Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет44/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65

580 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Жазбаша Ұсыныстар

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)


МАЗМҰНЫ

Параграф



Кiрiспе

Бұл АХС Ауқымы ...................................................................................................1-2

Аудиторлық дəлел Ретiнде Жазбаша Ұсыныстар.................................................3-4

Күшіне Ену Күні .........................................................................................................5



Мақсаттары ...............................................................................................................6

Анықтамалары ......................................................................................................7-8

Талаптары

Жазбаша Ұсынымдарды Кім Талап Етіп отырғанын Басқару................................9

Басқару Жауапкершілігі туралы Жазбаша Ұсыныстар ...................................10-12

Басқа да Жазбаша Ұсыныстар ................................................................................13

Жазбаша Ұсыныстарды Қамту Мезгілі мен Кезеңі................................................14

Жазбаша Ұсыныстар Түрлері ...............................................................................15

Жазбаша Ұсыныстар Сенімділігі және Талап Етілген Жазбаша Ұсыныстардың Қарастырылмауы .................................................................................................16-20

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Дəлел ретiнде Жазбаша Ұсыныстар.................................................A1

Жазбаша Ұсынымдарды Кім Талап Етіп отырған Басқару............................A2-A6

Басқару Жауапкершілігі туралы Жазбаша Ұсыныстар .................................A7-A9

Басқа да Жазбаша Ұсыныстар .....................................................................A10-A13

Лимиттік Шаманы Ақпараттау .............................................................................A14

Жазбаша Ұсыныстарды Қамту Мезгілі мен Кезеңі.....................................A15-A18

Жазбаша Ұсыныстар Түрлері .....................................................................A19-A21

Өкілетті Тұлғалармен Байланыс ..........................................................................A22

Жазбаша Ұсыныстар Сенімділігі Және Талап Етілген Жазбаша Ұсыныстардың Қарастырылмауы.............................................................................................A23-A27

1 қосымша: Жазбаша ұсыныстарға қойылатын талаптары бар АХС-тар тізімі

2 қосымша: Иллюстрациялық ұсыну хаты




«Жазбаша Ұсыныстар» 580 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.




Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1.       Бұл АХС бойынша аудитор субъект басшылығынан және, керек болса, өкілетті тұлғалардан тиiстi ұсынымдар алуы тиiс.

2.      1 қосымшада жазбаша ұсынымдар жөніндегі, зерттеуі мен ерекше сипатындағы талаптары бар басқа АХС-тар тізімділген. Жазбаша ұсынымдар жөніндегі ерекше сипаттағы талаптар бұл АХС қолданысына шек қоймайды.

Аудиторлық Дəлел ретiнде Жазбаша Ұсыныстар

3.     Аудиторлық дәлел аудиторлық пікірі негізделетін қорытындыға келу кезінде аудитор қолданатын ақпарат болып табылады.405 Жазбаша ұсынымдар аудитор субъекттің қаржылық есептілігі аудитімен бірге талап ететін қажетті ақпарат болып шығады. Атап айтқанда, сұрауға жауаптарға тең болып, жазбаша ұсынымдар аудиторлық дәлел болып табылады. (сілт: пар. A1)

4.     Жазбаша ұсынымдар қажетті аудиторлық дәлел берсе де, олар өздері қарастырып шығатын қандай да бір мәселелер бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел бере алмайды. Одан басқа, субъект басшылығы сенімді жазбаша ұсынымдар берген факті аудиторға субъект басшылығының жауапкершілігі орындалуы немесе ерекше сипаттағы тұжырымдамалар туралы алатын басқа аудиторлық дәлел сипатына немесе деңгейіне ықпал етпейді.

Күшіне ену күні

5.     2009 жылы 15 желтоқсанында басталатын немесе одан кейінгі кезеңдердегі қаржылық есептілік аудитіне қатысты күшіне енеді.



Мақсаттары

6. Аудитордың мақсаттары мынадай:

(а) Олар қаржылық есептілікті даярлауға, аудитор берген ақпарат толықтығына олардың жауапкершілігін орындап жатқанына сенімі бар субъект басшылығынан және, қажет болса, өкілетті тұлғалардан жазбаша ұсынымдар алу;

(b) Аудитор немесе басқа АХС қажетті деп санаса, жазбаша ұсынымдар арқыла қаржылық есептілікке немесе қаржылық есептіліктегі ерекше сипаттағы тұжырымдамаларға тән басқа аудиторлық дәлелді қолдау; және

(с) Субъект басшылығы және, қажет болса, өкілетті тұлғалар берген немесе, егер субъект басшылығы немесе, қажет болса, өкілетті


тұлғалар аудитор сұраған жазбаша ұсынымдарды бермесе, жазбаша ұсынымдарға тиісті түрде жауап қайтару.

Анықтамалары

7. Бұл АХС мақсатымен, келесі терминдер қолданылады:

Жазбаша ұсынымдар – Белгілі мәселелерді қолдау немесе басқа аудиторлық дәлелді қолдау үшін субъект басшылығы аудиторға берген жазбаша мәлімдемесі. Бұл сөйлем құрамындағы жазбаша ұсынымдарға қаржылық есептілік, олардағы тұжырымдамалар, немесе көмекші кітаптар мен жазулар кірмейді.

8.      Бұл АХС мақсатымен, «субъект басшылығы» деген терминге сілтеме «субъект басшылығы және, қажет болса, өкілетті тұлғалар» деген термин секілді оқылуы тиіс. Одан басқа, әділ көрсетілім жүйесінің құрамында, субъект басшылығы қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес қаржылық есептіліктің дайындалуына және әділ түрде көрсетілуіне; немесе қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес әділ мен адал көзқарасы ұсыныатын қаржылық есептіліктің дайындалуына жауапты болады.



Талаптары

Жазбаша Ұсынымдарды Кім Талап Етіп отырған Басқару

9. Аудитор қаржылық есептілікке, қаралатын мәселелер туралы білімге тиісті жауапкершілігі бар субъект басшылығынан жазбаша ұсынымдар сұрауы тиіс. (сілт: пар. A2-A6)



Басқару Жауапкершілігі Туралы Жазбаша Ұсыныстар

Қаржылық Есептіліктің Дайындалуы

10.    Аудитор субъект басшылығынан қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес қаржылық есептіліктің дайындалуына, сонымен қоса, керек болса, аудиторлық келісімде белгіленгендей олардың әділ көрсетуіне олардың жауапкершілігін орындап жатқаны туралы жазбаша ұсынымдарды беруін сұрауы тиіс.406 (сілт: пар. A7-A9, A14, A22)



Берілген Ақпарат және Әрекеттердің Толықтығы

11. Аудитор субъект басшылығынан жазбаша ұсынымдарды сұрауы тиіс:

(а)  Субъект басшылығы аудиторға барлық тиісті ақпаратты берген және аудиторлық келісім шартында белгіленгендей рұқсат етті,407 және

(b)  Барлық әрекеттер құжаттын толтырылды және қаржылық есептілікте көрсетілді. (сілт: пар. A7-A9, A14, A22)



Жазбаша Ұсыныстарда Басқару жауапкершілігін суреттеу

12.   Басқару жауапкершіліктері - бұл жауапкершіліктер аудит бойынша келісім мәнмәтінде көрсетілген мәнерінде 10 және 11 параграфтармен талап етілген жазбаша мәлімдемелер көрсетіледі.



Басқа да Жазбаша Ұсыныстар

13.  Басқа АХС-тарға сәйкес аудитор жазбаша ұсынымдарды сұрауы тиіс. Егер, сондай сұратылатын ұсынымдарға қосымша ретінде, аудитор қаржылық есептілікке тән басқа аудиторлық дәлел қолдау немесе қаржылық есептіліктегі бір немесе одан да көп тұжырымдаманы қолдау керектігін анықтаса, онда ол басқа ұқсас жазбаша ұсынымдарды сұрауы тиіс. (сілт: пар. A10-A13, A14, A22)



Жазбаша Ұсыныстарды Қамту Мезгілі мен Кезеңі

14.    Жазбаша ұсынымдар датасы, мүмкін болса, қаржылық есептілік туралы аудиторлық есепті шығару датасына таман, бірақ осы датасынан кейін емес болуы тиіс. Жазбаша ұсынымдар аудиторлық есепті желеуретілген барлық қаржылық есептілік пен кезеңге арнап әзірленеді. (сілт: пар. A15-A18)



Жазбаша Ұсыныстар Түрлері

15.    Жазбаша ұсынымдар аудитордың мекенжайына жіберілетін ұсыну хатының нысаны бар. Егер заңға немесе реттеуші актілерге сәйкес субъект басшылығы өз жауапкершіліктері туралы жазбаша жария етілген мәлімдемелер жасаса, және аудитор 10 немесе 11 параграфтарға сәйкес сол сияқты мәлімдемелер ұсынымдардың барлығын немесе кейбірін береді деп санаса, сондай мәлімдемелермен қамтылған мәселелерде ұсыну хатына енгізілуі керек емес. (Сілт: Пар. A19-A21)



Жазбаша Ұсыныстар Сенімділігі және Талап Етілген Жазбаша Ұсыныстардың

Қарастырылмауы

Жазбаша ұсынымдардың сенімділігіне келтірілетін күмән

16.   Егер аудитор субъект басшылығы құзыретіне, адалдығына, этикалық құндылықтарына, немесе ынтасына немесе тізімділгендерге қатысты оның міндеттеріне немесе тізімділгендерді мәжбүр жүзеге асыруына қауіптеніп қараса, аудитор сондай қауіптер ұсынымдардың сенімділігене (жазбаша немесе ауызша) және аудиторлық дәлелге жалпы алғанда ықпалын анықтау қажет. (сілт: пар. A24-A25)

17.   Әсіресе, егер жазбаша ұсынымдар басқа аудиторлық дәлелге сәйкес келмесе, аудитор мәселені шешуге тырысу үшін аудиторлық шараларды орындауы тиіс. Егер мәселе шешусіз қалса, аудитор субъект басшылығы құзыретіне, адалдығына, этикалық құндылықтарына, немесе ынтасына немесе тізімділгендерге қатысты оның міндеттеріне немесе тізімділгендерді мәжбүр жүзеге асыруға баға беруге қайта қарауы тиіс, және ұсынымдардың сенімділігене (жазбаша немесе ауызша) және

аудиторлық дәлелге жалпы алғанда ықпалын анықтауы тиіс. (сілт: пар. A23)

18.    Егер аудитор жазбаша ұсынымдар сенімді болады деп санаса, онда ол тиісті іс әрекеттерді қолға алуы тиіс, сонымен қоса 705 АХС4 сәйкес бұл АХС 20 параграфына қарай аудиторлық есептегі пікірге ықтимал ықпалды анықтауы қажет.

Сұратылатын ақпарат берілмеуі

19.    Егер субъект басшылығы сұратылатын жазбаша ұсынымдардың бірін немесе одан да көбін бермесе, аудитор мыналарды орындауы тиіс:

(а)   Субъект басшылығымен мәселені талқылауы қажет;

(b)  Субъект басшылығының адалдығын қайта бағалау және ұсынымдардың сенімділігене (жазбаша немесе ауызша) және аудиторлық дәлелге жалпы алғанда ықпалын анықтауы қажет; және

(c)  Тиісті іс әрекеттерді қолға алуы тиіс, сонымен қоса 705 АХС408 сәйкес бұл АХС 20 параграфына қарай аудиторлық есептегі пікірге ықпалды анықтауы қажет.

Субъект басшылығының жауапкершілігі туралы жазбаша ұсынымдар

20. Аудитор 705 АХС сәйкес тек төмендегі жағдайларды ғана қаржылық есептілік бойынша пікір айтудан бас тартады:

(а)  Аудитор 10 және 11 параграфтарға сәйкес талап етілетін жазбаша ұсынымдар сенімсіз болуына, субъект басшылығының адалдығына жеткілікті күмән туындауы бойынша қорытындыға келеді; немесе

(b) Субъект басшылығы 10 және 11 параграфтарға сәйкес талап етілетін жазбаша ұсынымдарды бермейді. (Сілт: Пар. A26-A27)


***
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Дəлел ретiнде Жазбаша Ұсыныстар (Сілт: Пар. 3)

A1.  Жазбаша ұсыныстар аудиторлық дәлелдеменің маңызды ақпарат көзі болып саналады. Егер субъект басшылығы жазбаша ұсынымдарды модификацияламаса немесе бермесе, бұл аудиторды бір немесе одан да көп мәселенің орын алуы ықтималдығы туралы ескертеді. Бұдан басқа, ауызша ұсынымдардан басқа, жазбаша ұсынымдарға сұраныс көпшілікті жағдайларда субъект басшылығына бұл мәселене дәл аумай қарауға итермеледі, осыған орай ұсыныстардың сапасы жақсылап өседі.



Жазбаша Ұсынымдарды Кім Талап Етіп Отырғанын Басқару (Сілт: Пар. 9)

A2.   Жазбаша ұсынымдар қаржылық есептілікті дайындауға жауапты тұлғалардан сұратылады. Бұл тұлғалар субъект басқару құрылымына, сәйкесті заңға немесе құқықтық актілерге қатысты ерекшеленеді; алайда, субъект басшылығы (өкілетті тұлғалардан басқа) әдетте жауапты тарап болады. Осыған орай жазбаша ұсынымдар субъекттің бас атқарушы директорынан және бас қаржы тұлғасынан немесе осындай лауазым аттары пайдаланбайтын субъекттегі басқа баламалы тұлғалардан сұратылуы мүмкін. Кей жағдайларда, алайда, басқа тараптар, мысалы өкілетті тұлғалар да қаржылық есептілікті дайындауға жауапты болады.

A3.  Қаржылық есептілікті дайындауға жауапкершілігі, сонымен қоса субъект бизнесін іске асыруға жауапкершілігі салдарынан субъект басшылығы субъект қаржылық есептілікті дайындау, көрсету процесі мен жазбаша ұсынымдарға негіз қамсыздандыруға қатысты тұжырымдамалары туралы жеткілікті білімі бар екенін күтеді.

A4.   Кей жағдайда, алайда, субъект басшылығы қаржылық есептілікті дайындауға, көрсетуге, және тұжырымдамаларға қатысатын басқаларға, сонымен қоса жазбаша ұсынымдар сұратылатын мәселелермен байланысты арнаулы біліктілігі бар тұлғаларға сұрау жүргізеді. Бұл тұлғаларға мыналар кіреді:

•   Актуариймен анықталған есеп шамаларына жауапты актуарий.

•  Қоршаған ортаға зиян үшін шамаға жауапкершілігі және арнаулы білімі бар басқару апараты инженерлері.

•   Сот дауларына төленетін жарнауға сүбелі ақпарат беруі ықтимал ішкі заңгер.

A5.   Кей жағдайда субъект басшылығы жазбаша ұсынымдарға жазбаша ұсынымдар білімі мен сенімі бойынша жасалған ықпал айқындайтын ескертпе енгізеді. Егер аудитор ұсынымдарды тиісті жауапкершіліктері бар тұлғалар жасады деп анықтаса, аудитор сондай анықтама мен ұсынымдардағы мәселелер туралы білім қабылдайды.

A6. Хабарландыратын ұсынымдар жасау керектігін ұлғайту үшін аудитор субъект басшылығынан олар сондай сұрау жүргізгені бар жазбаша ұсынымдар тұжырымдамаларына енгізуін сұрауы мүмкін, өйткені бұл сұратылатын жазбаша ұсынымдарды жасай алу үшін лауазымға ие болу тиіс болады. Сондай сұраулар әдетте субъектте орнатылған процестерден басқа рәсімделген ішкі процес енгізеді.

Басқару Жауапкершілігі Туралы Жазбаша Ұсыныстар (Сілт: Пар. 10-11)

A7.   Субъект басшылығы 10 және 11 параграфтарға сілтемесі бар жауапкершіліктерін орындап жатқан аудит барысында алынған аудиторлық дәлел жауапкершіліктерді орындап жатқанын анықтаған субъект басшылығынан тұжырымдаманы алуы жеткіліксіз болады. Бұның себебі егер субъект басшылығы қаржылық есептілікті дайындаса көрсетсе және келісілген растау мен жауапкершіліктерді білу негізінде аудиторға

ақпарат берсе, аудитор тек басқа аудиторлық дәлелдемеге ғана баға бере алмайды. Мысалы, субъект басшылығы аудиторға аудиторлық келісім шарты бойынша келісілген барлық тиісті ақпарат бергені туралы қорытындыға келе алар еді.

A8. 10 және 11 параграфтардан талап етілетін жазбаша ұсыныстар келісілген растау мен басқарудан олар орындап жатқан растау және сұрату арқылы жауапкершіліктерін білу негізінде алынады. Сондай-ақ, аудитор субъект басшылығына жазбаша ұсынымдардағы бұл жауапкершіліктерді растау мен білуді қайта растау туралы сұраныс жібереді. Бұл кей заңды құзырлы аймақтарға жалпы болады, бірақ басқа жағдайда орын алса:



  • Субъект атынан аудиторлық келісім шартын қол қойған тұлғалардың тиісті жауапкершіліктері болмайды;

  • Аудиторлық келісім шарттары алдыңғы жылда дайындалды;

  • Субъект басшылығының бұл жауапкершіліктерді қате түсеністігінің белгісі; немесе

  • Менің тиістілігі үшін жағдайлардағы өзгерістер.

210 АХС409 талабына сәйкес келіп, субъект басшылығы жауапкершіліктерін растауы мен білуінің мұндай қайта расталуы субъект басшылығының білімі мен сеніміне негіз болу үшін жасалмады (бұл АХС A5 параграфына қараңыз).

Мемлекеттік сектордағы субъекттерді қарастыру

A9.   Мемлекеттік сектордағы субъекттердің қаржылық есептілігіне аудиторлық жауапкершіліктер басқа субъекттердің жауапкершіліктерінен кең болуы мүмкін. Бұның нәтижесінде мемлекеттік сектордағы субъект қаржылық есептілігі аудиті орындалатын субъект басшылығының жауапкершіліктеріне қатысты алғышарт қосымша жазбаша ұсынымдарды тудырады. Оларға әрекеттер мен жағдайлар заңға, нормативтік актілерге, басқа орынға сәйкес орындалатынын қуаттайтын жазбаша ұсынымдар кіреді.

Басқа да Жазбаша Ұсыныстар (сілт: пар. 13)

Қаржылық есептілік жөніндегі қосымша жазбаша ұсынымдар

A10. 10 параграф талап етілетін жазбаша ұсынымдарды толтыру ретінде аудитор қаржылық есептілік жөніндегі басқа жазбаша ұсынымдар сұратылуының керектігін қажетті деп санауы мүмкін. Осындай жазбаша ұсынымдар 10 параграфқа сәйкес талап етілетін жазбаша ұсынымдарды толтыруы мүмкін, бірақ олардың бір бөлігін құрастырмайды. Оларға келесі жөніндегі ұсынымдар кіреді:

• Есеп саясатының таңдалуы мен қолданысы тиісті болды ма, жоқ па?; және

Сол сияқты мәселелер, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінде анықталса, мына жүйеге сәйкес мойындалды, өлшенді, ашып көрсетілді ме, жоқ па?:

o  Баланстық нарыққа немесе активтерді, міндеттерді топтастыруға ықпал етуі мүмкін жоспарлар немесе ниеттер;

o  Нақты және шартты міндеттер;

o  Активтерді қамсыздандыруға құқылы, қосымша ретінде активтер кепілін бақылау немесе оларды иеленуге құқылы; және

o  Сәйкес еместіктігін қоса, қаржылық есептілікке ықпал етуі мүмкін заңдар, реттеуші актілер мен шартты келісімдердің аспектілері.



Аудиторға берілген ақпарат жөніндегі қосымша жазбаша ұсынымдар

A11. 11 параграфқа сәйкес талап етілетін жазбаша ұсынымдарға қосымшаға аудитор субъект басшылығынан олар аудиторға субъект басшылығы білген ішкі бақылаудың барлық кемшіліктері туралы ақпарат бергені жөніндегі жазбаша ұсынымдарды сұрау қажеттілігін қарастыруы мүмкін.



Ерекше сипаттағы тұжырымдамалар жөніндегі жазбаша ұсынымдар

A12. Пайымдау мен ниеттер туралы дәлел алу немесе оларды бағалау кезінде аудитор келесінің бірін немесе одан да көбін анықтауы мүмкін:

• Өз белгіленген ниеттерін орындауға қатысты субъекттің өткен тарихы.

• Субъект іс әрекеттің белгілі беталысын таңдау себебі.

• Субъекттің іс әрекеттің белгілі беталысымен жүруге қабілеті.

• Субъект басшылығының пікірлері немесе ниеттеріне сәйкес келмеуі мүмкін аудит барысында алынатын кез келген басқа ақпараттың бар екені немесе жетіспеушілігі.

A13.  Қосымшаға аудитор субъект басшылығынан қаржылық есептіліктегі белгілі тұжырымдамалар жөніндегі жазбаша ұсынымдарды сұрау керектігін анықтайды; әсіресе, бұның мақсаты аудитор белгілі тұжырымдамаға қатысты немесе оның толықтығына қатысты субъект басшылығының пайымдауын біледі. Мысалы, егер субъект басшылығының пайымдауы инвестицияларға негіз болатын бағалауға маңызды болады, субъект басшылығынан олардың пайымдауы жөніндегі жазбаша ұсынымдарсыз жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алынбауы мүмкін. Сондай жазбаша ұсынымдар қажетті аудиторлық дәлел ұсынса да, олар өздері бұл тұжырымдама үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел бермейді.

Лимиттік Шаманы Ақпараттау (Сілт: Пар. 10-11, 13)

A14. 450 АХС бойынша аудитор дөрекілеу кемшіліктерден басқа аудит барысында анықталған кемшіліктерді жинақтайды.410 Аудитор шегін анықтауы мүмкін. Бұл шектен төменгі кемшіліктер дөрекілеу болып қарастырылатындар ретінде қарала алмайды. Осыған сәйкес аудитор субъект басшылығына сұратылатын жазбаша ұсынымдар мақсаты үшін шекті хабарлайды.



Жазбаша Ұсыныстарды Қамту Мезгілі мен Кезеңі (Сілт: Пар. 14)

A15. Жазбаша ұсынымдар қажетті аудиторлық дәлел болғандықтан, жазбаша ұсынымдарды шығару күніне дейін аудиторлық пікір айтыла алмайды, және аудиторлық есеп шығарыла алмайды. Бұдан басқа, аудитор қаржылық есептікте ашылуын немесе түзетілуін талап етуі мүмкін аудиторлық есепті шығару күніне таман пайда болатын жағдайларды қарастыратындықтан, жазбаша ұсынымдар, қажет болса, қаржылық есептілік туралы аудиторлық есепті шығару күнінен емес, аудиторлық есепті шығару күніне таман шығарылады.

A16. Кей жағдайда аудитор аудит барысында қаржылық есептіліктегі арнаулы тұжырымдама жөніндегі жазбаша ұсынымдарды алуына тиісті болады. Осындай жағдай орын алса, аудитор жаңартылған жазбаша ұсынымдарды сұратуы қажет.

A17. Барлық кезеңдер бойынша жазбаша ұсынымдар аудиторлық есепте аталады, өйткені субъект басшылығы олар алдыңғы кезеңде жасаған жазбаша ұсынымдардың сәйкестігін қайта растауы қажет. Аудитор және субъект басшылығы мұндай ұсынымдардағы кез келген өзгерістер бар екенін және, мұндай өзгерістер орын алса, олардың мағынасын қарастыру арқылы өткен кезеңдерге қатысты жазбаша ұсынымдарды жаңартатын жазбаша ұсынымдардың нысаны туралы келіседі.

A18. Ағымдағы субъект басшылығы аудиторлық есепте аталған барлық кезеңдерге қатыспағанда, жағдайлар туындауы мүмкін. Сондай тұлғалар кей немесе барлық жазбаша ұсынымдарды беруге, лауызымға болмауын айтып баға алуы ықтимал, себебі олар аудит кезеңі барысында қатыспады. Алайда, бұл факті тұтас алғанда қаржылық есептілікке осындай тұлғалардың жауапкершіліктерін кемітпейді. Атап айтқанда, аудитор үшін сәйкесті кезеңнің тұтастығын қамтитын олардан жазбаша ұсынымдарды сұрауға жауапкершілік қолданылады.

Жазбаша Ұсыныстар Түрлері (Сілт: Пар. 15)

A19. Жазбаша ұсынымдар аудитор мекен жайына жіберілген ұсыну хатына енгізілуі тиіс. Кей заңды құзырлы аймақтарда, алайда, субъект басшылығы заңға немесе реттеуші актілерге сәйкес оның жауапкершіліктері туралы жазбаша ұсыным беруі тиіс. Осындай ұсыным

қаржылық есептілікті қоданушыларға немесе сәйкесті атқарушы орындарға көрсетілсе де, аудитор 10 немесе 11 параграфқа сәйкес талап етілетін кей немесе барлық ұсынымдарға қатысты бұл жазбашы ұсынымдардың тиісті нысаны болуын анықтайды Бұл ұсынымда қамтылған барлық байланысты мәселелер ұсыну хатына енгізілуінің керектігі жоқ екен:

• Мәлімдемеге 10 және 11 параграфтарда айтылған жауапкершіліктерді орындауды растау кіреді ме, жоқ па?

• Аудитор сәйкесті жазбаша ұсынымдарды сұрайтын бұл тұлғалар мәлімдемені берді ме, жоқ па, қуаттады ма, жоқ па?

• Мәлімдеменің үзіндісі аудиторға қаржылық есептілік туралы аудиторлық есепті шығару күнінен емес, күніне таман берілді ме, жоқ па? (14 параграф).

A20. Заңдарға немесе нормативтік актілерге сәйкестік немесе қаржылық есептіліктің қуатталуы жөніндегі рәсімделген мәлімдеме аудиторға барлық қажетті ұсынымдар саналы түрде алынғанына риза болу үшін жеткілікті ақпарат жоқ екен. Заң немесе нормативтік актілерге сәйкес субъект басшылығының жауапкершіліктерін білдіру және сұратылатын жазбаша ұсынымдардың орнын ала алмайды.

A21. 2 қосымшада субъект басшылығының ұсыну хатына мысал келтірілген.



Өкілетті Тұлғалармен Байланыс (Сілт: Пар. 10-11, 13)

A22. 260 АХС сәйкес аудитор субъект басшылығынан сұраған жазбаша ұсынымдар туралы өкілетті тұлғаларды хабардар етуі тиіс.411



Жазбаша Ұсыныстар Сенімділігі және Талап Етілетін Жазбаша Ұсыныстардың Қарастырылмауы

Жазбаша Ұсынымдардың Сенімділігіне Келтірілетін Күмән (Сілт: Пар. 16-17)

23.   Жазбаша ұсынымдар мен басқа ақпарат көзінен алынған аудиторлық дәлел арасындағы анықталған сәйкес еместіктер жағдайында аудитор тәуекелді бағалау сәйкестігін қарастырып, осындай болмаса, тәуекелді бағалауға қайта қарап, бағаланған тәуекелге жауап қайтару үшін бұдан әрі аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімін, деңгейін анықтайды.

A24. Субъект басшылығы құзыретіне, адалдығына, этикалық құндылықтарына, немесе ынтасына немесе тізімділгендерге қатысты оның міндеттеріне немесе тізімділгендерді мәжбүр жүзеге асыруына қауіптеніп қараулар нәтижесінде аудитор қаржылық есептіліктегі субъект басшылығының қате түсіндіру тәуекелі аудиттің орындалмауын тудыра алады. Осыған сәйкес, аудитор, келісімді орындаудан бас тарту заң бойынша мүмкін болса, келісімді орындаудан бас тарту қажеттілігін қарастырады, өкілетті тұлғалар сәйкесті түзету шараларын қолына алғанша. осындай шаралар,

алайда, аудитор түтілмеген аудиторлық пікір айта алуына жеткілікті болмайды.

A25. 230 АХС сәйкес аудитор аудит барысында туындайтын шын мәніндегі мәселелерді, жасалған қорытындыларды, елеулі кәсіптік айтылған пікірлерді құжаттап толтыруы тиіс.412 Аудитор субъект басшылығы құзыретіне, адалдығына, этикалық құндылықтарына, немесе ынтасына немесе тізімділгендерге қатысты оның міндеттеріне немесе тізімділгендерді мәжбүр жүзеге асыруға қатысты елеулі мәселелер анықта алып, бірақ жазбаша ұсынымдардың сенімділігі бойынша қорытындыға келеді. Осы елеулі мәселе 230 АХС сәйкес құжатталып толтырады.

Субъект басшылығының жауапкершілігі туралы жазбаша ұсынымдар (сілт: пар. 20)

A26. A7 параграфқа сәйкес аудитор субъект басшылығы 10 және 11 параграфтарда айтылған жауапкершіліктерді орындап жатқанына қатысты басқа аудиторлық дәлел бойынша қорытынды жасай алмайды. Егер аудитор 20(a) параграфқа сәйкес мәселелер жөніндегі жазбаша ұсынымдар сенімсіз болады деп санаса, немесе, егер субъект басшылығы жазбаша ұсынымдарды бермесе, аудитор жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды. Сондай қабілетсіздік бойынша қаржылық есептілікке ықтимал ықпалдар ерекше элементтермен, қаржылық есептілік шоттарымен немесе баптарымен шектелмей, сенімді болады. 705 АХС сәйкес аудитор сондай жағдайда қаржылық есептілік бойынша пікір айтудан бас тартуы тиіс.413

A27. Аудитормен сұратылған немесе модификацияланған жазбаша ұсынымдар субъект басшылығы жазбаша ұсынымдарды бермейтінінің мағынасы жоқ. Алайда, мұндай модификациялау үшін негіз болатын себеп аудиторлық есептегі пікірге ықпал етеді. Мысалы:

• Қаржылық есептілікті дайындауға субъект басшылығы жауапкершілігін орындау жөніндегі жазбаша ұсынымдарда субъект басшылығы қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің ерекше талабына елеулі сәйкес еместіктен басқа қаржылық есептілік жүйеге сәйкес дайындалғанына сенсе, қаржылық есептілік жүйеге дайындалады. 20 параграфтағы талап қолданылмайды, себебі аудитор субъект басшылығы сенімді жазбаша ұсынымдарды берді деп санайды. Алайда, аудитор 705 АХС сәйкес аудиторлық есептегі пікірге сәйкес еместіктің ықпалын анықтауы тиіс.

•   Аудиторлық келісім шарттары бойынша келісілген барлық сәйкесті ақпаратты аудиторға берген субъект басшылығының жауапкершіліктері жөніндегі жазбаша ұсынымдарға сәйкес субъект

басшылығы отта қиратылған ақпараттан басқа олар аудиторға сондай ақпаратты берген деп санайды. 20 параграфтағы талап қолданылмайды, себебі аудитор субъект басшылығы сенімді жазбаша ұсынымдарды берді деп санайды. Алайда, аудитор 705 АХС сәйкес қаржылық есептілікке және аудиторлық есептегі пікірге орта қиратылған ақпараттың сенімділігін ықпалдарын анықтауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет