Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі мектеп пен тәрбие



бет21/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
399017333 (1)

2 тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі мектеп пен тәрбие.



  1. Көне Шығыстағы, Көне Индия мен Көне Қытайдағы мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің жаратылысы.

  2. Көне Грециядағы мектеп пен тәрбие жүйесінің жаратылысы.

  3. Көне Римдегі мектеп және тәрбие жүйесі. Квинтиллиан ой пікірлері.

1. Көне Шығыстағы, Көне Индия мен Көне Қытайдағы мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің жаратылысы.


Құл иеленушілік құрылыс–құлдық қанауға негізделген тарихтағы тұңғыш таптық-қоғамдық экономикалық формация. Құлдық қоғамдық құрылыс алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болды. Ертедегі құл иеленуші мемлекет б.з.д І ғасырда қалыптасты. Құлдық қоғам (Месопатамия), Египет, Жер орта теңізі елдерінде және Азияның бірсыпыра елдерінде б.з. 3-ғ ғасырларына дейін үстемдік етті.
Жаңа Вавилон, Ассирия дәуірінде (б.д.д. 1 мың жылдық) эддубаларда білім беру мазмұны: философия, әдеибет, музыка, тарих, геометрия, география, заң негіздерімен толықтырылды. Математиканы оқытуда: логарифмдерді, квадрат пен куб түбірін табуды үйретумен толықтырылды. Мектептегі оқыту барысында оқушыларды емдеуге де бағыттады. Осы кезде үстем тап өкілдерінің қыздарына да білім беру ісі қолға алынды: жазуға, математикаға үйретілді, дін мен тарих оқытылды. Мұнда «зиккурат» - білім үйлерінде сабақ оқылды.
Көне Египетте: от басыда ұл мен қыз бірдей тәрбие алды. Астрономия, арифметика, геометрия, медицина ғылымдарының негіздері дамыды.
Көне Египеттегі тәрбие және білім жүйесі: Көне Египеттегі тәрбие және білім жүйесі: оқыту мен тәрбие отбасында жүргізіледі. Ұл мен қыз тәрбиесі бірдей жүргізілді. Ер мен әйел тең құқылы болды. Тәрбие идеалында көп сөйлемейтін, тағдыр ісіне шыдамды адам алынды. Оқушы міндеті: тыңдай білуге үйрену. Ертеден кешке дейін мектепте сабақ жүргізілді. Баланы жазалау қажетті деп саналды. Отбасы тәрбиесімен бірге сәуегей мен сарай маңы мектептер салынды. Бұл мектепте балалар бес жастан бастап тәрбиеленді. («әулие» жазбаға үйретілді). 700 иероглифті есте сақтау, сурет және әдемі жазу, іс қағазды құрастыру, діни мәтінді жазуға үйретілді. Мемлекеттік басқару үшін мамандар «Қызметкерлер» мектебінде даярланды. Папируста жазу пайда болды-қурайдан таяқша, күйеден, охра мен судан тұратын бояу даярланды, қара және қызыл бояу қолданылды. Папирус көп қайтара пайдаланылды (сумен жуылады). Орама құралдар пайда болды, (күні, айы, жылы) сабақтың мерзімі көрсетілді, жазу мен есептеуде: түрлі түсті тастар, жеңілдетілген есептеу тәсілдері қолданылды. Білім мазмұнына: астрономия, математика, геометрия, география, медицина ғылымының негіздері енді. Емшілер мектебі ашылды: патша мектебінде – ақсүйектердің балалары патша балаларымен бірге оқытылды. Басқа елдердің тілдеріне үйретілді, көне мәтінді аудару ісімен айналысты.
Б.д.д. УІ ғасырда Көне Қытайда: философиялық мектептер, даосизм, буддизм, конфуцизм дамыды. Төменгі және жоғарғы мектептерде: ерікті және ауқатты отбасы балалары оқыды. Алты өнерге үйретілді–мораль, жазу, есеп, музыка, садақ ату, ат үстінде жүру, қарапайым иероглифтерді жазып үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет