3. Мыс (ІІ) қосылыстары.
ғ 124 жұмыс. Мыс (ІІ) оксидінің алынуы
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, қыздырғыш құрал, мыс сульфаты ерітіндісі, 5% натрий гидроксиді, концентрлі және сұйытылған H2SO4, HNO3, HCІ, NаOH ерітінділері.
|
Аз мөлшердегі ыстық 5% натрий гидроксидіне ыстық мыс сульфаты ерітіндісін құйыңдар. Реакциялық қоспаны араластыра отырып, 10-15 минут бойы қыздырыңдар. Не байқалады? Мыс (ІІ) оксидінің концентрлі және сұйытылған азот, тұз, күкірт қышқылдарына, сонымен бірге суық күйіндегі және ыстықтай натрий гидроксидіне әсерін анықтаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 125 жұмыс. Мыс (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, стақандар, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, глицерин, 2% және 30% натрий гидроксиді ерітіндісі, Бунзен құтысы, Бюхнер сүзгіші, 1 н НСІ ерітіндісі, 25% аммиак ерітіндісі, сүзгі қағазы, шыны таяқша, су ағынды сорғы.
|
а) Мыс (ІІ) гидроксиді сусызданып кетпеуі үшін мыс сульфаты ертіндісіне 0,5 мл глицерин қосыңдар да, ерітіндіні араластыра отырып, мыс (ІІ) гидроксиді толық тұнбаға түскенше 2% натрий гидроксидін құйыңдар. Тұнбаны 1 мл глицерин және 1 мл суық судан тұратын қоспамен декантация әдісімен сульфат иондары толық жойылып кеткенше шайыңдар да, Бюхнер сүзгісінде сүзіп, тағы да сумен жуыңдар.
б) Алынған мыс (ІІ) гидроксидін бірнеше сынауыққа бөліп, оның 1 н хлорсутек қышқылына, 30% натрий гидроксидіне және 25% аммиактың артық мөлшеріне әсерін зерттеңдер. Бір сынауықтағы мыс (ІІ) гидроксидін қыздырып көріңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс (ІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді? Аммиак ерітіндісінде мыс қандай ион түрінде болады?
Достарыңызбен бөлісу: |