Бейорганикалық химия практикумы


Третник алу және олардың қасиеттерін зерттеу. (Топ болып жасалатын жұмыс)



бет130/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Третник алу және олардың қасиеттерін зерттеу. (Топ болып жасалатын жұмыс).
Кәрлен табақшаға 0,5 г қалайы мен 2,5 г қорғасын салып, оның үстіне балқытылған парафин (не үшін?) құйып спирт шамымен қыздырыңдар. Балқығаннан кейін құйманы кәрлен пластинкаға құйыңдар. Алынған құйма-третниктің, қалайының, қорғасынның балқу температураларын салыстырыңдар. Бұл үшін олардың бірдей түйірлерін металл пластинасына салып қатар қойып, қыздырыңдар. Бұл металдар қандай ретпен балқиды?


ғ 74 жұмыс. Металдар алу (Үш тәжірибенің біреуі орындалады)



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ағаш көмірі, қорғасын (ІІ) оксиді, газ жанарғысы немесе басқа қыздырғыш құрал, мыс (ІІ) оксиді, көмір, сынауықтар, U-тәрізді түтік, 10% ZnSO4, көмір электродтары, кернеуі 12 В тұрақты ток көзі.



1. Тотықсыздандыру арқылы кендерден қорғасын алу. Ағаш көмірінің кесегіне кішкене ойық жасап, оған қорғасын (ІІ) оксидін салыңдар. Қоспаны көмірде металдың жылтыр тамшылары пайда болғанша қыздырыңдар.
Реакция теңдеуін жазыңдар, оның ( G0 табу арқылы жүру мүмкіндігін дәлелдеңдер. Көміртек (ІІ) оксидінің тотықсыздандырғыштық қасиеті жоғары температурада қалай өзгереді?
2. Мыстың алынуы. Мыс (ІІ) оксиді мен көмірдің бірдей мөлшерін (барлығы 2 г-ға жуық болуы керек) жақсылап араластырып, құрғақ сынауыққа салыңдар да 15 минуттай қызарғанша қатты қыздырыңдар. Сынауықты суытып, оның ішіндегісін қағазға төгіп, алынған ұнтақтың түсі бойынша мыстың түзілгеніне көз жеткізіңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар, оның жүру мүмкіндігін есептеу арқылы дәлелдеңдер.
3. Металдардың электр тогымен тотықсыздануы (электролиз). U-тәрізді түтікті 10% ZnSO4 ерітіндісімен толтырып, оған көмір электродтарын салып, тізбектегі кернеуі 10-12 В болатын тұрақты электр тогінің көзімен қосыңдар. Мырыштың жылтыр кристалдарының түзілуі байқалғаннан кейін электролизді тоқтатыңдар. Анодта және катодта болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Мырыш кристалдарын қышқылда ерітіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет