Қаржылық Есептілік Жарияланғаннан Кейін Анықталған Фактiлер
14. Қаржылық есептілік жарияланған соң, аудитор мұндай қаржылық есептілікке қатысты кез келген мəселелерді жүзеге асыруға жауапты емес. Қаржылық есептілік жарияланған соң аудиторға аудиторлық есеп беру күнiне болған факт туралы белгiлi болса, жəне егер ол сол күнге белгiлi болып, ол аудитордың:
(a) Субъект басшылығымен мен өкілетті тұлғалармен мəселенi талқылап;
(b) Аудитор қаржылық есептілік қайта қарастырылуы керек пе, соны қарастырып; және,
(c) Басшылық қаржылық есеп мәселесін қалай қарастырады деп сұрау жүргізуі керек.
15. Егер басшылық қаржылық есепті түзетуді көздесе, аудитор: (Сілт: пар.A17)
(a) Түзету бойынша жағдайларға қажетті болатын аудиторлық шараларды орындайды.
(b) Әр адам аудиторлық есеппен бірге алдыңғы кезеңде шығарылған қаржылық есепті алуда жағдайы жөнінде ақпарат алуын қамтамасыз ету үшін басшылықтың шараларын шолу.
(c) 12 параграфтағы жағдайлар қолданылғанша:
(i) Жаңа аудиторлық есеп күніне болатын 6 және 7 параграфтарда көрсетілген аудиторлық шараларды созу, сонымен қоса түзетілген қаржылық есепті растау күнінен бұрын емес жаңа аудиторлық есеп күніне болатын шараларды созу; және
(ii) Түзетілген қаржылық есептілік жөнінде жаңа аудиторлық есеп беру.
(d) 12 параграфтағы жағдайлар қолданылса, аудиторлық есепті түзету, немесе 12 параграфқа сәйкес жаңа аудиторлық есеп беру.
16. Аудитор жаңа немесе түзетілген аудиторлық есепке Түсіндірмелі Параграф немесе алдыңғы кезеңде шығарылған қаржылық есеп түзетілуі себебін кеңінен қолданатын қаржылық есептілікке және аудитор шығарған өткен есепке бір жазуға қатысты Түсіндірмелі Параграфты қосады.
17. Егер басшылық өткен кезеңде шығарылған қаржылық есепті алуға жауаптылар жағдай бойынша аудитордың пікірі бойынша олардың түзетілуі керектігін анықтайтын жағдайларда қаржылық есепті түзете бермесе, аудитор басшылықты және барлық өкілетті тұлғалар субъектіні басқаруға қатысқанша390 өкілетті тұлғаларды хабардар етеді, аудитор аудиторлық есепке сүйенуді болдырмау тәсілін іздейді. Егер сондай хабардар етуге қарамастан басшылық немесе өкілетті тұлғалар осындай қажетті шараларды атқармаса, аудитор аудиторлық есепке сүйенуді болдырмау тәсілін іздеуге шараларды қолданады. (Сілт: пар.A18)
***
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал
Бұл АХС ауқымы (Сілт: пар.1)
A1. Аудиттеленген қаржылық есептіліктер қаржылық есептілікті шығарудан кейінгі басқа құжаттарға енгізілген жағдайда, аудитор аудитордың пікірі бойынша қажетті болып санлатын, бағалы қағаздар ұсынылатын юрисдикциялардағы қоғамға бағалы қағаздарды жария ұсынуға қатысты заң немесе реттеуші талаптар жөніндегі кейінгі жағдайларға қосымша
жауапкершілікте болуы мүмкін. Мысалы, аудитор соңғы жария ұсыну құжаты шығарылуы күніне болатын қосымша аудиторлық шараларды орындау тиіс болуы мүмкін. Бұл шаралар бағалы қағаздарды соңғы жария ұсыну құжатының заң күшіне ену күніне немесе күнінен таман орындалған 6 және 7 параграфтарда баяндалғандарды, бұл құжаттағы басқа ақпарат аудитор байланысқан қаржылық ақпаратпен сәйкес келуін бағалау үшін бағалы қағаздарды соңғы жария ұсыну құжатын оқу қамтиды.391
Анықтамалар
Қаржылық есепті бекіту датасы (Сілт: пар.5(b))
A2. Кейбір заңдық құзырлы аймақтарда қаржылық есептіліктің толық пакетінің, байланысты жазуларды дайын болғандығын жəне оны бекіту үдерісіне жауап беретін адамдарды немесе органдарды (мысалы, Директор) заң немесе нормативті актілер анықтайды.
Басқа заңдық құзырлы аймақтарда бекіту үдерісі заң немесе нормативті актімен көрсетілмеген жəне субъект қаржылық есептілікті дайындау мен бекітуді өзінің басқару жүйесіне сəйкес жүзеге асырады. Кейбір заңдық құзырлы аймақтарда қаржылық есептілікті бұқаралық назарға шығарғанға дейін, акционерлермен қорытындыны бекіту міндетті болып келеді. Бұл заңдық құзырлы аймақтарда оның акционерлермен қорытынды бекітілуі толық аудиторлық дəлелдер алынғандығы туралы шешімге келу үшін аудиторларға қажеті жоқ. АХС мақсаттарындағы қаржылық есептілікті бекіту күні болып лауазымды адамдар мен органдар қаржылық есептілік толығымен дайын деп хабарлаған күннен бұрынғы күн саналады.
Аудиторлық есеп күні (Сілт: пар.5(с))
A3. Аудиторлық есеп аудитор, жазуларды қоса, қаржылық есептіліктің толық пакетін қамтитын дайындалған мен мойындалған орын қаржылық есептілікке олардың жауапкершілігін бекіткен дәлелді қоса, қаржылық есептілік негізделетін толық та сəйкес аудиторлық дəлелдер алған күннен ерте күнге белгіленбейді. Толық та сəйкес дəлелдер болып қаржылық есептілік дайын болып, оны дайындаған лауазымды адамдар немесе органдар ол бойынша жауапкершілігі туралы жариялағандығы есептеледі.392 Сонымен қатар аудиторлық есеп күні 5(b) параграфтар белгіленгендей қаржылық есепті растау күнінен ертерек бола алмайды. Уақыт кезеңі 5(c) параграфтар белгіленгендей аудиторлық есепті шығару күні мен аудиторлық есепті шығару күні арасындағы әкімшілік мәселелер салдарынан өтіп кетуі мүмкін.
Қаржылық есептілікті шығару күні (Сілт: пар.5(d))
A4. Қаржылық есептілік шығарылған күн жалпы алғанда субъектінің реттеуші ортасына тәуелді болады. Кейбір жағдайда қаржылық есептілікті шығару күні олар реттеуші орындармен құжатталған күні болуы мүмкін. Аудиттеленген қаржылық есептіліктер аудиторлық есепсіз шығарала алмағандықтан, аудиттеленген қаржылық есептілік шығарылған күн тек аудиторлық есепті шығару күнінде немесе күнінен кешірек ғана емес, бірақ аудиторлық есепті субъект беретін күнінде немесе күнінен кешірек болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектор субъектілеріне тән көретулер
A5. Мемлекеттік сектор жағдайында қаржылық есептілікті шығару күні аудиттеленген қаржылық есептілікті шығару күні болуы мүмкін, және соған орай аудиторлық есеп заң шығарушы орынға немесе бұқаралық назарға ұсынылады.
Аудиторлық Есеп Беру Күні мен Қаржылық Есептілік Жарияланған күні Арасындағы Жағдайлар (Сілт: пар.6-9)
A6. Тәуекелдің аудиторлық бағалауына байланысты 6 параграфта талап етілген аудиторлық шаралар жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алу, сонымен қоса қаржылық есептілікті шығару мен аудиторлық есепті шығару күні аралағындағы бухгалтерлік жазулар немесе әрекеттер тесттерін шолу үшін шараларды анықтайды. 6 және 7 параграфтарға сәйкес келетін аудиторлық шаралардың мақсаты аудитор басқа мақсаттар үшін орындауы мүмкін, кейінгі жағдайлар бойынша дәлелді қамтамасыз етуі мүмкін шараларды толтыру (мысалы, шот сальдосы, қаржылық есептілікті шығару күні, кезең соңына таман жүргізілетін шаралар, дебиторлық қарыздың кейінгі түсімдеріне қатысты шаралар).
A7. 7 параграфта аудитор 6 параграфқа сәйкес орындалуы тиіс шеңберде белгілі бір аудиторлық шаралар белгіленген. Кейінгі жағдайлар алайда жетімді ақпаратқа тәуелді болып, бухгалтерлік жазулар қаржылық есептілікті шығару күнінен бері дайындалған деңгейге қатысты. Бухгалтерлік жазулар жаңартылмаған жағдайда, атап айтқанда еш аралықты қаржылық есептілік (сыртқы немесе ішкі мақсаттар үшін) дайындалмаған болса, немесе басшылық отырыстары хаттамалары дайындалмаған болса, сәйкесті аудиторлық шаралар, банк үзіндісін қоса, жетімді кітаптар мен жазуларды тексерілуі нысанын қабылдайды. A8 параграфта кейбір аудитор сұрау жүргізу кезінде қарастыратын қосымша мәселелер мысалдары келтірілген.
A8. 7 параграфта талап етілген аудиторлық шараларды толтыру ретінде, аудитор бұның қажеттілігіне назарын аударады:
• Кәсіпорынның соңғы жетімді бюджетін оқып түсіну, ақшалай қозғалысты болжау, қаржылық есептілікті шығару күнінен кейінгі кезең бойынша басшылықтың басқа сәйкесті есептері;
• Сот процестері мен шағымдарына қатысты кәсіпорынның заңды
кеңесшісіне ауызша немесе жазбаша сұрау жүргізуді ұзарту немесе сұрау жүргізу; немесе
• Белгілі бір кейінгі жағдайларды қарастыратын жазбаша ұсынымдар басқа аудиторлық дәлелді қолдау керектігін қарастыру және осыған сәйкес жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алу.
Сұрау жүргізу (Сілт: пар. 7(b))
A9. Басшылыққа және керек болса өкілетті тұлғаларға сұрау жүргізу кезінде пайда болған кез келген шын мәніндегі жағдайлар қаржылық есептілікке ықпал ете болар мүмкіндігі бойынша сұрау жүргізу кезінде, аудитор алдыңғы немесе кіріспе мәліметтер негізінде есепке алынған баптар ағымдағы күйі бойынша сұрау жүргізеді, және келесі мәселелер бойынша ерекше сұрау жүргізеді:
• Жаңа потенциал мiндеттемелер, қарыздар немесе кепiлдемелер ескерiлдi ме, жоқ па?
• Активтердi сату болды ма немесе жоспарланды ма?
• Жаңа акцияларды немесе облигацияларды шығару болды ма, немесе жоспарланды ма бiрiктiру немесе жою туралы келiсiмдер жасалды ма немесе жасалмады ма, капитал өсті ме?
• Қандай да бір активтер мемелекет меншігіне өтті ме немесе мысалы, өрттен немесе су тасқынынан жойылды ма?
• Тəуекелдiлiк облыстарына немесе шартты жағдайларға қатысты қандай да бiр өзгерiстер болды ма?
• Бухгалтерлiк түзетулер енгiзiлдi ме немесе енгiзу жоспарда бар ма?
• Қаржылық есептілікте пайдаланылған есепке алу саясатының барабарлығын əлсiрететiн жағдайлар болды ма немесе болу ықтималдылығы бар ма, бұл жағдай мысалы, егер осындай оқиғалар ағымдағы болжамның заңды күшіне күмəн туғызса, туындауы мүмкін.
• Бағалауды өлшеуге қатысты немесе қаржылық есептілікке сай келетін кез келген жағдайлар пайда болды ма, жоқ па.
• Активтерді қалпына келтіруге сәйкес келетін кез келген жағдайлар пайда болды ма, жоқ па?
Хаттамаларды қарастыру (Сілт: пар.7(c))
Мемлекеттік сектор кәсіпорындарын қарастыру
A10. Мемлекеттік секторда аудитор заңнамаға сәйкес шараларындағы рәсімделген жазуларды оқи алады және рәсімделген жазулар жетімсіз болатын шаралар бойынша мәселелер бойынша сұрау жүргізеді.
Аудиторлық Есеп Беру Күнiнен Кейiн, Бiрақ Қаржылық Есептілік Жарияланғанға Дейiн Анықталған Фактiлер
Аудиторға басшылықтың жауапкершілігі (Сілт: пар.10)
A11. 210 АХС–ында аудиторлық келісім аудитордың шарты басшылық аудиторлық есепті шығару күнінен бастап қаржылық есептілікті шығару күніне дейінгі кезең ішінде білген қаржылық есептілікке ықпал туралы хабардар ету үшін басшылықтың келісімі көрсетілген.393
Қос мерзімдеу (Сілт: пар.12(a))
A12. 12(a) параграфта көрсетілген жағдайда аудитор бұл түзету бойынша шектелген қосымша дата енгізу үшін аудиторлық есепті түзеткенде, басшылық олардың кейінгі түзетуіне дейінгі қаржылық есептілік туралы аудиторлық есепті шығару күні өзгерместен қалады, себебі бұл мерзім оқырманға қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық жұмыс аяқталған уақыты туралы ақпарат береді. Алайда, қосымша мерзімнен кейінгі аудиторлық шаралар қаржылық есептілік кейінгі түзетілуімен шектелді. Төменде сондай қосымша мерзім көрсетілген: Аудиторлық есепті шығару күні, Y жазуды қоспағанда (Y жазуда белгіленген түзетумен шектелген аудиторлық шаралардың аяқталу күні).
Басшылықтың қаржылық есептілікті түзетпеуі (Сілт: пар.13)
A13. Кейбір заңдық құзырлы аймақтарда басшылық заң, реттеуші актілер, қаржылық есеп жүйесіне сай түзетілген қаржылық есептілікті шығаруы керек болмауы мүмкін. Келесі кезең бойынша қаржылық есептілік болмай қалмайтын әдеттегі жағдай орын алады, егер тиісті ашулар мұндай есептілікте жасалса.
Мемлекеттік сектор кәсіпорындарын қарастыру
A14. Мемлекеттік секторда басшылық қаржылық есептілікке түзетулерді енгізбей қалатын 13 параграфқа сай қолға алынған іс әрекеттер сондай-ақ заң шығарушы немесе есеп берушідегі иерархиядағы басқа сәйкес орынға жеке түрде қаржылық есептілік пен аудиторлық есеп үшін кейінгі жағдайдың зардаптары туралы есеп береді.
Аудиторлық есепке сүйенуді болдырмау үшін қолға алынған аудиторлық шара (Сілт: пар.13(б))
A15. Аудитор басшылықты қаржылық есепті шығармау туралы хабардар етсе де, басшылық сол сұрауымен келісе ме, аудитор қосымша заң зардаптарын орындауы қажет болмауы ықтимал.
A16. Басшылық аудитордың қаржылық есептілікті үшінші жақтарға шығармауға қарамастан қаржылық есептілікті шығарса, қаржылық есептілік туралы аудиторлық есепке сүйенуді болдырмау үшін аудиторлық шара аудитордың заң құқықтары мен міндеттеріне қатысты. Атап айтқанда, аудитор заң кеңесін іздеуі мүмкін.
Қаржылық Есептілік Жарияланғаннан Кейiн Анықталған Фактiлер
Басшылық қаржылық есептілікті түзетпеуі (Сілт: пар.15)
Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарын қарастыру
A17. Кейбір заңдық құзырлы аймақтарда мемлекеттік сектордағы кәсіпорындар заңға, реттеуші актілерге сай түзетілген қаржылық есептілікті шығаруға рұқсат етілмеуі мүмкін. Осыған орай аудитордың тиісті іс әрекетінің мақсаты тиісті заң орыны алдында есеп беру болуы мүмкін.
Аудиторлық есепке сүйенуді болдырмау үшін аудиторлық іс шара (Сілт: пар.17)
A18. Аудитордың пікірі бойынша басшылық немесе өкілетті тұлғалар аудитор сондай сүйенуді болдырмауға арналған шараны қолға алады деп аудиторлық алдыңғы ескертуге қарамастан кәсіпорын алдыңғы кезеңде шығарған қаржылық есептілік туралы аудиторлық есепке сүйенуді болдырмау үшін қажетті іс әрекеттер қолға алуға қабілеті болмаған жағдайда, аудиторлық шара аудитордың заң құқықтары мен міндеттеріне қатысты. Атап айтқанда, аудитор заң кеңесін іздеуі мүмкін.
570 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ
ҮЗДIКСIЗ ҚЫЗМЕТ
(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)
МАЗМҰНЫ
Параграф
Кіріспе
Бұл АХС Ауқымы .......................................................................................................1
Үздіксіз Қызмет туралы Жорамал..............................................................................2
Кәсіпорынның Үздіксіз Қызмет Жалғастыруға Қабілетін Бағалау Жауапкершілігі..........................................................................................................3-7
Күшіне Ену Күні ........................................................................................................8
Мақсаттары ...............................................................................................................9
Талаптары
Тәуекелді Бағалау Рәсімдері және Байланысты Қызметтер ............................10-11
Субъект Басшылығының Бағалауын Ақылға Қонымдылығын Анықтау........12-14
Субъект Басшылығының Бағалауымен Қамтылмайтын Кезең ............................15
Жағдайлар мен Шарттарды Анықтаудағы қосымша Аудиторлық Рәсімдер........16
Аудиторлық Қорытындылар жəне Есеп Беру .........................................................17
Үздіксіз Қызмет Принципін Тиісті Түрде Пайдалану, Бірақ Елеулі Белгісіздік Орын Алады .........................................................................................................18-20
Үздiксiз Қызмет Туралы Жорамалды Пайдалануға Болмайды ...........................21
Субъект Басшылығы Өз Бағалауын Жүргiзгiсi немесе Созғысы Келмейдi......22
Өкілетті Тұлғалармен Байланысу ...........................................................................23
Қаржылық Есептілікке Қолдануды Немесе Оған Қол Қоюды Елеулi Кешiктiру.....................................................................................................................24
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал
Үздіксіз Қызмет туралы жорамал ...........................................................................A1
Тәуекелді Бағалау Рәсімдері Және Байланысты Қызметтер .........................A2-A6
Субъект Басшылығының Бағалауын Ақылға Қонымдылығын Анықтау..............................................................................................................A7-A12
Субъект Басшылығының Бағалауымен Қамтылмайтын Кезең ..................A13-A14
Жағдайлар мен Шарттарды Анықтаудағы қосымша Аудиторлық Рәсімдер............................................................................................................A15-A18
Аудиторлық Қорытындылар жəне Есеп Беру .....................................................A19
Үздіксіз Қызмет Принципін Тиісті Түрде Пайдалану, бірақ Елеулі Белгісіздік Орын Алады ...................................................................................................A20-A24
Үздiксiз Қызмет туралы Жорамалды Пайдалануға Болмайды ..................A25-A26
Субъект Басшылығы Өз Бағалауын Жүргiзгiсi немесе Созғысы Келмейдi...................................................................................................................A27
|
«Үздіксіз қызмет» 570 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.
|
|
Кіріспе
Бұл АХС ауқымы
1. Бұл АХС-ның мақсаты қаржылық есептіліктi дайындауда қолданылатын үздiксiз қызмет туралы жорамалға қатысты қаржылық есептілік аудитiнде аудитордың жауапкершiлiгіне қатысты бастықтың нұсқау беруі.
Үздіксіз Қызмет туралы Жорамал
2. Үздіксіз қызмет көрсету принципі бойынша субъект келешекте өз қызметiн жалғастыратынына ой қояды. Жалпы мақсаттағы қаржылық есептілік үздіксіз қызмет негізінде дайындалады, субъект келешекте өз қызметiн жалғастыратынына жəне оның сауданы тоқтатып қою ойы жоқ екенi қарастырады. Ерекше сипаттағы қаржылық есептілік үздіксіз қызмет негізі тиісті болатын қаржылық есеп жүйесіне сәйкес дайындалуы немесе дайындалмауы мүмкін (мысалы, үздіксіз қызмет негізі белгілі бір құзырлы аймақтардағы салық негізінде дайындалған кейбір қаржылық есептіліктерге тән болмайды). Үздіксіз қызмет принципін пайдалануға тән болса, активтер мен міндеттемелер мына негізде құжатталады: субъект өз активтерді сата алады және әдеттегі бизнес бағытында өз міндеттерін атқарады. (Сілт: пар.A1)
Кәсіпорынның Үздіксіз Қызмет Жалғастыруға Қабілетін Бағалау Жауапкершілігі
3. Кейбір қаржылық есеп жүйесі басшылық үшін субъектінің үздіксіз қызмет жалғастыруына ерекше баға беру жөніндегі анық талапты үздіксіз қызметпен байланысты ашуларға, қарастырылуы тиіс мәселелерге қатысты стандарттарды орнатады. Мысалы, Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартына (ХҚЕС) 1 сай басшылық үздіксіз қызмет ретінде субъект қызметін жалғастыруға қабілетін бағалауы тиіс.394 Үздіксіз қызмет ретінде субъект қызметін жалғастыруға қабілетін және байланысты қаржылық есептілікті бағалауға қатысты талап заңнама немесе реттеуші актілермен белгіленуі мүмкін.
4. Басқа қаржылық есеп жүйелерінде басшылық үшін үздіксіз қызмет ретінде субъектінің қызметін жалғастыруға қабілетін ерекше түрде бағалауға анық талап жоқ екен. Бiрақ 2 параграфқа сәйкес үздiксiз қызмет туралы жорамал қаржылық есептіліктi даярлауда түбегейлi қағида болатындықтан, субъект басшылығы субъект үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiн бағалауға, тiптi қаржылық есептіліктiң тұжырымдамалық негiзiнде айқын жауапкершiлiк болмаса да жауапты болады.
5. Субъект басшылығының үздiксiз қызмет туралы бағалау түсiнiксiздiкке тəн жағдайлар мен шарттардың клиенттегi нəтижелерiне қатысты белгiлi бiр уақытқа пiкiр бiлдiруi кiредi. Əрi мына факторлар ескерiледi:
• Өте алыстағы келешекке қатысы бар жағдайлар немесе шарттар нəтижесi туралы пiкiр шығарғанда, жағдай нəтижесiне байланысты түсiнiксiздiк дəрежесi артады. Сол себептен субъектiнiң басшысынан бүкiл бар ақпаратты талап етiлетiн кезеңдi көрсетедi.
• Субъектiнiң өлшемi мен күрделiлiгi, оның бизнесiнiң сипаты мен жағдайы жəне оған сыртқы факторлардың ықпал ету дəрежесi осының бəрі жағдай нəтижелерiне қатысты ықпал етедi.
• Келешек туралы кез келген пiкiр шығару сəтiндегi бар ақпаратқа сүйенедi. Кейiнгi жағдайлар пiкiрге қайшы келуi мүмкiн, ол пiкiр шығарылатын кезде, орынды болатын.
Аудитордың жауапкершiлiгi
6. Аудитордың жауапкершiлiгi – қаржылық есептіліктi даярлағанда субъект басшылығының үздiксiз қызметi туралы жорамалды пайдалану адекваттылығын қарастыру, жəне де субъектiнiң қаржылық есептілікке ашылуы қажет үздiксiз қызметтi жалғастыру мүмкiндiгiне қатысты елеулi түсiнiксiздiк бар, жоғын қарастыру. Аудитор қаржылық есептіліктi дайындағанда пайдаланылған қаржылық есептіліктi ұсынудың тұжырымдамалық негiзiне субъект басшылығына субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне нақты баға беруiне айқын талап болмаса да, субъект басшылығының үздiксiз қызмет туралы жорамалды пайдалану барабарлығын қарастырады.
7. 200 АХС395 сәйкес елеулі бұрмалауды анықтай алуға аудитор қабілетін бөлінбес шектеулері ықтимал ықпалдары салдарынан аудитор субъект өз үздiксiз қызметiн тоқтататын кей жағдайларды болжай алмайды. Тиiсiнше үздiксiз қызметке қатысты белгiсiздiкке қандай да бiр сiлтеменiң болмауы аудиторлық қаржылық есептілікте субъектiнiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне кепiл ретiнде қарастырмайды.
Күшіне Ену Күні
8. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жəне осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік аудитіне қатысты күшіне енеді.
Мақсаттары
9. Аудитордың мақсаттары:
(а) Қаржылық есептілік даярлағанда басшылықтың үздіксіз қызмет принципін пайдалануының тиістілігіне қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алу;
(b) Аудиторлық дәлел негiздерiнде субъект басшылығына субъекттiң үздiксiз қызметiн жалғастыру қабiлетiне күмән келтіруі мүмкін жағдайға, шартқа қатысты елеулі белгісіздік орын алуы жөніндегі қорытындыға келу; және
(c) Аудиторлық есеп үшін зардаптарды анықтау.
Талаптары
Тәуекелді Бағалау Рәсімдері және Байланысты Қызметтер
10. 315 АХС396 сай талап етілетін тәуекелді бағалау шараларын орындау кезінде аудитор субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне күмән келтіруі мүмкін жағдайлардың бар екенін қарастыруы тиіс. Осыған сәйкес аудитор басшылық субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыруға алдын ала баға бергенін анықтауы қажет, және: (Сілт: пар.A2-A5)
(а) Егер сондай баға берілсе, аудитор басшылықпен мынаны талқылайды және басшылық жеке немесе ұжым түрде субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне күмән келтіруі мүмкін жағдайлардың бар екенін қарастыруы тиіс және оларды жою үшін басшылық жоспарлады ма, жоқ па; немесе
(b) Егер сондай баға берілсе, аудитор басшылықпен үздiксiз қызмет туралы жорамалды пайдалану негізін талқылайды және басшылық жеке немесе ұжым түрде субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне күмән келтіруі мүмкін жағдайлардың бар екенін қарастыруы тиіс.
11. Аудитор субъекттiң үздiксiз қызметтi жалғастыру қабiлетiне күмән келтіруі мүмкін жағдайлар жөніндегі аудиторлық дәлел алу үшін аудит барысында қырағы қалады. (Сілт: пар.A6)
Субъект Басшылығының Бағалауын Ақылға Қонымдылығын Анықтау
12. Аудитор басшылықтың субъект үздiксiз қызметiн жалғастыра алу қабiлетiн бағалауының ақылға қонымдылығын анықтауы тиiс. (Сілт: Пар. A7-A9; A11-A12)
13. Аудитор субъект басшылығы қаржылық есептіліктiң тұжырымдамалық негiзiне сай өз бағалауын орындағанда немесе заң немесе реттеуші актілерге сәйкес ұзақ мерзім анықталса, пайдаланған кезеңiн қарастыруы тиiс. Егер 560АХС397 сәйкес басшылықтың субъект үздiксiз қызметiн жалғастыра алу қабiлетiне қатысты бағалауы баланс күнiнен бастап 12 айдан кем уақытты қамтыса, аудитор субъект басшылығынан бағалау кезеңiнен баланс күнiнен бастап 12 айға созуды сұрауы керек. (Сілт: Пар. A10-A12)
14. Субъект басшылығының бағалауының ақылға қонымдылығын анықтауда, аудитор бағалау кезiнде аудитордың нəтижесiнде белгiлi болған бүкiл салыстырмалы ақпарат ескерiлдi ме, жоқ па соны қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |