Халық тығыздығы (адам/км2) – ландшафт бірлігіне шаққандағы адам саны. Қазірдің өзінде бар жіктеулерді ескере отырып, бейімделулермен, халықтың қоныстануының жергілікті ерекшеліктеріне байланысты антропогендік жүктемені бағалау үшін халық тығыздығының коэффициенті.
Транспорттық жүктемесі (км/км2) – ландшафт бірлігіне шаққандағы жол ұзындығы. Әрбір транспорт түрінің ландшафттарға жүктемесін анықтау ArcGIS бағдарламалық жабдықтамасының көмегімен анықталады. Оның көмегімен көлік түрлерін бір-бірімен және ландшафтпен қабаттастыра отырып, ортақ қосындыны алу арқылы жалпы транспорт түрлерінен келетін жүктеменің есебін алуға болады.
Егістік ауданы – ландшафт бірлігіне шаққандағы егістік жерлердің тығыздығы. Егістік аудандар облыс көлеміндегі топырақ түрінің ерекшеліктеріне байланысты көрініс табады. Жер жырту арқылы жүргізілетін іс-шаралардың қайтымсыз әсер етуі, топырақ эрозиясының пайда болуы және осыған байланысты топырақ құнарлығының төмендеуіне алып келетін жұмыстар геожүйеге түсетін антропогендік жүктеменің үлесін арттырады.
Мал басының саны – ландшафт бірлігіне шаққандағы мал басының саны. Қоршаған ортаның жағдайына және табиғи ресурстардың бай болуына байланысты мал шаруашылығының түрлерімен айналысады. Бұл, сол аумақта өсіретін мал басы санының ландшафт аумағына бөлу арқылы тығыздығын есептеу.
Техногенді түзілімдер – жер бетінде немесе жер қойнауында орналасқан табиғи ресурстарды игеру барысында жүргізілетін жұмыстар арқылы жер
бетінің өзгеріске ұшырауы. Оның игерілу тереңдігіне, ауданына, қоршаған ортаға шығатын химиялық заттармен ауаның ластануына байланысты барлық карьерлік кен орындарын анықтау арқылы антропогендік жүктеменің қарқындылығын анықтау.
Техногендік ластану – агроөнеркәсіп, көлік, коммуникациялардың атмосфераға кешенді әсері. Ауқымы, ұзақтығы, бақылануы, қауіптілік дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Техногендік ластанудың әсерінен ландшафттардың биоалуантүрлілігі азайып, зардап шегеді. Техногенді әсер – бұл техникалық объектілердің пайдалы қазбалармен жұмыс істеуі кезінде туындайтын қауіптер. Себебі – адамның іс-әрекеті арқылы туындайды.
Табиғат пайдаланудың ұтымды, перспективалық даму сценарийін құру – аумақтың тұрақты даму принципі табиғатты бейімделген пайдаланудың қалыптасу процесінде жүзеге асады, яғни қорытындысы таңдалған аумақтың бір-бірімен экономикалық, әлеуметтік және геоэкологиялық факторларының өзара байланысы мен әсер етуін ескеру.