ғ 126 жұмыс. Мыс (ІІ) аммиакты комплексті тұзын алу
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, мыс (ІІ) сульфатының пентагидраты, сүзуге арналған құрылғы, 15% аммиак, этил спирті, концентрлі аммиак ерітіндісі, натрий гидроксиді ерітіндісі, дистилденген су, күкіртсутекті су.
|
Ұнтақталған мыс (ІІ) сульфатының пентагидратының 0,5 грамын 12,5 мл 15% аммиак ерітіндісінде ерітіңдер. Лай пайда болғанда ерітіндіні сүзу қажет. Сүзіндіге ақырындап 7,5 мл спирт құйып, оны суық жерге бірнеше сағатқа қалдыру керек. Түзілген кристалды сүзіп, спирттің концентрлі аммиак ерітіндісімен қоспасымен (1:1) шайып, бөлме температурасында кептіріңдер. Алынған тұздың бірнеше кристалын судың аз мөлшерінде ерітіп, оны екі сынауыққа бөліп, біреуіне 1-2 мл натрий гидроксидін, екіншісіне күкіртсутек суын қосыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған зат ерітіндіде қандай иондарға диссоциацияланады? Алынған тұздың ерітіндісіне күкіртсутек және натрий гидроксиді ертінділерінің түрлі әсерін қалай түсіндіруге болады? Валенттік байланыс әдісі тұрғысынан комплексті ионның құрылысын қарастырыңдар.
ғ 127 жұмыс. Мыс (ІІ) тұздарының гидролизі
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, лакмус қағазы, қыздырғыш құрал, концентрлі мыс (ІІ) хлориді ерітіндісі, рН- метр.
|
а) Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін көк лакмус қағазымен сынаңдар. Сұйытылған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін қайнағанша қыздырып, қайтадан лакмус қағазымен анықтаңдар.
б) Концентрлі мыс (ІІ) хлориді ерітіндісін дайындап, оның рН-мәнін өлшеп, ерітіндіні біртіндеп дистилденген сумен сұйылтыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |