береді. (Сілт: Пар. A41)



Қолданушы Субъект Аудиторының Есеп Беруі

20. Егер клиент аудиторы клиент ұйымының қаржылық есептілігі аудитіне қатысты қызмет көрсетуші ұйымның қызметі бойынша жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді жинауға қабілеті болмаса, онда ол 705224 АХС сәйкес клиент ұйымы аудиторының есебіндегі пікірді модификациялайды. (Сілт: Пар. A42)

21. Тек заң немесе нормативтік актілерге сәйкес ғана клиент аудиторы оның модификацияланбаған пікірді қамтитын есебіндегі қызмет көрсетуші аудиторының жұмысын қарастырады. Қажет болса, клиент аудиторының есебін ескерту клиент аудиторының аудит пікіріне жауапкершілігін кемітпейді. (Сілт: Пар. A43)

22.    Егер қызмет көрсету бойынша ұйымның аудитор жұмысын ескерту клиент аудиторының пікірін модификациялауды білуге қатысты болса, клиент аудиторының есебін ескерту клиент аудиторының аудит пікіріне жауапкершілігін кемітпейді. (Сілт: Пар. A44)


***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Қызмет Көрсету бойынша Ұйымдар Қызметін, Ішкі Бақылауын Білу

Ақпарат көздері (Сілт: Пар. 9)

A1. Қызмет көрсетуші ұйыммен көрсетілген қызметінің сипаты туралы ақпарат көздердің кең әр түрлілігінен жетімді. Мысалы:

• Клиент үшін нұсқау.

• Жүйелік шолу.

• Техникалық нұсқау.

• Клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші ұйым арасындағы контракт немесе қызметі деңгейінің келісімі.

• Қызмет көрсетуші ұйым, ішкі аудиторлар немесе реттеуші орындар қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылау туралы есеп беруі.

• Қызмет көрсетуші ұйымның аудиторы есеп беруі, сондай-ақ керек болса, басшылық хаттары.

A2.  Клиент аудиторының қызмет көрсетуші ұйыммен алынған тәжірибесі арқылы алынған мәліметтер, мысалы басқа аудиттің келісімен тәжірибесі арқылы, қызмет көрсетуші ұйыммен көрсетілетін қызметтер сипаты туралы білім алуға пайдалы болып келеді. Егер қызметтер мен қызмет көрсетуші ұйым бұл қызметтерді бақылауы жоғары түрде стандартталса, бұл әсіресе пайдалы болуы ықтимал.

Қызмет көрсету бойынша ұйымның қызметінің сипаты (Сілт: Пар. 9(a))

A3.  Клиент ұйымы әрекеттерді өңдейтін қызмет көрсетуші ұйым сияқты мұндай ұйымды пайдалануы мүмкін және байланысты есеп береді немесе әрекеттерді құжаттайды және қатысты мәліметтерді өңдейді. Қызмет көрсететін қызмет көрсетуші ұйымдар мысалы инвестициялайтын, қызметкерлерге жеңілдіктермен қамтамасыз ету жоспары бойынша активтерге қызмет ететін банк сенім білдіретін әрекеттері департаментінен, ипотекамен қамтамасыз ететін банкирлер; клиенттерге қаржылық пен операциялық әрекеттерді өңдеуге мүмкіншілік беретін бағдарламалық қосымша мен технологиялар ортасын қамтамасыз ететін қосымшаларды жеткізушілерден тұрады.

A4. Аудитке қатысты қызмет көрсетуші ұйымның қызметіне мысалдар:

• Клиент ұйымының бухгалтерлік жазуларын құжаттау.

• Активтерді басқару.

• Клиент ұйымы агенті ретінде әрекеттерді инициациялау, құжаттау немесе өңдеу.

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A5.  Кішігірім кәсіпорындар кейбір әрекеттерді өңдеуден (мысалы, жалақы салығын өтеу), олардың бухгалтерлік жазуларды құжаттаудан бастап қаржылық есептілікті дайындауға түрленетін сыртқы бухгалтерлік қызметтерін пайдаланады. Өз қаржылық есептілікті225 дайындау мақсатымен мұндай қызмет көрсету бойынша ұйым қолданысы кішігірім ұйымның басшылығы және қажет болса өкілетті тұлғалардан қаржылық есептілікке жауапкершіліктен алып тастамайды.



Қызмет көрсетуі бойынша ұйым өңдейтін әрекеттер сипаты мен маңызы (Сілт: Пар. 9(b))

A6.   Қызмет көрсетуші ұйым клиент ұйымының ішкі бақылау жүйелеріне ықпал ететін саясаты мен шараларын орнатып, орындай алады. Бұл саясат пен шаралар кем дегенде жарым-жартылай физикалық, операциялық түрде клиент ұйымынан бөлек. Қызмет көрсетуші ұйым бақылауының маңызы мынау ұйым көрсететін қызметтер сипатына, сондай-ақ ол клиент ұйымы үшін өңдейтін әрекеттер сипаты мен маңызына тәуелді. Кейбір жағдайда өңделген әрекеттер мен қызмет көрсетуші ұйым ықпал ететін шоттар клиент ұйымының қаржылық есептілігіне мүмкін елеулі емес болар еді. Алайда өңделген әрекеттер сипаты елеулі болуы ықпал және клиент аудиторы бұл бақылауды білу жағдайларға қажетті болатынын анықтайды.



Қызмет көрсету бойынша ұйым мен клиент ұйымының жұмыстары мен операциялары өзара әрекеттестігінің деңгейі (Сілт: Пар. 9(c))

A7.   Сондай-ақ қызмет көрсетуші бақылауының маңызы клиент ұйымының бақылауына қарай қызмет көрсетуші ұйым мен клиент ұйымының жұмыстары мен операциялары өзара әрекетінің деңгейіне тәуелді. Өзара әрекеті клиент ұйымы қызмет көрсетуші ұйым орындайтын өңдеуді бақылауды тиімді түрде іске асыруға қабілеті бар және оны таңдайтын деңгейіне қатысты болып келеді. Сонымен қатар, клиент ұйымы әрекеттерді санкцияласа және қызмет көрсетуші ұйым бұл әрекеттерді өңдеп, олар бойынша есепті жүргізген жағдайда, өзара әрекетінің жоғары деңгейі клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші ұйымының жұмыстары мен операциялары арасында болып келеді.

Мұндай жағдайда клиент ұйымы әрекеттерді бақылауды тиімді түрде жүргізеді. Екінші жағынан, қызмет көрсетуші ұйым инициацияласа немесе әуелгі кезде құжаттаса, өңдесе және клиент ұйымының әрекеттері бойынша есепті жүргізсе, онда екі әрекет өзара әрекетінің деңгейі төмен. Сонымен қоса, клиент ұйымы клиент ұйымындағы әрекеттерді бақылауды жүргізуге қабілеті жоқ немесе қалауы жоқ және қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауға сүйенеді.

Клиент Ұйымы және Қызмет Көрсету бойынша Ұйым Қатынастарының Сипаты (Сілт: Пар. 9(d))

A8. Клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші арасындағы қызмет деңгейінің келісімі немесе контракт төмендегі мәселелерді қарастырады:

• Клиент ұйымы беретін ақпарат пен қызмет көрсетуші ұйым атқаратын жұмыстарға қатысты әрекеттерді өңдеуге жауапкершілікті қарастырады;

• Құжатталуды қажетті ететін жазулар нысаны бойынша реттеуші орындауға қатысты талаптардың қолданысы немесе оларға қол жеткізу;

• Керек болса, орындауға қабілеті болмаған жағдайда клиент ұйымына

берілетін өтемақы;

• Қызмет көрсетуші өз бақылау туралы есеп бере ме, жоқ; керек болса, мұндай есеп есеп беруі 1 немесе 2 түріне жата ма, жоқ;

• Клиент ұйымының аудиторы қызмет көрсетуші ұйым қолдайтын клиент ұйымының бухгалтерлік жазуларына қол жеткізуге құқығы бар ма, жоқ па, аудитті жіргізуге қажетті болатын басқа ақпаратқа қол жеткізуге бола ма, жоқ па деп аудитор анықтайды; және

• Келісім клиент ұйымының аудитор мен қызмет көрсетуші ұйымның аудитор арасындаға тікелей қатынастарға мүмкіншілік береді ме, жоқ па.

A9.  Қызмет көрсетуші ұйым мен клиент ұйымы және қызмет көрсетуші ұйым мен қызмет көрсетуші ұйымның аудитор арасындағы тікелей қатынастары бар. Бұл қатынастар әсіресе клиент ұйымының аудитор мен қызмет көрсетуші аудитор арасындағы тікелей қатынастарын қажет себебімен орнатпайды. Клиент аудитор мен қызмет көрсетуші аудитор арасындағы тікелей қатынастар болмаса, онда олар арасындағы қатынастар әдетте клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші ұйым арқылы орнатылады. Сонымен қоса, байланысты әдептану мен құпиялылық ой-пікірлерді есептегенімен, тікелей қатынастар клиент аудиторы мен қызмет көрсетуші арасында орнатылады. Клиент аудиторы өз атынан шараларды іске асыру үшін қызмет көрсетуші аудиторды пайдаланады. Мысалы:

(а) Қызмет көрсетуші ұйымда бақылауды тестілеу; немесе

(b) Клиент ұйымының қаржылық есептілігі әрекеттері мен қызмет көрсетуші ұйым жүргізетін баланстарға қатысты елеулі шаралар.

Мемлекеттік сектор кәсіпорындарын қарастыру

A10. Мемлекеттік сектор аудиторлары жалпы алғанымен заңға сай рұқсат етуге кең құқықтары бар. Алайда, рұқсат етуге кең құқықтар жетімді болмаған жағдай болар еді. Мысалы, қызмет көрсетуші ұйым әр түрлі юрисдикцияда орналасқан жағдайы кездесе алады. Кейбір жағдайда, мемлекеттік сектор аудиторы рұқсат етуге сәйкесті құқықтарға иеленуге бола ма, жоқ па деп шешім қабылдау үшін алуан түрлі заңды құзырлы аймақта қолданылатын заң, құқықтық актілерді білуі қажет болуы ықтимал. Сондай-ақ, мемлекеттік сектор аудиторы клиент ұйымына клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші ұйым арасындағы кез-келген контрактылы келісімдерге кіруге рұқсат алуға құқықтарды біріктіруге өтініш жібереді.

A11. Мемлекеттік сектор аудиторы бақылауды тестілеуді жүргізу немесе заң, құқықтық актілер немесе басқа өкілетті орынға сәйкес келуге қатысты маңызды шаралар орындау мақсатымен басқа аудиторды шақырады.

Қызмет көрсету бойынша ұйыммен көрсетілетін қызметтерді бақылау білу (Сілт: Пар. 10)

A12. Клиент ұйымы клиент ұйымының аудиторы тестілеуі мүмкін, және клиент бақылауы кейбір немесе барлық байланысты тұжырымдама үшін қызмет көрсету бойынша ұйымның бақылауына қарамастан, тиімді түрде жұмыс істегені бойынша қорытындыға мүмкіншілік беретін қызмет көрсету бойынша ұйымның қызметін бақылауды енгізеді. Егер клиент ұйымы өз жалақы әрекеттерін өңдеу мақсатымен қызмет көрсетуші ұйымды шақырса, клиент ұйымы елеулі кемшіліктерді болдырмау немесе анықтауы мүмкін болар жалақы туралы ақпаратты тапсыру мен алуды бақылауды енгізеді. Бұл бақылау келесі мәселелерден тұрады:

•  Мәліметтер өңделгеннен кейін, қызмет көрсетуші ұйым тапсырған мәліметтер қызмет көрсетуші ұйымнан алынған ақпарат туралы есептермен салыстыру.

•  Кеңсе дәлдігі үшін жалақының сомаларының үлгісін қайта санау және дұрыстығы үшін жалақы жалпы сомасын қайта шолу.

A13. Осыған орай клиент аудиторы аудитор жалақы әрекеттеріне қатысты тұжырымдама жасау үшін клиенттің бақылауы тиімді түрде жұмыс істейтіні туралы қорытындыға келуге негізін беретін жалақыны өңдеуді клиент бақылауын тестілеуді жүргізеді.

A14. 315 АХС226 сай, кейбір тәуекелге қатысын қоса алғанымен, клиент аудиторы тек елеулі шаралардан ғана жеткілікті немесе тиісті аудиторлық дәлелдерді жинау қолайлы емес екендігі туралы пікірін білдіреді. Мұндай тәуекелдіктер әрекеттердің регламенттік және маңызды топтары сипаттамалары әдетте аз немесе қолдан араласумен жоғары автоматты өңделуді қамтамасыз ететін шот сальдосы туралы дұрыс емес немесе толық емес құжаттау.

Бұл автоматты өңдеу сапаттамалары әсіресе клиент ұйымы қызмет көрсетуші ұйымының қызметін пайдаланған жағдайға қатысты болып келеді. Осыған орай, клиент ұйымы тәуекелді бақылауы аудитке қатысты, және клиент аудиторы бұл АХС 9 және 10 параграфтарына сәйкес сондай бақылауды білуі және бағалауы қажет.

Клиент ұйымы жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ете алмайтын бұдан әрі шаралар (Сілт: Пар. 12)

A15. Клиент аудиторы клиент қызмет көрсетуші ұйымның қызметін пайдалануына қатысты елеулі кемшіліктер тәуекелін айқындау мен бағалауға негіз салуды қажет ететін ақпарат алу мақсатымен 12 параграфқа сәйкес жеке немесе бірлескенде қандай шараларды іске асыру бойынша пікірі келесі мәселелердің ықпалына түседі:

•   Клиент пен қызмет көрсетуші ұйымның көлемі;

•  Клиент ұйымындағы әрекеттер күрделілігі, қызмет көрсетуші ұйымның қызметінің күрделілігі;

•  Қызмет көрсетуші ұйымның орналасуы (мысалы, егер қызмет көрсетуші ұйым алыс жерде орналасқан болса, клиент аудиторы өз атынан қызмет көрсетуші ұйымда шараларды өткізу үшін басқа аудиторды шақыруды шешім қабылдауы мүмкін);

• Шара клиент аудиторына жеткілікті нмесе тиісті аудиторлық дәлелдерді алуға мүмкіншілік береді ма, жоқ па; және

• Клиент ұйымы және қызмет көрсетуші ұйымы арасындағы қатынастар сипаты.

A16. Қызмет көрсетуші ұйым өз бақылау сипаттамасы мен әзірленуі (есеп беруі 1-ші түрі) немесе өз бақылау мен олардың нәтижелілігі (есеп беруі 2-ші түрі) туралы есеп беру үшін Ақпараттың дұрыстығын растау тапсырмалары бойынша халықаралық стандарты (АДРХС) 3402227 немесе рұқсат етілген немесе мойындалған стандартты орнататын ұйым бекіткен стандарттарға сәйкес шығарылады. (оларды А түрі немесе В түрі есептері ретінде айқындауы мүмкін)

A17. Есеп беруі 1-ші немесе 2-ші түрлері қол жетерлілігі әдетте қызмет көрсетуші мен клиент ұйымы арасындағы контракт мұндай қызмет көрсетуші есеп беруін қамтиды ма, жоқ па деп соған тәуелді болады. Сонымен қоса, қызмет көрсетуші ұйым тәжірибелік себебімен клиент ұйымына жетімді есептің 1-ші немесе 2-ші түрін таңдауы ықтимал. Алайда, кейбір жағдайда, есептің 1-ші немесе 2-ші түрі клиент ұйымына жетімді болар-болмас.

A18. Кейбір жағдайда клиент ұйымы шын мәніндегі бизнес бөлімше немесе функциялардың бірі немесе көбі, мысалы, өз жалпы салықты жоспарлау мен сәйкестік функциялары немесе қаржы мен есеп қисап немесе басқару жауапкершілігне бір немесе одан да көп ұйымдарды таратады. Қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылау туралы есеп беру бұл жағдайға жетімді болмағанымен, қызмет көрсетуші ұйымға келіп кету клиент аудиторы қызмет көрсетуші ұйымдағы бақылауды білуіне қатысты тым тиімді шара болып келеді, себебі қызмет көрсетуші ұйымның басшалығымен клиент ұйымы өзара әрекеті болар-болмас еді.

A19. Басқа аудитор қызмет көрсетуші ұйымна байланысты бақылауы туралы қажетті болатын ақпаратты беретін шараларды орындауға шақырылады. Егер есеп беруі 1 ші немесе 2 ші түрі шығарылса, клиент аудиторы бұл шараларды атқару үшін қызмет көрсетуші аудиторды таратады, өйткені қызмет көрсетуші аудитор қызмет көрсетуші ұйыммен қатынастары бар.

Клиент аудиторы басқа аудитордың жұмысын пайдаланып 600 АХС228 тағы нұсқауды пайдалы болып санайды, өйткені бұл нұсқау басқа аудиторды білуге (әсіресе аудитордың тәуелсіздігі және кәсіптік құзыреті), мұндай жұмыс сипатын, мерзімін, ауқымын жоспарлаудағы, және алынған аудиторлық ақпарат жеткіліктілігі мен сәйкестігін бағалаудағы басқа аудитордың жұмысына қатысы бар.

A20. Клиент ұйымы қаржылық есептілікке қатысты клиент ұйымының қаржылық ақпараттық жүйесінің бөлігі болатын, клиент ұйымына көрсетілетін кейбір қызмет көрсету үшін шағын қызмет көрсетуші ұйымның жұмысын пайдаланатын қызмет көрсетуші ұйымды таратады. Шағын қызмет көрсетуші ұйым қызмет көрсетуші ұйымнан жеке ұйым болуы мүмкін немесе қызмет көрсетуші ұйымға қатысты болуы мүмкін. Клиент аудиторы шағын қызмет көрсетуші ұйымның бақылауын қарастыруы қажет. Бір немесе одан да көп шағын қызмет көрсетуші ұйым пайдаланылған жағдайда, клиент ұйымы мен қызмет көрсетуші ұйымның жұмыстары мен операцияларының өзара әрекеті клиент ұйымы, қызмет көрсетуші ұйым, сондай-ақ шағын қызмет көрсетуші ұйымның өзара әрекетін қамту мақсатымен кеңейтіледі. Бұл өзара әрекетінің деңгейі, сонымен қоса қызмет көрсетуші ұйым мен шағын қызмет көрсетуші ұйыммен өңделетін әрекеттер сипаты мен маңызы клиент аудиторына клиент ұйымына қатысты қызмет көрсетуші ұйым мен шағын қызмет көрсетуші ұйымның маңызын айқындауды қарастыруға ең маңызды факторлары болып шығады.

Клиент-ұйымның аудиторы қызмет көрсету бойынша ұйымды білуін қолдау үшін есеп берудің 1ші немесе 2ші түрлері (Сілт: Пар. 13-14)

A21. Клиент аудиторы қызмет көрсетуші аудитор кәсіптік ұйымына қызмет көрсетуші немесе басқа кәсіпқой мамандар туралы сұрыныс жңбереді және қызмет көрсетуші аудитор реттеуші қадағалауға жатады ма, жоқ, деп сол туралы сұрайды.

Қызмет көрсетуші аудитор әр түрлі стандарттар қызмет көрсетуші ұйымның бақылауы туралы есеп беруіне қатысты қолданылған юрисдикцияда дағдаланады; клиент аудиторы стандарттау жөніндегі ұйымнан қызмет көрсетуші аудитор пайдаланатын стандарт туралы ақпарат алады.

A22. Есеп беруі 1 немесе 2 түрі клиент ұйымы туралы ақпаратты қоса клиент аудиторына сол туралы білуге жәрдем деседі:

(a) Клиент әрекеттерін өңдеуіне, сонымен қоса шағын қызмет көрсетуші ұйымның қолданылуына ықпал етуі мүмкін қызмет көрсетуші ұйымның бақылауының аспектілері;

(b)  Елеулі кемшіліктер клиент ұйымының қаржылық есептілігінде пайда болуы ықтимал әрекеттің пунктілерін шешу мақсатымен қызмет көрсетуші ұйым арқылы шын мәніндегі әрекеттер ағымы;

(c) Қызмет көрсетуші ұйымның клиент ұйымы қаржылық есептілік тұжырымдамаға қатысты бақылау мақсаттары; және

(d) Қызмет көрсетуші ұйымның бақылауы тиісті түрде әзірленді ма, жоқ па; клиент ұйымының қаржылық есептілігіндегі елеулі кемшіліктерге ықпал ететін өңдеу қателерін болдырмау немесе анықтау мақсатымен орындалды ма, жоқ.

Есеп беруі 1 немесе 2 түрі клиент аудиторына елеулі кемшіліктер тәуекелін анықтау мен бағалау үшін жеткілікті білім алуға жәрдемдеседі. Алайда есеп беруі 1 ші түріне байланысты бақылау нәтижелілігі туралы кез келген дәлелдермен қамтамасыз етпейді.

A23. Егер есеп өзге ақпарат көздерінен қосымша ағымдағы ақпаратпен толтырылса, клиент ұйымының есеп кезеңінен тыс күніндегі немесе кезеңге қатысты есеп беруі 1 немесе 2 түрі клиент аудиторына қызмет көрсетуші ұйымда жүргізілген бақылау туралы алдын-ала білім алуға көмек береді. Егер қызмет көрсетуші ұйым бақылауды сипаттауы аудиторлық кезең соңының алдында келетін күніне немесе кезеңіне қатысты болса, клиент аудиторы есеп беруі 1 немесе 2 түріндегі ақпаратты жаңарту үшін шараларды орындайды. Мысалы:

•  Ол сол сияқты өзгерістер туралы білуге өкілетіне ие болатын клиент ұйымының персоналымен қызмет көрсетуші ұйымдағы өзгерістерді талқылайды;

•  Қызмет көрсетуші ұйым шығарған соңғы құжаттар мен корреспонденцияға шолу өткізеді; немесе

•   Қызмет көрсетуші ұйымның персоналымен өзгерістерді талқылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет