Даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі. Даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесінің мәні білім беру жүйесінде балаға пән арқылы емес, баладан пәнге келу, пәнді баланың мүмкіндіктеріне сүйене отырып меңгерту емес, оның мүмкіндіктерін есепке ала отырып дамыту, жетілдіру, байыту. Яғни:
- теңесуге бағдарлаудан бас тарту:
- тұлғаның жақсы жақтарын көре білу;
11-тақырып. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI-ХVғ.ғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.
1.Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы.
2.Қазақ халық педагогикасы. Мұсылмандық мектептер мен медреселер.
3.Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері.(Қорқыт-Ата, Қ.А.Иассауи)
Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі - Қорқыт ата тағылымдары. VIII-IX ғғ. төңірегінде сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз-Қыпенақ тайпаларының мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазымышқа қарсы күресіп, адамның мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан Қорқыт туралы аңыз-жырлар, бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы» - Орта Азия, Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескерткіші. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын мекендейтін түркі тілдес халықтрдың барлығының ортақ рухани игілігі. Қорқыт ата тағылымдарында тәлімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи-этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ қастерленіп келеді. 1980 жылы Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығы) станциясының солтүстік-батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның зиратының басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген құрметтің белгісі.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылдық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ түргеніміз абзал.. «тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды... Менмен, тәккапар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді...» Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үйішілік жарасымды қарым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әр түрлі мінез құлық сипаттары жайында айтқан тағылымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай: «Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаненама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды... мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар... Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі».
Достарыңызбен бөлісу: |