Бейорганикалық химия практикумы


ғ 8 жұмыс. Сұйықтарды тазалау-айдау



бет34/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 8 жұмыс. Сұйықтарды тазалау-айдау
Айдау – сұйық заттарды ұшпайтын қоспалардан бөлу процесі немесе әртүрлі қайнау температурасымен ұшқыш заттарды бөлу. Бұл сұйықты қайнауға дейін қыздырғанда және оның буларының тоңазытқышта конденсациялануымен жүзеге асады.
Сұйықтарды айдаудың үш тәсілі бар:
а) қалыпты қысымда (қарапайым және фракцияланған айдау);
б) төменгі қысымда (вакуумда айдау);
с) су буымен.
Қалыпты қысымды айдау (қарапайым айдау).
Қарапайым айдауда қайнап жатқан сұйықтың булары айдауға арналған құтыдан үздіксіз тоңазытқышқа түседі де, онда конденсатқа айналады осылайша сұйық қоспасын бөлу негізінен тек булану сатысында жүруі мүмкін.
Қарапайым айдау айдалатын қоспаның құрамына кіретін заттың қайнау температурасы бір-бірінен өте ерекшеленетін кезде қолданылады.
Қанағаттанарлық бөлу айдалынатын сұйықтардың қайнау температураларының айырмашылықтары 800С-дан кем болмаған жағдайда мүмкін болады. Қарапайым айдау заттарды ұшпайтын немесе қиын ұшатын қоспалардан тазарту үшін ыңғайлы.
Қарапайым айдауға арналған қондырғы 20-суретте көрсетілген. Ол термометр мен (6) Вюрц құтысынан (1), төмен қаратылған Либих тоңазытқышынан (2), шүмектен (4), қабылдағыштан (3) және хлоркальцийлі түтіктен (5) тұрады. Вюрц құтысына айдалатын сұйық оның 2/3 көлемін толтыратындай етіп құйылады. Құтыны тоңазытқышқа жалғағанда шығатын түтігінің ұшы тығыннан тоңазытқышқа 2-3 см- ден кем болмайтындай шығып тұруы қажет.



Термометрдің сынап шаригі айдалатын сұйықтың буымен жақсылап шайылу үшін иілген кететін түтік саңылауынан шамамен 0,5 см-дей төмен болуы керек. Айдауға арналған құтыға конденсат кері түспейтін, қабылдағышқа бағытталған тоңазытқыш тіке немесе төмен

20-сурет. Қарапайым айдауға арналған аспап

түсетін тоңазытқыш деп аталады. Егер айдалатын сұйықтың температурасы 120-1300С-дан

төмен болатын болса, тіке тоңазытқыш ретінде Либих тоңазытқышы қолданылады. Айдау кезінде судың тоңазытқышқа үздіксіз келіп тұруын қадағалау керек, себебі бұлай болмаса өрт немесе жарылыс болуы мүмкін.
Егер айдалынатын сұйықтың температурасы 120-1300С-дан жоғары болса, онда температураның үлкен айырмашылығы салдарынан тоңазытқыштың ішкі түтігі оның ішкі және сыртқы бетінде жарылуы мүмкін. Қайнау температурасы бұдан да жоғары сұйықты айдағанда суытқыш компонент ретінде ағын су емес ауамен салқындатуды қолдану ұсынылады.
Сұйық бірқалыпты қайнау үшін құтыға күйдірілген жылтыратпамен қапталмаған кәрлен немесе бір ұшы бітелген, екінші ұшымен сұйыққа батырылған ұзын шыны капиллярлар ("қайнағыштар") салынады. Айдау жылдамдығы қабылдағышқа сұйықтың түсу жылдамдығымен реттеледі (секундына 1-2 тамшыдан көп емес).
Дара затты айдағанда оның қайнау температурасы барлық айдау кезінде тұрақты болып қалады. Егер қайнау температуларының біршама айырмашылығы бар екі заттың қоспасы айдалатын болса, онда бірінші қайнау температурасы төмен сұйық айдалады. Егер қайнау температурасы өсе бастаса, онда бұл біріншіге қарағанда қайнау температурасы жоғары болатын басқа сұйық айдала бастағанын білдіреді. Екінші сұйықтың айдалу процесінде де тұрақты температура орнайды. Осылайша қабылдағыштарды ауыстыра отырып бірнеше фракция жинап алуға болады.
Егер айдалатын қоспа қайнау температуралары жақын және азеотропты қоспа түзбейтін компоненттерден тұратын болса, онда фракциялық айдауды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет