БЕ­ҒА­зы-дәН­Ді­бай мә­ДЕ­НИ­еті­НІҢ СҮйек өҢ­деуіне қА­тыс­ты өзек­ті мӘселелері


Қа­зақ да­на­лы­ғын­да­ғы РУ­ХА­НИ ӘЛЕМ



бет11/21
Дата20.07.2016
өлшемі1.78 Mb.
#211957
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Қа­зақ да­на­лы­ғын­да­ғы РУ­ХА­НИ ӘЛЕМ

Од­на из осо­бен­нос­тей ка­зах­ской муд­рос­ти- ме­та­фо­рич­ность спо­со­ба на­ци­ональ­но­го мыш­ле­ния и без­гра­нич­ность ми­ро­воз­зре­ния. В статье ав­тор на ос­но­ве срав­ни­тель­но­го ана­ли­за мыш­ле­ния ка­зах­ско­го на­ро­да и ев­ро­пейско­го мыш­ле­ния вы­яв­ля­ет осо­бен­нос­ти мыш­ле­ния ка­зах­ско­го на­ро­да. в пред­став­лен­ной статье да­ет­ся фи­ло­соф­ский ана­лиз на­род­но­го твор­че­ства. ос­но­ва­ни­ем воз­ник­но­ве­ния ора­тор­ско­го ис­кус­ства ка­зах­ско­го на­ро­да выс­ту­па­ет един­ство об­ра­за жиз­ни, вза­имос­вя­зи с при­ро­дой, на­ци­ональ­но­го са­мо­соз­на­ния и ду­хов­ной куль­ту­ры ка­за­хов.

One of the peculiarities of the Kazakh wisdom is a metaforic way of national thought and boundless world-outlook. In the article the author is revealing the peculiarities of the Kazakh people’s thought, based on comparative analysis of the Kazakh people’s and European thoughts. There have been provided the philosophical analysis of the people’s creation in the article. The reason of the appearence of the Kazakh people’s eloquence is the way of life unity, nature interdependence, national self-consciousness as well as spiritual culture of Kazakh people.
Қа­зақ елі ер­те дү­ние та­ри­хы­нан бас­тап-ақ өзін­дік та­би­ғи да­му жо­лын­да қа­лып­тас­қан құн­ды­лық­та­ры мен өзін­дік мә­де­ни өр­ке­ни­ет же­тіс­тік­те­рі­нің тұ­тас­ты­ғын са­бақ­тас­ты­ра да­мыт­қан көш­пе­лі ха­лық. Ұл­ттық мә­де­ни­еті­міз та­ри­хи да­му­дың ға­сыр­лар бойы қа­лып­тас­қан ұл­ттық бейне­лер бол­мы­сы­ның қа­дір-қа­си­еті жүйеле­рін бір-бі­рі­мен байла­ныс­ты­ру­шы дә­не­ке­рі бо­лып ке­ле­ді. Қа­зақ өз бол­мы­сы­на тән ру­ха­ни­лық пен дү­ни­ета­ным­ды өмір­ге әкел­ді. Бұл қа­зақ мен­та­ли­те­ті­не тән ерек­ше­лік, яғ­ни дү­ни­ені та­ну­дың қа­за­қи фор­ма­сы, дү­ни­ені өзін­ше қа­был­дау ерек­ше­лі­гі. Бұл ұлт бо­лып қа­лып­тас­қан уақыт­тан бас­тап-ақ хал­қы­мыз­ға тән ұл­ттық қа­си­ет ерек­ше­лік­те­рі­мен бір­ге же­тіл­ген ақыл-па­ра­сат, ой-тол­ғам, се­зім-күйлер­мен қа­тар жа­са­сып ке­ле­ді.

Дү­ни­ені та­ну, қа­был­дау ха­лық­тың та­ри­хы­нан, ғы­лы­мы­нан, өмір сү­ру тә­сі­лі­нен, мә­де­ни­еті­нен кө­рі­не­ді. Осы дү­ни­ені та­ну ерек­ше­лі­гі оның ойлау қа­бі­ле­ті­мен ті­ке­лей байла­ныс­ты бо­ла­ды. Та­ри­хи, ғы­лы­ми, мә­де­ни зерт­те­улер ба­ры­сын­да қа­зақ­тың көш­пен­ді­лік өмір-сал­ты­нан, фи­ло­со­фи­ясы­нан, со­ның ішін­де ха­лық фолькло­ры­нан, адам ба­ла­сы­ның өмі­рін, бол­мы­сын, жал­пы қо­ғам­да­ғы ро­лін қа­рас­ты­ру не­гі­зін­де ұл­ттық мен­та­ли­тет ма­ғы­на­сын байқаймыз. Ұлы да­ла тө­сін­де­гі хал­қы­мыз­дың мың­да­ған жыл­дар бойын­да­ғы қа­лып­тас­қан шы­ғар­ма­шы­лы­ғы, же­ке адам­ның ру­ха­ни із­де­ні­сі, ха­лық да­на­лы­ғы — мі­не осы ұл­ттық қа­дір-қа­си­еті­міз­ге тән құн­ды­лық­тар қа­зы­ғы. Қа­зақ хал­қы­ның бойын­да­ғы ұл­ттық бол­мыс­қа, ұл­ттық да­рын-қа­бі­лет, қа­си­еті­не те­рең­дей көз жі­бер­сек, одан ұл­ттық тұ­тас­ты­ғы­ның не­гі­зін кө­ре­міз. Ха­лық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның қай са­ла­сын алып қа­ра­са­ңыз да, өмір­ді көр­кем су­рет­тейтін фи­ло­со­фи­ялық мә­ні бар бұл таң­сық қа­зы­на­лар­дың әрқайсы­сы­ның қа­зақ хал­қы­ның мә­де­ни мұ­ра­сын­да ала­тын қа­дір­лі орын­да­ры ерек­ше. Ата­дан ба­ла­ға ми­рас бол­ған бұл құн­ды­лық­тар­дың бар­лы­ғы қа­зақ бол­мы­сы­на тән ең бір аяулы қа­си­ет. Ха­лық­тың ді­лі — оның әдет-ғұр­пын­да, ті­лін­де, ұл­ттық салт-дәс­тү­рін­де, ба­ла тәр­би­есін­де, мі­нез-құл­қы мен ру­ха­ни тір­ші­лі­гін­де. Дү­ние ке­ңіс­ті­гін шыр айна­лып, ен да­ла­да кө­шіп жүр­ген ата­ла­ры­мыз­дың тұр­мыс-тір­ші­лі­гі — бұл бол­мыс айна­сы. Оны біз­дер өмір тә­жі­ри­бе­сі­нен алын­ған жыр-тол­ға­улар, өси­ет­тер, аңыз, ер­те­гі, ма­қал-мә­тел, ше­шен­дік на­қыл сөз­дер­ден кө­ре­міз.

Ел­дің та­ри­хы, ел ба­сы­нан өт­кен ұлы­лы-кі­ші­лі оқи­ға­лар, та­ри­хи қайрат­кер­лер ту­ра­лы де­рек­тер, ақыл­ды-ата­лы сөз­дер мен өне­ге-өси­ет­тер — осы­лар­дың бар­лы­ғы қа­ғаз­да емес, ха­лық жа­дын­да өлең-жыр, аңыз-әң­гі­ме бо­лып сақ­тал­ған, ел аузын­да өмір сүр­ген. Ұл­ттық та­ри­хы­мыз­да­ғы ойшыл-ке­мең­гер­ле­рі­міз­дің айтқан ше­шен сөз­де­рі ұр­пақ­тан-ұр­пақ­қа ауыз­ша та­рап, қа­зақ хал­қы­ның фолькло­рын­да, ха­лық ауыз әде­би­етін­де ерек­ше орын алып, де­рек­на­ма қо­рын мо­лайтты. Бұ­дан түйін­дейті­ні­міз, хал­қы­мыз­дың ру­ха­ни өмі­рі аса бай, әсі­ре­се ауыз әде­би­еті кең та­ра­ған. Қа­зақ кез кел­ген құ­бы­лыс­ты өлең­ге айнал­ды­ра біл­ген. Шы­ны ке­рек, кең са­ха­ра­ға тән ер­кін ойла­ушы­лық, ықы­лым за­ман­нан бер­гі уақыт­та ата-ба­ба­ла­ры­мыз­дан қал­ған да­ныш­пан, на­қыл сөз­дер­дің ша­шауын шы­ғар­май, бір жүйеге кел­ті­ре сақ­тап, өз­ге­ріс­сіз жат­тап алу­шы­лық жә­не әр ке­зең­де бо­ла­шақ ұр­пақ­қа мұ­ра ре­тін­де жет­кі­зу қа­за­қи фи­ло­со­фи­ялық ойдың да­му­ын­да, та­ри­хын­да ке­ре­мет құ­бы­лыс. Көш­пе­лі ха­лық­тар­дың осын­дай ерек­ше­лік қа­бі­ле­тін Шо­қан Уәли­ха­нов бы­лайша ба­ға­ла­са ке­рек: «Қа­зақ өз­де­рі­нің кө­не аңыз­да­ры мен на­ным-се­нім­де­рін қайран қа­лар­лық­тай сақ­тай біл­ген. Одан да өт­кен ға­жа­бы сол, байтақ да­ла­ның әр шал­ғайын­да­ғы, әсі­ре­се өлең-жыр­лар еш өз­ге­ріс­сіз, бір қол­дан шық­қан­дай қайта­ла­на­ты­нын қайтер­сіз. Көш­пе­лі сауат­сыз ор­та­да­ғы ауыз­ша та­ра­ған осы­нау үл­гі­лер­дің бір-бі­рі­нен қыл­дай ауыт­қы­майты­ны адам айтса нан­ғы­сыз қа­си­ет, алайда кү­мән кел­ті­ру­ге бол­майты­ны шын­дық»1.

Қа­зақ да­на­лы­ғы­ның бір ерек­ше­лі­гі — қа­зақ­тың ойлау әді­сі­нің (не­ме­се мен­та­ли­те­ті­нің) ме­та­фо­ра­лы­ғын­да. Яғ­ни айта­тын ойын жұм­бақ­тап, тұс­пал­дап, ма­қал­дап жет­кі­зу­ін­де. Әри­не, бұ­лар­дың әрқайсы­сы өзін­ше же­ке да­ра күйін­де кез­дес­пейді. Қайта бір-бі­рі­мен бі­рі­гіп, қойын­да­сып, өза­ра байла­ныс­та бо­ла­тын сөз сап­тау тә­сіл­де­рі тү­рін­де кез­де­се­ді. Көп жағ­дайда да­на би­лер, ше­шен­дер айтқа­лы отыр­ған зат­ты не­ме­се құ­бы­лыс­ты, оқи­ға­ны айқын­дай тү­су үшін олар­ды өз­ге бір зат, құ­бы­лыс­пен ауыс­ты­рып ал­мас­ты­ра­ды. Сөз бо­лып отыр­ған құ­бы­лыс­қа бейне­лі ба­ла­ма тауып қол­да­ну ар­қы­лы ше­шен­дік ойын те­рең­де­тіп, оған тың маз­мұн не­гіз­дейді, сөз­дің әсер­лі­лі­гін кү­шейте­ді. Да­на­лық сөз­дер­де ме­та­фо­ра­ның көп­теп кез­де­суі олар­дың зер­де-пайым­ның нә­зік­ті­гін, кө­ңіл кө­зі­нің бір зат­ты екін­ші зат­қа ба­ла­уда дәл өл­шеп, анық елес­те­те­тін­ді­гін көр­се­те­ді. Қол­да­ныл­ған ме­та­фо­ра­лар бе­ре­тін маз­мұ­ны мен ма­ғы­на­сы жа­ғы­нан да­на адам­дар­дың кө­ңіл-күйімен, көз­қа­рас тү­сі­ні­гі­мен ты­ғыз бір­лік­те үн­де­сіп айты­ла­ды. Да­на би­лер ше­шен­дік сөз­де­рін­де ме­та­фо­ра­ның қай тү­рін қол­дан­ба­сын, бә­рін өз­де­рі­нің ең түп­кі не­гіз­де­ген мақ­сат­та­ры­на ба­ғын­дыр­ған. Со­дан да олар­дың ме­та­фо­ра­ла­ры бір­де ой-қи­ял, се­зім­ді тер­беп, ер­лік­ке, ба­тыр­лық­қа ша­қыр­са, бір­де қо­ғам­да­ғы өрес­кел, жат қы­лық­тар­ды ше­неп, ке­ке­сін, мыс­қыл түр­де бо­лып ке­ле­ді. Бұл би­лер­дің ор­та­да­ғы құ­бы­лыс, оқи­ға­ны сын көз­бен са­рап­тап, ба­қы­лайтын­дық­та­рын байқа­та­ды. Да­на­лық сөз­дер­де би­дің айтпақ бол­ған ой-пі­кі­рін бейне­лі, көр­кем сөз­ді тұс­пал­мен жет­кі­зе­ді. Он­дай жол­дар­дан үне­мі шын­дық өмір тә­жі­ри­бе­сін бір қо­ры­тын­ды­ға кел­ті­ру са­ры­ны, ой-зер­де­сі­нен ту­ған байлам-тұ­жы­рым­ды бір­ден байқа­уға бо­ла­ды. Со­ны­мен бір­ге тұс­пал­дап сөйлеу мем­ле­кет­тік ма­ңы­зы бар мә­се­ле­лер­ді ше­шер­де ха­лық­қа жа­рия бол­мауы үшін пайда­ла­ныл­ған. Әрі бас­қа адам­дар тү­сін­беу үшін өза­ра пі­кір­лес­кен­де жұм­бақ­тап сөйлеу қол­да­ныл­ған.

Әр уақыт­та көр­кем де тап­қыр, дәм­ді сөз­дер да­уда же­ңіп, тың­да­ушы­сын ұйытып отыр­ған. Ежел­гі грек фи­ло­соф­та­ры­на тән сұ­рақ-жауап не­гі­зін­де бе­дер­лі әң­гі­ме-дү­кен (сұх­бат) құ­ру ар­қы­лы күр­де­лі де өр­нек­ті фи­ло­со­фи­ялық ойлар­ды өр­бі­ту тә­сі­лі ха­лық зер­де­сін­де сақ­тал­ған да­на­лар­дан қал­ған ше­шен­дік сөз­дер­ден де кез­дес­ті­ру­іміз­ге бо­ла­ды. Сө­зі­міз дә­лел­ді бо­луы үшін сұ­рақ-жауап тү­рін­де кел­ті­ріл­ген мы­сал­ға тоқ­та­ла ке­тейік.

Қа­зақ­тың ойлау тә­сі­лі­нің ме­та­фо­ра­лы­ғы­ның бір тү­рі ре­тін­де «Ақ­сақ құ­лан» де­ген ат­пен аңыз­ға айнал­ған ха­лық күйін жат­қы­зу­ымыз­ға бо­ла­ды. Мұн­да да өзін­ше бір фи­ло­со­фи­ялық маз­мұн бар. Ықы­лым за­ман­нан қа­зақ хал­қы хал­қы­мыз­дың ру­ха­ни мә­де­ни­еті­нің аса бір ма­ңыз­ды са­ла­сы ре­тін­де күй өне­рі­нің мә­нін те­рең тү­сі­не біл­ген. Бұл ту­ра­лы А.Сейдім­бек бы­лай деп жа­за­ды: «Қа­зақ күйле­рі­нің ешу­ақыт­та се­беп­сіз шық­пайты­ны — өзін­дік да­ра си­па­ты күйге ар­қау бол­майтын өмір құ­бы­лыс­та­ры жоқ. Қор­ша­ған ор­та мен жан-жа­ну­ар­лар дү­ни­есі­нен бас­тап, адам­дар­дың мі­нез-бі­ті­мі, кө­ңіл-күйі, ба­тыр­дың ер­лі­гі, ше­шен­нің тап­қыр­лы­ғы, ел ба­сын­да­ғы ке­сек та­ри­хи оқи­ға­лар­ға дейін күй ті­лін­де жә­не оны­мен қо­сар­ла­на айты­ла­тын аңыз-әң­гі­ме­сін­де ба­ян еті­ле бе­ре­ді... Күй аңы­зы­ның бұл ерек­ше­лік­те­рі хал­қы­мыз­дың та­ри­хи аужайынан ха­бар бе­рер­лік ең мол, ең жан­ды ше­жі­ре еке­нін пайым­да­та­ды»2. Жал­пы жұм­бақ­тап сөйлеу, тұс­пал­дап сөйлеу өне­рі бір-бі­рі­мен са­лыс­ты­рып қа­рас­тыр­сақ, әрқайсы­сы­ның тек өзі­не тән да­на­лық ойдың же­лі­сін, тек ұл­ттық мә­де­ни­еті­міз­дің не­гі­зі­не тән бір-бі­рі­нен өз­ге­ше фи­ло­со­фи­ялық ойлау тә­сі­лін кө­ру­іміз­ге бо­ла­ды. Осы­ның бар­лы­ғын қа­зақ хал­қын­да субъ­ект пен объ­ект қа­ты­на­сы жә­не ха­лық­тың та­би­ғат­пен байла­ны­сы ұдайы үйле­сім­ді­лік­те бо­лу­ымен байла­ныс­ты­ра­мыз. Бұл үйле­сім­ді­лік өз ке­зе­гін­де адам­дар ара­сын­да­ғы қа­ты­нас­тар­ға кө­ше­ді. Ал еу­ро­па­лық фи­ло­со­фи­яға пер­со­на­лизм (пер­со­на де­ген сөз ла­тын ті­лін­де же­ке адам де­ген ма­ғы­на бе­ре­ді) тән бол­ған. Яғ­ни бір адам­ды же­ке пер­со­на ре­тін­де бө­ліп алып, өз­ге­лер­ге қа­ра­ма-қар­сы қою. Бұл же­ке ба­сы­ның ерек­ше­лі­гі­не байла­ныс­ты адам­дар­дың өз мүд­де­ле­рін қор­ғауы олар­ды өза­ра қақ­ты­ғыс­тар­ға соқ­ты­рып, бір-бі­рі­мен ымы­ра­ға кел­мейтін жа­уға айнал­ды­ра­ды. «Адам адам­ға қас­қыр», — дейді Гоббс. Ал қа­зақ­та адам­дар­дың өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сын­да бір адам екін­ші адам­ға «сен» деп бе­ті­не айтпа­ған. Сон­дық­тан да өз ойын, айтар сө­зін жет­кі­зу­де ойлау тә­сі­лі­нің ме­та­фо­ра­лы­ғы кең пайда­ла­ныл­ған. Бұл жал­пы Шы­ғыс ха­лық­та­ры­на тән қа­си­ет бол­ған.

Аңыз-әң­гі­ме­лер де өзін­ше бір фи­ло­со­фи­ялық ой-тұ­жы­рым­ды көр­се­те­ді. Да­на­лық ең бас­ты­сы ақыл-па­ра­сат­пен өл­ше­не­ді. Сон­дай ақыл-па­ра­са­ты мол адам­дар ха­лық­тың ру­ха­ни қа­зы­на­ға бай аңыз-әң­гі­ме­лер­ді мұ­ра ре­тін­де ұр­пақ­тан ұр­пақ­қа сақ­тап жет­кі­зіп отыр­ған. Бұл да бір тұ­нып жат­қан ру­ха­ни әлем. Мұн­дай ру­ха­ни әлем­нің де­ні ауызе­кі по­эзия дәс­тү­рі­нің ық­па­лы­мен қа­лып­та­сып да­мы­ған. Н.На­зар­ба­ев «Та­рих тол­қы­нын­да» де­ген кі­та­бын­да бұл ту­ра­лы бы­лай деп жа­за­ды: «Қа­зақ­тар­дың ру­ха­ни әле­мі не­гі­зі­нен ауызе­кі по­эзия дәс­тү­рі­нің ық­па­лы­мен қа­лып­та­сып отыр­ған. Қа­зір­гі­нің та­лай елін қайран қал­ды­ра­тын осы­нау байтақ ке­ңіс­тік­ті кер­не­ген по­эзи­ялық әлем тек қа­на сұ­лу­лық пен се­зім­нің шең­бе­рін­де шек­тел­ме­ген. Ол жа­ңа­шыл­дық­тың жа­лы­нын ла­ула­та да біл­ген. Со­дан да бо­лар, қа­зақ­тың по­эзи­ялық шы­ғар­ма­шы­лы­ғын­да мейлін­ше те­рең та­ным­ды­лық қа­си­ет­тер бар. Сон­дық­тан да қа­зақ­тың дәс­түр­лі по­эзи­ясы ұдайы фи­ло­со­фи­ямен шен­де­сіп жа­та­ды»3. Ел аузын­да­ғы қа­ра өлең­дер әсем­дік, сұ­лу­лық, се­зім­ді­лік тү­сі­нік­те­рі­мен шек­тел­мей, адам­зат ба­ла­сы­на қа­тыс­ты не­бір мейлін­ше те­рең та­ным­ды­лық қа­си­ет­тер­ді көр­се­те біл­ген. Сол се­беп­тен ұл­ты­мыз­дың дәс­түр­лі по­эзи­ясы, аңыз-әң­гі­ме­ле­рі бол­сын, саз­ды әуен, күйі бол­сын ұдайы фи­ло­со­фи­ямен, да­на­лық­пен шен­де­сіп жа­та­ды. Мі­не, сон­дай ұл­ты­мыз­ға тән ауыз­ша по­эзи­ялық шы­ғар­ма­шы­лы­ғын­да­ғы ең құн­ды­ла­ры­ның бі­рі — Қор­қыт ту­ра­лы аңыз­дар: Қор­қыт — ха­лық тү­сі­ні­гін­де бо­ла­шақ­ты кө­ре бі­ле­тін сәуегей фи­ло­соф, ұлы қо­быз­шы, саз­гер, бір сөз­бен айтқан­да, қо­быз­ға ал­ғаш тіл бі­ті­ріп, оның қыл іше­гі­не жа­һан­да­ғы жа­ра­ты­лыс ата­улы­ның үнін күй етіп сөйлет­кен өнер иесі, күй ата­сы. Хал­қы­мыз бір ға­на адам бойынан осын­ша­ма асыл қа­си­ет­тер­ді дә­ріп­тей көр­се­те оты­рып, оның қайта­лан­бас жар­қын тұл­ға еке­нін тү­сі­не біл­се ке­рек.

Қор­қыт жыр­ла­ры­ның маз­мұ­ны та­би­ғат­тың тыл­сым күш­те­рін, адам жа­ны­ның кө­ңіл-күйле­рін, жү­рек се­зі­мін қо­быз са­ры­ны­мен үн­дес­ті­ре оты­рып, үл­кен бір фи­ло­со­фи­ялық ой-ар­на­ны ас­қан сұ­лу­лық­пен, нә­зік­тік­пен, ең ал­ды­мен ас­қан да­на­лық­пен жет­кі­зе біл­ген. Мұн­да­ғы фи­ло­со­фи­ялық да­на­лық­тың те­рең ойлы­лы­ғы — өлім­мен кү­ре­су, өлім­ді өнер­мен же­ңе бі­лу­ін­де. Аңыз­дар­да­ғы Қор­қыт фи­ло­со­фи­ясы­ның не­гіз­гі түйін­де­рі­нің бі­рі — ажал­ды өмір­де­гі бар зұ­лым­дық пен жауыз­дық­тың ба­сы деп та­ну, оны­мен кү­ре­су, өмір­дің тұр­ла­усыз­ды­ғын мойын­да­мау, мәң­гі­лік ғұ­мыр­ды аң­сау. Бұл қа­зақ ойлау тә­сі­лі­нің ме­та­фо­ра­лы­ғы­ның бір кө­рі­ні­сі. Қор­қыт күйі шы­нын­да тым әсер­лі, саз­ды, маз­мұ­ны жа­ғы­нан (өнер бар­да өлім жең­бек емес) те­рең. Күйші қо­бы­зы бір­де тағ­дыр­дың қайғы-мұ­ңын шер­тіп, бо­та­дай боз­дайды, бір­де мәң­гі­лік өмір мен сұ­лу­лық жы­рын тө­гіп, ақ­қу­дай сы­зы­ла сұң­қыл­дайды. Өмір­дің мә­ні, ба­қыт­ты ғұ­мыр жайын­да те­бі­ре­ніп ой тол­ғайды. «Күй өз тың­да­ушы­сын ме­ло­ди­ялық саз, әсем­ді­гі, ша­быт­ты­лы­ғы­мен би­леп же­те­ді»4. Адам өмі­рін та­би­ғат дү­ни­есі­мен бір­лік­те, үйле­сім­де қа­был­да­уға ба­ғыт­тал­ған қа­зақ хал­қы­ның та­ны­мы ха­лық ауыз әде­би­еті мен му­зы­ка­да, са­на мен се­зім­нің бір­лі­гі­нің не­гі­зін­де қа­рас­ты­рыл­ған. Қор­қыт бір адам емес. Оның аңыз бо­ла­тын се­бе­бі, Қор­қыт — бү­кіл мә­де­ни бол­мыс­ты бі­рік­ті­ре­тін тү­сі­нік, яғ­ни мәң­гі­лік уақыт­қа ба­ғын­байтын­ды­ғын көр­се­те­ді. Оған дә­лел ре­тін­де фи­ло­со­фи­ялық шы­ғар­ма­шы­лық­тың шы­найы үл­гі­сі бо­лып та­бы­ла­тын күйле­рін айту­ға бо­ла­ды. Өнер — қай ха­лық­тың бол­ма­сын та­ри­хы­мен бір­ге жа­са­сып, бі­те қайна­сып ке­ле жат­қан ұлы құ­бы­лыс. Ежел­ден өнер сүйген, та­би­ға­ты­нан ән-жыр­ға әуес, күйге құ­мар хал­қы­мыз­дың ру­ха­ни қа­зы­на­сы өте мол. Сол мұ­ра­лар үні­не құ­лақ түр­сек, ата-ба­ба­мыз ба­сы­нан өт­кер­ген қи­лы-қи­лы за­ман­дар мен сан ға­сыр­дан ше­жі­ре боп сыр шер­те­ді. Өнер — өмір­дің сә­уле­сі, бейне­сі, кең да­ла­да­ғы қа­зақ хал­қы­ның тұр­мыс-сал­ты­ның, көш­пе­лі өмі­рі­нің өзі ақын­дық-да­на­лық, сол си­яқ­ты ән­ші­лік-күйші­лік өнер­дің өр­кен­деуіне бел­гі­лі дә­ре­же­де же­тек­ші бол­ған. Өт­кен өмір­дің ру­ха­ни мұ­ра­сы, өмір сал­ты, дү­ни­ета­ным­ды­лы­ғы фи­ло­со­фи­яға то­лы бай дү­ние.... Көш­пе­лі­лер үшін өнер тек қа­на ру­ха­ни-эс­те­ти­ка­лық ләз­зат бе­ріп қойма­ған, со­ны­мен бір­ге ел қа­мы, ха­лық тағ­ды­ры­на қа­тыс­ты іс­тер­ге қол­қа­нат бо­лып, са­яси-әле­умет­тік мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің құ­ра­лы да бо­ла біл­ген2.

Қор­қыт ту­ра­лы аңыз­дар жай дү­ние емес, да­на­лық ше­жі­ре­сі. Не­гіз­гі маз­мұ­ны — мә­ні мен ма­ғы­на­сы­ның дұ­рыс­ты­ғы мәң­гі ес­кір­мейтін ке­лер ұр­пақ ғиб­рат ала­тын, үл­гі ете­тін да­на­лық сөз­дер. Мұ­ның бә­рі — хал­қы­мыз­дың ұл­ттық бол­мы­сы­мен ұш­та­сып жат­қан құн­ды дү­ни­елер. Қор­қыт тү­сі­ні­гі ар­қы­лы біз қа­зақ фи­ло­со­фи­ясын­да­ғы эк­зис­тен­ци­ализм ба­ғы­тын байқаймыз. Қа­зір­гі за­ман­ның не­гіз­гі мә­се­ле­сі — өмір сү­ру­дің өмір­дің ма­ғы­на­сы­на, мә­ні­не сәйкес кел­меуі. Жә­не де, эк­зис­тен­ци­алис­тер­дің айтуы бойын­ша, өлім адам өмі­рін шек­те­уші жә­не анық­та­ушы күш бо­лып та­бы­ла­ды. Қор­қыт тү­сі­ні­гі өлім ар­қы­лы адам өмі­рі­нің көк­жи­егі­нің шек­те­улі­лі­гі­не кү­мән кел­ті­ре­ді. Сөйтіп, адам бол­мы­сын шек­сіз­дік­ке же­те­лейді.

Қа­зақ хал­қы­ның ойлау қа­бі­ле­ті еу­ро­па­лық ойлау қа­бі­ле­ті­не қа­ра­ған­да ерек­ше. Ол — та­би­ғат­пен үйле­сім­ді­лік қа­си­еті. Бұл тек қа­зақ хал­қы­на ға­на емес, жал­пы Шы­ғыс ха­лық­та­ры­на тән ерек­ше­лік. Та­би­ғат пен адам қо­ғам­ның ажы­ра­мас бөл­ше­гі есе­бін­де қа­рас­ты­рыл­ған, адам ба­ла­сы өзін жал­пы та­би­ғат дү­ни­есі­нен бөл­шек­те­ме­ген. Де­мек, адам­зат ба­ла­сы қор­ша­ған ор­та­ның құ­рам­дас бір бө­лі­гі бол­ған­дық­тан, ол беймә­лім жұм­бақ дү­ни­енің түр­лі қа­си­ет­те­рі, бет-бейне­сі, бол­мы­сы ту­ра­лы ой-тол­ға­мын, тү­сі­ні­гін қа­лып­тас­ты­ру­ға ты­рыс­қан. «Тау — та­рих, та­би­ғат — та­ным». Қа­зақ хал­қы­ның ру­ха­ни зер­де мә­се­ле­сін­де қа­си­ет­ті жер-су, та­би­ғат — қа­зақ­тың ше­жі­ре та­ри­хы, қу­ат­ты ру­ха­ни үр­ді­сі. Мі­не, сон­дық­тан ата-ба­ба­ла­ры­мыз­дың та­ри­хи та­ным­ды­лы­ғы­ның мұ­ра­сы ашық ас­пан ас­тын­да, да­ла тө­сін­де ұлы та­би­ғат аясын­да жа­тыр. Та­би­ғат пен адам тұ­тас бір әлем, олар­дың тұл бі­тім­де­рін­де еш­бір ар­тық нәр­се жоқ, сі­рә.

Ұлы да­ла­ның ру­ха­ни игі­лі­гі­не, көш­пе­лі өмір сал­ты­на не­гіз бол­ған қор­ша­ған ор­та, та­би­ғат әле­мін жұ­мыр бас­ты пен­де тір­ші­лік­тің ті­ре­гі ре­тін­де қа­был­да­ған. Бұл да да­ла тө­сін­де­гі ата-ба­ба­ла­ры­мыз­дың ой-өрі­сі­нің ке­ңу­іне, олар­дың уақыт пен ке­ңіс­тік жө­нін­де­гі дү­ни­ета­ным­ды­лық тү­сі­ні­гі­нің қа­лып­та­суы­на не­гіз бол­ған. Түр­кі қа­ға­на­ты­ның даң­қты әс­кер­ба­сы Күл­те­гін ба­тыр­дың (VIII ғ.) құ­лпы­та­сын­да­ғы жа­зу­лар­дың бі­рі: «Жо­ға­ры­да Көк ас­пан, тө­мен­де Қа­ра жер жа­рал­ған­да, екеуінің ара­сын­да адам ба­ла­сы пайда бол­ған», — деп бас­та­ла­ды. Осы­нау бейне­лі сөз­де түр­кі жұр­ты­ның дү­ни­ета­ны­мы­нан ха­бар бе­ре­тін те­рең ас­тар бар, — деп жа­за­ды Қ.Қа­ра­ма­нұ­лы өзі­нің «Тә­ңір­ге тағ­зым» кі­та­бын­да. — Мұ­ның Көк пен Жер аясын­да кө­шіп-қо­нып, шет­сіз-шек­сіз кең да­ла­ның шал­ғын­ды кө­лі мен ша­ғыр­лы құ­мын, ор­ма­ны мен то­ғайын, өзе­ні мен өзе­гін ен жайлап, ер­кін ғұ­мыр кеш­кен, та­би­ғат­тың ты­ны­сын тың­дап, одан өзі­нің ыры­сын та­бу­дың жо­лын үйрен­ген, өзі де сол та­би­ғат­тың бір бөл­ше­гін­дей бо­лып кет­кен ба­ба­ла­ры­мыз­дың Ас­пан­ды — жер бе­тін­де­гі бар­ша тір­ші­лік ата­улы­ға ал­ғыс бер­ген Ата, ал Жер­ді — сол тір­ші­лік­ті бауырын­да бап­тап мә­пе­ле­ген Ана деп ар­дақ­тайтын әде­ті­не мең­зеу екен­ді­гін­де шү­бә жоқ5. Та­би­ғат — жа­ра­ту­шы, адам — оның ту­ын­ды­сы жә­не де адам үшін та­би­ғи әлем мәң­гі­лік. Осы­дан ке­ліп та­би­ғат­ты пір тұ­ту­шы­лық, жан-жа­ну­ар­лар әле­мі­не, қор­ша­ған ор­та­ға байла­ныс­ты на­ным-се­нім­дер пайда бол­ған. Адам­зат ба­ла­сы Ас­пан (Көк тә­ңі­рі) мен Қа­ра жер­ге (Жер-ана) та­бы­ну­ын, екеуінің ара­лы­ғын­да ғұ­мыр ке­шу­ін өзі­нің та­би­ғат­пен тіл та­бы­су­да­ғы тір­ші­лік­тің мұ­ра­ты деп біл­се ке­рек. Тек мұ­ны­мен шек­тел­мей көк­те­гі Күн­ді ерек­ше қа­дір тұ­тып, Тә­ңір­дің көк­те­гі «тө­тен­ше жә­не өкі­лет­ті ел­ші­сі» са­на­тын­да құр­мет­те­ген. Сол си­яқ­ты ас­пан­да­ғы ай мен жұл­дыз­дар­ды да Жа­са­ған­ның жа­ра­ты­лы­сы ре­тін­де қа­си­ет­ті са­на­ған. Жер-ана­ға байла­ныс­ты от­ты, су­ды ки­елі, қа­си­ет­ті деп есеп­те­ген. От — өмір, жы­лу, жа­рық.

Со­ны­мен қа­тар Та­би­ғат-ана, Көк тә­ңір­ле­рі­нің бол­мы­сын өнер ту­ын­ды­ла­ры ар­қы­лы сө­зі­не, тұ­шы­ну да бар­шы­лық. Мә­се­лен Ұлы да­ла­да­ғы көш­пе­лі­лер ара­сын­да қи­ял-ға­жайып та­қы­рып­тар­ға ар­нал­ған күйлер, со­ның ішін­де ер­ге се­рік бол­ған­дай қа­нат­ты пы­рақ­тар, ки­елі жа­ну­ар­лар ту­ра­лы күйлер мен олар­дың аңыз­да­ры бар­шы­лық. Олар­дың әрқайсы­сы байыр­ғы саз-са­рын­да­ры­мен қа­тар, қо­сар­ла­на айты­ла­тын аңыз-әң­гі­ме­ле­рі­мен де алыс за­ма­на­лар­ды мең­зейді. Мейлін­ше байыр­ғы ұғым-тү­сі­нік­тер­ді тіл­ге ти­ек ете­ді. Тә­ңір­ге жал­ба­ры­ну­дың та­бы, та­би­ғат құ­пи­яла­рын Тә­ңір тұ­ту, Көк ас­пан­ды, Ас­пан түс­тес жан-жа­ну­ар­лар­ды (Көк тө­бет, Көк бө­рі...) се­нім­ге айнал­ды­ру жағ­дайы айқын аң­ға­ры­ла­ды. Мә­се­лен, «Те­пең­көк» күйінің та­ри­хын алып қа­райық. Ас­тын­да­ғы жал­ғыз аты­нан бас­қа маң­дайына біт­кен дү­ни­есі жоқ ке­дей жі­гіт ұлан-асыр тойда Те­пең­көк жүйрі­гін бәйге­ге қо­са­ды. Бәйге­ден ке­лер ат­тар­дың жо­лын то­сып, ол дөң ба­сы­на шы­ғып оты­ра­ды да, дом­бы­ра­сын шер­те жө­не­ле­ді: «Те­рі­лі­гі­нен тер кеш­пе­ген Те­пең­кө­гім, алыс жол­дан ал­қын­бай жет мә­ре­ге. Еш­кі­мім жоқ ша­бы­сың­ды қос­тайтұ­ғын қи­қу­лап, дем бе­ре­тін де­мін біт­кен сә­тін­де. Тек өзің­де бар үмі­тім! Дом­бы­рам­ның үні жет­се құ­ла­ғы­на, бәл­кім, ұш­қыр қа­нат бі­тер тұ­яғы­ңа». Күй са­ры­нын ес­ті­ген Те­пең­көк­тің бойына тың күш құйылып, не­бір байлар­дың саң­лақ сәйгү­лік­те­рін шаң­қап­ты­рып, жа­рыс­ты жал­ғыз қа­ра боп кел­ген екен дейді6. Та­би­ғат­ты сүю қа­ны­мыз­ға сің­ген ата қа­си­ет бол­са ке­рек. Хал­қы­мыз қы­сы-жа­зы мал ба­ғып, аң аулап ат үс­тін­де жү­ріп жар­ты­лай жауын­гер­лік өмір кеш­кен. Үне­мі да­ла ке­зіп, да­ла­ға тү­неп, ас­пан дү­ни­есін ба­қы­лап әр­бір жұл­дыз­дың «атын» біл­ген, қоз­ға­лы­сын ба­қы­ла­ған, күн тә­улі­гін, жыл мез­гі­лін со­ған қа­рап бол­жап отыр­ған. Жер­ге жа­ры­ғын ша­шып, жы­лу­ын тө­гіп, жаң­бы­рын сеуіп, жер­ге өмір тір­ші­лі­гін ор­нат­қан Ас­пан­ды — Ата деп ар­дақ тұт­ты.

Өз­де­рін қор­ша­ған жа­ра­ты­лыс­тың іш­кі құ­пи­ясын се­зі­ніп біл­ме­се де, түр­лі бел­гі­лер­ге қа­рап жол тауып, адас­пай жү­ре бе­ре­тін бол­ған. Ер­те­де­гі са­ха­ра тұр­ғы­ны қай уақыт­та да жол-са­па­ры­ның ба­ғы­тын ас­пан де­не­ле­рі­нің кө­ме­гі­мен анық­тап отыр­ған. (Мы­са­лы, түн­гі бағ­дар­шы — Те­мір­қа­зық жұл­ды­зы бол­ған.) Со­ны­мен бір­ге ас­пан әле­мін­де­гі жұл­дыз­дар­дың сыр-си­па­ты не­гі­зін­де та­би­ғат­тың әр мез­гі­лі­не бол­жау, жо­ра­мал­дар жа­са­ған. Мұ­ның өзі — ха­лық­тық дү­ни­ета­ным. Қа­ра жер — адам ба­ла­сы­ның өмі­рі­нің өзе­гі, тір­ші­лі­гі­нің кө­зі, асы­ра­ушы­сы. Де­мек, олар­дың тү­сі­ні­гін­ше, Жер — адам­ды жа­ра­ту­шы­ның бі­рі. Сон­дық­тан да жер­ді қа­дір-қа­си­ет тұ­тып дә­ріп­те­ген­ді­гі сон­ша, адам­зат ба­ла­сын өмір­ге әке­лу­ші ана ұғы­мы­мен ба­ла­ма айты­лып, сон­дай тү­сі­нік­те қа­был­дан­ған. Осы­дан бо­лар, ба­бын тап­са — Жер-ана де­ген орын­ды айтыл­са ке­рек. Яғ­ни аса жо­ға­ры құр­мет­те­удің бел­гі­сі ре­тін­де қа­зақ­тар жер­ді «ана» деп ата­ған. Ата-ба­ба­мыз­дың ал­тын бе­сі­гі, тір­ші­лі­гі­нің ты­ны­сы, ша­быт-қи­ялы­ның қайнар кө­зі бол­ған, мі­не осы — Жер-ана. Сол се­беп­ті жан­ды дү­ние ата­улы­ның ал­тын ұя жөр­ге­гі бол­ған Жер­ді — Ана деп ар­дақ тұт­ты.

Қа­рап отыр­сақ, Жер-ана тағ­ды­ры қа­шан­нан тол­ғауы тоқ­сан та­қы­рып­тар­дың бі­рі. Де­мек, қор­ша­ған ор­та­ны жат­сын­бай оны иге­ре бі­лу тә­жі­ри­бе­сі адам­зат­тың ру­ха­ни та­ным­ды­лы­ғы­ның не­гі­зі бо­лып та­бы­ла­ды. Мұн­дай ру­ха­ни­лық қа­зақ хал­қын­да ерек­ше. Со­ны­мен, кө­не за­ман­да­ғы Көк тә­ңі­рі мен Ұмай ана (Жер-ана) ұғым­да­ры хал­қы­мыз­дың ді­ни на­ны­мын­да ға­на сақ­та­лып қойма­ған. Ол ұл­ты­мыз­дың көр­кем фолькло­ры мен әде­би­етін­де ме­та­фо­ра­ға, көр­кем­деу әді­сі­не айнал­ған.

Та­би­ғат де­ген­де оның мың сан құ­бы­лы­сын өнер­мен қы­зық­та­уға кел­ген­де іш­кен асын жер­ге қоймайтын бір­де-бір қа­зақ жоқ шы­ғар, сі­рә. Жо­ға­ры­да атап өт­кен­дей, күй — хал­қы­мыз­дың көр­кем өне­рін­де­гі са­ла­ла­ры­ның бі­рі. Тың­да­ушы­сы­на ру­ха­ни ләз­зат сыйлайтын саз­ды күйлер­дің де­ні хал­қы­мыз­дың өмі­рі, тұр­мыс-тір­ші­лі­гі, әле­умет­тік жағ­дайлар­ға байла­ныс­ты шы­ға­рыл­ған, де­мек, та­би­ғи-ру­ха­ни дү­ни­ета­ным­ды­лық­пен ты­ғыз байла­ныс­та бол­ған. Күй — кө­бі­не­се сөз өне­рі­мен ты­ғыз бір­лік­те да­мы­ған. Күйдің саз­ды әуені­нің мә­ні мен маз­мұ­нын ба­ян­дайтын сұ­лу да, сыр­лы аңыз-әң­гі­ме­лер қа­тар жүр­ген. Осын­дай сыр­лы аңыз-әң­гі­ме­лер­мен жа­рас­қан күйлер­ден хал­қы­мыз­дың ар­ман-ойла­рын, мұ­рат-мүд­де­сін, ел­ді­гі мен ер­лі­гін, қа­дір-қа­си­еті мен па­ра­сат-пайымын, бі­тім-бол­мы­сын та­ни­мыз. Бұл жер­де ең бас­ты­сы — саз­ды әуен­нің та­би­ғат­пен үйле­сім­ді­лі­гін­де, яғ­ни та­би­ғат­пен ұлы үн­дес­тік — гар­мо­ни­ясы. Күй ар­қы­лы та­би­ғат, жан-жа­ну­ар мен адам­дар­дың ара­сын­да­ғы байла­ныс­ты өзін­ше бір күш­тің әсе­рін сы­быз­ғы үні­мен әде­мі жет­кі­зе біл­ген. Адам ба­ла­сы­ның іш­кі ру­ха­ни жан дү­ни­есін, ту­ған же­рі­не де­ген са­ғы­ныш се­зі­мі, жал­пы өнер­дің ұлы кү­ші адам­ның ар­ман-ойын, ті­ле­гін, мұ­ра­ты мен мақ­са­тын, жан дү­ни­есін ба­урап ала­тын саз­ды әуен­мен жет­кі­зе бі­лу­дің өзі — да­на­лық. Бұл — қа­зақ хал­қы­ның мә­де­ни-ру­ха­ни әле­мін­де­гі ерек­ше бі­тім­де­гі төл­ту­ма құ­бы­лыс­тар­дың бі­рі. Жан-жа­ну­ар әле­мін, та­би­ғат­ты сү­юге, оның қа­дір-қа­си­етін тұ­шы­на се­зі­не-бі­лу­ге де­ген ата-ба­ба­ла­ры­мыз­да ата­дан ба­ла­ға ми­рас бол­ған та­би­ғат­қа де­ген ің­кәр се­зі­мі­нің тұ­ны­ғы күй әуені мен оның аңы­зын­да өте әде­мі кел­ті­ріл­ген. Со­дан бо­лар сайын да­ла­ның, са­ғым­ды да­ла­ның сән-сал­та­на­ты өз пер­зен­тте­рін ұдайы ын­тық­ты­рып, өнер өзе­гі­не айна­лып кел­ген. Яғ­ни та­би­ғат үйле­сім­ді­лі­гі адам­зат­тың ру­ха­ни үйле­сім­ді­лі­гі­не ті­ке­лей байла­ныс­ты.

Қа­зақ хал­қы­ның ойлау қа­бі­ле­ті­не тән та­би­ғат­пен үйле­сім­ді­лік­ке мы­сал ре­тін­де XV–XVI ғғ. өмір сүр­ген хал­қы­ның сәуегей фи­ло­соф-ойшы­лы Асан Қайғы­ның «Же­рұйығын» кел­ті­ру­ге бо­ла­ды. Ол өз елі­нің сын­шы­сы ре­тін­де елі­не жайлы қо­ныс, ба­қыт­ты өмір із­де­ге­ні ту­ра­лы аңыз-әң­гі­ме­ле­рі­мен бел­гі­лі бол­ған. Бұл аңыз­дар ха­лық да­на­лы­ғы­нан ту­ын­да­ған шы­найы фи­ло­со­фи­ялық тол­ға­улар бо­лып та­бы­ла­ды. Оның ас­қан за­ман сын­шы­сы еке­нін мы­на бір өлең жол­да­ры­нан кө­ру­іміз­ге бо­ла­ды:


Құйры­ғы жоқ, жа­лы жоқ құ­лан қайтіп күн кө­рер,

Аяғы жоқ, қо­лы жоқ жы­лан қайтіп күн кө­рер?!

Шы­бын шық­са жаз бо­лып, таз­дар қайтып күн кө­рер,

Жа­лаң аяқ ба­са­тын қаз­дар қайтіп күн кө­рер ?!7


Оның тол­ға­ула­ры­на ар­қау бол­ған — ту­ған елі­нің та­би­ға­ты, жер байлы­ғы, та­би­ғи ерек­ше­лі­гі, өсім­дік пен жан-жануар әле­мі, хал­қы мен оның ты­ныс-тір­ші­лі­гі. Бұ­ның бар­лы­ғы дер­лік фи­ло­со­фия­лық тұр­ғы­да әң­гі­ме бо­ла­ды. «Же­рұйық­қа» же­ту­дің мақ­са­ты — ха­лық­тың қа­мын ойлау, олар­ды мәң­гі ба­қыт­қа жет­кі­зу бол­ды. Бұл да бір өзін­ше ежел­гі та­рих­пен байла­ныс­ты мә­де­ни­ет дү­ни­есі­нің бір мұ­ра­сы. Осы­нау ме­ди­ен да­ла­ны жайла­ған ту­ған жер­ге де­ген қа­зақ ру­хы­на қа­нат бі­тір­ген, күш-қу­ат бер­ген хал­қы­мыз­ға тән ер­кін ойшыл­дық­тың бір ерек­ше­лі­гі. Қор­ша­ған ор­та­мен бір­лік­те, үйле­сім­ді­лік­те өмір сү­ру, адам­ды асы­ра­ушы жер­дің қа­ді­рін бі­лу қа­жет. Оның кө­тер­ген мә­се­ле­сі — ха­лық бір­лі­гін ны­ғайту. Се­бе­бі, қа­зақ хал­қы­ның ын­ты­мақ­та бо­луы — өмір қа­жет­ті­лі­гі. Оның өмір бойы із­де­ге­ні — адам­дар­дың өмі­рі­не ең қо­лайлы жер еді, яғ­ни бұл әле­умет­тік-уто­пи­ялық идея бол­ды.

Қа­зақ хал­қы­на тән ойлау қа­бі­ле­ті­нің та­ғы бір ерек­ше­лі­гі — қа­зақ­тың дү­ни­еге де­ген көз­қа­ра­сы­ның көк­жи­ек­ті­лі­гі. Көк­жи­ек­ті­лік­ке байла­ныс­ты дү­ни­ені бы­лайша қа­рас­ты­ру­ға бо­ла­ды: шет­сіз де шек­сіз да­ла, бі­рі­мен-бі­рі шек­тел­ген, бі­рі­мен-бі­рі қойын­дас­қан. Мі­не, осын­дай шек­сіз да­ла­ға көз са­ла­тын бол­са­ңыз, ең ал­ды­мен үл­кен шең­бер көк­жи­ек­ті байқайсыз. Көк­жи­ек­ті­лік­тік әрқа­шан­да ас­пан­дық күм­без­бен көм­ке­рі­ліп жа­тыр. Көк­жи­ек­пен ас­тас­қан көк әле­мі кө­гіл­дір бу­ал­дыр­ға айна­лып жат­қан тә­різ­ді. Мі­не, бұл хал­қы­мыз­ға тән та­ным­ды­лық көз­қа­ра­сын­да­ғы көк­жи­ек­ті­лік ше­ка­ра­сы­ның кең кө­лем­ді, кең ауқым­ды екен­ді­гін көр­се­те­ді. Ен­де­ше, бұл Ұлы да­ла­ға тән шек­сіз әлем­ді жә­не он­да­ғы жұм­бақ тыл­сым дү­ни­ені жұ­мыр бас­ты пен­де­нің та­нып-біл­сем де­ген ұм­ты­лы­сы. Көк­жи­ек­пен ас­та­сып үн­сіз мүл­гі­ген да­ла­да көш­пе­лі­лер өз­де­рі­нің са­на-се­зі­мі­мен, ақыл-па­ра­са­ты­мен ру­ха­ни қа­зы­на­лар­ды өмір­ге әкел­ді әрі да­мы­та біл­ді.

Ұшы-қи­ыр­сыз, ұланғайыр кең да­ла­ны өз игі­лі­гі­не айнал­ды­ру­да өз мақ­сат-мүд­де­сі­мен иге­ру­ді көк­се­ген ха­лық ар­ма­ны бү­кіл адам­зат ұр­па­ғы­ның дү­ниета­ну құл­шы­ны­сы­мен ба­рын­ша үн­дес­тік тауып жа­тыр. Ер­те за­ман­дар­да­ғы көш­пе­лі қыр қа­зақ­та­ры өт­кен ауыр да азап­ты ұзақ жол, шек­сіз са­пар­лар тә­різ­ді, та­би­ғатта­ну жүйесі де қи­ын да күр­де­лі ке­зең­дер­ді бас­тан ке­шір­ген. Дү­ни­ета­ну­шы­лық­та жа­ра­ты­лыс жер-ана, та­би­ғат әле­мі­не адам­зат­тық мән-ма­ғы­на да­ры­ту, та­би­ғат­та­ғы бір­тұ­тас жал­пы­лық ұғы­мы­ның өзі­не тән ерек­ше­лік қа­си­ет­те­рі ар­қы­лы оның бар­лық құ­бы­лы­сын ой-са­на еле­гі­нен өт­кі­зіп, ақыл-па­ра­сат­пен пайым­дап ұғы­ну­ға тал­пы­ныс жа­сал­ған. Әлем шек­сіз­ді­гі жайлы ұғым қа­лып­тас­ты­ру­да, қи­ял­мен, кө­кі­рек кө­зі­мен ой топ­шы­лау да көк­жи­ек­пен ас­тас­қан да­ла ұланғайыр бір шек­сіз­дік әсе­рін та­ныт­қан. Бұл дү­ни­ені та­ну да­на­лы­ғын ұш­тай тү­сіп, адам мен та­би­ғат жа­ра­сы­мын аң­ғарт­қан. Әрі көш­пе­лі ха­лық­тың дү­ние ту­ра­лы ұғым-тү­сі­ні­гін, шек­сіз­дік ұғы­мын, да­ла ты­ны­сы­ның заң­ды­лы­ғын, оны жайла­ған ха­лық­тың тұр­мыс ерек­ше­лі­гін се­зі­ну­мен қа­тар көш­пе­лі қауым­ның кеңіс­тік әле­мін бү­кіл адам­зат ұр­па­ғы­ның ор­тақ игі­лі­гі еке­нін түйсі­ну шын­ды­ғы­на не­гіз­дел­ген. Де­мек, дү­ние бол­мы­сы­ның тұ­тас­тық, жан-жақ­ты сәйкес­ті­гі — та­би­ғат пен адам қа­ты­на­сы­ның өза­ра бір­лес­ті­гі­нен ту­ын­да­ған жа­рас­тық үйле­сім­ді­лі­гі­нің айға­ғы. Өз ке­зе­гін­де адам ба­ла­сы­ның жал­пы та­би­ғат дү­ние­сі­мен са­бақ­тас­ты­ғы оның бү­кіл адам­гер­ші­лік бол­мыс-бі­ті­мін, бі­лім-па­ра­са­тын айқын­дайтын іс-әре­ке­ті қа­рым-қа­ты­на­сы­нан, көз­қа­ра­сы­нан кө­рі­не­ді. Сөйтіп, да­ла та­би­ға­ты­ның та­ма­ша­лы­ғы­мен бір­ге, көш­пе­лі ел­дің тір­ші­лік ерек­ше­лік­те­рі­нің өзі да­на­лық өнер­дің өсіп-өр­кен­деуіне се­беп бол­ған. Же­рі­нің та­би­ға­ты­мен, ел­дің тір­ші­лік-қа­ре­ке­ті­мен байла­ныс­ты ерек­ше­лік­тер, сайып кел­ген­де, ха­лық са­на­сы­на, се­зім дү­ни­есі­не үл­кен әсер ет­кен, тіл өне­рі­нің же­ті­лу­іне же­тек­ші бол­ған.

Бұ­ның бар­лы­ғы қа­зақ хал­қы­на тән да­на­лық бол­мы­сы­ның өзін­дік қа­си­ет­те­рі­мен си­пат­та­ла­ты­нын дә­лел­дейді. Қа­зақ ақын-жы­ра­ула­ры­ның, би-ше­шен­де­рі­нің, да­на­ла­ры­ның ойшыл­дық мұ­ра­ты — сө­зі­мен, ісі­мен, тү­сі­ні­гі­мен адам­дар­ға әсер етіп, олар­ды үйре­ту, тү­зе­ту, жөн­ге са­лу. Де­мек, ұл­ты­мыз­ға тән да­на­лық­тың дү­ни­ета­ным­дық маз­мұ­ны­нан — хал­қы­мыз­дың да­на ха­лық, ше­шен ха­лық, дү­ни­енің, бол­мыс­тың, өмір­дің қы­рын-сы­рын те­рең тү­сін­ген фи­ло­соф ха­лық екен­ді­гін кө­ре­міз.

Шы­ғар­ма­шы­лық ұл­ттық ой — көр­кем­дік са­на­ның та­лай ға­сыр­лар­ға ұла­сар ұланғайыр өріс­те­рі­нің, ру­ха­ни­лық пен көш­пе­лі­лер дү­ни­ета­ны­мы­ның айна­сы. Хал­қы­мыз­ға тән ұл­ттық бол­мыс ас­та­рын­да иман­гер­ші­лік, із­гі­лік, адам­гер­ші­лік тә­різ­ді ру­ха­ни құн­ды­лық­тар­ға не­гіз­дел­ген, әрі уақыт өт­кен сайын мәң­гі­лік си­пат ала бе­ре­ді. Ру­хы өжет хал­қы­мыз әр ға­сыр­дың өзін ұл­ттық өнер, дәс­тү­рі ар­қы­лы ал­тын ға­сыр­ға айнал­дыр­ған.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Ва­ли­ха­нов Ч.Ч. Соб­ра­ние со­чи­не­ний. – Ал­ма-Ата, 1984. – Т. 1. – С. 305.

  2. Сейдім­бек А. Күй жә­не көш­пе­лі­лер мә­де­ни­еті // Жұл­дыз. – 1991. – № 2. – 148–159-б.

  3. На­зар­ба­ев Н. Та­рих тол­қы­нын­да. – Ал­ма­ты: Ата­мұ­ра, 1999. – 26-б.

  4. Жұ­ба­нов Т. Ға­сыр­лар пер­не­сі. – Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1975. – 253–254-б.

  5. Қа­ра­ма­нұ­лы Қ. Тә­ңір­ге тағ­зым. – Ал­ма­ты: Ана ті­лі, 1996. – 15-б.

  6. Жұ­ба­нов А. Ға­сыр­лар пер­не­сі. – Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1975. – 17-б.

  7. Байділ­да­ев М. Бес ға­сыр жыр­лайды. – Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1984. – 1-т. – 26-б.

А.Ш.Мир­за­бе­ко­ва

Ка­ра­ган­дин­ский ин­сти­тут ак­ту­аль­но­го об­ра­зо­ва­ния «Бо­ла­шак»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет