Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 4-сабақ
Бөлім:
|
І бөлім: Қалың елім, қазағым
|
Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 10
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басталуы
10 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
Осы мен өзім – қазақпын. Қазақ ты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді.
АБАЙ
Ақын қалың елі –қазағына не айтқысы
келген екен?
Мұғалім түсіндірмесі
1886 жылы он бір буынды қара өлең ұйқасы мен жазылған бұл өлеңде халық мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығы бей не лене ді. Абай «Қалың елім, қа за ғым, қайран жұртым» деген бір сөйлемге соншама үлкен мағынаны сыйғызған. Мұнда туған халқына деген шексіз сүйіспеншілік сезімі жатыр. Оны «Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұ зылды сартша сыртың» деген өкінішті сөзінен де байқауға болады. М.Әуезов те: «Жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны – «қалың елі, қазағы»... Оны «қайран жұртым» деп, бар жанымен ынтыға сүйеді», – деп көрсетеді. Абай дерті – елдігінен айырылып, берекесі қашқан қалың елі қазағының тарихи трагедиясы. Ресей империясының отарына айна лып, «өз малын өзімдікі дей алмай», етек басты күн кешкен қазағының ауыр халі жанына батып, қанын қайнатты. Ұлттық мінез психоло гиясына түскен өзгерісті Абай қоғам қасіреті мен байланыстырады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айқындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша
мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады
Жарайсың!
Керемет шешім!
Ойлы шешім!
Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
|
Оқулық
10-сынып
«Атамұра» баспасы
|
Сабақтың
ортасы
10 минут
10 минут
25 минут
|
1-тапсырма
Берілген үзіндідегі автордың көңіл күйін анықтаңыз, пікіріңізді жазыңыз.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
2-тапсырма
А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым» өлеңіндегі риторикалық сұрақтарға талдау жүргізіңіз.
Риторикалық сұрақтар
|
Автордың көңіл-күйі
|
Айтқысы келген ойы
|
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
|
|
|
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
|
|
|
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
|
|
|
3-тапсырма
Өлеңдегі авторлық баяндауға тоқталып, шығарманы жазудағы мақсатын анықтаңыз.
|
Берілген үзіндідегі автордың көңіл күйін анықтап, пікірлерін жазады.
А.Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым» өлеңіндегі риторикалық сұрақтарға талдау жүргізеді.
Өлеңдегі
авторлық баяндауға тоқталып, шығарманы жазудағы мақсатын анықтайды. Өлеңнен мысал келтіреді.
|
Дескриптор
Білім алушы
-автордың көңіл күйін анықтады,
-пікірін жазады.
Жетон арқылы бағалау
Дескриптор
Білім алушы
-өлең жолдарынан автор бейнесін анықтайды,
-көңіл күйі сипатталған жолдарды анықтайды,
өзіндік тұжырым жасайды.
-бөлім мазмұнына тоқталады;
-автордың мақсатын айқындайды;
-өлеңнен мысалдар келтіреді
|
Оқулық. «Қазақ әдебиеті»
10-сынып
«Атамұра» баспасы
2019 жыл
|
4 минут
|
Қорытындылау
Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»
Мен мынаны білдім:
Маған қызық болғаны:
Маған қиын болғаны:
Мен мынаны жасай алдым:
Мен мынаған таңғалдым:
|
|
|
Оқулық
10-сынып
«Атамұра» баспасы
|
Достарыңызбен бөлісу: |