13-тақырып. Қазақстандағы мектеп пен педагогика. (20-30 жж.)
1. 1. Мағжан Жұмабаевтың педагогтық, ағартушылық қызметі.
2. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы.
3. А.Байтұрсыновтың педагогтық-әдістемелік қызметі.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)– ақын, педагог-ағартушы. Тәлім - тәрбие ғылымының теориялық жағына Кеңестік Қазақстанда Қазақ төңкерісінен кейінгі мерзімде тұңғыш терең үңілген қазақ педагогтарының бірі. Мағжан қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданына қарасты Мағжан атындағы совхозда дүниеге келген. Ол төрт жасында ауыл мұғалімі Ахметдиннен сауатын ашқан. Баласының оқуға ынтасын көрген әкесі Мағжанды Қызылжардағы М.Бегішев ұстаздық еткен медресеге береді. Кейіннен Мағжан мұғалімдер семинаряисына түсіп, оны алтын медальмен бітіреді.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)–жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарынды романшы-драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші, ағартушы-педагог. Туылған жері қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атырабы. 1ғ-16 жасында Павлодардағы орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, оны 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі. 1918 жылы аяқтайды. Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді, Шымкенттегі педагогика техникумының директоры болып қызмет атқарады. 1919 басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінеді, 1931 жылы атылады. 1924 жылы жазылған «Тәрбиеге жетекші» атты кітабында педагогикалық мәселелерді талдайды.
Ахмет Байтұрсынов (1873–1937)- белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түркутанушы, жазушы, публицист, ағартушы–педагог. Ахмет Байтұрсынов бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысында, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде қазақ шаруасының әулетінде дүниеге келді. Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 189ғ-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды, мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ берді. Отаршылдыққа қарсы күреске араласқаны үшін бірнеше рет тұтқындалып (1909, Семей түрмесіне жабылады), 1910 жылы Орынборға жер аударылады. 1911 жылы «Маса» атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарады. 1913-17 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-19 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскери–революциялық комитеттің мүшесі, 1922-2ғ жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби коммиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 192ғ-29 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарады. 1937 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді. 1988 жылы ел-жұрт алдында толық ақталды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім–ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді, «әліпби», «Тіл құралы», «әдебиет танытқыш» атты кітаптары қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазды.
Ахмет Байтұрсынов–қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. 1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін, ол қолданбалы грамматиканы да жазады. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деп атайды. 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарады. 1926 жылы «әліпбидің» жаңа түрін суреттері бар әліппе кітабын жазады.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақша жазған әліппесі, араб жазуына кіргізген реформасы (төтенше жазу), қазақ тілі білімінің негізгі терминдерін халықтық бейнелі ойлау мүмкіндігімен сабақтастыруы қазақ халқының ғылыми тіл біліміне үлкен үлес қосқан еңбегі. Ол қазақ тіліндегі негізгі терминдерге анықтама берді, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырды. Ахмет Байтұрсыновтың әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазып, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған еңбегі қазақ халқының жарқын болашағының негізі болды.
Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралы» (1925) үш бөлімнен тұрды: Фонетика, Морфология, Синтаксис. Бұл қазақ тілінің грамматикалық басты салалары деп, қазақ тілін ғылыми дәрежеде зерттеуге негіз салады. «Тіл жұмсар» оқулығы екі бөлімді қолданбалы құралында қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін жасайды. Мұғалімдерге арналған «Баяншы» әдістемелік жазбаларында қазақ тілін балаға үйретудің жолдарын ашады.
«Оқу құралы» ретінде жазылған еңбегін балалар әліппесі ретінде құрастырды, кейін бұл құралды әліпше, сауат ашқыш (ересекетер әліппесі), әліппе-астар (әліппеге әдістемелік нұсқау) ретінде жалғастырды. Ахмет Байтұрсыновтың әліппе, оқулықтары сол кездегі алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде, белгілі педагогикалық-дидактикалық ұстанымдарды сақтай отырып, жас өспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере жазуымен құнды.
«Әдебиет танытқыш» зерттеуінде (1926) Ахмет Байтұрсынов әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, әдіснамасына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.
Мұғалімдердің тіл ұстартуда қандай әдістерді пайдалануы қажеттігі туралы құнды пікірлер айтты: бала оқытып жүрген мұғалім дыбысты айыра білу ісімен шұғылдануы тиіс. Баланың оқуға жаттықтырғанда дыбыстан бастау керек деген пікір айтты. Арнаулы бастауыш мектепте қазақтар 5 жыл, оның соңғы екі жылында екі жыл оқуы керек деп тұжырымдайды. Бастауыш мектепте оқығандардан қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын талап етті. Бастауыш мектепті оқып бітірген жастың оқуын жалғастыруына көңіл бөлді. Ол «Қазақ» газетінде «Бастауыш мектеп» деген арнайы мақаласында. білімнің іргетасы балаға бастауыш сыныптарда қалады, ендеше бала оқыту ісін түзеуге осы кезден бастап қолға алу қажеттігі туралы ой білдіреді.
Ахмет Байтұрсынов жасаған жаңа жазу бүгінгі Иран, Ауғанстан, Қытай елдеріндегі қазақтар кең қолдануда.
4. Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының дамып қалыптасуында 1933 жылы Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жанынан тұңғыш құрылған педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты елеулі рөл атқарды. 1920-1935 жылдары педагогика мен психология ғылым саласында еңбек еткен Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов, С.Асфендияров, Н.Құлжанова, Ш.әлжанов еңбектерін ерекше атауға болады. 1935-1980 жылдарға дейінгі аралықта Қ.Жарықбаев пен Серғазы Қалиев «Қазақ тәдім-тәрбиесі» оқулығында көрсеткеніндей М.әуезов, ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Е.Бекмаханов, ә.Сембаев, ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов, М.Мұқанов, М.Ғабдұллин, Қ.Бержанов сынды ғалымдардың зерттеу еңбектерінің қазақ мектебі мен оқу ісінің дамуына қосқан үлесін ұшан-теңіз.
Мұхтар әуезов (1897-1961) «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1927) атты еңбегінде ұлттық педагогика менпсихологияның жекелген мәселелерін ғылыми тұрғыда қарастырады. Бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес жазылған 1930 жылы Қызылордада жарық көрген «Жеткіншек» атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралында жағрафия, ауыл шаруашылығы, әлеумет пен саяси-экономикалық жағдайлар жеңіл тілмен жазылған. Бұл оқулықта көтерілген мәселелер «Қазақ шаруы жастары мектебіне арлаған бағдарлама және түсінік хаттар» деген атпен жарық көреді. Қазақ метебінде жүйелі түрде математика, химия, қоғамтану, әдебиет пәндерінен нені және қалай оқыту керектігі туралы түсініктер беріледі. Мектеп пен сыныптан тыс оқуға берілетін тапсырмалар жүйесі де келтіріледі.
Шарапи әлжанов (1901-1938) қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры. Республика жағдайына орайластыра оқыту және тәрбиелеу процестерінің жекелеген мәселелеін, ағарту ісінің тарихы мен практикасы, ұлттық педагогикалық термиендердің жаңа нұсқауларын ұсынады, педагогика мен психология мәселелерін қатар зерттеп, тәрбиешілер мен мұғалімдерге арнап ғылыми ұсыныстар жазды.
Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) – дидактика теориясын қарастырған «Педагогика мәселелері» атты оқулық авторы білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдері, баланың өз бетімен кітап оқу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, оның білімі, іскерлігі мен дағдысын бағалаудың ғылыми негіздерін қарастырады. Педагогика тарихы саласында кұнды пікірлер, талдаулар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |