Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы



бет24/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
399017333 (1)

Марк Фабий Квинтиллиан (б.з. 30-96 жылдаыр шамасында өмір сүрді)- көне рим теоретигі; шешендік өнер шебері (оратор). Негізгі еңбегінде – «Institutio oratoria» - «Шенедерге нақыл-сөз» - балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу туралы өй-пікірлері жинақталған. Мектепте дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдысын қадағалап, тәрбие жүйесінде ойынды кеңінен пайдалануды ұсынды. Тәрбиелеуде мектептің маңызын жоғары бағалады. Мектепте бала көргенін қайталауға, өзіндік шығармашылықпен айналысуға, жарысуға, өз-өзін бағалауға мүмкіндік алады. Балалардың барлығы табиғатынан тапқыр, ойлау жүйесі ұшқыр болады деп танып, тәрбиенің күшіне қатты сенді. Тәрбиелеуде балалардың жас ерекшелігін ескеруді талап етті. Оқытудың үш сатысын белгіледі: көргенін қайталату, ақыл-кеңес беру, жаттығу. Жаттау мен ойлау арасында үйлесімді байланысты сақауды талап етті. Дене жазасына қарсы болды. Оқытушылардың білім кең, адамгершілігі мол, балаларды жақсы көретін адам болуына басты назар аударды.

  1. тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар.

1.Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі.
2.Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту.
3.Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.

1.Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі.


Батыс Еуропа мен Византия сияқты орта ғасыр өркениетiн сақтап, ежелгi мәдениетi мен бiлiм дәстүрiн жалғастырып келе жатқан орталықтарының бiрi - Таяу Шығыс.
ҮII-ҮIII ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстiк Африка елдерiн арабтар жаулап, жаңа дiндi исламды алып келдi. Ислам дiнiн негiздеген, өзiн “Алланың елшiсi” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж. болды). Мұхаммед және оның iзбасарлары – халифтер ислам дiнiн уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған.
Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттер өздерiнiң бұрынғы мәдени және әлеуметтiк мұраларынан айрылмай, салт-дәстүрлерiн және өмiр тұрмыстарын ұзақ жылдар бойы сақтай бiлген. Арабтар қоластында Таяу Шығыстың iрi қалалары: Дамаск, Александрия, Кордова тәрiздес қалалық орталықтар өз тiршiлiктерiн жалғастырумен қатар, Бағдат және Каир (Х-ХI ғ.ғ.) сияқты бiлiм ордаларына айналды.
Таяу Шығыстағы орта ғасыр мәдениетi және ағарту iсi, сауда-саттық пен қолөнерi дамып, үлкен қалаларда шоғырланған. Халифат мәдениетiн (арабтардың құрған мемлекеттiң басында халифтер – Мұхамед пайғамбардың iзбасарлары тұрды) мұсылман мемлекеттерiнiң халықтары, яғни арабтармен қатар парсылар, түрiктер, тәжiктер, сириялықтар және басқа жұрттар бiрге таратып, дамытуға үлес қосты.
Үндістаннан Испанияға дейiнгi кең аумақта арабтардың әдеби тiлi, мәдени мұралары, дүниетанымдық әдiс-амалдары сақталып, ислам дiнiнiң тұрақтануына жағдай жасалды. Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттерде бiлiм жүйесi де бiркелкi болды. Араб қалаларының (Мекке, Медина, Йемен, т.б.) халықтары исламға дейiнгi кезеңде балаларды оқытып, хат танытқан. Мысалы, III-IҮ ғ.ғ. арамей әлiппелерiнiң негiзiнде араб жазуы пайда болған. Сирия, Египет, Месопотамия және Иранды арабтар басып алғаннан соң (ҮII ғ.) мұсылмандық жалпы бiлiм беретiн мекемелер-медреселер құрылды. Олар халықтың хат тануына, исламның таралуына ұйытқы болатын басты құрал болатын. Араб тiлдi мектептер ҮII ғасырдың соңында мемлекет қажеттiгiн өтеу мақсатында бiлiмдi шенеунiктер дайындауға кiрiстi. Осы мезгiлден бастап барлық құжаттар грек немесе арамей тiлдерiнде емес, араб тiлiнде дайындалатын болды.
Көп жағдайда оқу үрдiсi мешiттер жанында, кейде үйде немесе тапшанда ұйымдастырылып, құранды оқуға, жазу мен есеп-шотқа машықтандырумен бiрге араб тiлi мен грамматикасын, әдебиетiн оқытуға да бiрсыпыра уақыт бөлiнетiн болды. Шәкiрттер аптасына алты күн оқып, жұма күнi жұма намазға қатысқан. Сейсенбi мен сәрсенбi күндерi ертеңгiлiк мезгiлде өткен сабақтарын қайталаған. Ал, сабақтан тыс мейрамды күндерi, оқушылардың мектепке келетiн мезгiлiн мұғалiмнiң өзi белгiлеп отырған.
Оқыту әдiстерiнiң негiзi – оқу және дiни мәтiндерiн жаттау, сонымен бiрге мұғалiмнiң дауыстап оқығанын жазып алу болатын. Жасы үлкен оқушы, өзiнен кiшi оқушыны оқытуға көмектесуге тиiстi болған, бiрақ ересек оқушы тарапынан қатыгездiк болмасын деген ниетпен оны аракiдiк ауыстырып отыру жөн деп есептеген.
Халық арасында бiлiм таратуда көптеген кiтапханалар қызмет жасаған, IХ-Х ғ.ғ. ''Ақыл үйi'', ''Бiлiм үйi'' оқу-тәрбие орындары ұйымдастырылған, олар оқу, аударма және ғылыми орталықтарына айналған. Х ғасырдың орта шенiнен бастап Орталық Азия мен Солтүстiк Иранда жоғары оқу орындары - медреселер ашылып (ХI-ХIII ғ.ғ.), бүкiл Таяу Шығысқа тарады. Соның iшiндегi ең iрiсi – Низамийя медресесiн Бағдатта 1067 жылы белгiлi саяси қайраткер Низам аль-Мулк ашқан.
Медреседе тыңдаушылар жатақ орынмен, азық-түлiкпен қамтамасыз етiлiп, оларға ай сайын ақшалай жәрдемақы берiлумен қатар оқытушылары да еңбекақы алып отырған. Медреседе дәстүрлi ғылымдарды оқытумен бiрге мұсылман құқығы бойынша шариғат талабын орындауға ерекше назар аударылған.
Араб халифатындағы ағарту саласының төмендеуiне IX ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың аяғында христиан дiнiн уағыздаушылардың жорықтары және XIII ғасырдағы монғолдардың шабуылы бүкiл Орта Азия, Иран, Ирак және Сирияны талан-таражға салуы тiкелей әсер еттi. XIV ғасырдың соңында Ақсақ Темiрдiң жорығынан кейiн аттары аталған елдердiң қалалары бос қалып, сауда-саттық және мәдени байланыстар үзiлiп мемлекеттердiң мәдени деңгейлерi төмендеп кеттi. Сонымен, XIV- XV ғасырларда шығыс мұсылман елдерiнiң Батыс Еуропа елдерiне қарағанда әлдеқайда әлеуметтiк-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық жағынан артта қалуы тәрбие жүйесiне де керi әсер еттi. Бiрақ, Араб халифатының мәдениетi, ғылым және бiлiм саласындағы мұның алдындағы мол табыстары Батыс Еуропаның тәрбие мен бiлiм саласына игi ықпал жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет