Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы



бет22/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
399017333 (1)

Конфуций (б.д.д. 551-479 ж.) 22 жасында өз мектебін ашқан. Мектебінде төрт пәнді оқытты: мораль, тіл, саясат, әдебиет. Оқыту әдісі: үлгі алу, оқытушы мен оқушы арасындағы диалог, салыстыру, қарама-қарсы қою, классификациялау, әңгімелеу мен топшылау. Конфуций ілімінің негізінде–адамды мемлекетті басқаруға даярлау. Оның адамгершілік және ойлау жүйесін қалыптастыру. Идеалды адам бейнесін бірінші болып жасады–тәрбие нәтижесінде адамгершілік қасиет пен мәдениеттілікке жетеді. Оның бойында ізгілік, адамсүйгіштік, адамгершілік, шыншылдық, адалдық, ақжарқындық басым болуы қажет. Үлкендерді сыйлау, ізетті болуға тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді. Музыка, этика мен моральға, тұлғаның адамгершілікті жетілуіне көңіл бөлінді.
Конфуций тұлғаның жан-жақты дамуы туралы пікірді бірінші болып айтқан ойшыл. Оның жазған «әңгімелер мен тұжырымдар» атты трактаты б.з.2 ғасырдан бастап мектептегі міндетті жаттауды қажет ететін негізгі еңбек болды. Тәрбие мен оқыту ісініде Конфуцийдің ілімі алынды, мектеп ісі мемлекеттің саясат ісіне айналды.
Көне Индияда касталар қоғамы болды. 4 каста болды: жоғарғы каста- брахман, кшатрий (әскерилер), вайшья (қол өнершілер, саудагер мен жер иеленушілер), төменгі каста-шудра (жалдамалы жұмыскерлер, жұмысшылар, құлдар). Б.д.д. 3-2 мыңжылдықта мектепте білім беру пайда бола бастады. Тәрбие мен оқыту от басылық және сословиелік дәреже сипатында болды. әр кастағаға өзіндік тәрбие мен оқыту жүйесі пайдаланылды. Дене, адамгершілік және ойлау қабілетін дамыту арқылы өз кастаңа сәйкес боласың деген ой басымдық етті. Брахман ойлауға қабілетті, ой еңбегңмен, кшатри–күшті, оған ер жүректік тән, вайшья–оған еңбекқорлық пен төзімділік, шудраға тәуелді болу тән еді.

2.Көне Грециядағы мектеп пен тәрбие жүйесінің жаратылысы.


Құл иеленушілік қоғамда педагогикалық ой мен мектеп ісі нақтылы тұжырымдала түсті. Ертедегі Грецияға Шығыс мәдениеті әсерін тигізді. Көне Грецияда әр қала–полис болып құралды. Ең ірі көне мемлекеттер болып Лакония–Спарта және Аттика-Афина болып есептелінді. Екеуі де құл иеленушілік сипаттағы мемлекет болғанымен тәрбие екі түрлі мазмұнда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет