Бейорганикалық химия практикумы


Кремний қышқылының тұздары



бет127/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Кремний қышқылының тұздары
Натрий силикатының ерітіндісін қызыл лакмус қағазымен тексеріңдер. Натрий силикатының ерітіндісін үш сынауыққа бөліп, біріншісіне сұйытылған тұз қышқылын, екіншісіне құрғақ аммоний хлоридін қосып жақсылап араластырыңдар. Кремний қышқылы мен аммиактың бөлінгенін байқаңдар. Үшінші сынауықтағы ерітіндіге көмір қышқыл газын жіберіңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, натрий силикатының гидролизін молекулалық және иондық түрде (осы тұздың гидролиз дәрежесін қалай төмендетуге болады?), натрий силикатының тұз қышқылымен, аммоний хлоридімен әрекеттесу реакцияларын жазыңдар. Натрий силикатының таза суда және аммоний хлориді қатысындағы гидролиз дәрежесінің айырмашылығын түсіндіріп, оның көміртек диоксидімен әрекеттесуін жазыңдар. Қандай зат тұнбаға түседі?


18. БОР
ғ 70 жұмыс. Бор алу және оның қасиеттері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, Na2B4O7 .10H2O (бура), тұз қышқылы (конц), сүзуге арналған құралдар.



1. 5 г бураны өлшеп алып, сынауыққа салып, 10 мл сумен ылғалдаңдар. Ерітінді реакциясының лакмусқа әсері қандай және ол неге негізделген? Бураның гидролиздену реакциясын молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Бураның гидролизін қалай күшейтуге болады?
2. Сынауықты бура толық ерігенше қыздырыңдар. Бураның ыстық ерітіндісіне 1-2 мл тұз қышқылын (конц.) құйыңдар. Ерітіндіні баяу суытыңдар. Не байқалады? Қандай зат кристалданады? Кристалдарды Бюхнер құйғысында сүзіп алып, бураның тұз қышқылымен су қатысында әрекеттесу реакцияларын жазыңдар.


ғ 71 жұмыс. Бор қышқылы және оның қасиеттері

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сағат шынысы, кәрлен табақша, спирт шамы, бор қышқылы, лакмус, метилоранж, метил спирті, глицерин, платина сымы, асбест торы, күкірт қышқылы (конц).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет