2. Мырыш гидроксидін алу және оның қасиеттері. 1-2 мл мырыш сульфаты немесе хлоридіне аздап (0,5 мл) 1 н натрий гидроксидін құйыңдар. Тұнба түзілгенін байқап, сол тұнбаны 2 сынауыққа бөліңдер де, біреуіне сұйытылған тұз қышқылын, екіншісіне-тұнба ерігенше 1 н сілті ертіндісінің артық мөлшерін қосыңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
3.Мырыштың комплексті қосылыстары. 1-2 мл мырыш сульфаты немесе хлориді ерітіндісіне аздаған аммиак ерітіндісін құйыңдар да, ақ тұнба түзілгенін байқаңдар. Тұнба ерігенше тағы да аммиак ерітіндісін құйыңдар. Не себептен мырыш гидроксиді аммиакта ериді? Қандай жағдайларда мырыш гидроксиді толық тұнбаға түседі? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар.
ғ 133 жұмыс. Кадмий және оның қосылыстары
Қажетті жабдықтар және реактивтер: химиялық стакан, мырыш пластинасы, кадмий сульфатының 40% ерітіндісі, қысқыш, тұз, күкірт, азот қышқылдарының және натрий, аммиак гидроксидтерінің сұйытылған және концентрлі ерітінділері, отбақыраш қақпағы, спирт шамы, кадмий нитраты, 25% аммиак ерітіндісі, 10% кадмий нитраты, аммоний гидроксидінің ерітіндісі, натрий гидроксиді, тұз, күкірт және азот қышқылдарының 2 н ертінділері.
|
1. Кадмий алу және оның қасиеттерін зерттеу.
Химиялық стаканға 5-6 мл кадмий сульфатының 40% ерітіндісін құйыңдар. Осы ерітіндіге жіңішке мырыш пластинкасын салыңдар. Не байқалады? Бір сағаттан кейін әрекеттеспеген мырышты стаканнан қысқышпен алып тастап, ерітіндіні шыны таяқшамен жақсылап араластырыңдар. Түзілген затты шайғыш шынысауыт арқылы ыстық сумен жуыңдар. Ауада кептіріп, алдағы тәжірибелер үшін сақтап қойыңдар. Кадмий металына сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт, және азот қышқылдарының суықта және қыздырғанда (тартқыш шкафта!) әсерлерін тексеріңдер. Не байқалады?
Кадмийге сұйытылған және концентрлі натрий және аммоний гидроксидтерінің әсерлерін тексеріңдер. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |