Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Субъект Басшылығының Бағалауымен Қамтылмайтын Кезең



бет43/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65

Субъект Басшылығының Бағалауымен Қамтылмайтын Кезең

15.  Аудит субъект басшылығынан оның субъект басшылығы бағалаудың пайдаланылған кезеңiнен тыс жағдайды бiлуi туралы сұрауы керек, бұл жағдайлар субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғастыруға қатысты айтарлықтай күмəн түғызуы мүмкiн. (Сілт: Пар. A13-A14)



Жағдайлар мен Шарттарды Анықтаудағы қосымша Аудиторлық Рәсімдер

16.    Егер субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғастыруға қатысты айтарлықтай күмəн түғызуы мүмкiн жағдайлар анықталса, аудитор елеулі белгісіздік бар екенін анықтау үшін қосымша аудиторлық шаралар өткізу арқылы, тәуекелдерді төмендетуді қарастыру арқылы жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуы тиіс. Бұл шаралар төмендегілерді қамтиды: (Сілт: Пар. A15)

(a) Басшылық субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғастыруға бағалауды орындамаса, басшылыққа өз бағалауды жүргізу туралы сұрау жүргізсе.

(b)  Субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғастыру жөніндегі келешектегі іс әрекеттер бойынша басшылықтың жоспарына баға беру, осындай жоспарлар нәтижесі жағдайды жақсарта алады ма, жоқ па, және басшылықтың жоспары жағдайларға ықтимал ма, жоқ па. (Сілт: Пар. A16)

(c) Субъект ақшалай қозғалыс болжамын дайындайды ма, жоқ па, және болжамды талдау келешектегі іс әрекеттер жөніндегі басшылықтың жоспарын бағалаудағы жағдайлардың келешектегі нәтижесін қарастырудағы маңызды фактор болып табылады: (Сілт: Пар. A17-A18)

(i) Болжауға тудырған негіз болатын мәліметтердің сенімділігін бағалау; және

(ii) Болжам негізіне жататын қорытындыларды адекватты қолдауға шешу.

(d)  Кез келген қосымша фактілер немесе ақпарат басшылық бағалауы күнінен бері жетімді болуын анықтау.

(e) Басшылықтан және өкілетті тұлғалардан келешектегі келешегі бойынша олардың жоспары мен бұл жоспарлардың жүзеге асырушылығы туралы жазбаша ұсынымдарын сұрайды.

Аудиторлық Қорытындылар және Есеп Беру

17.   Алынған аудиторлық дəлелдер негiзiнде, аудитор өз ойы бойынша субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғастыра алу қабiлетiне күмəн туғызатын бөлек немесе жағдайлар жиынтығына байланысты түсiнiксiздiк бар, жоғын анықтауы керек. Елеулi түсiнiксiздiк болады, егер оның елеулi ықпал ету жиілігі аудитордың пікірі бойынша түсініксіздік сипаты, зардаптарын ашуға тән болады: (сілт: пар. A19)

(а) Қаржылық есеп жүйесі мен қаржылық есептіліктің әділ ұсынылуы жағдайында, немесе

(b)   Сәйкестік жүйесі, қаржылық есептілік алаяқтығын туғызуы мүмкін жағдайда.



Үздіксіз Қызмет Принципін Тиісті Түрде Пайдалану, Бірақ Елеулі Белгісіздік Орын Алады

18. Егер үздiксiз қызмет туралы жорамалды пайдалануға болатын болса, бiрақ елеулi бiр түсiнiксiздiк болатын болса, аудитор мына шараларды қарастырады:

(а)  Субъектiнiң күмəндi қызметiн жалғастыру қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын негiзгi жағдайларды, жəне осы жағдайларға қатысты басшылықтың жоспарларындағы жыдлық есептілік барабарлықты көрсетедi ме?

(b) Қаржылық есептілік субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғыстыру қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын жағдайларға байланысты елеулi түсiнiксiздiк бар екенiн анық көрсетедi ме жəне де ол қарапайым қызмет кезiнде өз активтерiн өткiзуге жəне өз мiндеттерiн өтеуге қабiлетсiз болып қалуы мүмкiн. (сілт: пар. A20)

19.   Егер қаржылық есептілікте барабарлық ашу болатын болса, аудитор ескертпесiз пiкiр айтуы керек, мыналарды Түсіндірмелі Параграфты қосады:

(a) субъект үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне қатысты айтарлықтай күмəн туғызатын жағдайларға байланысты елеулi түсiнiксiздiктiң болуына назар аудартатын; және

(b) 18-параграфта көрсетiлген мəселелердi ашатын қаржылық есептіліктiң қосымшасына көңiл аударады. (АХС 706398) (сілт: пар. A21-A22)

20.    Қаржылық есептілік барабар түрде ашылса, аудитор 705399 АХС сәйкес кәсіптік пікір немесе теріс пікір білдіреді. Аудитор аудиторлық есепте субъектiнiң күмəндi қызметiн жалғастыру қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын елеулi бiр түсiнiксiздiктің орын алуын енгізеді. (сілт: пар. A23-A24)



Үздiксiз Қызмет Туралы Жорамалды Пайдалануға Болмайды

21.   Егер қаржылық есептілік үздiксiз қызмет негiзiнде дайындалса, бiрақ аудитор пiкiрiнше, субъект үздiксiз қызметтi жалғастыра алмаса, аудитор терiс пiкiр айтуы керек. (сілт: пар. A25-A26)



Субъект Басшылығы Өз Бағалауын Жүргiзгiсі немесе Созғысы Келмейдi

22.    Егер субъект басшылығы аудитор өтiнiшi бойынша өз бағалауын жүргiзгiсi келмесе немесе бағалауды созғысы келмесе, аудитор аудиторлық есеп үшін зардаптарды анықтауы керек. (сілт: пар. A27)



Өкілетті Тұлғалармен Байланысу

23.  Барлық өкілетті тұлғалар субъектті басқаруға қатысқанша,400 аудитор барлық өкілетті тұлғаларды субъектiнiң қызметiн жалғастыру қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын, анықталған жағдайлар туралы хабардар етуі тиіс. Өкілетті тұлғалармен байланысу мыналарды қамтиды:

(а) Жағдайлар елеулі бiр түсiнiксiздiкті құрастырады ма, жоқ па;

(b) Үздіксіз қызмет жалғастыру қаржылық есептіліктің дайындалуына, көрсетілуіне тән болады ма, жоқ па; және

(c) Қаржылық есептілікке байланысты ашулардың барабарлығы.

Қаржылық Есептіліктi Қолдануды Немесе Оған Қол Қоюды Елеулi Кешiктiру

24.  Баланс күнiнен кейiн субъект басшылығы қаржылық есептіліктi қолдануды немесе оған қол қоюды кешiктiрсе, аудитор оның себептерiн қарастырады.

Егер кешiктiру үздiксiз қызмет туралы жорамалға қатысты жағдайларға байланысты болса, аудитор 16 параграфта көрсетiлген елеулi түсiнiксiздiкке қатысты аудитордың қорытындысына ықпалы сияқты 17 параграфта көрсетiлген қосымша аудиторлық шаралардың орындау қажеттiлiгiн қарастырады.
***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Үздiксiз Қызмет Туралы Жорамал (Сілт: Пар. 2)

Мемлекеттік Сектор Кәсіпорындарын Қарастыру

A1. Басшылықтың үздіксіз қызмет туралы жорамал мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарға тән болады. Мысалы, Халықаралық Мемлекеттік Секторда Есеп Стандарты (ХМСЕС) 1 мемлекеттік сектордағы субъекттiң қызметiн жалғастыру қабiлетi мәселесін реттейді.401 Үздіксіз қызмет тәуекелдері туындауы мүмкін, бірақ мемлекеттік сектор субъектілері пайда алу негізінде жұмыс істейтін, мемлекеттік қолдау төментетілуі немесе жойылуы мүмкін немесе жекешелендіру жағдайымен шектелмеген. Мемлекеттік сектордағы субъектiнiң қызметiн жалғастыру

қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын жағдайларда мемлекеттік сектор кәсіпорыны өз үздіксіз қызметі үшін қаражаты жетіспейтін немесе мемлекеттік сектор кәсіпорыны көрсететін қызметіне ықпал ететін саяси шешімдер қабылданған жағдайлар анықталады.

Тәуекелді Бағалау Рәсімдері және Байланысты Қызметтер

Қызметiн жалғастыру қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын жағдайлар (Сілт: Пар. 10)

A2.  Төменде жағдайлар мен шоттар келтiрiлген, олар бөлек немесе үздiксiз қызмет туралы жорамалға қатысты ерекше күмəн туғызуы мүмкiн. Бұл тiзiм толық емес жəне бiр немесе одан көп ұқсаса жағдайлардың болуы елеулi түсiнiксiздiктiң бар екенiн барлық кезде бiлдiре бермейдi.

Қаржылық

•   Таза мiндеттемелер немесе таза ағымдық мiндеттемелердiң күйi.

•  Жедел заемдық қаражат, оларды өтеу күнiнің мерзiмін ұзарту немесе өтеудiң реалистiк мүмкiншiлiгiнсiз жақындауда, немесе ұзақ мерзiмдi активтердi қаржыландырудың қысқа мерзiмдi заемдарға тəуелдiлiгi.

• Дебиторлар жəне басқа кредиторлар тарапынан қаржылық қолдаудан бас тарту ерекшелiктерi.



  • Бастапқы немесе перспективті қаржылық есептілікте көрсетілген теріс операциялық ақша қозғалыстары.

  • Маңызды қаржылық кері пропорциялар.

  • Операциялық қызметтен болатын елеулi зияндар немесе ақша ағымын генерациялау үшiн пайдаланылатын актiлер құнының елеулi кемуi.

  • Төлемдi тоқтату немесе дивидендтер төлеу бойынша қарыз.

  • Кредиторлық берешектi мерзiмiнде төлей алмау.

  • Несие келiсiмдерiнің шарттарын орындай алмау.

  • Қамтамасыз етушiлермен несиеден факт бойынша төлемге есептесу шартындағы өзгерiстер.

  • Маңызды жаңа өнiм жасауға немесе басқа қажеттi инвестиция үшiн қаржы ала алмау

Операциялық

  • Басшылықтың мақсаты субъекттің қызметін немесе әрекеттерін тоқтату.

  • Басты басқарушылардан, оларды алмастырмай айрылып қалу.

  • Негiзгi рыноктан, франшизден, лицензиядан немесе негiзгi қамтамасыз етушiден айрылу.

  • Еңбек ресурстарымен болған күрделi жағдай.

  • Маңызды материалдар мен ресурстар тапшылығы.

  • Аса табысты бәсекелестің пайда болуы.

Басқасы

  • Заң талаптарына жəне капиталға қатысты талаптарға сəйкес келмеуi.

  • Соттың немесе реттеу органдарының аудитке қарсы iстi қарауы, сот шешiмiн қолайлы шығындарда қанағаттандыру ықтималдылығы аз болатын талаптарға əкелуi мүмкiн.

  • Үкiмет заңында немесе саясатындағы өзгерістер, олар субъект қызметiне терiс ықпал етедi.

  • Олар пайда болған кезінде сақтандырылмаған апаттары.

Мұндай жағдайлардың маңыздылығы басқа факторлармен жұмсартылады. Мысалы, өтеу мерзiмiнiң жақындауына қарай, субъектiнiң қарызды өтей алмау ықпалы субъект басшылығының ақша ағымын альтернативтi құралмен қолдар жоспарымен өтелуi мүмкiн, мысалы, активтердi сату, несие бойынша төлеу мерзiмдерiн қайта қарау немесе қосымша капиталды пайдалану. Сол сияқты негiзгi қамтамасыз етушiнi жоғалту немесе қамтамасыз етудiң ыңғайлы балаламалық көзiмен жұмсартылуы мүмкiн.

A3. 10 параграфқа сәйкес тәуекелді бағалау аудиторға басшылықтың үздіксіз қызметі туралы жорамалды пайдалану маңыздылығын, аудиттің жоспарлауға өз ықпалын анықтауға көмек береді. Бұл шаралар нәтижесінде басшылықпен олардың жоспарларын және кез келген анықталған үздіксіз қызмет мәселелерін шешу туралы дер кезіндегі талқылаулар туындайды.

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A4.  Кәсіпорынның мөлшері теріс жағдайларға төзуге қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Кішігірім кәсіпорындар мүмкіншіліктерді тез пайдалана алады, бірақ операцияларды жүзеге асыру үшін резервтер жетіспеушілігі болуы мүмкін.

A5.  Кішігірім кәсіпорындарға ерекше сипаттағы сәйкестік жағдайлары банктер және басқа несие берушілер субъекттіні қолдауды тоқтатуы мүмкін тәуекелді, сонымен қоса негізгі қамтамасыз етушіні, ірі клиентті, негізгі қызметкерді немесе лицензия, франшиза немесе басқа заңды келісімдер бойынша операциялауға құқығы жоғалту ықтималдығын анықтайды.

Жағдайлар жөніндегі аудиторлық дәлел аудиті барысында күмән келтіріп қалу (сілт: пар. 11)

A6.  315 АХС сәйкес аудитор аудиторлық тәуекелді бағалауға қарап, қосымша

аудиторлық дәлел аудиторлық тәуекелді бағалауға ықпал ететін аудит барысында алынған бұдан әрі аудиторлық шараларды жетілдіруі тиіс.402 Егер субъектiнiң үздіксіз қызметiн жалғастыру қабiлетiне қатысты елеулi күдiк туғызатын жағдайлар аудиторлық тәуекел бағаланғаннан кейін анықталса, 16 параграфтағы шараларды толтыру ретінде, аудиторлық елеулі бұрмалау тәуекелін бағалау қайта қаралуы керек. Осындай жағдайлардың бар екені сондай-ақ бағаланған тәуекелге қатысты аудиторлық бұдан әрі шаралардың сипатына, мерзіміне, деңгейіне ықпал етеді. 330 АХС403 бұл мәселе жөніндегі нұсқау мен талаптарды ұсынады.

Субъект Басшылығының Бағалауын Ақылға Қонымдылығын Анықтау

Басшылықтың бағалауы, жәрдемші талдама, аудитордың ақылға қонымдылығын анықтау (сілт: пар. 12)

A7.   Басшылықтың субъектiнiң үздіксіз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауы, аудитор басшылықтың үздіксіз қызметі туралы жорамал пайдалануын қарастыруының негізгі бөлігі болып табылады.

A8. Аудитор басшылықтың талдамасы жетіспеушілігін толықтыруға жауапкершілікте болмайды. Кейбір жағдайда, алайда, басшылықтың бөлшекті талдамасы жетіспеушілігі аудиторға басшылықтың үздіксіз қызметі туралы жорамал пайдалануы жағдайларға тән болатыны бойынша қорытындыға келуге кедергі жасамайды.

Мысалы, пайдалы әрекеттердің тарихы болса және қаржылық қорларға рұқсат етілсе, басшылық бөлшекті талдамасыз өз бағасын береді. Осыған сәйкес аудитор басшылықтың дұрыстығын бағалауын бөлшекті бағалау шараларынсыз орындалуы мүмкін, егер аудитордың басқа аудиторлық шаралары аудиторға басшылықтың үздіксіз қызмет туралы жорамал пайдалану жағдайларына сәйкес келуін анықтауға мүмкіншілік беруге жеткілікті болса.

A9. Басқа жағдайларда басшылықты басшылықтың субъекттінің үздіксіз қызмет жалғастыру қабілетіне баға беруінің ақылға қонымдылығын анықтауда 12 параграф көрсетіндей басшылықтың процесін қарастыру, бағалауға негізделетін қорытындылар, басшылықтың келешек шарасының жоспары, басшылықтың жоспарлары жағдайларына тән болуы анықталды.

Басшылықтың Бағалау Кезеңі (Сілт: Пар. 13)

A10. Анық басшылықтың бағалауын талап ететін көпшілікті қаржылық есеп жүйелері басшылық барлық жетімді ақпаратты есепке алуы тиіс кезең белгілей жатыр.404



Кішігірім Кәсіпорындарды Қарастыру (Сілт: Пар. 12-13)

A11. Көпшілікті жағдайларда кішігірім кәсіпорындар басшылығы субъекттің үздіксіз қызметін жалғастыруға жіті бағалауды дайындамауы мүмкін, бірақ бизнес пен күткен келешектегі болжамдар туралы терең білімге сүйенуі мүмкін. Дегенмен, бұл АХС сәйкес аудитор басшылықтың субъекттің үздіксіз қызметін жалғастыруға қабілетін бағалауы керек. Кішігірім субъекттер үшін, егер басшылықтың пікір-таластары жеткілікті құжатталған дәлел арқылы қуатталса, субъект туралы аудиторлық білімге сәйкес келмесе, басшылық субъекттің орта мерзімді мен ұзақ мерзімді қаржыландырылуын талқылауы қажет. Атап айтқанда, басшылыққа өз бағалауын созуға сұрау аудитор үшін 13 параграфтағы талқылаумен щектелуі мүмкін, сауалнама мен көмекші құжаттарды зерттеу меншектеледі, мысалы, келешектегі жеткізілім үшін алынған тапсырыстар.

A12. Иегер-басқарушылардың толассыз қолдауы әдетте кішігірім субъекттердің үздіксіз қызметті жалғастыруға қабілетіне маңызды болады. Кішігірім субъектті иегер-басқарушылар үлкен мөлшерде қаржылындырса, бұл қаражат бас тартылмауы мүмкін жағдай орын алады.

Мысалы, жағдайдың қиындығында кішігірім субъекттің үздіксіз қызметі банктер немесе басқа несие берушілер мүдделері үшін субъектке несиені бағындыратын иегер-басқарушыға, немесе қосымша ретінде оның жеке активтерімен бірге кепілдеме қамсыздандыру арқылы субъектке несиені қолдайтын иегер-басқарушыға тәуелді болады. Осыған сәйкес, аудитор иегер-басқарушының заемы немесе кепілдемесіне тәуелді болуы жөніндегі тиісті құжаттық дәлел алуы мүмкін. Субъект иегер-басқарушының қосымша қолдауына тәуелді болса, аудитор иегер-басқарушының қолдауы және келісімі бойынша міндеттемеге сәйкес келу қабілетінің қонымдылығын анықтайды. Қосымшаға, аудитор қолдауға, иегер-басқарушының ниетіне, біліміне сәйкес келетін шарттарды, жағдайларды жазбаша түрде растауды сұрауы мүмкін.



Басшылықтың бағалауынан кейінгі кезең (сілт: пар. 15)

A13. 11 параграфқа сәйкес, аудитор белгілі оқиғаларға, күн ілгері белгіленген оқиғаларға, немесе қаржылық есептілікті даярлағанда басшылықтың үздіксіз қызмет туралы жорамалды пайдалануының тиістілігіне күдікті күмән келтіруі мүмкін, басшылық қолданатын бағалаудан кейін пайда болатын жағдайлардың ықтимал болуының қырағы болып қалады. Жағдай немесе оқиға нәтижесімен байланысты түсіністіксіздіктің деңгейі келешекте жағдайларды немесе оқиғаларды қарастыру кезінде өсетіндіктен, аудитор бұдан әрі шараны қолға алғанына дейін үздіксіз қызмет туралы жорамал мәселесінің маңызы болуы керек. Егер мұндай жағдайлар немесе оқиғалар анықталса, аудитор субъекттің үздіксіз қызметін жалғастыруға, қабілетін бағалаудың өзі жөніндегі жағдайын немесе оқиғаның елеулі маңызының қонымдылығын анықтау үшін

басшылықты өтінуі керек болуы ықтимал. Осыған сәйкес 16 параграф шаралары қолданылады.

A14. Басшылықтың өтінішіне қарамай аудитор 13 параграфта көрсетілгендей қаржылық есептілікті шығару күнінен бастап кем дегенде он екі ай болатын, басшылық бағалаған кезеңнен тыс субъекттің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетіне күмән келтіруі мүмкін жағдайларды немесе оқиғаларды анықтау үшін басқа аудиторлық шараларды орындауға жауапты болмайды.



Жағдайлар мен Шарттарды Анықтаудғы Қосымша Аудиторлық Рәсімдер (Сілт: Пар. 16)

A15. 16 параграфтағы талапқа сай келетін аудиторлық шаралар мыналарды қамтиды:



  • Субъект басшылығымен ақша ағымы, пайда жəне басқа салыстырмалы мəселелерге қатысты болжамдарды талдау жəне талқылау.

  • Кəсіпорынның соңғы, қол жетімді, аралық қаржылық есептіліктерін талдау жəне талқылау.

  • Қарыз мiндеттемелерi мен несие келiсiмдерiнiң жағдайларына шолу жасау жəне олардың бiреуiнiң бұзылуын анықтау.

  • Акционерлер жиналысының, директорлар кеңесiнiң жəне маңызды комитет кеңесiнiң хаттамаларымен қаржы қиыншылықтарына сiлтеме жасау үшiн танысу.

  • Субъект заңгерлерiнен сот талаптары жəне субъект басшылығының олардың нəтижелерiне қатысты бағалауының ақылға қонымдылығы туралы ақпарат алу жəне олардың қаржы зардаптарын бағалау

  • Байланысқан жəне үшінші жақтармен қаржылай қамтуды қолдау үшiн келiсiмдердiң бар екенiн, олардың заңды екенiн жəне жүзеге асыруға мəжбүрлi екенiн растау, сонымен қатар ондай жақтардың қосымша қаражат беруiне қаржылық қабiлетiн бағалау.

  • Клиенттердiң орындалмаған тапсырыстарына қатысты субъект жоспарын қарастыру.

  • Субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiн əлсiрететiн немесе бiр жағдаймен ықпал ететiн жағдайларды сəйкестендіру үшiн кезеңі бiткен соң жағдайға шолу жүргiзу.

  • Қарыздық мекемелер бар екенін және шартымен, барабарлығын растау.

  • Реттеуші актілердің есептерін алу мен оларға шолу.

  • Активтерді кез келген жоспарланған пайдаланылуын қолдаудың барабарлығын анықтау.

Келешек шаралары үшін басшылықтың жоспарларын бағалау (сілт: пар. 16(b))

A16. Келешек шаралары үшін басшылықтың жоспарларын бағалауға активтерді жойып тарату, ақша несиеге алу немесе қарызды құрылыстыру, шығындарды төмендету немесе капиталды арттыру кіреді.



Басшылықтың бағалау кезеңі (сілт: пар. 16(c))

A17. 16(в) параграфқа сәйкес шаралармен қосымшаларға аудитор салыстыруы мүмкін:



  • Жақындағы немесе бұрынғы кезең iшiндегi келешегi бар қаржылық ақпаратын өткен нəтижемен; жəне

  • Ағымдағы кезең iшiндегi келешегi бар қаржылық ақпаратын сол кезде қол жеткiзген нəтижелермен.

A18. Басшылықтың жорамалдарына үшінші жақтардың толассыз қолдауы кіретін жағдайда, заемдарды бағындыру арқылы, қосымша ақшалай қамтуда қолдау үшін міндеттер, немесе кепілдемелер мен сол сияқты қолдау субъкттің үздіксіз қызметін жалғастыруға қабілетіне маңызды болса, аудитор үшінші жақтардан жазбаша ұсынымдарын сұрауда қарастыруы керек болуы мүмкін, сол сияқты қолдау қамсыздандыруға олардың қабілеті бойынша дәлел алуы керек болуы мүмкін.

Аудиторлық Қорытындылар және Есеп Беру (сілт: пар. 17)

A19. «Елеулі түсініксіздік» деген фраза қаржылық есептілікте ашылуы болар еді-ау субъекттің үздіксіз қызметін жалғастыруға қабілетіне ықпал етуі мүмкін оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты түсініксіздікті талқылауда 1 АХС-та қолданылады. Кей басқа қаржылық жүйелеріне сәйкес «елеулі түсініксіздік» бірдей жағдайларда қолданылады.



Үздiксiз Қызмет Принципін Тиісті түрде Пайдалану, Бiрақ Елеулі Белгiсiздiк Орын Алады

Елеулі түсініксіздіктің ашылуы барабарлығы (сілт: пар. 18)

A20. Қаржылық есептіліктi ашудың барабарлығын бағалауда, аудитор оқушы (пайдаланушы) назарын субъектiнiң кəдiмгi қызметi барысында өз активтерiн енгiзуге жəне өз мiндеттерiн өтеуге қабiлетсiз болуына аударады.



Елеулі Түсініксіздіктің Ашылуы Барабар Болатын-Болмайтын Жағдайда Аудиторлық Есеп Беру (Сілт: Пар. 19)

A21. Аудитор қосымшада берiлген ашудың барабарлығына қанағаттанғандығы және сондай параграфқа мысалдар:

«Бiздiң пiкiрiмiзде ескертпе жасамай-ақ, қаржылық есептіліктiң Х–қосымшасына назар аударамыз, онда былай делiнген: 20Х1 ж 31

желтоқсанда бiтетiн жыл iшiнде Компания ZZZ көлемiнде таза зиян шектi жəне осы мерзімде Компанияның ағымдағы мiндеттемелерi оның активтердiң жалпы көлемiн ZZZ–ке артты. Бұл жағдайлар Х қосымшада көрсетiлген басқа да аспектiлермен бiрге Компанияның үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне қатысты елеулi күмəн туғызатын айтарлықтай түсiнiксiздiк бар екенiн көрсете алды».

A22. Қаржылық есептілікте айтарлықтай болатын көптеген елеулi түсiнiксiздiктерге байланысты жағдайларда аудитор түсiндiрме параграфын қосудың орнына, пiкiр бiлдiруден бас тартуды тиiсi деп санай алады. 705 АХС бұл мәселе бойынша нұсқау ұсынады.

Елеулі Түсініксуздік Ашылуы Барабар Болмағанда Аудиторлық Есеп Беру (Сілт: Пар. 20)

A23. Төменде кәсіптік пікір білдіруге тиіс болған жағдайға сәйкес параграфтардың мысалдары сүреттелді:



Кәсіптік пікір үшін негіз

Коммерциялық қаржылық келiсiм мерзiмi бiтуде, қарыздар сомасы 20Х1 ж.19 наурызда өтелуi тиiс. Компания келiсiм шартын қайта қарастыруға қол жеткiзе алмады немесе баламалы қаржыландыруды ала алмады. Бұл жағдай Компанияның үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне айтарлықтай күмəн туғызатын елеулi түсiнiксiздiктiң бар екенiн көрсетедi, демек ол өз активтерiн өткiзе алмайды жəне кəдiмгi қызмет барысында өз мiндеттемелерiн өтей алмайды. Қаржылық есептілік жəне оның қосымшасы бұл фактіні ашпайды.



Ескертпесі бар пікір

Бiздiң пiкiрiмiзше, өткен параграфта көрсетiлген ақпараттан басқа, қаржылық есептілік 20Х0 ж. 31 желтоқсан айына компанияның қаржылық күйiне, сонымен қатар оның қаржы шаруашылық қызметiнiң нəтижелерi көрсетiлген күні бiткен жыл бойы ақша қозғалысын тура, айқын көрсетедi.

A24. Төменде терiс пiкiр бiлдiрiлгендегi тиiстi параграфтарға мысалдар келтiрiлген:

Терiс пiкiр негізі

Компанияның қаржылық келiсiмдерi бiттi, қарыз сомасы 20Х0 ж. 31 желтоқсанда өтiлуi тиiс. Компания қайта талқылауға немесе орын толтыра қаржыландыруды алуға қабілетсіз болды жəне банкрот жариялауды қарастыруда. Осы оқиғалар компанияның үздіксіз қызмет ретінде жалғастыруға қабілетіне маңызды түрде күмəн туғызуы мүмкін елеулі белгісіздікті көрсетеді жəне сондықтан ол активтерді жүзеге асыруға жəне міндеттемелерін өтеуге қалыпты бизнес барысында, қабілетсіз болуы мүкін. Қаржылық есептіліктер (осындағы ескертпелер) осы деректі ашып көрсетпейді. Бiздiң пiкiрiмiзше, өткен параграфта көрсетiлген ақпараттан басқа, жылдық есептілік 20Х0 ж. 31 желтоқсан

айында компанияның қаржылық күйiне, сонымен қатар оның қаржы шаруашылық қызметiнiң нəтижелерiн көрсетiлген күні бiткен жыл бойы ақша қозғалысын тура, айқын көрсетедi.

Үздiксiз қызмет туралы жорамалды пайдалануға болмайды (сілт: пар. 21)

A25. Егер қаржылық есептілік үздiксiз қызмет негiзiнде дайындалса, бiрақ аудитордың пiкiрiнше, субъект үздiксiз қызметтi жалғастыра аламаса, аудитор терiс пiкiр айтуы керек. 21 параграфқа сәйкес аудитор ашылудың жасалған, жасалмағанына қарамай, қаржылық есептіліктi дайындауда пайдаланылған үздiксiз қызмет туралы жорамал барабар емес екенi туралы шешiм шығарып, терiс пiкiр айтады.

A26. Егер субъект басшылығы қаржылық есептіліктi даярлағанда пайдаланылған үздiксiз қызметі туралы жорамал адекватты емес деген қорытындыларды шығарса, қаржылық есептіліктi баламалы беделi негiзде құруы керек.

Аудитор бұл қаржылық есептілік аудитін орындай алады, егер аудитор баламалы негіз жағдайлардағы қаржылық есеп жүйесі болып саналса. Егер орындаған қосымша шаралар мен алынған ақпарат негiзiнде аудитор баламалық негiздi барабар деп тапса, барабар ашу бар болса, бiрақ аудиторлық есеп беруге түсiндiрме параграфты кiргiзу керек болса, аудитор ескертусiз пiкiр бiлдiре алады.



Субъект Басшылығы Өз Бағалауын Жүргiзгiсi немесе Созғысы Келмейдi (Сілт: Пар. 22)

A27. Кей жағдайда аудитор субъект басшылығына өз бағалауын жүргізуі немесе созуы туралы сұрау жүргізудің керектігін анықтайды. Егер субъект басшылығы оны iстегiсі келмесе, субъект басшылығы тарапынан талдау кемшiлiгiн түзетуге аудитор жауапты болмайды, ал түрлендірілген есеп берудi құру орынды болуы мүмкiн, өйткенi аудиторға қаржылық есептіліктi даярлау кезiнде үздiксiз қызмет туралы жорамалды пайдалануға қатысты жетерлiк тиiстi дəлелдер алуы қиынға түседi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет