Бейорганикалық химия практикумы


ғ 131 жұмыс. Күмістің комплексті қосылыстары



бет193/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 131 жұмыс. Күмістің комплексті қосылыстары.
Диамминаргентат сульфатын алу
(топ болып жасалатын жұмыс)

Керекті құралдар мен реактивтер: күміс нитраты, 65% Н24 ерітіндісі, 25% аммиак ерітіндісі, кәрлен табақша, кептіргіш шкаф, су жылытқысы, сүзуге арналған қондырғы.

Кәрлен табақшаға 0,2 г күміс нитратын салып, 65% күкірт қышқылы ерітіндісінің есептелген мөлшерімен өңдеңдер. Ерітіндіні су жылытқысында суалтып, сонан кейін 1200С-та кептіргіш шкафқа кептіріңдер. Құрғақ қалдықты 25% аммиак ерітіндісінің (ыдысты мұзбен суыту қажет) аз мөлшерімен өңдеп, алынған кристалдарды сүзіп, оларды суық сумен шайыңдар.


Алынған кристалдардың құрамы қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Өздеріңізге белгілі күмістің барлық комплексті қосылыстарын жазып, олардың тұрақтылық константасының мәні бойынша тұрақтылығын салыстырыңдар. Ерітіндідегі күміс ионының концентрациясының шамасы бойынша күмістің комплексті қосылыстары мен галогенидтерін бір қатарға орналастырыңдар.


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
(курстық жұмыстардың тақырыптары)
1.Мыс хлоридін алу.

Керекті құралдар мен реактивтер: стақан, шынысауыт, 37% тұз қышқылы, 65% азот қышқылы, мыс үгінділері немесе сымы, су жылытқысы, сүзуге арналған қондырғы, кептіргіш шкаф.

Стаканға 6 мл су, 7 мл 37% тұз қышқылын, 2 мл 65% азот қышқылын құйып, қоспаға біртіндеп 2,5 г мыс үгінділерін немесе сымдарын салыңдар. Қоспаны су жылытқысында қыздырып, одан соң сүзіп алыңдар. Кристалл түзілгенге дейін ерітіндіні буландырып, суытып, түзілген кристалдарды сүзіп, кептіргіш шкафта 300С кептіріңдер. Оның қасиетін зерттей отырып, жабық ыдыста сақтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет