Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы



бет23/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
399017333 (1)

Спарта мемлекетінде егін шаруашылығы басым болды. Мұнда құлдық қоғам үстемдщік етті. Сондықтан, құлдардың көтерілісін басып отыру үшін–әскери бағындыру тәрбиесі құрылды. 7 жасқа дейін ұлдар үйде тәрбиеленді, 7-18 жасқа дейін «агеллаларда» (интернатта) педаном тәрбиесінде болды. Оларды Геруссия (ақсақалдар) мәжілісі тағайындады. 18-20 жаста эдебов топтарына кіріп, әскери қызметке үйретілді. Қыз балалар дене тәрбиесі мен әскери жұмысқа үйретілді. Қаланы қорғау, азық-түлік шығаруға дайындалды.
Тәрбиенің мазмұны–аштыққа, ыстыққа, суыққа, ауруға мойымау, төзімді болу. әскери гимнастикаға үйрету: жүгіру, қарғу, күресу, диск лақтыру. Спарталық тәрбиеден дене шынықтыру жаттығулары бастау алады. Рухани тәрбие-музыка, әскери өлең, би билеуге үйретілді. Тәртіліпке тәрбиелеу-тіл алғыш, құлдар мен жауларды жек көру, батыр да ұқыпты болуға үйрету. Анық және қысқа сөйлеуге дағдыландыру.
Афинада мемлекет тұтқасын плутократийлер ұстап тұрды. Афина мектебінде грек философиясы дамыды. Мұнда (калегатияда) дене тәрбиесі мен адамгершілік рухында тәрбиелеу идеясы бастау алды. Балалар 7 жасқа дейін үйде тәрбиеленді. 7-14 жасқа грамматистер (оқу, жазу, санау) және кифаристер (эстетика, музыка, өлең, дикламация) мектебінде тәрбиеленді. Сабақты «дидаскалар»-мұғалімдер жүргізді. Екі мектепте де оқу ақылы болды. Білім мазмұны мен көлемін мұғалімдер өздері белгілеп отырды, ұрып тәрбиеге шақыру болды. 14-18 жасқа дейін «палестра» күрес мектебінде оқыды. 2-3 жыл гимнастикамен шұғылданып ерекше мұғалімдерден «педатрибалардан» сабақ алды. Бес сайыс (пяти борье) түрімен шұғылданды, саяси мораль тақырыбында өнегелілік туралы әңгімелер жүргізді. 16-18 гимнасияда, 18-20 эфебея мектебінде білім алды.
Гимнасияда–философия, саясат, әдебиет мәселелері таныстырылды. Бұл мектептерде құл иеленушілер балалары оқыды. Демостар–кедейлер, көбіне жұмыс тәжірибесін игерді. Дене еңбегінен құл иеленушілер балалары алыстатылды.

3.Көне Римдегі мектеп және тәрбие жүйесі. Квинтиллиан ой пікірлері.


Көне Рим республикасында құлдық қоғам б.з.д. ҮІ-І ғасырда пайда болды. Қалалардың дамуымен мектептер ашылды: элементарлық және грамматикалық мектептер. Элементарлық мектептерде ерікті шаруалар балалары оқыды. Шонжарлар балалары грамматикалық мектепте оқыды. Элементарлық мектепте ер балалалар оқуға, жазуға, санауға үйретілді. Грамматикалық мектепте латын әдебиеті, грек грамматикасы оқытылды.
Б.з.д. 146 жылдары Грецияны жаулап алғаннан кейін жеке меншікті көтеріңкі мектептер (риторика) ашылды. Аристократ жастар рим және грек әдебиетін, шешендік өнерді, философия мен заңтануды, математика мен музыканы оқыды, мемлекетті басқару қызметін алуға даярлықтан өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет