КІРІСПЕ
Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс саласындағы материалдық өнімділік жыл сайын арта түсуде. Өмір сүру жағдайларын жақсартуға ұмтылған адам салдары туралы ойламай-ақ үнемі материалдық өндіріс қарқынын арттырады. Осы тәсілмен табиғаттан алынған ресурстардың көп бөлігі оған қалдықтар түрінде қайтарылады, көбінесе улы немесе қайта өңдеуге жарамсыз. Бұл биосфераның да, адамның да өміріне қауіп төндіреді.
Қоршаған орта ғылымның жеткен жетістіктерін оңтайлы пайдалануға болатын зерттеу алаңына айналды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы табиғатқа бұрын-соңды болмаған қауіпке алып келді және оның салдарынан ерекше зиян келтірді. Бұзылған геожүйелердің табиғи жағдайын біртіндеп қалпына келтіру табиғи процестердің динамикасын ұзақ мерзімді бақылауды ұйымдастыру үшін анықтамалық табиғи учаскелерді таңдауды негіздеуді талап етеді. Осы негізде ландшафтты қалпына келтіру үшін табиғатты оңтайлы пайдалану мәселесі туады. Қоршаған ортаға әсер ететін ресурс көздері типіне байланысты табиғатты тиімді пайдалану үшін –
зерттеу (есепке алу және бағалау, даму болжамы, басқару және пайдалану жүйесін әзірлеу);
қорғау үшін жүргізілетін іс-шаралар (өнімділікті сақтау):
оның тиімділігі (өндіру мен өңдеудің кешенділігі мен үнемділігі);
өзгеріс көрсеткіштері анықталады.
Тәжірибе көрсеткендей, табиғатты пайдалану процестерінің тұрақтылығы мен тиімділігі, табиғатты пайдалануды трансформациялаудың жылдамдығы мен нарықтық реформалар процестерінің мазмұнына сәйкестігі екі түрлі болды. Бұл жағдайда табиғатты пайдалану процестерін реттеудің көптеген тәсілдерін қайта қарастыру қажеттілігі айқын.
Қарағанды облысы республика бойынша ірі өндіріс кәсіпорындарының орталығы және ол табиғи ландшафттың антропогендік өзгерісіне әсер ететін фактордың бірі болып табылады. Осының салдарынан Қарағанды облысында үлкен техногендік жүктеме байқалады, бұл жоғары экологиялық жүктеме болып табылады. Қоршаған ортаның жағдайына – өнеркәсіп, көлік, коммуналдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары теріс әсер етеді. Топырақтың техногендік ластану процестері күшейе түсті. Пестицидтермен ластанған ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тенденциялары артып келеді. Осыған байланысты тақырыптың өзектілігі – ландшафттың уақыт пен кеңістік анализі негізінде талданып, кері әсерін тигізетін факторларды анықтай отырып, болашақтағы көрінісін айқындау. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қалпына келтіру мен оны тиімді пайдалану мақсатында жүргізілетін табиғи іс- шаралардың қазіргі заман талабына сай жоспарын, ландшафттық жүктеменің ауқымын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |