2.Мыс (І) йодидін алу.
Керекті құралдар мен реактивтер: 1 н мыс (ІІ) сульфаты, калий йодиді, күкірт диоксиді, концентрлі күкірт және тұз қышқылдары, сүзуге арналған қондырғы, қыздырғыш құрал.
|
1 н мыс сульфатының және калий йодидының ерітінділерін бірдей көлемде араластырыңдар. Түсі өзгергенге дейін ерітіндіге күкіртті газды жіберіңдер. Алынған затты сүзіп, сумен шайып, кептіріңдер де, концентрлі күкірт және тұз қышқылдарына, аммиакқа, сонымен бірге қыздыруға әсерін зерттеңдер.
3.Күміс хлоридінен күмістің алынуы
Керекті құралдар мен реактивтер: сұйытылған күкірт қышқылы, күміс хлориді, 40% формалин, 30% натрий гидроксиді, аммиак ерітіндісі, кәрлен стақан.
|
Кәрлен стақанға 1 г күміс хлоридін, 1,8 мл 40% формалин ерітіндісін құйып, оған араластыра отырып 2 мл 30% натрий гидроксидін қосыңдар. Бөлінген күмісті сұйытылған күкірт қышқылымен, сумен, аммиак ерітіндісімен, тағы да сумен шайып, екі сүзгі қағазында кептіріп, лаборантқа өткізіңдер.
32. МЫРЫШ, КАДМИЙ, СЫНАП
ғ 132 жұмыс. Мырыш және оның қосылыстары
Қажетті жабдықтар және реактивтер: сынауықтар, спирт шамы, түйіршікті мырыш, мырыш сульфаты немесе хлоридінің 10% ерітіндісі, натрий гидроксидінің 1 н ерітіндісі, сұйытылған тұз қышқылы, 10% аммиак ерітіндісі.
|
1. Мырыштың қышқылдарға әсері. Жеке сынауықтарда мырыштың 1-3 түйіріне сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт, азот қышқылдарын құйыңдар. Суықта реакция жүрмеген сынауықтарды қыздырыңдар. Не байқалады? Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |